2016 жылғы «___»__________________
2017-2019 жылдарға арналған
Қазақстан Республикасының мұнай-газ,
мұнай өңдеу және мұнай-химия салаларындағы
салалық келісімге
№1 қосымша
МҰНАЙ-ГАЗ, МҰНАЙ ӨҢДЕУ ЖӘНЕ МҰНАЙ ХИМИЯСЫ САЛАСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУҒА АРНАЛҒАН ҰЖЫМДЫҚ ШАРТТЫҢ ТИПТІК ФОРМАСЫ
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ
1.1. Ұжымдық шарт (бұдан әрі - Шарт) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – ҚР ЕК), «Кәсіби одақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес әзірленді және __________________________ әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейді (заңды тұлғаның, кәсіпорынның және ұйымның атауын жазу керек).
1.2. Шарт ұйымдағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін құқықтық акт болып табылады және Жұмыс беруші мен Жұмыскер атынан әрекет ететін өкілдер арасында жасалады, әрбір тарап екінші тараптың өкілдерінің өкілеттілігін біледі және мойындайды және осы негізде белгілі бір міндеттемелер алады.
1.3. Осы Шарттың Тараптары:
1) Бірлесіп Тараптар деп аталатын, ______________________ негізінде әрекет ететін Жұмыс беруші _____________________ (заңды тұлғаның атауы) атынан әрекет ететін өкілі: ________________________________ __, бір тараптан және
2) __________ негізінде әрекет ететін Жұмыскер _______________ атынан (Кәсіподақ комитеті), екінші тараптан.
1.4. Тараптар Жұмыскер мен Жұмыс берушінің өзара мүдделерін қамтамасыз ететін маңызды талаптар мен шарттарға келісім жасау мақсатында келісімге қол жеткізді және осы Шартқа қол қойды.
1.5. Шарттың барлық қосымшалары оның ажырамас бөлігі болып табылады, онымен бірдей заң күші бар және егер Тараптардың келісімімен өзгесі келісілмеген болса, Шарт қолданылатын тұтас мерзім ішінде қолданылады.
1.6. Тараптар осы Шарттың талаптарының орындалу міндеттілігін растайды.
Шарттың мәні
1.2.1. Осы Шарттың мәні Тараптар арасындағы әлеуметтік өзара түсіністік серіктестігі шеңберінде Жұмыскерлерге әлеуметтік кепілдіктер мен жеңілдіктер ұсынуға қол жеткізу болып табылады.
1.2.2. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген әлеуметтік кепілдіктер мен жеңілдіктер Жұмыскерлерге ұйымның шаруашылық қызметтерінің нәтижесінен тәуелсіз ұсынылады.
1.2.3. ҚР заңдарында белгіленгендерден тыс көзделген қосымша кепілдіктер мен жеңілдіктер Шартқа сәйкес ұсынылады және ұйым бюджетінде көзделген сома шегінде қаржыландырылады.
1.2.4. Осы Шарттың мақсаты:
1) әр Жұмыскердің әлеуметтік әл-ауқатын көтеру;
2) әлеуметтік серіктестік шеңберінде Тараптардың мүдделерінің оңтайлы балансына қол жеткізу;
3) Жұмыскердің қызметінің тиімділігін арттыру.
Шарттың қолданылуы
1.3.1. Шарт тараптар қол қойған сәттен бастап күшіне енеді және ______________ дейін қолданылады (мерзімін тараптар белгілейді).
1.3.2. Егер Шарттың белгіленген қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін тараптардың ешқайсысы жаңа Шарт жасасу туралы бастама көтермесе, онда осы шарт жаңа Шарт жасалғанға дейін қолданылады.
1.3.3. Шарттың қолданылу мерзімі ішінде тараптардың біреуінің бастамасы бойынша Шартқа өзгерістер және/немесе толықтырулар ҚР ЕК белгіленген тәртіппен өзара келісім бойынша ғана енгізілуі мүмкін.
1.3.4. Шарттың қолданылу мерзімі ішінде оның жекелеген тармақтарын екіжақты комиссия түсіндіреді. Тараптардың біржақты тәртіппен Шарттың кез келген тармағын өзгертуге, толықтыруға немесе қолданылуын тоқтатуға құқығы жоқ.
1.3.5. Ұйым қайта құрылған (қосылған, біріктірілген, бөлінген, бөлек шығарылған, қайта құрылымданған) кезеңде, сонымен қатар Жұмыскер/Кәсіподақ өкілдері ауысқан жағдайда Шарт өзінің қолданылу күшін сақтайды.
1.3.6. Ұйымның мүлік иесі ауысқан жағдайда Ұжымдық шарттың қолданылу күші жаңа ұжымдық шарт жасалғанға дейін немесе қолданыстағы шарт сақталғанда, өзгертілгенде және толықтырылғанда сақталады.
1.3.7. Ұйым таратылғанда, ол банкрот деп жарияланғанда барлық Жұмыскерлермен еңбек шарттары тоқтатылған сәттен бастап Шарттың қолданылуы тоқтатылады.
1.3.8. Осы Шарттың талаптары мен қолданылуы осы Шартты жасасқан Жұмыс беруші мен Жұмыскерге және кәсіподаққа мүшелігіне қарамастан жазбаша өтініші негізінде, осы Шарт жасалғаннан кейін жұмысқа алынған және оған қосылған Жұмыскерлерге қолданылады. Шартқа қосылуға ұсыныс жасаған, жұмысқа жаңа қабылданған Жұмыскерлер осы Ұжымдық шарттың № 1 қосымшасына сай нысан бойынша Кәсіподаққа еңбек шартына қол қойған күннен бастап бір ай ішінде тиісті өтініш жібереді. Жұмыскердің Шартқа қосылған күні деп өтініш берген күні саналады.
1.3.9. Жұмыскерді Ұжымдық шартқа қосу туралы шешім Ұжымдық шарттың орындалуын бақылау бойынша комиссия мәжілісінде қабылданады және Ұжымдық шарттың орындалуын бақылау бойынша комиссия хаттамасында тіркеледі. Жұмыскердің Ұжымдық шартқа қосылған күні деп өтініш берген күні саналады.
1.3.10. Шарт Жұмыскерлердің құқығын шектемейді, еңбек жағдайын нашарлатпайды және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген кепілдіктерді бұзбайды.
1.3.11. Тараптар арасында ұжымдық шарттың жекелеген ережелері бойынша келіспеушіліктер болған жағдайда тараптар ұжымдық шартқа келіспеушіліктер туындаған күннен бастап бір ай ішінде бір уақытта келіспеушіліктер хаттамасын құрып, келісілген шарттармен қол қоюы тиіс. Ұжымдық келіссөздер барысында туындаған келіспеушіліктер өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезіндегі әрі қарайғы ұжымдық келіссөздердің тақырыбы болуы мүмкін.
1.3.12. ҚР заңдарына және басқа да нормативтік құқықтық актілеріне еңбек жағдайын жақсартатын не Жұмыскердің осы шартпен салыстырғанда құққытары мен кепілдіктерін арттыратын және императивтік сипаттағы түзетулер қабылданғанда/енгізілгенде, түзетулерімен қоса қабылданған/енгізілген ҚР нормативтік құқықтық актілері қолданылуы тиіс. Керісінше жағдайда (осы Шарттың талаптары ҚР қолданыстағы заңдарына қайшы келмегенде) осы Шарт қолданылады.
ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
2.1. Жұмыс беруші:
2.1.1. Қазақстан Республикасының еңбек заңдарының, келісімдерінің, ұжымдық, еңбек шарттарының, актілерінің талаптарын сақтауға;
2.1.2. Жұмыскерді жұмысқа қабылдаған кезде Еңбек кодексінде белгіленген тәртіппен және шарттармен еңбек шарттарын жасауға;
2.1.3. Жұмыскерге еңбек шартында келісілген жұмысты ұсынуға;
2.1.4. Жұмыскерге уақытында және толық көлемде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде, еңбек, ұжымдық шарттарда, Жұмыс берушінің актісінде көзделген еңбекақы және өзге де төлемдер төлеуге;
2.1.5. Жұмыскерді өзінің жұмысына тікелей қатысы бар (еңбек атқарымдары) еңбек тәртібі ережелерімен, жұмыс берушінің актілерімен және ұжымдық шартпен таныстыруға;
2.1.6. Жұмыскердің өкілінің ұсыныстарын қарастыруға және жұмыскердің өкіліне ұжымдық келіссөздерді жүргізуге, ұжымдық шарт жасасуға, сонымен қатар олардың орындалуын бақылауға қажетті толық әрі дұрыс ақпарат ұсынуға;
2.1.7. Ұжымдық шартты ҚР ЕК белгіленген тәртіппен жүргізуге;
2.1.8. Жұмыскерге Қазақстан Республикасының еңбек заңдарына, ұжымдық, еңбек шарттарына сәйкес еңбек жағдайын жасауға;
2.1.9. Жұмыскерлерді өз қаражаты есебінен еңбек міндеттерін орындау үшін қажетті жабдықтармен, құрал-саймандармен, техникалық құжаттамамен және өзге де құралдармен қамтамасыз етуге;
2.1.10. ҚР жұмыспен қамту туралы заңдарының талаптарына сәйкес жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органға ақпарат ұсынуға;
2.1.11. Мемлекеттік еңбек инспекторларының нұсқамаларын орындауға;
2.1.12. Егер жұмысты жалғастыру жұмыскердің және басқа тұлғалардың өміріне, денсаулығына зиян келтіретін болса, жұмысты тоқтатуға;
2.1.13. Жұмыскерді міндетті әлеуметтік сақтандыру;
2.1.14. Жұмыскерді өзінің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезіндегі жазатайым оқиғалардан сақтандыру;
2.1.15. Жұмыскерге Қазақстан Республикасының заңдарында, Салалық келісімдерде, Ұжымдық және еңбек шарттарында, Жұмыс берушінің актілерінде көзделген жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын және әлеуметтік демалыстарды ұсынуға;
2.1.16. Жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттарды және олардың зейнетақысына қаражат ұстап қалу және аудару туралы мәліметтерді мемлекеттік мұрағатқа тапсырылуын және сақталуын қамтамасыз етуге;
2.1.17. Жұмыскерге зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайы және кәсіби сырқаттанып қалу мүмкіндігі туралы ескертуге;
2.1.18. Жұмыс орнындағы және технологиялық процестердегі тәуекелдерді болдырмау бойынша шара қолдануға, өндірістік және ғылыми-техникалық прогресті ескере отырып профилактикалық жұмыстар жүргізуге;
2.1.19. Әр жұмыскер атқаратын жұмыс уақытын, оның ішінде демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс уақытын, үстеме жұмыстарды, зиянды, қауіпті еңбек жағдайындағы, ауыр жұмыстағы жұмыс уақытын есепке алуға;
2.1.20. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және заңнамасына сәйкес жұмыскердің өзінің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау барысында өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеуге;
2.1.21. Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның және еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органның лауазымды тұлғасын, жұмыскерлердің өкілін, еңбек қорғау жөніндегі инспекторды ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі, еңбек жағдайы мен еңбек қорғаудың жай-күйіне және Қазақстан Республикасының заңдарының сақталуына тексеру жүргізуі үшін, сонымен қатар еңбек қызметіне және кәсібисырқаттарға байланысты жазатайым оқиғаларды тергеу үшін кедергісіз кіргізуге;
2.1.22. Он сегізге толмаған жұмыскерлердің аты-жөні (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) және туған күні көрсетілетін, жұмыс беруші белгілеген тізбелердің немесе басқа да құжаттардың жүргізілуін қамтамасыз етуге;
2.1.23. Қазақстан Республикасының жеке мәліметтер туралы заңына сәйкес жұмыскердің жеке мәліметтерін жинауға, өңдеуге және қорғауға;
2.1.24. Еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау бойынша ішкі бақылау жүргізуге;
2.1.25. Кәсіподақ комитетімен келісім бойынша ҚР ЕК көзделген жағдайларда еңбек құқығы нормаларын құрайтын жергілікті актілерді қабылдауға, оның ішінде төмендегі Ережелерді:
- еңбекақы төлеу жүйесі туралы
- ынталандырушы төлемдер туралы
- жұмыс тәртібі туралы
- еңбек нормаларын қайта қарау туралы
- ауысым графиктері туралы
- еңбек жағдайының өзгерістері туралы
- демалыс графиктері туралы
- штаттық кестенің өзгерістері туралы
- жұмыскерлерді кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілігін жоғарылату туралы
- кәсіподақ мүшесі болып табылатын жұмыскердің өзінің бастамасымен онымен жасалған еңбек шартын бұзу туралы. Келісілген акт тиісті құжатпен ресімделеді;
2.1.26. Жұмыскермен әлеуметтік-экономикалық және еңбек қатынастарына қатысты мәселелерді қарауға Кәсіподақ комитетіне жағдай жасауға;
2.1.27. Кәсіподақ комитетінің жолдауын, хаттарын, ұсыныстарын және басқа да құжаттарын 7 күнтізбелік күн ішінде қарауға;
2.1.28. Кәсіподақ комитетіне ұйымның еңбек және әлеуметтік-экономикалық дамуына байланысты мәселелер бойынша төмендегідей ақпараттарды ұсынуға:
- экономикалық, технологиялық жағдайлардың өзгерістеріне байланысты ұйымның еңбек жағдайының өзгерістері туралы;
- ұйымның жалпы көпшілік қызметкерлерінің экономикалық және әлеуметтік-еңбек мүдделерін қозғайтын бөлігіндегі маңызды ұйымдық өзгерістері (қайта ұйымдастыру немесе тарату);
- ұйымның көпшілік қызметкерлерінің еңбек жағдайының өзгеруіне әкелетін маңызды технологиялық өзгерістер;
- жыл сайынғы өндірістік жоспарлар және оның орындалуы туралы;
- қызметкерлердің еңбек жағдайы және еңбекақы төлеу туралы, ағымдағы қаржы жағдайы туралы, ұйымның перспективті даму жоспары туралы;
- ең кемі әр тоқсан сайын бір рет Кәсіподақ комитетіне ағымдағы қызметтер және жұмыс жоспары туралы хабарлау (тұрақты негізде);
2.1.28. Жұмыс берушінің Еңбек Кодексінде көзделген өзге құқықтары бар және өзге міндеттерді атқарады;
2.1.29. Кәсіподақ комитетіне/Жұмыскердің Өкіліне Қазақстан Республикасының заңдарында, Салалық келісімде, Ұжымдық және еңбек шарттарында және Жұмыс берушінің Актісінде көзделген Жұмыскердің және оның өкілдерінің заңды құқықтарын іске асыруға көмектесуге міндетті.
Жұмыс берушінің негізгі құқықтары
2.2. Жұмыс берушінің құқықтары:
2.2.1. Жұмысқа қабылдау кезінде ерікті таңдау жасау;
2.2.2. Жұмыскерлермен жасалатын еңбек шарттарын ҚР ЕК белгіленген тәртіппен және негізде өзгерту, толықтыру, бұзу;
2.2.3.Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өкілеттілік шегінде Жұмыскермен еңбек қатынастарын реттейтін актілер шығару;
2.2.4. Өз құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында бірлестіктер құру және оларға кіру;
2.2.5. Жұмыскерден Шарт талаптарын, еңбек тәртібінің ережесін және Жұмыс берушінің басқа актілерінің талаптарын орындауын талап ету;
2.2.6. Жұмыскерді марапаттау, тәртіптік шара қолдану, Жұмыскерді ҚР ЕК көзделген жағдайларда және тәртіппен материалдық жауапқа тарту;
2.2.7. Жұмыскерге еңбек міндеттерін орындау барысында келтірілген зиянды өтеу;
2.2.8. Өзінің еңбек саласындағы құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында сотқа жүгіну;
2.2.9. Жұмыскерге сынақ мерзімін белгілеу;
2.2.10. Жұмыскерлерді кәсіби даярлықпен, қайта даярлаумен және біліктілікті жоғарылатумен қамтамасыз ету;
2.2.11. ҚР ЕК сәйкес Жұмыскерді оқытуға байланысты өз шығындарын қайтарып алу;
2.2.12. Жеке еңбек дауларын шешу үшін кейіннен келісім комиссиясына беру үшін сотқа жүгіну;
2.2.13. Қазақстан Республикасының заңдарында және осы Шартта көзделген және оларға қайшы келмейтін еңбек қатынастары мен өндірісті ұйымдастыру және басқару бойынша басқа да шараларды жүзеге асыру;
2.2.14. Тараптардың осы Шарттың талаптарын орындауын бақылау;
2.2.15. Онкологиялық және басқа аурулардың алдын алу мақсатында жұмыскерге скринингтен өтуге уақыт беру, скринингтен өткен уақытта жұмыскердің жұмыс орны (қызметі) және орташа еңбекақысы сақталады.
2.3. Жұмыскердің міндеттері:
2.3.1. Еңбек, ұжымдық шарттарға сәйкес еңбек қызметтерін орындау, жұмыскердің жұмысына (еңбек атқарымына) тікелей қатысы бар Жұмыс берушінің актілерімен танысу;
2.3.2. Еңбек тәртібін сақтау;
2.3.3. Жұмыс беруші мен Жұмыскерлердің мүлкін күтіп ұстау;
2.3.4. Еңбек міндеттерін орындау барысында өзіне мәлім болған мемлекеттік құпия, қызметтік, коммерциялық немесе өзге заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді жарияламау;
2.3.5. Жұмыскерге Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шекте келтірілген зиянды өтеу;
2.3.6. Еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірістік қауіпсіздік, жұмыс орнындағы өндірістік санитария бойынша талаптарды орындау;
2.3.7. Жұмыс берушінің өзіне жүктеген міндеттерін орындау кезінде ереуілге шықпау, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген және осы Ұжымдық шарттың 13-тарауында көрсетілген бітістіретін процедураларды барынша пайдалану.
2.3.8. Жұмыс берушіге және Жұмыскерлерге адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп келтіретін жағдай қалыптасқаны, сонымен қатар өндірістің тоқтап қалуы туралы хабарлау.
2.3.9. Кәсіпорында қолданылатын процедуралар, нұқсаулықтар, ережелер, жұмыс берушінің актілерін және қолданыстағы заңнама нормаларын орындау;
2.3.10. Жұмыс уақытын тек қана өндірістік жұмыстарды және қызметтік міндеттерді орындау үшін пайдалану;
2.3.11. Жұмысты жоғары сапада орындау, шығарылатын өнімнің технологиялық бұзуларын және ақаулы болуын болдырмау, өзінің кәсіби деңгейін тұрақты көтеріп отыру;
2.3.12. Жұмыс берушінің жеке мүлкін күтіп ұстау, материалдық және энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалану, жұмыс берушінің иелігіндегі және қол астындағы мүліктің, арнайы киімнің, жеке қорғаныс құралдарының жоғалуына және бүлінуіне жол бермеу, материалдық құндылықтарды сақтау тәртібін сақтау және аталған жағдайларды болдырмау үшін шара қолдану;
2.3.13. Жұмыс берушінің өкімін орындау;
2.3.14. Зиянды еңбек жағдайында еңбек ететін әйелдер жүктілік кезінде Жұмыс берушіге ҚР еңбек заңдарына сәйкес басқа жұмысқа ауыстыруы үшін медициналық қорытынды ұсынуға міндетті;
2.3.15. Жүкті әйелдер уақытша жұмысқа жарамсыздық жөніндегі қағаздағы мерзімге сай жүктілігі және бала босануы бойынша демалыс ресімдеуге міндетті.
Жұмыскердің құқықтары
2.4. Жұмыскердің құқықтары:
2.4.1. ҚР ЕК көзделген тәртіппен және шартпен еңбек шартын жасау, өзгерту, толықтыру және бұзу;
2.4.2. Жұмыс берушіден еңбек, ұжымдық шарттың талаптарын орындауын талап ету;
2.4.3. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбек қорғау;
2.4.4. Еңбек және еңбек қорғау талаптарының жай-күйі туралы толық әрі дұрыс ақпарат алу;
2.4.5. Еңбек, ұжымдық шарттың талаптарына сәйкес уақытылы және толық ауқымда еңбекақы төленуі;
2.4.6. ҚР ЕК сәйкес өндіріс тұрып қалғанда төлем жасалуы;
2.4.7. демалыс, оның ішінде ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысы;
2.4.8. егер өзгесі Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмесе, кәсіптік одақтар немесе басқа бірлестіктер құру құқығын қоса алғанда, бірлестік құру, оған мүше болу;
2.4.9. өз өкілдері арасында келіссөздерге және ұжымдық шартты әзірлеуге қатысу, сонымен қатар қол қойылған ұжымдық шартпен танысу;
2.4.10. Еңбек Кодексінде көзделген тәртіппен кәсіптік даярлықтан өту, қайта даярлау және біліктілікті арттыру;
2.4.11. Еңбек міндеттерін орындауға байланысты денсаулығына келтірілген зиянды өтеп алу;
2.4.12. Міндетті әлеуметтік сақтандыру;
2.4.13. Кепілдіктер мен өтемақы төлемдері;
2.4.14. Заңға қайшы келмейтін тәсілдермен өз құқықтары мен мүддесін қорғау;
2.4.15. Қандай да бір кемсітусіз тең еңбегі үшін тең жалақы алу;
2.4.16. Келісім комиссиясына немесе сотқа таңдауы бойынша еңбек дауын шешуге жүгінуге;
2.4.17. Еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау талаптарына сәйкес жабдықталған жұмыс орны;
2.4.18. Қазақстан Республикасының заңдарында, сонымен қатар еңбек, ұжымдық шарттарда көзделген талаптарға сәйкес жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарымен, арнайы киіммен қамтамасыз етілу;
2.4.19. Денсаулығына және өміріне қауіп төндіретін жағдай туындағанда бұл жөнінде Жұмыс берушінің өкіліне немесе тікелей басшысына хабарлау арқылы жұмыстарды орындаудан бас тарту;
2.4.20. Еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау талаптарына сәйкессіздігіне байланысты ұйымның жұмысы тоқтатылған уақытта орташа еңбекақысының сақталуы;
2.4.21. Еңбек жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аймақтық бөлімшесіне жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау талаптарына тексеру жүргізу, сонымен қатар еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау жағдайларына байланысты мәселелерді тексеру және қарауға өкілдік қатысу туралы жолдама жолдау;
2.4.22. Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау саласындағы әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау.
2.4.23. Біліктілігіне, еңбек қиындығына, орындалған жұмыстың санына және сапасына, сонымен қатар еңбек жағдайына қарай еңбекақы төленуі.
2.4.24. Ереуілге шығу құқығын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде, өзге заңдарында белгіленген тәртіппен жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешу.
2.4.25. Жұмыс берушіде сақталатын жеке деректерінің қорғалуының қамтамасыз етілуі.
2.5. Кәсіподақтың міндеттері:
2.5.1. Кәсіпорынның/ұйымның әлеуметтік-экономикалықдамуына жан-жақты жағдай жасау, еңбек ұжымында жағымды моральдық-психологиялық климатты қалыптастыру;
2.5.2. Осы Ұжымдық шарттың талаптарын мүлтіксіз орындау және оны Жұмыскерлердің қатаң орындауын қамтамасыз ету;
2.5.3. Жұмыскерлердің Еңбек тәртібі ережесін орындау жауапкершілігін күшейтуге, еңбек және технологиялық тәртіпті, еңбек нормалары мен еңбек қауіпсіздігін нығайтуға көмектесу;
2.5.4. Жұмыс берушіге еңбек ұжымында туындаған күрделі мәселелер туралы кідірмей хабарлау;
2.5.5. Кәсіпорындағы/ұйымдағы еңбек дауларының алдын алу бойынша шаралар қолдану және осы Шарттың талаптарына сәйкес еңбекдауларын сотқа дейінгі тәртіппен шешуге көмектесу;
2.5.6. Жұмыскерге кәсіпорынның/ұйымның қаржы жағдайы туралы және Жұмыс берушінің еңбекақы төлеу және әлемуеттік қолдау деңгейі бойынша нақты мүмкіндіктері туралы толық және объективті ақпарат беру;
2.5.7. Кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен мүдделерін мынадай мәселелер бойынша қорғау:
а) еңбек жағдайын жақсарту;
б) еңбек қатынастарын тоқтату және жұмыспен қамтуға көмектесу;
в) жұмыс уақыты мен демалыс уақыты тәртібін сақтау;
г) кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру;
2.5.8. Әлеуметтік қолдаудың төмендегі шараларын әділ бөлу қағидаттарын басшылыққа алу:
а) санаторлық-курорттық емделу;
б) балалар демалысын ұйымдастыру;
в) тұрғын үй мәселесін шешуге көмектесу;
г) жұмыс істемейтін зейнеткерлер.
2.5.9. Зардап шеккен жұмыскерге және өндірісте қаза болған жұмыскердің отбасына еңбек міндеттерін орындау барысында денсаулығына келтірілген зиянды уақытылы және толық өтеу мәселесін шешуге тегін кеңес беру және көмектесу;
2.5.10. Салауатты өмір салтын насихаттау және Жұмыс берушімен бірлесіп Жұмыс берушінің қаражаты есебінен жүзеге асырылатын әртүрлі спорттық және мәдени-бұқаралық шараларды ұйымдастыру және өткізу бойынша жұмыстарды жүргізу;
2.5.11. Қазақстан Республикасының еңбек заңдарын түсіндіру, Жұмыскердің Жұмыс берушінің мүлкін саналы түрде ұқыптап ұстауын насихаттау бойынша жұмыстарды жүргізу;
2.5.12. Шартқа қол қойылған соң оның мазмұны бойынша түсіндірме жұмыстарды бір ай ішінде жүргізу;
2.5.13. Жұмыс берушіні Кәсіподақтың алқалық органы қабылдайтын құжаттармен таныстыру , жоспарланған ұжымдық шаралар туралы уақытында хабарлау;
2.5.14. Жұмыс берушінің жазбаша талабы бойынша аттесталатын немесе қысқартылатын Жұмыскердің кәсіподаққа мүшелігі туралы ақпарат ұсыну;
2.5.15. Шарт талаптарын іске асыруға бағытталған қимылдарды Жұмыс берушімен бірге үйлестіру.
2.6. Кәсіподақтың құқықтары:
2.6.1. Шарттың мазмұнын өзгерту бойынша ұсыныстар енгізу, Шарт талаптарының орындалуын бақылау және оның орындалу нәтижесін жиналыстың (конференцияның) қарауына енгізу;
2.6.2. Шарт талаптарына сәйкес қызметтерді материалдық қамтамасыз ету;
2.6.3. Жұмыс берушімен өзара қарым-қатынаста Кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін білдіру және қорғау;
2.6.4. Сотқа талап-арыз беру, медиация және сотта және басқа органдарда іс қарау жүргізу кезінде кәсіподақ мүшелерінің мүддесін білдіру, оларға басқа құқықтық көмек көрсету;
2.6.5. Жеке еңбек дауларын қарау және ұжымдық еңбек дауларын (қақтығыстар) шешуге қатысу;
2.6.6. Ұжымдық шарттар жасау;
2.6.7. Жұмыскерлерге ұйымдық, кеңес беру және материалдық көмек көрсету;
2.6.8. ҚР «Кәсіби одақтар туралы» заңға сәйкес өз мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына қоғамдық бақылау жасау;
2.6.9. Өз өкілдерімен Жұмыскерлердің жұмыс орындарын тексеру.
2.7. Тараптардың міндеттері:
2.7.1. Осы Шарттың талаптарын мүлтіксіз орындау, бір-бірінің мүдделерін құрметтеу, өзара түсіністікке қол жеткізе отырып конфронтацияны болдырмау. Барлық даулы мәселелерді келіссөздер мен сөз сөйлеулер арқылы шешу;
2.7.2. Шартта қабылданған және иелігіндегі құқықтарды, Шартта белгіленген кепілдіктер мен жеңілдіктер бойынша міндеттемелерді орындау.
2.7.3. Тараптардың Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге құқықтары бар және олар өзге міндеттерді орындайды.
ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУ
(Осы тарауды кәсіподақ ұйымымен келісілген Жұмыс берушінің актісімен бекітілген Жұмыскерлерге еңбекақы төлеу ережесін ескере отырып қалыптастыру қажет)
3.1. Жұмыскерлерге, оның ішінде ауыр жұмыстарда, зиянды (өте зиянды) және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмыскерлерге еңбекақы төлеу нысандары, жүйелері, тарифтік ставкалар мен лауазымдық жалақы мөлшері, үстеме ақы мен қосымша ақы, жалақыны индексациялау тәртібі, өтемақы төлемдері, разрядаралық коэффициенттері, тиісті мамандығы бойынша жалақының минималды және максималды көлемі арасындағы қатынасы осы Ұжымдық шарттың Еңбекақы төлеу ережесі деп алататын № 2 қосымшасына сәйкес реттеледі.
3.2. Еңбекақы төлеу жүйесі, тарифтік ставка (лауазымдық жалақы) көлемі, материалдық көтермелеу формасы мен көлемі, жыл қорытындысы және еңбек сіңірген жылдары бойынша сыйлықақы төлеу және сыйақы төлеу туралы ереже ұжымдық шартта белгіленеді (ҚР ЕК 107-бабының 4-т.) және еңбекақының ауыспалы бөлігін және бір жолғы ынталандырушы төлемдерді ескермегенде, Жұмыскерлердің орташа айлық еңбекақысының ең кемі 75 пайызы (еңбекақының тұрақты бөлігіне қатысты) көлеміндегі негізгі еңбекақы үлесін қамтамасыз етуі тиіс.
3.3. Еңбекті нормалау (еңбек нормаларын әзірлеу, жаңасын енгізу, ауыстыру және қайта қарау) Кәсіподақпен келісім бойынша белгіленген тәртіппен бекітілген Жұмыс берушінің актілеріне сәйкес жүзеге асырылады. Жаңа еңбек нормаларын енгізу туралы Жұмыскерлерге бір айдан кешіктірмей хабарлануы тиіс.
3.4. Жұмыскерге салықтар және басқа міндетті аударымдар ұсталған соң айына бір рет еңбекақы төленген айдан кейінгі айдың оныншы күнінен кешіктірмей (келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірмей), ал Жұмыскермен жасалған еңбек шарты бұзылғанда немесе тоқтатылғанда - ол тоқтатылған күннен үш жұмыс күнінен кешіктірмей еңбекақы төленеді. Еңбекақы төленетін күн демалыс немесе Мереке күндеріне тура келгенде төлемдер олардың қарсаңында жасалады.
3.5. Жұмыскерлерге еңбекақы төлем карточкасына ақша аудару арқылы немесе ҚР заңдарында тыйым салынбаған өзге тәсілдермен төленеді.
3.6. Еңбекақы төлеу кезінде Жұмыс беруші жазбаша немесе электронды нысанда ай сайын әр Жұмыскерге тиісті кезеңдегі оған тиесілі еңбекақының құрамдас бөліктері туралы, оның ішінде мынадай мәліметтер туралы хабарлама беруге міндетті:
а) шегерімдер көлемі және негіздері туралы;
б) ұсталған және аударылған міндетті зейнетақы жарнасы туралы;
в) ұсталған және аударылған мүшелік кәсіподақ жарнасы туралы;
г) төлем жасалатын жалпы ақша сомасы туралы.
Достарыңызбен бөлісу: |