Мұнай-газ, МҰнай өҢдеу және мұнай химиясы саласын ұйымдастыруға арналған ұжымдық шарттың типтік формасы



жүктеу 0,63 Mb.
бет2/3
Дата17.11.2017
өлшемі0,63 Mb.
#563
1   2   3

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

4.1. Жұмыс уақыты осы Шарттың № 3 қосымшасы болып табылатын Еңбек тәртібі ережесінде белгіленеді.

4.2. Әр Жұмыскердің еңбек шартында бейнеленетін жұмыс уақыты қалыпты ұзақтықта, қысқартылған ұзақтықта және толық емес болуы мүмкін.

4.3. Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 (қырық) сағатты құрайды. Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы __________ үшін белгіленеді (аптасына 40 сағат белгіленетін жұмыскерлер санатын көрсету керек).

4.4. Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы ______ Жұмыскерлер үшін белгіленеді (қысқартылған жұмыс уақыты белгіленетін жұмыскерлер санатын көрсету керек).

4.5. Тараптардың еңбек шартындағы келісімі бойынша Жұмыскер үшін толық емес жұмыс күні және оның ұзақтығы белгіленуі мүмкін. Толық емес жұмыс күні жағдайындағы жұмыс Жұмыскер үшін жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының ұзақтығына қандай да бір шектеулер енгізбейді. Осы орайда нақты істелген жұмыс уақытына еңбекақы сағатпен төленеді.

4.6. Кәсіпорында немесе ұйымда _____________ белгіленеді (бес күндік және/немесе алты күндік жұмыс аптасы – қайсысы қолданылса, соны көрсету).

4.7. Күнделікті жұмыс уақытының ұзақтығы, оның ішінде жұмыс күнінің басталу және аяқталу уақыты, жұмыс аптасының белгіленген ұзақтығын сақтай отырып, демалуға және тамақтануға арналған үзілісі ауысым графигімен реттеледі.

4.8. Жұмыс уақыты Жұмыс берушінің Жұмыскерлерге еңбекақы төлеуге арналған актісі болып табылатын жұмыс уақытын есепке алу табелімен есепке алынады. Жұмыс уақытын есепке алу табелінде Жұмыс беруші Жұмыскердің жұмыс істеген және істемеген уақытын белгілейді.

4.9. Жұмыс істелген жұмыс уақытының құрамына Жұмыс уақыты және жұмыс уақытына жататын (ҚР ЕК-ге сәйкес жұмыс уақытына жататын уақыт кезеңі жазылады) өзге де уақыт кезеңдері кіреді. Осы орайда үстеме жұмыс уақыты, түнгі уақыттағы жұмыс, демалыс, мереке күндеріндегі жұмыс уақыты, іссапар күндері бөлек есепке алынады.

4.10. Осы Ұжымдық шарттың тараптары кәсіпорынның өндіріс спецификасы технологиялық процестегі жұмыспен қамтылуға байланысты түнгі уақыттағы, демалыс және мереке күндеріндегі, үстеме жұмыс уақытын мойындайды.

4.11. Жұмыс беруші Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді сақтай отырып, Жұмыскерді түнгі уақытта, демалыс және мереке күндерінде үстеме жұмысқа шақыруы мүмкін.

4.12. Күндізгі жұмыскерлерді демалыс және мереке күндерінде, сонымен қатар ауысым қызметкерлерін ауысым графигінде белгіленген демалыс күндері жұмысқа тартқан кезде Жұмыскердің қалауы бойынша басқа демалыс күні ұсынылады немесе Жұмыскердің күндізгі (сағаттық) ставкасына сүйене отырып бір жарым есе көлемде төлем жасалады. Ауысым жұмыскеріне демалыс күні жұмыс істегені үшін демалыс беріледі, ал мереке күні жұмыс істегені үшін бір жарым есе көлемде төленеді. Жұмыскерлерді демалыс және мереке күндерінде, үстеме жұмысқа тарту Жұмыс берушінің актісімен ресімделеді.

4.13. Жұмыс берушінің өндірістік процесінің ұзақтығы немесе өндірістік қызмет режимі күнделікті жұмыс ұзақтығы нормасынан артық болса, үздіксіз өндіріс циклына және өндіріске қызмет жасайтын Жұмыскерге ауысымдық жұмыс белгіленеді.

4.14. Ауысым графигі Кәсіподақпен келісілгеннен кейін Жұмыс берушінің актісімен бекітіледі және Жұмыс беруші Жұмыскерге ол қолданысқа енгізілгенге дейін 10 (он) күнтізбелік күннен кешіктірмей мәлімденеді.

4.15. Ауысымдық жұмыс кезінде егер жұмысты тоқтатуға болмайтын болса, ауыстыратын Жұмыскер жұмысқа келмеген жағдайда жұмыскер жұмысын жалғастыра береді, ал Жұмыс беруші дереу Жұмыскерді басқа жұмыскерге ауыстыру үшін шара қолданады.

4.16. Жұмыскерді екі жұмыс ауысымы ішінде жұмысқа тартуға тыйым салынады.

4.17. Ауысымдық жұмыс кезінде жиынтықталған жұмыс уақыты белгіленеді. Есептік кезеңнің алдында Жұмыскерлер үшін ________ белгіленеді (жұмыс уақытын жиынтықтап есепке алғанда бір жылдан көп емес, кез келген күнтізбелік кезең болуы мүмкін).



4.18. Жұмыс беруші осы ұжымдық шарттың қосымшасы болып табылатын не кәсіподақпен келісілген жұмыс берушінің актісімен бекітілетін Вахталық жұмыс әдісі туралы шарттың және (немесе) ереженің талаптарына сәйкес жасалатын Еңбек шарттарына сәйкес вахталық әдіспен жұмыс істейтін Жұмыскерлердің жұмыс өндірісі нысандарындағы еңбек жағдайын қамтамасыз етеді.

4.19. Жұмыс уақытын жиынтықтап есепке алу қолданылатын жұмыстардың тізімі жұмыс берушінің (немесе осы шарттың қосымшасында көрсетілген) актісімен бекітіледі;

4.20. Жұмыс уақытын жиынтықтап есепке алу кезінде осы санаттағы жұмыскердің жұмыс уақыты балансынан артық істелген жұмыс үстеме жұмыс деп саналады. Үстеме жұмыс сағаты еңбек заңдарына сәйкес төленеді;

4.21. жұмыс уақытының нормасы орындалмаған жағдайда ауысым жұмысы кезінде нақты істелген жұмыс уақытына ақы төленеді.




  1. ДЕМАЛЫС УАҚЫТЫ

5.1. Демалыс уақыты осы Шарттың/Жұмыс берушінің ішкі актісінің __ қосымшасы болып табылатын Еңбек тәртібі ережесінде белгіленеді.

5.2. Келесі жұмыстарда жұмыс уақытына қамтылатын еңбек технологиясы және еңбек ұйымдастыруға байланысты төмендегі жұмыс мамандықтары бойынша ауысым ішіндегі үзілістер ұсынылады:

__________________________________________________________________________________



(Ауысым ішіндегі үзілістерді, олардың ұзақтығын және ұсынылу тәртібін ескеретін осы жұмыстарды орындау бойынша жұмыстар мен кәсіптер түрлерін Ұжымдық шартта белгілеу қажет немесе Кәсіподақпен келісіп, Жұмыс берушінің актісіне сілтеме жасау керек). 5.3. Өндірістік-техникалық жағдайы бойынша немесе халыққа тұрақты үздіксіз қызмет жасау қажеттілігі себебінен демалыс күндері тоқтатуға болмайтын үздіксіз өндірісте немесе өндірісте жұмыс істейтін жұмыскерлерге демалыс күндері аптаның әр күнінде кезекпен Кәсіподақпен келісілген Жұмыс берушінің актісімен бекітілген ауысым графигіне сай беріледі. (мұндай жұмыстардың тізімі Ұжымдық шартта не оның қосымшасында көзделуі не Жұмыс берушінің актісіне сілтеме жасалуы тиіс).

5.4. Төмендегі Жұмыскерлерге күн саны_____ қосымша ақы төленетін демалыс беріледі:

_______________________ (Шарттың № 4 қосымшасына сай нысан бойынша қосымша демалыс берілетін кәсіптердің (қызметтердің) тізімін көрсету қажет).

5.5. Бірінші немесе екінші топтағы мүгедек болып табылатын жұмыскерлерге ____________ қосымша ақы төленетін демалыс беріледі (берілетін күн санын көрсету керек).

5.6. Бірінші немесе екінші топтағы мүгедек болып табылатын жұмыскерлерге қосымша ақы төленетін демалыс беру үшін құрылымдық бөлімшеге мүгедектігі белгіленген күннен бастап _____________ жұмыс күні ішінде мүгедектік мәртебесін растайтын құжат тапсыру қажет.


  1. ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛАТЫН ЖҰМЫСКЕРЛЕРДІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

6.1. Жұмыскерлер саны немесе штат қысқартылатыны туралы шешім қабылдаған кезде Жұмыс беруші Жұмыскерге бұл жөнінде жазбаша нысанда ең кемі бір ай бұрын хабарлауға міндетті. Хабарлама мерзімі өткенге дейін еңбек шартын Жұмыскердің жазбаша келісімімен бұзуға болады.

6.2. Жұмыс берушінің бастамасы бойынша алдағы еңбек шартын бұзу туралы хабарламада көрсетілген еңбек шарты бұзылатын күн өткен соң еңбек қатынастары нақты жалғастырылған жағдайда және Шарттың 6.2.1-т. келісілген жағдайларды есепке алмағанда, Жұмыскер хабарлама мерзімін орындаған жағдайда хабарлама күшін жойды деп санау керек.

6.2.1. Егер жұмыстан босатылатыны туралы хабарламада көрсетілген еңбек шартын бұзу датасында Жұмыскер ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысында немесе басқа демалыста болса немесе уақытша жұмысқа жарамсыз болса, Жұмыскермен жасалған еңбек шарты ол жұмысқа шыққан бірінші күні бұзылады.

6.3. Жұмыс беруші жұмыскердің жұмыстан айрылуына байланысты бір айлық орташа еңбекақы көлемінде өтемақы төлемдерін мынадай жағдайларда төлейді:

1) жұмыс беруші таратылған жағдайда Жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылған жағдайда;

2) жұмыскерлер саны немесе штат қысқартылатын жағдайда Жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылған жағдайда;

3) жұмыс беруші еңбек шарты талаптарын орындамаған жағдайда Жұмыскердің бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылған жағдайда.

6.4. Жұмыскер Жұмыс берушінің бастамасы бойынша жұмыстан босатылған жағдайда Жұмыскерлер саны немесе штат қысқартылатын жағдайда Жұмысберуші төмендегілерге міндетті:

1) жұмыскерді өзінің келісімімен вакансия болғанда басқа жұмысқа ауыстыру бойынша шараларды қабылдауға;

2) хабарлама берілген күннен бастап және еңбек шартын бұзу туралы бұйрық шығарылған күннен бастап Жұмыскерге өз бетінше жұмыс ісздеуі үшін аптасына бір күн немесе әр жұмыс күні екі сағат уақыт беру;

3) төмендегілерге жұмысты сақтап қалудың басым құқығын беруге:

а) жалғыз асыраушы болып табылатын жұмыскерлерге;

б) төрт немесе одан көп баласы бар көп балалы отбасының ата-анасына;

в) (ерлер – ең кемі 14 жыл, әйелдер – 10 жыл) жұмыс істеген жұмыскерлерге;

г) мемлекеттік наградалармен наградталғандар.

4) кәсіпорынның және ұйымның қызметін тоқтататын жағдайларды есепке алмағанда, бір отбасыдан екі Жұмыскердің қысқартылуын болдырмау (ері, әйелі);

5) жұмыстан босатылатын Жұмыскерлерге тиісті қайта даярлықпен вакантты жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға басым құқық беру. Жұмыскерге жаңа мамандық беру (басқа кәсіпке оқыту) Жұмыс берушінің қаражаты есебінен оқу ақысын жұмыскердің орташа айлығының ең кемі 60 пайызын төлеп, оқыту.

6.5. Жұмыс беруші жұмыс ауқымы төмендегенде Жұмыскерлер санын бірінші кезекте мыналардың есебінен реттеуге міндеттенеді:

1) жұмыскерлердің табиғи тұрақтамауы және оларды қабылдауды уақытша шектеу;

2) жұмыскерлердің босаған жұмыс орындарына бөлімше ішіндегі ауысулары;

3) жұмыскерлердің уақытша және маусымдық жұмыспен айналысуын пайдалану;

4) еңбек шартын бұзуға баламалы уақытша шара дәрежесінде толық емес жұмыс уақыты режимін қолдану;

5) жұмыскерді өзінің келісімімен басқа жұмысқа, оның ішінде төмен ақы төленетін жұмысқа ауыстыру.

6.6. Жұмыс беруші ҚР ЕК 52-бабы 1-тармағы 1) және 2) тармақшасында көзделген негіздер бойынша еңбек шартын бұзған кезде жұмыскерге ең кемі бір ай бұрын еңбек шартын бұзу туралы жазбаша хабарлама жіберуге міндетті. Хабарлама мерзімі өткенге дейін еңбек шартын Жұмыскердің жазбаша келісімімен бұзуға болады.

6.7. Жұмыс беруші және Жұмыскерлер саны бірдей өкілдері қатарынан құрылған комиссияның оң шешімінсіз ҚР ЕК 52-бабы 1-тармағы 1) және 2) тармақшасында көзделген негіздер бойынша зейнеткерлік жасқа екі жылдан аз уақыт қалған жұмыскермен еңбек шартын бұзуға тыйым салынады.

6.8. ҚР ЕК 52-бабы 1-тармағы 3) тармақшасында көзделген негіздер бойынша еңбек шартын бұзған кезде Жұмыс беруші жұмыскерге 15 (он бес) жұмыс күні бұрын еңбек шартын бұзу туралы жазбаша хабарлама жіберуге міндетті.

Осы негіздер бойынша еңбек шартын тек төмендегі талаптарды бір уақытта орындаған жағдайда бұзуға болады:

1) құрылымдық бөлімше (цех, участок) жабылғанда;

2) жұмыскерді басқа жұмысқа ауыстыру мүмкіндігі болмағанда;

3) жұмыскердің өкілінің бір ай бұрын жіберілген еңбек шартын бұзуға негіз болған себептері көрсетілген жазбаша хабарламасы (жұмыс берушінің экономикалық өзгерістері және еңбек шартын бұзу қажеттілігі арасындағы тікелей байланыстың болуы).

6.9. ҚР ЕК 52-бабы 1-тармағы 4) тармақшасында көзделген негіздер бойынша еңбек шартын бұзу құрамына Жұмыс беруші қатысуы тиіс аттестаттау комиссиясының шешіміне негізделуі тиіс.

Жұмыскерлерге аттестаттау жүргізу тәртібі, талаптары және мерзімділігі ұжымдық шартта немесе Жұмыс берушінің актісінде белгіленеді.

6.10. ҚР ЕК 52-бабы 1-тармағы 5) тармақшасында көзделген негіздер бойынша еңбек шартын бұзу емтихан комиссиясының шешіміне негізделуі тиіс.

6.11. ҚР ЕК 52-бабы 1-тармағы 6) тармақшасында көзделген негіздер бойынша еңбек шартын бұзу, жұмыскердің осы жұмысты орындауға кедергі келтіретін денсаулық жағдайына байланысты қызметіне немесе орындайтын жұмысына сәйкес болмауы медициналық қорытындымен расталуы тиіс.

6.12. ҚР ЕК 52-бабы 1-тармағы 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15) 16), 17) және 18) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша еңбек шартын бұзу ҚР ЕК 66-бабында және 65-бабында көзделген тәртіптік шара қолдану тәртібін сақтау арқылы орындалады.

6.13. ҚР ЕК 52-бабы 1-тармағы 9) және 10) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша еңбек шартын бұзу медициналық қорытындымен расталуы тиіс.

6.14. ҚР ЕК 52-бабы 1-тармағы 20) тармақшасында көзделген негіздер бойынша еңбек шартын бұзуға жұмыскерге уақытша жұмысқа жарамсыздығы қағазын ұсынғанда рұқсат етіледі.

6.15. ҚР ЕК 52-бабы 1-тармағы 24) тармақшасында көзделген негіздер бойынша еңбек шартын бұзуға жұмыскер «Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 11 бабы 1 тармағында белгіленген зейнеткер жасына жеткенде жұмыскерге еңбек шарты бұзылатын күнге дейін ең кемі бір ай бұрын хабарлау арқылы, еңбек, ұжымдық шарттарда және (немесе) жұмыс беруші актісінде белгіленген көлемде өтемақы төлеу арқылы рұқсат етіледі.

6.16. ҚР ЕК 52-бабы 1-тармағы 25) тармақшасында көзделген негіздер бойынша еңбек шартын бұзуға жұмыскерге Жұмыс беруші Жұмыскерге хабарламаға қоса себебі жоқтығы туралы хат жіберген күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде себебі болмағаны туралы ақпарат берілмеген жағдайда рұқсат етіледі.

6.17. ҚР ЕК 52-бабы 1-тармағы 1), 18), 20) және 23) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, жұмыскер уақытша еңбекке жарамсыз болғанда және демалыста болғанда жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзуға тыйым салынады.

6.18. ҚР ЕК 52-бабы 1-тармағы 2) және 3) тармақшасында көзделген негіздер бойынша жұмыс берушінің бастамасы бойынша жұмыс берушіге жүктілігі туралы анықтама өткізген жүкті әйелдермен, үш жасқа дейінгі баласы бар әйелдермен, он төрт жасқа дейінгі баласы бар (он сегізге толмаған мүгедек баласы бар) жалғызбасты аналармен, аталған санаттағы анасы жоқ баланы тәрбиелеп отырған өзге тұлғамен еңбек шартын бұзуға тыйым салынады.

6.19. Тараптар екінші тарапқа келтірілген зиянды (шығынды) ҚР ЕК және Қазақстан Республикасының өзге заңдарына сәйкес өтейді.

6.20. Зиян (шығын) өтелген соң еңбек шартын бұзу еңбек шартының бір тарабының екінші тарапқа келтірілген зиянды (шығынды) өтеу бойынша материалдық жауаптылықтан босатпайды.

6.21. Жұмыс беруші жұмыскерге төмендегі жағдайларда материалдық жауапты болады:

1) жұмыскерді өз жұмыс орнында еңбек ету мүмкіндігінен заңсыз айыру арқылы келтірген зияны үшін;

2) жұмыскердің мүлкіне келтірілген зияны үшін;

3) жұмыскердің өмірі және (немесе) денсаулығына келтірілген зиян үшін.

6.22. Жұмыскер жұмыс берушіге төмендегі жағдайларда материалдық жауапты болады:

1) жұмыс берушінің мүлкіне келтірілген шығын немесе зақым үшін;

2) жұмыскердің әрекеті (әрекетсіздігі) нәтижесінде келтірілген зиян үшін.

6.23. Өндіріс процесінде өзіне табысталған мүлікті және құндылықтарды сақтау, өңдеу, сату (өткізу), тасымалдау, қолдану немесе басқалай пайдалану істерімен айналысатын жұмыскер және жұмыс беруші жазбаша нысанда жұмыскердің мүліктің және жұмыскерге табысталған басқа да құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етпегені үшін толық жеке материалдық жауаптылығы туралы шарт жасасады.

6.24. Зиян келтірілгені үшін әр жұмыскердің материалдық жауаптылығын шектеу мүмкін емес болғанда, өндіріс процесінде өзіне табысталған мүлікті және құндылықтарды сақтау, өңдеу, сату (өткізу), тасымалдау, қолдану немесе басқалай пайдалану істерімен айналысатын жұмыскер және жұмыс беруші жазбаша нысанда жұмыскерлердің мүліктің және жұмыскерлерге табысталған басқа да құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етпегені үшін толық ұжымдық материалдық жауаптылығы туралы шарт жасасады.

6.25. Жұмыскерлердің мүліктің және жұмыскерлерге табысталған басқа да құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етпегені үшін толық ұжымдық материалдық жауаптылығы туралы шарт жасалатын жұмыскерлер атқаратын немесе орындайтын лауазымдар мен жұмыстар тізімі ұжымдық шартта бекітіледі (жеке материалдық жауаптылық туралы шарттың № 6 қосымшасы және №7 қосымшасы).



7. СЫНАҚ МЕРЗІМІ
(Осы Тарауды Ұжымдық шартқа енгізу туралы шешімді әр ұйым өз бетінше қабылдай алады)

7.1. Жұмыс беруші Жұмыскердің біліктілігінің тапсырылатын жұмысқа сәйкестігін тексеру мақсатында еңбек шартында сынақ мерзімі туралы шартты белгілеуге құқылы.

7.2. Сынақ мерзімі еңбек шартының қолданылу мерзімінің басынан басталады.

7.3. Сынақ мерзімі кезінде Жұмыскерлерге Қазақстан Республикасы еңбек заңдарының нормалары және осы шарттың талаптары, еңбек талаптары қолданылады.

7.4. Сынақ мерзімі Жұмыскердің еңбек өтіліне енгізілуі және үш айдан аспауы тиіс. Сынақ мерзіміне Жұмыскердің жұмыста болмау себебіне қарамастан, жұмыста болмаған уақыты саналмайды. Сынақ мерзімі Жұмыскер қанша күн жұмыста болмаса, сонша күнге ұзартылады.

7.5. Жұмысқа қабылдағанда сынақ мерзімі төмендегі тұлғаларға белгіленбейді:

– мүгедектер;

– шақырылған жұмыскерлер;

– жұмыс беруші белгілейтін өзге тұлғалар.

7.6. Сынақ мерзімінде жұмыскердің жұмыс нәтижесі нашар болғанда, осы Жұмыскердің сынақ мерзімінен өтпеуіне негіз болған себептерді көрсетіп, сынақ мерзімі өткенге дейін жеті күнтізбелік күн бұрын жазбаша нысанда жұмыскерге хабарлау арқылы Жұмыс беруші онымен жасалған еңбек шартын бұзуға құқылы.

7.7. Егер сынақ мерзімі бітсе және ешбір Тарап еңбек шартын бұзуды талап етпесе, онда Жұмыскер сынақ мерзімінен өткен болып саналады.

7.8. Жұмыс беруші Жұмыскерді сынақ мерзімі біткенге дейін жоғары дәрежедегі қызметке тағайындаса, сынақ мерзімі аяқталған болып саналады.




  1. ЖҰМЫСКЕРЛЕРДІ АТТЕСТАТТАУ

8.1. Жұмыскерлерді аттестаттау мынадай мақсаттарда жүргізіледі:

1) Жұмыскерлердің біліктілігінің атқаратын қызметіне/кәсібіне сәйкестігін растау, Жұмыскерлерге орындалатын жұмыс сапасы бойынша атқаратын қызметіне/кәсібіне қойылатын талаптарды туралы хабарлау;

2) Жұмыскерлерге төленетін еңбекақының олардың біліктілігіне сәйкестігін анықтау;

3) Жұмыскердің вертикалды немесе горизонталды кадрлық ауысуларының мақсатқа лайықтығы туралы шешім қабылдау, оны оқыту үшін және әрі қарай жоғары қызметке жылжыту үшін, еңбек шарты мерзімін ұзарту үшін кадрлық резервке енгізу.

8.2. Жұмыскерлерге аттестаттау жүргізу тәртібі, талабы және мерзімділігі осы шарттың № 8 қосымшасы болып табылатын Жұмыскерлерді аттестаттау тәртібі туралы ережеде белгіленеді.




  1. ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕК ҚОРҒАУ

9.1. Еңбек ұжымының барлық мүшелерінің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес еңбек қызметі процесінде қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайында жұмыс істеуге құқығы бар және қызметтік міндеттерін орындау барысында еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау бойынша нормалар, ережелер мен нұсқаулықтардың талаптарының орындалуына жауапты болады.

9.2. Тараптар төмендегілер жөнінде келісті:

1) жұмыскерге Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына және өзге де еңбек қорғау бойынша нормативтік құқықтық актілерге сәйкес еңбек қызметі қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайын қамтамасыз ету;

2) еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау бойынша өндірістік кеңес құру;

3) еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау бойынша өндірістік кеңес Жұмыс беруші мен Жұмыскер арасында тепе-тең негізде құрылады;

4) еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау бойынша өндірістік кеңесті Жұмыс беруші мен Жұмыскердің өкілдері арасынан екі жылдық мерзімге ротациялық негізде кеңес мүшелері сайлайтын төраға басқарады;

5) еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау бойынша өндірістік кеңестің шешімі Жұмыс беруші мен Жұмыскер үшін міндетті болып табылады;

9.3. Еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау бойынша өндірістік кеңес Жұмыс беруші мен Жұмыскердің еңбек қорғау талаптарын қамтамасыз ету, жарақаттану және кәсіби аурулардың алдын алу бойынша бірлескен іс-қимылдарын ұйымдастырады, сонымен қатар жұмыс орындарындағы еңбек жағдайына және еңбек қорғалуына еңбек қорғау бойынша техникалық инспекторларымен бірге тексерулер ұйымдастырады.

9.4. Еңбек қорғау бойынша техникалық инспекторға үміткерлерді кәсіподақ ұсынады, кәсіподақ болмаған жағдайда ұйым қызметкерлерінің қатарынан құралған жалпы мәжілісте, қызметкерлердің үштен екісі қатысқан жағдайда көпшілік дауыспен тағайындалады.

9.5. Еңбек қорғау бойынша техникалық инспектор Еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау бойынша өндірістік кеңестің шешімімен бекітіледі.

9.6. Еңбек қорғау бойынша техникалық инспектордың мәртебесі, құқығы және міндеттері, сонымен қатар оларға бақылау жасау тәртібі Еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау бойынша өндірістік кеңес бекіткен ережеде анықталады.

9.7. Еңбек қорғау бойынша шараларды қаржыландыру Жұмыс берушінің қаражаты есебінен және ҚР заңдарында тыйым салынбаған басқа көздерден жүргізіледі.

9.8. Еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау қаражатының көлемі жұмыс берушінің актісінде немесе ұжымдық шартта белгіленеді.

9.9. Жұмыскерлер бұл мақсаттарға материалдық жауапты болмайды.

9.10. Кәсіподақ комитетінің міндеттері:

1) техникалық инспекторлардың жұмысын жандандыру және Жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау бойынша талаптарды орындауын және олардың жеке қорғаныс құралдарын пайдалануын тұрақты қоғамдық бақылау;

2) еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау бойынша мәселелерді кәсіподақ комитетінің және Өндірістік кеңестің мәжілістеріне жүйелі түрде енгізу;

3) Жұмыскерді және оның отбасы мүшелерін сауықтыру бойынша пәрменді шаралар қабылдау.

4) Жұмыскерді және оның отбасы мүшелеріне жаппай спорттық және сауықтыру шараларын ұйымдастыру бойынша шаралар қабылдау.

9.11. Жұмыс берушінің құқықтары:

1) Жұмыскерлерді жұмыс орындарын да жағымды еңбек жағдайын қалыптастырғаны үшін, қауіпсіз еңбек жағдайын құру бойынша өнертапқыштық ұсыныстар жасағаны үшін марапаттау;

2) еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау бойынша талаптарды бұзғаны үшін Жұмыскерлерді ҚР ЕК белгіленген тәртіппен тәртіптік шара қолдану және жұмыстан шеттету;

3) ұқыпсыздыққа байланысты арнайы киімді, арнайы аяқ киімді және басқа да жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарын жоғалту немесе оның бүлдіріп алуға байланысты Жұмыскер келтірген зиянды өтеу.

9.12. Жұмыс берушінің міндеттері:

1) Кәсіподақ комитетімен келісім бойынша ұжымдық шартта еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау, санитарлық-сауықтыру шаралары бойынша шараларды қаржыландыруды қарастыру;

2) ғимараттың (құрылыстың) өзінің функционалдық міндеттеріне және еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау бойынша талаптарға сәйкес болуын қамтамасыз ету;

3) жұмыс жабдықтарының осы жабдық түріне белгіленген қауіпсіздік нормаларына сәйкес болуын, Жұмыскерлердің жұмыс орнындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тиісті белгілердің, қоршаулардың және қорғаныс құрылғыларының болуын қамтамасыз ету;

4) Жұмыскерлер апат болғанда ғимараттан қауіпсіз аймаққа шыға алатын есіктермен қамтамасыз ету;

5) қауіпті аймақтарды айқын белгілеу және оларды осы аймаққа бөгде адамдардың кіруінен қорғайтын құрылғылармен жабдықтау;

6) ұйымның аумағы бойынша жаяу жүргіншілер мен көлік құралдарының қауіпсіз қозғала алуын қамтамасыз ету;

7) Жұмыскерлерді тиісті жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету;

8) жұмыс орындарын қауіпсіздік талаптарына сәйкес жарықпен, жылумен және желдеткішпен қамтамасыз ету;

9) қауіпті, зиянды және аса зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін Жұмыскерлерді жұмыс орындарында қауіпсіз еңбек жағдайымен қамтамасыз ету;

10) кәсіби аурулардың алдын алу және Жұмыскерлердің еңбек жағдайын жақсарту үшін зиянды өндірістік факторларды (шу, діріл, зиянды шығарындылар) жүйелі өлшеуді жүзеге асыру керек;

11) зиянды химиялық заттармен жұмыс істейтін немесе жұмыс барысында зиянды химилық заттар бөлінетін зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін жұмыскерлерді «Зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін нақты жұмыстағы күндерінде тегін сүт немесе сүт өнімдері берілетін жұмыскерлердің кәсіптері мен қызметтерінің тізіміне» сай емдік-профилактикалық тағаммен, сүтпен немесе басқа да тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету.

12) өндірістік цехтар мен учаскелердің жұмыскерлерін ауызсумен қамтамасыз ету;

13) жұмыскерлерге еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нормамен қажетті санитарлық-гигиеналық жағдай жасау, арнайы киім мен аяқ киім берілуін және олардың жөнделуін қамтамасыз ету, оларды профилактикалық өңдеу құралдарымен, жуып-тазартарын және дезинфекциялайтын құралдармен, медициналық аптекамен, емдеу-профилактикалық тамақпен жабдықтау;

14) + 10С төмен температура режимінде жұмыс істейтін жағдайда, егер бұл нормада көзделмеген болса, Жұмыскерлерге қосымша жылы арнайы киім (күпәйке, байпақ) беру;

15) жылдың суық маусымында далада немесе айналадағы температурасы +10С төмен үй-жайда жұмыс істейтін жұмыскерлерді үзілісте демалып алу үшін жылы үй-жаймен және жұмыс уақытында қосылатын жылытқыш құрылғымен қамтамасыз ету;

16) жұмыскерлерді жуып-тазартатын құралдармен қамтамасыз ету (бір айға бір жұмыскерге 200 г иіс сабын немесе 168 мл сұйық сабын есебімен);

17) лас жұмыстарды атқаратын жұмыскерлерді душ бөлмелерінде сабынмен қамтамасыз ету (бір айға 400 г. сабын есебімен).

18) әйелдердің жеке гигиеналық бөлмесінің жұмысын талаптарға сәйкес ұйымдастыру;

19) душ бөлмесіне және қол жуғыш бөлмесіне ыстық судың уақтылы берілуін қамтамасыз;

20) теріге әсер ететін зиянды заттармен жұмыс істейтін жұмыскерлерге белгіленген норма бойынша жуып-тазартатын және майсыздандыратын құралдар беру;

21) (органикалық еріткіштер, техникалық майлар, майлайтын майлар, күйе, қарамай, лак және бояу, мұнай өнімдері, су қосылған қышқылдар, сілті, май эмульсиясымен жұмыс істейтін) жұмыскерлерді тиімді дерматологиялық қорғаныс құралдарымен және тері тазалайтын құралдармен қамтамасыз ету;

22) техникалық еңбек инспекторларына қоғамдық міндеттерін орындау үшін орташа еңбекақысы сақтай отырып аптасына 2 сағат уақыт беру;

23) профилактикалық жұмыстар жүргізу, өндірістік жабдықтарды және технологиялық процестерді қауіпсіз түрлеріне ауыстыру арқылы жұмыс орындары мен технологиялық процестерде кез келген қауіп-қатерді болдырмау бойынша шараларды қабылдау;

24) егер жұмыс барысы жұмыскердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін болса, жұмысты тоқтату;

25) жұмыскерді өзінің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезіндегі жазатайым оқиғалардан сақтандыру;

26) еңбек инспекциясы бойынша жергілікті органға, санитарлық–эпидемиологиялық қызмет органдарына, Кәсіподаққа олардың жазбаша сұранысы бойынша еңбек қауіпсіздігі, еңбек жағдайы және оны қорғау бойынша қажетті ақпарат ұсыну;

27) Жұмыскерлерді өз қаражаты есебінен еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау мәселелері бойынша оқыту, нұсқама беру және білімдерін тексеру, өндірістік процесс пен жұмысты қауіпсіз жүргізу бойынша құжаттармен қамтамасыз ету;

28) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес еңбек жағдайы бойынша өндірістік нысандарға аттестаттау жүргізу (Ұжымдық шартта өндірістік нысандарға аттестаттау жүргізу мерзімін нақтылау қажет);

29) ауыр жұмыста, зиянды (аса зиянды) жұмыста және (немесе) қауіпті еңбек жағдайында жұмыс істейтін Жұмыскерлерге Қазақстан Респуликасының заңдарына сәйкес өз қаражаты есебінен мерзімді міндетті медициналық тексеру жүргізу;

30) қаупі жоғары жұмыстарда, машиналармен және механизмдермен жұмыс істейтін Жұмыскерлерге Қазақстан Респуликасының заңдарына сәйкес өз қаражаты есебінен ауысым алдындағы медициналық куәландыру жүргізу;

31) кәсіби ауруы анықталған немесе еңбек міндеттерін орындау барысында денсаулығына басқа да зиян келтірілген жұмыскерді еңбекке жарамдылығы қалпына келгенше немесе мүгедектігі белгіленгенше не кәсіптік еңбекке жарамсыздығы белгіленгенше жеңілдеу жұмысқа уақытша ауыстыру немесе медициналық қорытындының ұсыныстарына сәйкес денсаулық жағдайы бойынша рұқсат етілмейтін жұмыстан босату.

32) еңбек жөніндегі мемлекеттік инспектордың нұсқамасын орындау;

33) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен өндірістегі жазатайым оқиғалардың тергелуін, жазатайым оқиғалардың және өндірістегі кәсіби аурулардың тіркелуін, есепке алынуын және талдануын қамтамасыз ету;

34) апат жағдайының дамуын және жарақаттаушы факторлардың басқа тұлғаларға әсер етпеуін болдырмау бойынша шұғыл шараларды қабылдау;

35) талаптарға сәйкес жұмыскерлерге тегін арнайы киім, арнайы аяқ киім және басқа да қорғаныс құралдарын беру;

36) еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғауды жақсарту бойынша ұйымдық-техникалық шараларды жүргізу.

9.13. Жұмыскердің құқықтары:

1) еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау бойынша талаптарға сәйкес жабдықталған жұмыс орны;

2) еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау бойынша талаптарға, сонымен қатар еңбек, ұжымдық шарттарға сәйкес санитарлық-тұрмыстық үй-жайлармен, жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету;

3) жұмыс орнындағы еңбек және еңбек қорғау жағдайына тексеру жүргізу туралы еңбек инспекциясы бойынша жергілікті органға жолдама жіберу;

4) еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау жағдайын жақсартуға байланысты мәселелерді тексеру және қарау істеріне өзі немесе өкілі арқылы қатысу;

5) жұмыс беруші жұмыскерді жеке және (немесе) ұжымдық қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етпегенде және өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдай туындағанда бұл жөнінде тікелей басшысына немесе жұмыс берушіге жазбаша хабарлама жіберу арқылы жұмыс істеуден бас тарту;

6) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен еңбек міндеттерін қауіпсіз орындау үшін қажетті кәсіби даярлықтан өту және білім алу;

7) жұмыс берушіден жұмыс орнының және ұйымның аумағының сипаттамасы, еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау жағдайы, денсаулыққа келтірілуі мүмкін зияны, сонымен қатар зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен қорғау бойынша шаралар туралы туралы дұрыс ақпарат алу;

8) ұйымның еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау бойынша талаптарға сәйкессіздігіне байланысты жұмысы тоқтатылғанда орташа еңбекақысының сақталуы.

9.14. Жұмыскердің міндеттері:

1) еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау бойынша талаптарды, нормаларды, ережелер мен нұсқаулықтарды, сонымен қатар Жұмыс берушінің өндірістегі жұмыстарды қауіпсіз жүргізу бойынша талаптарын орындау;

2) өзінің тікелей басшысына өндірісте болған әрбір жазатайым оқиға, кәсібиауру белгілері (улану), сонымен қатар адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін оқиға туралы дереу хабарлау;

3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда міндетті мерзімді медициналық тексеруден және ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өту, сонымен қатар өндірістік қажеттілікке байланысты басқа жұмысқа ауысу үшін не кәсіби ауру белгілері пайда болғанда медициналық куәландырудан өту;

4) Жұмыс беруші ұсынатын жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарын мәндеті бойынша қолдану және пайдалану;

5) Жұмыс беруші қаржыландырған жағдайда медициналық мекеме жазып берген емдеу және сауықтыру шараларын орындау.

9.15. Техникалық инспектордың құқықтары:

1) еңбек қорғау жөніндегі заңның орындалуына және еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау бойынша ұжымдық шарттың талаптарының орындалуына бақылау жасау;

2) Еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау бойынша өндірістік кеңестің мүшесі болып табылады;

3) өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеуге қатысу;

4) Жұмыс берушіден өз атқарымдарын орындау үшін қажетті ақпараттар мен түсініктемелер алу, оның ішінде жазбаша түрде де алу;

5) Жұмыс берушінің Ұжымдық шартта еңбек қорғау бөлігінде көзделген міндеттемелерін орындауына тексеру жүргізу және тексеру қорытындысы бойынша лауазымды тұлғалардың атына анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыныстар беру;

6) өз атқарымдарын орындау үшін қалыпты жағдай құрылуын талап ету;

7) Қазақстан Республикасының заңдарында және ережеде көзделген өзге құқықтарды орындау.

9.16. Техникалық инспектордың міндеттері:

1) Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау бойынша нормативтік құқықтық актілердің, ұжымдық шарттың жұмыскерлерге қалыпты еңбек жағдайын жасау және жұмыс орнында қауіпсіздік техникасын құру бойынша талаптарын орындауына тексеру жүргізу.

2) Қазақстан Республикасының заңдарының және белгіленген нормаларға сәйкес жұмыскерлердің жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарымен уақытылы қамтамасыз етілуіне бақылау жасау;

3) жұмыс орындарын аттестаттау бойынша комиссия жұмысына қатысу,

4) жазатайым оқиғаларды, өндірістегі кәсіби ауруларды тергеу және еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау бойынша түзетуші және алдын алатын шараларды әзірлеу бойынша комиссия жұмысына қатысу;

5) қауіпсіздік техникасын бұзушылықтарды анықтау мақсатында белгіленген учаскедегі жұмыс орындарына мерзімді тексеру жасау;

6) барлық анықталған бұзушылықтарды бөлімше басшысы тексеретін және жауапты тұлғалар мен орындалу мерзімі көрсетілген арнайы журналға тіркеу;

7) бөлімше басшысының атына жүргізілген тексерулердің қорытындысы бойынша анықталған заңнама нормаларын, Ұжымдық шарттың еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау бөлігіндегі ережелерін бұзушылықтарды жою туралы ұсыныстар енгізу;

8) анықталған бұзушылықтар уақытылы жойылмаған жағдайда қарау және шара қолдану үшін материалдарды еңбек жөніндегі уәкілетті органға тапсыру туралы Кәсіподаққа ұсыныстар беру;

9) еңбек жағдайының өзгерістеріне, Қазақстан Республикасының заңдарын бұзушылыққа және Ұжымдық шарттың еңбек қорғау бөлігіндегі міндеттемелерінің орындалмауына байланысты еңбек дауларын қарау бойынша комиссияға қатысу.

10) Жұмыскердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдай туындағанда осы учаскеде қалыптасқан жағдайды жою немесе жұмыстарды тоқтату бойынша шараларды қолдану үшін басшыға хабарлау.

9.17. Еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау бойынша шараларды қаржыландыру.

1) Еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау бойынша шараларды қаржыландыру Жұмыс берушінің қаражаты есебінен және Қазақстан Республикасының заңдарын да тыйым салынбаған басқа көздерден жүзеге асырылады. Жұмыскерлер бұл мақсаттарға қаражат жұмсамайды.

2) Шарттың № 5 қосымшасына енгізілген, қаржыландыру көлемі ______мың теңге еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау бойынша шаралар тізімі.

9.18. Тараптар Жұмыс берушінің мына төлемдерді төлейтіні туралы келісім жасады:

1) ҚР заңдарында көзделген тәртіппен Жұмыскердің өмірі мен денсаулығына өзінің еңбек міндеттерін орындау барысында келтірілген зиянды өтейді;

2) өзінің еңбек міндеттерін орындау барысында жұмыскер қаза болған жағдайда, сонымен қатар жұмыс барысындағы (кәсіби ауру) зардаптан болған мүгедек қаза тапқанда:

а) жерлеуге байланысты шығындарды өтейді;

б) қаза болған жұмыскермен бірге тұрған тұлғаға, отбасына заңнамада көзделген көлемде бір жолғы жәрдемақы төлеу;

в) қаза болған (қайтыс болған) жұмыскердің асырауында болған отбасының әрбір мүшесіне заңнамада белгіленен көлемнен кем емес көлемде бір жолғы жәрдемақы төлеу.


жүктеу 0,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау