Министерство труда и социальной защиты


§ 28. ПЛАЗМОХИМИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІҢ ОПЕРАТОРЫ



жүктеу 2,38 Mb.
бет21/38
Дата31.01.2020
өлшемі2,38 Mb.
#27830
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   38
§ 28. ПЛАЗМОХИМИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІҢ ОПЕРАТОРЫ

7-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Экспериментальды және тәжірибелік жабдықта жартылай өткізгіш материалдарды плазмохимиялық тазалау және өңдеу процестерін жүргізу. Өңдеудің көп сатылы процестерін жүргізу. Поликремнийді анизатропты өңдеу. Камера ішілік құрылғыны құрастыру және бөлшектеу және оны тазалау. Вакуумды жүйелердің ағатын жерлерін табу және оларды жою шараларын қабылдау.

Білуге тиіс: плазмохимиялық процестерді жүргізу үшін экспериментальды және тәжірибелік жабдықтың құрылымын; көп қабатты құрылымдарды плазмохимиялық өңдеуді жүргізу және көп сатылы процестерді жүргізу; вакуум жүйелердегі ағатын жерлерін табу әдістері мен оларды жою және алдын алу әдістері.

Кәсіптік орта білім талап етіледі.

Жұмыс үлгілері

1. Кремний пластиналар - АL/SL; ASI/TIW плазмохимиялық өңдеу.

2. Кремний пластиналар – ПКК байланыс қалыптастыру кезінде SI-ге селективті ФСС, БФСС, SIО2 плазмохимиялық өңдеу.


§ 29. МИКРОДӘНЕКЕРЛЕУ ОПЕРАТОРЫ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Микроскоппен қол аспабын алмастыра отырып құрылғылардағы ішкі аралық ішкі біріктірулерді пісіру процесін жүргізу. Пісіруге арналған арматура, жартылай өткізгіш аспаптар, тиелген аспаптары бар кассеталардың құрылғысы және жұмыс үстеліне бекіту. Термокомпрессиялар құрылғысындағы байланыс алаңшаларымен триодтарға, диодтарға, қатты тәсімдерге шықпаларды термокомпрессирлеу. Күрделі микротәсімдердің триодты және диодты блоктарының шықпаларын микроскоппен ажырату және дәнекерлеу. Дәнекерлеу құралын шаю, тазарту. Сымдарды дәнекерлеу аппаратына тиеу. «Шарик» диаметрін, ілмектің биіктігін оптикалық аспаптардың көмегімен өлшеу.

Білуге тиіс: микродәнекерлеу және термокомпрессия құрылғыларының құрылғысы, қолдану принципі және жұмыс істеу ережесі; дәнекерлеу жөніндегі негізгі мәліметтер, дәнекерленетін қоспалардың түрлері және қызметі; дәнекерленетін тораптар мен бөлшектерге қойылатын техникалық талаптар; электр және радиотехника негіздері.

Жұмыс үлгілері

1. ГИМ СВЧ - платалардағы байланыс алаңшаларының арасындағы қоспаларды пісіру, экрандарды пісіру.

2. Сандық-белгілік индикаторлар (қатты тәсімдер) - ЭМ-439; "Контакт-ЗА" үлгісіндегі құрылғыларда көп санды шықпалы термокомпрессиялау әдісімен құрастыру.

3. Жұқа плекналы микроқұрамдар – платалардың ілмелі элементтерінің және байланыс алаңшаларының шықпалары арасындағы қоспаларды дәнекерлеу.

4. Жартылай өткізгіш аспаптар – сым шықпаларды монтаждау автоматында кристалдың байланыс алаңшалары және шықпалы рамка траверстерінің арасындағы қоспаларды дәнекерлеу.
§ 30. МИКРОДӘНЕКЕРЛЕУ ОПЕРАТОРЫ

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Микроскоппен аспапты қолмен қосарлап микродәнекерлеу құрылғыларындағы, сондай-ақ жартылай автоматты, бағдарламалық басқарылатын автоматты құрылғылардағы ішкі аралық қоспаларды дәнекерлеу процесін жүргізу. Күрделі және тәжірибелік микротәсімдердегі триодты және диодты блоктардағы шықпалардың қол жетпейтін жерерін ажырату және дәнекерлеу. Дәнекерлеу аспабын тазарту. Технологиялық режимдер мен бағдарламаларды түзету. Дәнекерленген қоспалардың сапасын тексеру.

Білуге тиіс: микродәнекерлеу құрылғыларының құрылымы және жұмыс істеу ережесі; байланыс жасау әдістері және олардың ерекшеліктері; түрлі бұйымдарға арналған дәнекерлеу режимін іріктеу ережесі; операциялардан туындайтын ақау түрлері және алдын алудың тәсілдері; қолданылатын материалдарға қойылатын талаптар.

Кәсіптік орта білім талап етіледі.

Жұмыс үлгілері

1. ГИМ СВЧ - ЭМ-429М құрылғысындағы байланыс алаңшасындағы платаларға алтын сымдарды дәнекерлеу.

2. Жартылай өткізгіш аспаптар, микротәсімдер, диодты матрицалар – кристалл мен корпустың байланыс алаңшаларына шықпаларды дәнекерлеу.

3. Транзисторлар, транзистор матрицалар – ішкі шықпалары біріктіру.
§ 31. МИКРОДӘНЕКЕРЛЕУ ОПЕРАТОРЫ

6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бағдарламалық басқарылатын құрылғыларда микродәнекерлеу процесін жүргізу. 2 немесе одан көп микродәнекерлеу құрылғысында қызмет көрсету. Микроскоппен аспапты қолмен қосарлап микродәнекерлеу құрылғысында кіріктірудің жоғарғы дәрежесіндегі микротәсімдегі ішкі аралық қоспаларды дәнекерлеу. Электронды-оптикалық жүйені түзету. Бағдарламалық басқарылатын құрылғыларда дәнекерленетін тәсімдердің топологиясы координаттарын бағдарламалау.

Білуге тиіс: микродәнекерлеу құрылғысының жұмыс принципі, үлгілік өнеркәсіптік аспаптардағы құрылғыларды тексеру тәсілдері, электронды тәсімдерді түзету; бағдарламалық басқарылатын құрылғылардың жұмыс істеу ерекшеліктері; бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі және пайдалану ережесі; қолданылатын материалдардың физикалық-химиялық қасиеттері.

Кәсіптік орта білім талап етіледі.

Жұмыс үлгілері: БИС, СБИС - аралық қоспаларды дәнекерлеу.


§ 32. ТЕРМОЖАЛҒАУЛАР ОПЕРАТОРЫ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Сутегі, азот, сондай-ақ тотықтыру ортасында жартылай өткізгіш аспаптарының түрлі бөлшектері мен тораптарын дәнекерлеу процесін жүргізу. Сутекті пештерге (қалпақты, конвейерлі, қозғаушы және т.б.) қызмет көрсету. Температураны, газ режимдерін және пештегі конвейер таспаның жылдамдығын реттеу. Сутекті пештерде бөлшектерді күйдіру.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықта жұмыс істеу ережесі, баптау тәсілдері; орындалатын жұмыс шегінде электр техникасы және вакуумды техниканың негізгі заңдары; газ құрғату дәрежесін бақылау процесі; шығарылатын өнімнің сапасына қойылатын талаптар.

Жұмыс үлгілері

1. Арматура - сутек пешінде дәнекерлеу.

2. Диодтар - пеште герметизациялау.

3. Оқшаулағыштар - жоғары температуралы дәнекермен мыс фланецке дәнекерлеу.

4. Оқшаулағыштар – ковар түтікке мыс шықпаларды дәнекерлеу.

5. Кристаллдар, кристалл ұстағыштар – етегіне дәнекерлеу.

6. Микротәсімдерге арналған тұғыр – сутекті және азот ортадағы пештерде желімдеу.

7. Өтпелер – ұстағышқа дәнекерлеу.

8. Жартылай өткізгіш аспаптар – коллектор мен эммитер электродтарын балқыту; коллектор мен эммитер шықпаларды балқыту; кристалдарды балқыту; никель күйдіру; конвейерлі және қалпақты пештерде сутек ортасында жұмсақ және қатты дәнекерлерді пайдалана отырып жартылай өткізгіш аспаптардың бөлшектері мен тораптарын дәнекерлеу.

9. Қадалықтар, шықпалар, тұғырлар, бөлшектер – күйдіру.


§ 33. ТЕРМОЖАЛҒАУЛАР ОПЕРАТОРЫ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Дәнекерлеу процестерін жүргізу. Сутегі пештерінде (қалақты, конвейерлі және т.б.) өздігінше қызмет көрсету. Аймақтар бойынша температураны бөлу сызығын өлшеу. Дәнекерлеу режимдерін түзету. Дәнекерлеу және вакуумды дәнекерлеу сапасын тексеру.

Білуге тиіс: түрлі модельдердің жабдықтарының құрылғысы; қызмет көрсетілетін жабдықты баптау және дәлдігін тексеру ережесі; бақылау-өлшеу аспаптарының құрылғысы, қызметі және қолдану шарттары, дәнекерлеу процестерінің қызметі, газға қойылатын талаптар, вакуумды техника және электр техникасы негіздері.

Жұмыс үлгілері

1. Баллондар - сутекті пештерде жентектеу.

2. Моншақтар – балқыту.

3. Коллекторлы дискі - флюстің көмегімен, дәнекерлегіш пастаның дәнекерлеу.

4. Жартылай өткізгіш аспаптардың оқшаулағыштары – сутекті пештерде жентектеу.

5. Шликерлі құю әдісімен алынған аспаптардың корпустары – жентектеу.

6. Жартылай өткізгіш аспаптар – арматура дәнекерлеу, пластиналарға электродтарды балқыту.

7. Жартылай өткізгіш аспаптар – азот атмосферасында және тотықтыру ортасында конвейер немесе силитті пештерде металды шыныны вакуумды тығыздалған қоспалар алу.

8. Термокомпенсаторлар – жентектеу.

9. Түпшелер, тұғырлар, тіреу, итергіштер - шыныны металға дәнекерлеу.


§ 34. ЭЛИОНДЫ ПРОЦЕСТЕРДІҢ ОПЕРАТОРЫ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Мамандандырылған үлгідегі құрылғыларда өңдеудің (қоспалау, микрофрезирлеу, микродәнекерлеу, кесу, р-п өтпелер жасау) элионды процестерін жүргізу. Өңдеу процесінің құрылғыларын дайындау, форвакуумды сорғыларды іске қосу; жұмыс режиміне жоғары вакуумды агрегаттардың шықпасы, қосалқы электр жабдықты іске қосу; қабылдағыш құрылғылар өңделетін материалмен (пластиналармен) контейнерді тиеу; ионды көздерді дайындау және іске қосу. Бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен жабдықтардың жұмысын бақылау және өңдеудің берілген режимін ұстап отыру. Жұмыс журналын жүргізу. Жоғарылау білікті оператордың басшылығымен құрылғының жекелеген қарапайым және орташа күрделіліктегі тораптары мен механизмдерін баптау. Құрылғыларды техникалық жарамдылық күйінде ұстау.

Білуге тиіс: мамандандырылған үлгідегі құрылғылардың құрылымы, қолдану принципі және қызмет көрсету ережесі; орындалатын жұмыс шегінде электр техникасының негізгі заңдары мен вакуумды техниканың негіздері; жоғары вольтты жабдықтың жұмыс ерекшеліктері; өңдеудің элионды процесін және құрылғыдағы вакуум жүйесін бақылаудың тәсілдері мен әдістері; құрылғыны пайдалану жөніндегі нұсқаулық, соларға тән ақаулықтар және оларды жою әдістері.


§ 35. ЭЛИОНДЫ ПРОЦЕСТЕРДІҢ ОПЕРАТОРЫ

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Әмбебап үлгідегі құрылғыларда және бағдарламалық басқарылатын құрылғыларда өңдеудің элионды процесін (қоспалау, микрофрезерлеу, микродәнекерлеу, кесу, р-п өтпелер және т.б. жасау) жүргізу. Берілген технологиялық режимге құрылғыны теңшеу. Вакуумда ағатын жерлердің көлемін анықтау, айқындау және жою. Құрылғылардың түрлі күрделіктегі тораптары мен механизмдерін жөндеу және баптау.

Білуге тиіс: әмбебап үлгідегі құрылғылардың кинематикалық және электрлік тәсімдері; бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі және құрылымы; берілген режимге құрылғыларды теңшеу әдістері мен ережесі; өңдеу процесін бақылауға арналған аспаптарды теңшеу ережесі; технологиялық процесті басқаруға арналған есептеу машинасына ақпарат дайындау және енгізу әдістері; құрылғылардың жұмыс процесіндегі ақаулықтарды жою тәсілдері; электр техникасымен вакуумды техника негіздері.


§ 36. ЭЛИОНДЫ ПРОЦЕСТЕРДІҢ ОПЕРАТОРЫ

6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Экспериментальды және тәжірибелік құрылғыларда өңдеудің (қоспалау, микрофрезерлеу, микродәнекерлеу, кесу, р-п өтпелер жасау) элионды процестерін жүргізу. Өңдеудің түрлі жұмыс режимдеріне технологиялық режимді таңдау және бұру (басқару) жүйесін теңшеу. өңдеудің берілген режимдерінен ауытқу себептерін айқындау және оларды жою. Түрлі үлгідегі күрделі тораптар мен механизмдерді жөндеу және баптау. Төмендеу разрядтағы операторлардың жұмысын басқару.

Білуге тиіс: түрлі үлгідегі құрылғылардың құрылымы, тексеру және теңшеу ережесі және оларды пайдалану ерекшеліктері, өңдеудің элионды процестерінің физикалық негіздері; құрылғылардың жұмысындағы оңтайлы режимдерін таңдау ережесі.

Кәсіптік орта білім талап етіледі.
§ 37. ПЛАСТИНАЛАР СКРАЙБИРЛЕУШІСІ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Түрлі үлгідегі құрылғыларда берілген геометрия кристалдарына пластиналарды скрайбирлеу. Ситалл пластиналарды скрайбирлеу. Баптау пультында өңделетін пластиналардың бастапқы параметрлерін жасау. Басқару пультында кесу адымын жасау. Габаритті өлшем бойынша пластиналарды сындыру. Айлабұйымдардың көмегімен скрайбирлеуден кейін кристалдарға пластиналарды бөлу. Кристалдарға пластиналарды (қолмен) дәл бөлу. Сапасын көзбен және микроскоппен айқындау. Микрометрдің көмегімен алынған кристалдардың жарамсызын шығару және габариттерді бақылау.

Білуге тиіс: скрайбирлеу құрылғысының қызметі, құрылымы және басқару жүйесі; микроскопты пайдалану ережесі; жартылай өткізгіш материалдардың механикалық қасиеттері, электр техникасының негізгі заңдары, кристалдардың сапасына және өлшемдеріне қойылатын технологиялық талаптар; микрометрді пайдалану ережесі.

Жұмыс үлгілері

1. Кристаллдар - магнитті сепаратордың көмегімен таңбаланған кристалдардың жарамсызын шығару.

2. Кремний және керамикалық пластиналар - скрайбирлеу.

3. Пластиналар - кристалдарға сындыру.

4. Ситалл жиектер - скрайбирлеу.
§ 38. ПЛАСТИНАЛАР СКРАЙБИРЛЕУШІСІ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. 100 мкм-нан аспайтын бөлетін жолдардың өлшемдерімен берілген геометрия кристалдарына пластиналарды скрайбирлеу. Берілген өлшемдер пластиналарын скрайбирлеуге арналған құрылғыларды және кесетін аспапты (алмас кескішті) теңшеу. Микроскоппен кесу күйін бақылау. Кесу режимдерін өз бетінше таңдау. Кесетін аспаптарды ауыстыру.

Білуге тиіс: скрайбирлеуге арналған жартылай автоматтар мен автоматтардың жұмыс істеу принципі; скрайберлік құрылғыларды теңшеу және баптау әдістері; өлшеу құралының көмегімен кесу күшін бақылау әдістері; алмас кескіштің кесетін жиегіне қойылатын талаптар; скрайбирлеу сапасын бақылау әдістері.

Жұмыс үлгілері: Пластиналар – «Алмаз» үлгісіндегі құрылғыларда скрайбирлеу.

§ 39. ПРЕЦИЗИОНДЫ ФОТОЛИТОГРАФИЯ ФОТОГРАФЫ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Фотокамерада, фотоштамптарда күрделі емес эмульсионды, металдандырылған аралық түпнұсқаларды әзірлеу. Мультипликацияға қарапайым металдандырылған аралық түпнұсқаларды дайындау. Пленкалы фотошаблондар жасау. Біржақты баспа платаларының фотошаблондарын әзірлеу. Эмульсиялы және фоторезисторлы шыны пластиналарға арналған экспонирлеу және фотоөңдеу режимдерін таңдау. Байланысты фотографиялық басу. Жұмыс түпнұсқасынан фотошаблондарды қайта басу. Бейнелі генераторларда, фотокамераларда және фотштамптарда сынамалы және тестік түсірімдердің сапасын бағалау. Фотоқабатты өңдеу үшін ерітінді әзірлеу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылғысы, баптау тәсілдері және қолдану принципі; экспонирлеу, айқындау және фиксациялау режимдері; фотохимия, оптика, фотолитография негіздері; жабдықтың жұмысын тексеру әдістері мен тәсілдері.

Жұмыс үлгілері

1. Диэлектрик-металл-жартылай өткізгіш және шағын интегралды тәсімдер – эмульсиялы және металдандырылған аралық түрнұсқаларды әзірлеу; металдандырылған эталонды фотошаблонды әзірлеу.

2. Пленкалы фотошаблондар - белоктардан әзірлеу.

3. Біржақты баспалық платалардың фотошаблондары - әзірлеу.

4. Фотопластиналар – құрғақ коллодион эмульсиясының негізінде айқындау.

5. Штрихті негативтер – фотоқағазда байланысты басу.
§ 40. ПРЕЦИЗИОНДЫ ФОТОЛИТОГРАФИЯ ФОТОГРАФЫ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Түрлі жабдықтарда орташа күрделіктегі эмульсионды, металдандырылған аралық түпнұсқаларды әзірлеу. Мультипликацияға орташа күрделіктегі металдандырылған аралық түпнұсқалар дайындау. Екіжақты баспа платаларының пленкалы фотошаблондарды әзірлеу. Фотокамерада ±50 дәлдікпен пленкалы фотошаблондардың мультипликациясы. Аралық түпнұсқалар мен фотошаблондарды әзірлеуде фотопластиналарды немесе фоторезисторлы пластиналарды өңдеу режимдерін таңдау. Күрделі емес фотошаблондар алуға арналған құрылғылар мен оптика таңдау және теңшеу. Микроскоптың көмегімен фотошаблондардың өлшемдерін өлшеу. Хромдалған шыны пластиналарға арналған айқындағыштар мен өңдегіштер таңдау.

Білуге тиіс: қолданылатын жабдықтың құрылғысы және жабдықты теңшеу әдістері; фотоматериалдарды өңдеуде пайда болатын фотохимиялық процестер (эмульсиялар, резистілер); химикаттардың қасиеті және фотоөңдеу процесінде олардың рөлі; фотоматериалдардың қасиеті, сипаттамасы ( жарық сезгіштігі, түйірлігі, қабілеті, вуаль, бейнелеу қарама-қарсылығы, фотографиялық ені); фотолитографиялық процесс; режимдерді түзету жөніндегі жалпы ұғымдар; микроскоптармен жұмыс істеу принципі.

Жұмыс үлгілері

1. Екіжақты түпнұсқалар – фотоаппараттың өлшемдерін теңшеу, фотографиялау.

2. СИС, СВЧ бұйымдары (орташа интегралды тәсімдер және жоғары жиіліктегі бұйымдар);фотошаблонды дайындамаларды экспресс-бақылауды жүргізу (ФШЗ); эмульсиялы және металдандырылған аралық түпнұсқаларды әзірлеу; металдандырылған аралық түпнұсқаларды мультипликацияға дайындау; эмульсиялы металдандырылған фотошаблондарды әзірлеу; жарамсыз аралық түпнұсқаларды және ретушердағы фотошаблондарды түзету.

3. Мультипликациялық пленкалы фотошаблон - әзірлеу.

§ 41. ПРЕЦИЗИОНДЫ ФОТОЛИТОГРАФИЯ ФОТОГРАФЫ

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Эмульсиялы, металдандырылған аралық түпнұсқаларды және фотошаблондарды әзірлеу. 20 мкм-ге дейін ауыстыру дәлдігімен мультипликациялау әдісімен пленкалы НЭЧ фотошаблондарын және шықпалы рамкаларды әзірлеу. Көпқабатты баспалы платаларды, фоттшаблондар әзірлеу. Өңдеу режимін таңдау. Фотошаблондарды өңдеу жөніндегі фотоматериалдарды өңдеу және технологиялық операциялар жүргізу әдісін таңдау. Құрылғыларды теңшеу, оптика таңдау, ерекше дәл шаблондарды әзірлеуге фотоматериалдарды іріктеу. Бейнелеу генераторында эмульсиялық және металдандырылған аралық түпнұсқаларды іске қосу бағдарламаларын жасау. Фотоштампта металдандырылған аралық түпнұсқаларды басып шығаруға бағдарламаларды есептеу. Микроскоптың көмегімен өлшемдер жүргізу. Фотошаблонда жекелеген элементтерді түзету.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың түрлі модельдерінің құрылғысы және дәлдігін тексеру тәсілдері; фотографиялық өңдеу режимдері; бейнелеу генераторларының, фотоштамптар жұмысының беріктігін бағалау критерийлері, бар ауытқуларды жоюдың ықтимал шаралары; фотожиынтықты құрылғыларда бейнелерді алуда пайдаланылатын сканирлеу әдістерінің сипаттамасы; бейнелеу генераторларын математикалық қамтамасыз ету, оптикалық жүйелердегі бейнелердің ақаулықтары, жарамсыздықтың ықтимал түрлері және оларды жою әдістері; әзірленетін бұйымдардың техникалық талаптары және құжаттамасы.

Жұмыс үлгілері

1. Жартылай тонды аппаратура, тораптар, байланыс аспаптарының бөлшектері – фотосуреттерді байланысты басып шығару, техникалық құжаттамаға фотографиялау.

2. Платалардың штамптарда өңдеуге жататын топтық фотошаблондары - әзірлеу.

3. БИС, СБИС бұйымдарының металдандырылған эталонды фотошаблондары - әзірлеу.

4. Фотопластиналар мен фотопленкаларда жартылай тонды негативтер - өңдеу.

5. Күрделі, эмульсиялы, металдандырылған, пленкалы аралық түпнұсқалар мен фотошаблондар – конструкторлық құжаттаманың талаптарына сәйкес әзірлеу және сапасын бақылау.

6. Телевизионды сынама кестелер - дәлдіктің ІІ сыныбы бойынша жұмыс негативтері мен позитивтерін әзірлеу.
§ 42. ПРЕЦИЗИОНДЫ ФОТОЛИТОГРАФИЯ ФОТОГРАФЫ

6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Күрделі фотошаблондар, эмульсиялы, металдандырылған, пленкалы аралық түпнұсқалар әзірлеу. Қажетті аппаратура, әзірлеу режимін, бақылау-өлшеу аспабын, жарық сезгіш материалдар мен химикаттарды өз бетінше таңдау. Дәлдіктің берілген сыныбы шегінде геометриялық нысандарды сақтай отырып шағын құрылымдық, негативтік, диапозитивтік және позитивтік бейнелерді алу үшін фотохимиялық және фотолитографиялық режимді айқындау және түзету.

Білуге тиіс: барлық үлгідегі прецизионды фотокамералардың құрылғысы, жұмыс істеу принципі, тексерудің тәсілдері мен ережесі; презиционды фотолитография негіздері; бақылау-өлшеу аспаптары мен жарық техникалық аппаратура және аспаптардың қызметі, құрылғысы және пайдалану ережесі, фотохимиялық процеске арналған ерітіндінің рецептурасы; фотолитографиялық және фотохимиялық өңдеу режимдері.

Кәсіптік орта білім талап етіледі.

Жұмыс үлгілері

1. Түрлі күрделіктегі бұйымдардың металдандырылған аралық түпнұсқалары – экспресс-бақылау жүргізу, мультипликацияға дайындау.

2. Телевизиялық сынама кестелер – дәлдіктің 1 сыныбы бойынша жұмыс негативтерін әзірлеу.

3. Қатты тәсімдер – жұмыс алаңы бойынша 100 модульден асырып көбейте отырып, ауыстырылатын фотошаблондардың жиынтығын әзірлеу.

4. Пленкалы фотошаблондар – түрлі фотошаблондарды пайдалана отырып дайындаудың толық циклы; фотоқағаздың түрлі үлгілеріндегі техникалық фотографиялар әзірлеу.

§ 43. ПРЕЦИЗИОНДЫ ФОТОЛИТОГРАФИЯ ЭМУЛЬСИЯЛАУШЫСЫ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Түріл ерітінділер дайындау. Әйнектерді ластанудан тазарту. Түрлі сүзгілер арқылы ерітінділерді фильтрлеу. Желатин ерітіндісін дайындау. Жоғары талап қойылмаған әйнектің шағын бөліктеріне эмульсия жағу. Шаю бұлауларының жұмыс режимдерін орнату.

Білуге тиіс: кептіру шкафтарының центрифугасының қызметі және пайдалану ережесі; эмульсияны ұстаудың ережесі; жиектеріне қойылатын талаптар, қышқылдар мен сілтілермен жұмыс істеу ережесі.


§ 44. ПРЕЦИЗИОНДЫ ФОТОЛИТОГРАФИЯ ЭМУЛЬСИЯЛАУШЫСЫ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Түрлі ерітінділерді дайындау. Әйнектің жылтыратылған бетіне қабатты және эмульсияны жағу. Фотошаблондарды дайындауға жарамды жоғары қабілетті эмульсиялар (700 лин/мм) әзірлеу. Эмульсияны салқындату және кептіру.

Білуге тиіс: аранйы тоңазытқыштардың, кептіру шкафтарының, цнетрифугалардың және аранйы суару құрылғыларының құрылымдары мен пайдалану ережелері; эмульсияларды өңдеудің технологиялық және температуралық режимдері; эмульсия мен қабатына қойылатын негізгі талаптар; концентрацияланған қышқылдар мен сілтілермен жұмыс істеу ережесі.


§ 45. ПРЕЦИЗИОНДЫ ФОТОЛИТОГРАФИЯ ЭМУЛЬСИЯЛАУШЫСЫ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Әйнектің жылтыратылған бетіне белгілі қалыңдықта эмульсия жағу. Коллоксилинді дайындау және кептіру. Шешу қабілеті 800-1000 лин/мм-лі құрғақ коллодион негізінде фотопластиналар даярлау. РН-метрде өлшеумен байланысты жұмыстарды орындау. Ерітінділерді, дистилденген және деиондалған судың сапасын тексеру.

Білуге тиіс: ерітінділер даярлау мен пластиналарді суаруға арналған қажетті барлық құрылғылардың құрылымы мен пайдалану ережелері, ерітінділердің қасиеттері, фотопластиналардың сапасы, эмульсияға қойылатын талаптар.

Осы бөлімде көзделген жұмысшы кәсіптерінің, 2002 жылғы БТБА қолданыстағы бөлімі бойынша атаулары көрсетілген тізбесі


Р

с



Осы бөлімде орналастырылған кәсіптердің атаулары

Разряд

тар диапазоны



2002 жылы БТБА қолданыстағы бөлімі бойынша кәсіптердің атаулары

Разряд

тар диапазоны



БТБА шығ. №

Бөлімнің қысқартылған атауы

1

2

3

4

5

6

7

1.

Жартылай өткізгіш аспаптардың пісірушісі

2-4

Жартылай өткізгіш аспаптардың пісірушісі

2-4

20

Жартылай өткізгіш өндірісі


2.

Прецизионды фотолитография координато-

графисі


1-5

Прецизионды фотолитография координато-

графисі


1-5

-//-

-//-

3.

Вакуумды тозаңдатып қондыру процесінің операторы

2-7

Вакуумды тозаңдатып қондыру процесінің операторы

2-7

-//-

-//-

4.

Диффузионды процестер операторы

2-7

Диффузионды процестер операторы

2-7

-//-

-//-

5.

Эпитаксиалды қаюаттарды ұзарту операторы

3-6

Эпитаксиалды қаюаттарды ұзарту операторы

3-6

-//-

-//-

6.

Плазмохимиялық процестер операторы

4-7

Плазмохимиялық процестер операторы

4-7

-//-

-//-

7.

Микродәнекерлеу операторы

4-6

Микродәнекерлеу операторы

4-6

-//-

-//-

8.

Термобіріктіру операторы

3-4

Термобіріктіру операторы

3-4

-//-

-//-

9.

Элионды процестер операторы

4-6

Элионды процестер операторы

4-6

-//-

-//-

10.

Пластиналарды скрайбирлеуші

3-4

Пластиналарды скрайбирлеуші

3-4

-//-

-//-

11.

Прецизионды фотолитография фотографы

3-6

Прецизионды фотолитография фотографы

3-6

-//-

-//-

12.

Прецизионды фотолитография эмульсиялаушысы

2-4

Прецизионды фотолитография эмульсиялаушысы

2-4

-//-

-//-

3. МИКРОМОДУЛЬДЕР ӨНДІРІСІ


§ 1. МИКРОМОДУЛЬДЕР МОНТАЖДАУШЫСЫ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Микромодульдер мен микроэлементтерден шықпаларды дәнекерлеуге, тартуға арналған адыр құрастыру. Дәнекерлегіштің көмегімен микромодульдердің этажеркаларын дәнекерлеу. Шықпаларды кесу. Шпангенциркуль және скобалардың көмегімен микроскоп және габаритпен микромодуль этажеркаларының сыртқы түрін тексеру. Саптамаларды дайындау және қыздыру. Резина төсемдерді ауыстыру.

Білуге тиіс: электр дәнекерлегішпен, айлабұйымдармен және өлшеу аспабымен жұмыс істеу принципі; микромодульді флюстеу және дәнекерлеу тәсілдері; микроэлементтермен және құйылмаған микромодульдарды ұстау ережесі, майлау саптамаларын өңдеу тәсілдері, кептіру температурасы мен уақытын; ықтимал ақаулардың түрлері мен себептері.


§ 2. МИКРОМОДУЛЬДЕР МОНТАЖДАУШЫСЫ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Микроэлементтерден адыр құрастыру және электр дәнекерлегіштің және айлабұйымдардың көмегімен микромодульдерді дәнекерлеу. Сағат проекторы мен басқа аспап арқылы теңшеудің дұрыстығын тексере отырып, таратқыштың сызбасы және картасына сәйкес әмбебап адырды теңшеу. Микроэлементтерді автоматтарда және жартылай автоматтарда дәнекерлеуге дайындау. Температуралық режимді таңдау. Газ ортада (аргонда) микромодульдарды дәнекерлеуге арналған құрылғыларда қызмет көрсету. Шықпа жиектерді түзете отырып арнайы айлабұйымдарда микромодульдерді орнату. Сызба бойынша шықпа жиектерді дәнекерлей отырып, жиналған тораптарды айлабұйымға орнату. Сызба бойынша колодканы жиналған торапқа орнату және шықпа жиектерді ажырату. Қарапайым айлабұйымдар мен шаблондарды әзірлеу. Микромодуль шықпаларын тегістеу және түзету және нығыз үлгілерді құрастыру кезінде табылған ақауларды жою. Жабдықты берілген режимге теңшеу. Дәнекерленген микромодульдердегі бастапқы шықпаларды, өткізгіштерді кесу. Жабысқақ лентаны дайындау, ыдысқа қалау және полиэтиленді ыдысқа герметизациялау. Арнайы тағайындалған микромодульге саптама дайындау және кигізу. Ілеспе құжаттаманы ресімдеу.

Білуге тиіс: микромодуль құрылғысы және жұмыс істеу принципі; айлабұйымға немесе нығыз үлгіге бөлшектер мен тораптарды орнату тәсілдері мен ережесі, микромодульдердің қызметі, түрлері және қолдану шарттары; микромодульдерді герметизациялаудың технологиялық процесі; радио және электр техникасы негіздері; газ ортада дәнекерлеуге арналған құрылғыны реттеу және баптау; жартылай автомат адырын теңшеу тәртібі; паздарды бөлуге арналған құрылғыларға режим таңдау; кілтке қатысты микроэлементті бағдарлау ережесі, тарату сызбасы және картасына сәйкес адырды теңшеу әдістері; жөнделетін микромодульдердің өлшеміне және шықпалардың ұзындығына қойылатын шектер; шықпаларды кесу әдістері; кесетін жерлерді айқындау тәртібі; микромодульдерді жабысқақ таспалармен таңбалау әдістері, қолданылатын төсемдер мен саптамалардың қызметі; ақаудың пайда болуының себептері мен олардың алдын алу шаралары; бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарының құрылғысы және жұмыс істеу принципі.

Жұмыс үлгілері

1. Микромодульдер – адырға құрастыру және эл. дәнекерлегішпен дәнекерлеу.

2. Микроэлементтер - паздарды автоматтарда дәнекерлеуге дайындауға ажырату.

3. Микромодульдер – кесетін айлабұйымдардың көмегімен біріктіру өткізгіштерін кесу.

4. Микромодульдер - саптамаға шықпаны кигізу.
§ 3. МИКРОМОДУЛЬДЕР МОНТАЖДАУШЫСЫ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. СПИ автоматтың берілген тәсімі бойынша жұмысқа дайындау және теңшеу. Электр айлабұйымдар және СПМ автоматтарда арнайы тағайындалған микромодульдер мен микромодульдерді құрастыру және дәнекерлеу. Микроэлементтерді магазиндерге құрастыру. Температуралық режимді және ұстау уақытын таңдау. Айлабұйымдардағы бастапқы шықпаларды дәнекерлеу, шықпаларды кесу.

Білуге тиіс: микроэлементтерді және құйылмаған микромодульдерді ұстау ережесі; арнайы тағайындалған микромодульдердің өндірісіне қойылатын талаптар; СПМ автоматты реттеу және қызмет көрсету; дәнекерлеудің оңтайлы температурасы мен ұстау уақытын таңдау ережесі, паздарды ажырату құрылғыларының құрылымы және реттеу; микроэлементтерді барабанға құрастыру тәртібі, газ ортада жұмыс істейтін автоматтарда қызмет көрсету тәртібі.

Жұмыс үлгілері

Арнайы тағайындалған микромодульдер – түрлі тәсімдерді оларға қойылатын талаптарды ескере отырып дәнекерлеу.

Осы бөлімде көзделген жұмысшы кәсіптерінің, 2002 жылғы БТБА қолданыстағы бөлімі бойынша атаулары көрсетілген тізбесі


№ р

с


Осы бөлімде орналастырылған кәсіптердің атауы

Разрядтар диапазоны

2002 жылы БТБА қолданыстағы шығарылымдары мен бөлімдері бойынша кәсіптердің атаулары

Разрядтар диапазоны

БТ

БА шығарылымының №



Бөлімнің қысқартылған тауы

1.

Микромодульдер монтаждаушысы

2-4

Микромодульдер монтаждаушысы

2-4

20

Жартылай өткізгіш өндірісі

жүктеу 2,38 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   38




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау