Министерство труда и социальной защиты


§ 22. БӨЛШЕКТЕР МЕН АСПАПТАРДЫ СЫНАУШЫ



жүктеу 6,99 Mb.
бет3/38
Дата19.02.2018
өлшемі6,99 Mb.
#10068
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
§ 22. БӨЛШЕКТЕР МЕН АСПАПТАРДЫ СЫНАУШЫ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Күрделі емес жарық техникалық, механикалық, климаттық, термикалық және басқа да сынақ жұмыстарын жүргізу. Радиобөлшектерді импульсті режимде параллель және тізбекті қосылыс кезінде сынау. Электр беріктігін арнайы құрылғыларда сынау, шуылдың көмегімен пластиналардың арасындағы саңылауларды реттеу. Радиобөлшектерді ауыспалы полярлықтың жоғары кернеулі тоғымен сынау, сенімділігі сынау. Сынаудың электр режимдерін статикалық және динамикалық режимде аспаптарды сынау кезінде бір уақытта бірнеше өлшемдерді есептей отырып, бақылау және реттеу. 2-3 типті аспаптардың, 3-5 типті интегралды микросхемалардың күрделі емес электр өлшемдерін сынау процессінде техникалық нұсқаулықтар мен салынған жабдықтардағы (стенділердегі, жартылай автоматтағы, автоматты агрегаттағы) ТУ нормаларының кестесі бойынша өлшеу және олардың сыныптау. Аспаптарды жұмыс істейтін жабдықтарға олардың герметикалығын тексеру үшін қондыру. Сыйымдылықты, вольт-амперлік сипаттамаларды, кері тоқтарды өлшеу. Кесте жасау. Аспаптарды әр түрлі режимде және бағдарламалық құрылғыларда шынықтыру дайын аспаптарды бақылау аспаптарының (эталондардың) көмегімен сынау үшін құрылғылардың бапталуын тұрақты тексеру. Жарамсыз аспаптарды анықтау және жарамды аспаптарды сыныптау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы, блок-схемасы, баптау тәсілдері және жұмыс істеу қағидаты; бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы; электр өлшеу аспаптарының дәлдік дәрежесі, өлшеу шектері және шәкіл бөліністерінің бағасы; 2-3 бұйымдарды сынау әдістері; ұрмалы және діріл стенділеріндегі жылдамдықты өлшеу әдістері; ылғал, суық және жылу камераларындағы температура мен ылғал дәрежесін өлшеу әдістері; радиобөлшектердің электр сипаттамасы; беріктігін сынау әдістемесі; бетіндегі кедергіні өлшеу әдістері; интегралды микросхемалардың жұмыс температурасының шекті мәндері; герметикалығын тексеру қағидаттары; сыналатын бұйымдарды тексеру қағидаты және МЕМСТ-тері; сыналатын бұйымдардың қызмет ету қағидаты, олардың маңызды тораптары мен бөлшектерінің атауы мен өзара әрекеттесуі; орындалатын жұмыс шақтамасында электр техника және радиотехника негіздері.

Жұмыс үлгілері

1. Аппараты телеграф аппараттары, модульдік блоктар, платтар, кварц резонаторлар, радиоаппаратуралардың қоректендіргіш блоктары, қабылдап-таратушы құрылғылар – дірілге беріктігін сынау.

2. Видеодетекторлар – нөлдік және жұмыс нүктесінде кедергіні өлшеу.

3. Жартылай өткізгіштік диодтар – тұрақты тікелей кернеу мен тұрақты кері тоқты, ауыстырып-қосудың сыйымдылығы мен зарядын өлшеу.

4. ТРН-200 типті бұйымдар – оқшаулау кедергісін, үзілуін сынау.

5. Пьезотехникалық бұйымдар - климаттық және механикалық сынақ жүргізу.

6. Оқшаулағыштар – тұрақты және ауыспалы тоқтың жоғары кернеумен жабылуын сынау.

7. Индикаторлар - жырық оптикалық және электр өлшемдерін өлшеу.

8. ППГ феррит сақиналар – жылу және суық климаттық камераларда, баллистикалық құрылғыларда электрлік қасиеттерін бақылай отырып сынау.

9. Барлық түрлі конденсаторлар – арнайы құрылғыда (комбайнда) онымен бір уақытта басқа электр өлшемін өлшей отырып жоғары кернеулі тоқпен сынау; жылуға төзімділігін тексеру.

10. Жоғары вольтті қыш конденсаторлар – кернеулігін жоғары жиілікті генераторларда сынау.

11. Жоғары вольтті конденсаторлар – температуралық сынау.

12. Металл қыш корпустар - герметикалығын тексеру.

13. Жады кубтары – температураның циклдық өзгеруін сынау.

14. Генераторлық шамдар – діріл төзімділігін шынықтыру, статикалық сынау.

15. Люминесцентті шамдар - сынау.

16. Қыздырмалы шамдар – жарық өлшемдерінің өлшеу.

17. Лампы неон, сигналдық шамдар – сынау, шынықтыру.

18. Доға және импульсті шамдар – электр және жарық өлшемдерін, сыртқы түрін, ауқымды және қосылатын көлемін тексере отырып, ұзақ мерзімге қызмет етуін және сенімділігі сынау.

19. Қабылдап-күшейткіш шамдар - механикалық-климатық сынақтар (желілік шамадан тыс жүктемелер, соққыға беріктік, өзін-өзі тесу, от алу); белгіленген жиілік кезінде діріл төзімділігін сынау; қысқа тұйықталулар мен үзілуін, күюін, термоберіктігін сынау, оқшаулау кедергісін тексеру.

20. Генератор шамдар, ЛБВ - шынықтыру, статикалық сынау және дірілберіктігін сынау.

21. Магнетрондар, платикотрондар – шынықтыру, стат.сынау.

22. Микросхемалар, АЖЖ модульдер - нығыздау; статикалық және динамиалық өлшемдерді өлшеу; желілік жылдамдықтың әсер етуіне сынау; герметикалығын тексеру; климаттық сынау; термоэлектрлік шынықтыру; термоциклдендіру; діріл және соққыға төзімділігін сынау.

23. АЖЖ модульдері – ұзақ мерзім қолданылуын статикалық режимде сынау (динамикалық өлшемдерін өлшемей).

24. Металл қыш корпустың негізі – герметикалығын тексеру.

25. МҚШ, ТҚШ аспаптары және модульдер – жоғары температура және кезекші қыздыру жағдайында (динамикалық өлшемдерін өлшемей) статикалық режимде ұзақ мерзім қолданылуын сынау; конденсаторлық тораптар мен қыш төсемелерді барлық электр өлшемдері бойынша өлшеу; сыйымдылығын, электр беріктігін, термотоқты өлшеу.

26. Жартылай өткізгіш аспаптар – белгіленген жиілікте соққыға беріктігін және дірілге төзімділігін сынау; ылғалға төзімділігін сынау; электр шынықтыру, электротермо шынықтыру; герметикалығын сынау; қосу, уақытын тексеру, күту және ауыстырып-қосу режимдерінде тексеру.

27. Күрделілігі орташа 25 топтағы аспаптар - механикалық және климаттық сынақ жүргізу.

28. Электр вакуумдық аспаптар (стабилитрондар, барретерлер, есеп декатрондары, индикаторлар) – сынау және шынықтыру.

29. Қабылдап-күшейткіш шамдар - күйдіру.

30. Саусақша қабылдап-күшейткіш шамдар – термоберіктігін тексеру.

31. Пластиналар – бетіндегі кедергіні өлшеу.

32. Пьезорезонаторлар мен кварц сүзгілер – арнайы ванналар мен Тесло трансформаторының көмегімен герметикалығын тексеру.

33. Пьезокварц – белсенділікті белгіленген температура интервалында радиои өлшеу аппаратурасының көмегімен сынау.

34. Радиобөлшектер, тораптар - беріктігін үлгілік сынау.

35. Ағытпалар (электр дәнекерлер) – герметикалығын тексеру; контактілі кедергінің статикалық тұрақсыздығын өлшеу.

36. Өте кішкентай радиошамдар – оқшаулағыштың кедергісін тексеру.

37. Тұрақты және ауыспалы сым емес резисторлар - импульсті режимде параллель және тізбекті қосылыс кезінде сынау.

38. Резонаторлар - электр өлшемдерін, температура интервалындағы жұмысқа қабілеттілікті, нығыздау әдісі арқылы герметикалығын тексеру; термошынықтыру.

39. Кварц резонаторлар – айдау процесі кезінде техникалық нұсқаулықтар бойынша электр өлшемдерін өлшеу.

40. Поляризациялық вентильдерге арналған феррит өзекшелер – жиіліктің белгіленген диапазонында поляризация жазықтығының бұрылу бұрышын өлшеу.

41. Интегралды схемалар – желілік жылдамдықтың әсерін, герметикалығын, термоциклін, діріл мен соққыға беріктігін сынау; вольттердің тестілік құрылысының өлшемдерін – амперлік сипаттамаларын, қалдық кернеуді, динамикалық және статикалық өлшемдерін өлшеу; таңдамалы өлшемдерді, компоненттерді контактілі терезелерді металдандыру және металсыздандыру арқылы өлшеу; схемаларды газды ортада нығыздау (фреон, гелий); пластиналарды көп зондты құрылғыларда тексеру.

42. Қатты схемалар - диодтардың (1200 элемент) вольт-амперлік сипаттамаларын өлшеу; Ик = 5В (60 элемент) кезінде кері тоқты өлшеу; Ик = О кезінде сыйымдылықты өлшеу; конденсаторлардың мықтылығын өлшеу; тоқ өткізгіш желілердің электр беріктігін тексеру; герметикалығын әр түрлі ортада тексеру; қалайыланған және дәнекерленген, оның ішінде вакуумдық-сұйықтық әдіспен дәнекерленген қосылыстардың сапасын бақылау.

43. Секциялар мен жинақталған конденсаторлар – қысқа тұйықталуын, үзілуін және басқа да ақаулықтарын арнайы құрылғылардың, сондай-ақ автоматтар мен жартылай автоматтардың көмегімен тексеру.

44. Стартерлер – от алуын сынау.

45. Термисторлар - вольт-амперлік сипаттамасын, қуатын, ЭДС 3-і үйлесімін өлшеу.

46. Кеңінен қолданылатын трансформаторлар мен дроссельдер – мемлекеттік стандарттың және ТУ талаптары ауқымында қалыпты және жылдамдатылған әдістеме бойынша беріктігін сынау.

47. АЖЖ транзисторлары - арматуралардың тоқ өлшемдерін өлшеу, жинақталған және дайын транзисторларды, қуаттылығын өлшеу; вольт-амперлік сипаттамасын тексеру.

48. Транзисторлар, транзисторлық матрицалар - электр өлшемдерін өлшеу; үзінділері мен қысқа тұйықталудың болмауына сынау; күйдіру, күшейткіш коэффициентін өлшеу.

49. Триодтар - вольт-амперлік сипаттамасын өлшеу; механикалық беріктігін, дірілге беріктігін, термоциклденуін сынау; қалдық кернеуді өлшеу.

50. Өндірістік жарықтандыру, терапия және стационарлық анодпен диагностика арналған рентген түтікшелері – электр өлшемдерін шынықтыру және тексеру.

51. Электрондық сәулелену түтікшелері, регенерациялайтын кинескоптар – бағдарламаланған құрылғы бойынша шынықтыру және күйдіру.

52. Түрлі тораптар, шығу құрылғылары, дроссельдер, трансформаторлар, индуктивтілік орауыштары және т.б. – барлық өлшемдері бойынша сынау.

53. Феррит бұйымдар – электр магнит өлшемдері бойынша сынау; механикалық беріктігін сынау.

54. Тілінген кварц сүзгілер - амплитудалық-жиілікті сипаттамаларын алу және оқшаулағыш кедергісін өлшеу.

55. Феррит бұйымдарындағы жады элементтері, ЦМП, ЦМД – бұйымдарды координаттық шиналар мен есептеу орамдарының ом кедергісі бойынша сынау; соққы мен дірілге төзімділігін сынау.

56. Баспа монтажының ұяшықтары – түрлі климаттық жағдайларда қызмет етуін тексеру.
§ 23. БӨЛШЕКТЕР МЕН АСПАПТАРДЫ СЫНАУШЫ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Бөлшектер мен аспаптарға бақылау және үлгі сынағын жүргізу, оларды қабылдау және сыныптау; өлшеу жабдығындағы күрделі электр өлшемдерін тексеру. Жартылай өткізгіш аспаптарды, күрделілігі орташа АЖЖ аспаптарды, газ разрядтағыш аспаптарды, электронды есептеу техникасының блоктарын, радио өлшеу аспаптарын, тұрмыстық электр аспаптарын ұзақ мерзім қолдану және беріктігіне механикалық және климаттық сынақ жүргізу. Жоғары вольтті қыш конденсаторлардың реактивті қуатын жоғары кернеу астында жоғары жиілікті генератордың көмегімен сынау. Аспаптарды статикалық және динамикалық режимде сынау кезінде сонымен қатар бірнеше өлшемдерді есептей отырып сынау режимін реттеу. Сынау режимін қондыру. сақтау және бақылау. Құрылғыларға қоса берілген кестелер бойынша есептерді пайдалана отырып өлшеу жүргізу және тарату кестелері мен диаграммаларын жасау. Аспаптарды тапсырыс берушінің өкіліне тапсыру. Аспаптарды түрі режимдерде шынықтыру. Күрделі оқшаулау материалдарын полимеризациялау процессінің электр әдістерімен зерттеу. Генератордың жұмыс режимін баптау, бақылау, дәлдігі жоғары сыныпты аппаратураны баптау және реттеу. Үлгілік сынақтардың хаттамасын жасау.

Білуге тиіс: сыналатын жабдықтың құрылысы, оның кинематикасы, электр, вакуумдық және басқа да схемалары, дәлдігін баптау және тексеру ережесі; бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы, мақсаты және қолданылу шарттары; күрделі бұйымдарын сынаудың техникалық шарттары; негізгі өлшемдерді өлшеу әдістемесі; бірнеше типті (5-тен астам) бұйымдарға ұзақ мерзім сынақ жүргізудің әдістемесі; механикалық және климаттық сынақ жүргізу әдістемесі; тұрақтылық, тоқтаусыз және ұзақ мерзім қолданылуын сынау әдістемесі; бұйымдарды жоғары жиілікті тоқпен және жоғары кернеулі тоқпен сынау әдістері мен режимі; сыналатын бұйымдардың құрылысы мен типтері;оларды жасау технологиясының негіздері; инверторларды ажыратудың қағидаттық схемалары мен типтері; есептеу кестелерін, логарифмдік сызғыштарды пайдалану ережелері; сыналатын бұйымдардағы негізгі физикалық-химиялық процестер; орындалатын жұмыс көлемінде радиотехника, электр техника және АЖЖ техника негіздері.

Жұмыс үлгілері

1. Электр үзілу агрегаттары, қарапайым құрылымды ағытпалар – бақылау, үлгілік, тұрақты сынақтар; тәжірибелік үлгілерді сынау.

2. Аппарат телеграфтық аппарат, күрделілігі орташа дыбыс жазушы аппаратура - климаттық сынақтар жүргізу.

3. Үлкен интегралдық схемалар (ҮИС) – схемалардың қызмет етуін тексеру; статикалық өлшемдерді тексеру.

4. Радиобұйымдарға арналған блоктар мен тораптар, ЖЖ-генераторлар, индуктивтілік орауыштары, конденсаторлар, трансформаторлар, осциллографтар, түрлендіргіштер, дискриминаторлар, коммутаторлар, ЖЖ-кабельдер – барлық өлшемдер бойынша сынау.

5. Жинақтағыш блок – бақылау өткізгішімен сынау; қорғаныш ақпаратының дұрыстығын сынау.

6. ПЗУ блоктары - ф-1, ф-2 қалыптастырғыш блоктарының жұмысқа қабілеттілігін, ауысуды басқару блогы және элементтер блогын сынау; шақтау және шығу белгілерінің электр өлшемдерін тексеру; стендтегі үлгілік сынақтар.

7. Бейне детекторлар – сезімталдығын тоқ бойынша өлшеу, шуыл қатынастарын өлшеу.

8. Жоғары вольтті түзеткіштер, кенотрондар - импульсті эмиссияларды өлшеу және шамдардың электр төзімділігін 40 кв дейінгі кері кернеу кезінде сынау; түзетілген кернеуді өлшеу.

9. Гидроакустикалық аппаратура, дозиметриялық аспап - сынау.

10. Феррит бөлшектер – бақылау сынақтары, үлгілік сынақтар; 103Ф типті құрылғыда тәжірибелі үлгілерді сынау.

11. АЖЖ детекторлары – түрлендіру шығынын; түзетілген тоқты; шуыл қатынастарын; қабылдағыштар шуылының жалпы коэффициентін; шақтау кедергісін өлшеу; үлгі сынақтарды ТУ көзделген әдістеме бойынша орындау.

12. ДМП диодтары – қалпына келтіру уақытын, импульстік өлшемдерді; кедергілерді өлшеу; электр әсерлерге төзімділігін тексеру; тоқ бойынша күшейтуді жоғары жиілігі бойынша тексеру; қуаты мен кернеуі бойынша өлшеу.

13. АЖЖ диодтары – үйлесімділік қуатын өлшеу.

14. Дайын бұйымдар – қабылдап-тапсыру сынақтарын жүргізу.

15. Феррит бұйымдары - қабылдап-тапсыру сынақтарын, оның ішінде жылу мен суық климаттық камераларда жүргізу.

16. Сандық-белгілік индикаторлар – жарық және электр өлшемдерін динамикалық және статикалық режимде өлшеу; сәулелендіргіштердің жарықтығын эталон үлгілермен көзбен шолып салыстыру әдісі арқылы өлшеу.

17. Вакуумдық, люминесцентті, сандық және көп зарядты индикатор - шынықтыру және сынау.

18. Конденсаторлар – жылуға төзімділігін тексеру.

19. Магнитпен басқарылатын контактілер – шынықтыру; электр өлшемдерін өлшеу; герметикалығын галий ағатын тесікті анықтағышпен тексеру; газбен толтырғышты араны генерациялау әдісімен тексеру; автоматта бөтен бөлшектердің болуын тексеру.

20. Генераторлық, коммутаторлық шамдар - өлшемдерді сынау.

21. Қабылдап-күшейткіш шамдар - өлшемдерді өлшеу; динамикалық режимде өлшеу; импульстік сынақтар.

22. Сынап, сынап-кварц шамдар – сынау және электр өлшемдерін тексеру.

23. Өте кішкентай қабылдап-күшейткіш шамдар - стенділерде шынықтыру.

24. Металл қыш және титан қыш шамдар - өлшемдерін сынау және статикалық стенділерде шынықтыру.

25. Жүгіртпе толқын шамдары - аспаптарды күрделі режимде жандандыру.

26. Ерекше сериялы металл қыш және титан қыш шамдар - қалыпты және жоғары температура жағдайында статикалық режимде ұзақ мерзім қолданылуын сынау; кезекші қыздыру режимінде сынау; динамикалық режимдегі күрделі емес сынақтар.

27. криптон доғалы сумен салқындатқышы бар, ксенон доғалы түтікшелі, дөңгелек, импульсті, стробоскопиялық дөңгелек шамдар – ұзақ мерзім қолданылуын, беріктігін, механикалық-климаттығын сынау (ұзақ әсер еткен кездегі дірілге төзімділігі, электр жүктемесі болған кезде орталықтан тебілу жылдамдығының ұзақ уақыттық әсеріне төзімділік, электр жүктемесі болған кезде соққыға төзімділік, құрыстыру және жазу сәтінде ұзақ уақыт әсер еткен кезде ылғалға төзімділік және жылуға төзімділік), электр өлшемдері мен сыртқы түрін тексеру.

28. Фара-шамдар - жарық және электр өлшемдері бойынша қараңғы бөлмеде, тапсырылатын сынақ бөлімі бойынша ТУ толық көлемінде сынау.

29. Магнит интеграл схемалар - сынау.

30. Жарық диод матрицалар – жарық және электр өлшемдерін өлшеу.

31. Микро ауыстырып қосқыштар, микротумблерлер, шам панельдері, ТВ және ТП тумблерлері – монтаждау және механикалық және климаттық факторлардың ұзақ уақыттық әсерін сынау, дірілге төзімділік, беріктілік, жылуға төзімділік, ылғалға төзімділік және бұйымды тапсырыс берушінің өкіліне тапсыру.

32. Микро жинақтар - логикалық О-дің шақтау кернеуін, логикалық 1-дің шақтау кернеуін өлшеу, логикалық 1-дің шығу кернеуін, тоқталу уақытын, тұтыну тоғын өлшеу.

33. Герметикаланған микрожинақтар - жылу мен суықтың әсеріне беріктігін сынау.

34. Интегралды гибридті микросхемалар – жылуға және аязға төзімділігін сынау; статикалық және динамикалық өлшемдерді өлшеу.

35. Микросхемалар - пластиналарды көп зондты құрылғыда тексеру; схемалардың пластинада қызмет етуін тексеру; температуралық дрейфті өлшеу; динамикалық өлшемдерді өлшеу; статикалық өлшемдерді ең шекті температураларда (-60°С -+ 130°С) өлшеу.

36. АЖЖ модулі – шығу өлшемдерін баптау және өлшеу.

37. 55 топ аспаптары – электр өлшемдерін тексере отырып, сынау; дірілге төзімділігін, ылғалға төзімділігін және термоберіктігін сынау.

38. 40, 55 топ аспаптары - динамикалық режимде сынау; импульстік сынау.

39. Ақпаратты бейнелейтін индикаторлық аспаптар – жарық өлшемдері мен түстер координаталарын өлшеу.

40. Жартылай өткізгіш аспаптар - өлшемдері бойынша сынау; жоғарғы және төменгі температура жағдайында өлшеу; арматура блогындағы ВАХ тексеру; тұрақтандыру кернеуін өлшеу; қысқа тұйықталу мен үзіктердің болмауын өлшеу; тоқтық және импульстік шынықтыру; бір, екі типті аспаптардың электр өлшемдерін қол құрылғыларында, жартылай автоматта, автоматта ең шекті температуралар жағдайында тексеру; қуатты транзисторлардың лек-лек ойықтарын өлшеу; герметикалығын масс-спектрометриялық әдіспен тексеру.

41. Түрлі қуатты электр вакуум аспаптар – барлық электр өлшемдері бойынша сынау; шынықтыру.

42. АЖЖ аспаптары (магнетрондар, клистрондар, ЛОВ, ЛБВ) - дірілге төзімділігін, ылғалға төзімділігін және термоберіктігін сынау.

43. Күрделілігі орташа АЖЖ аспаптары, импульстік тиратрондар, шуыл генераторлары, қабылдап-күшейткіш шамдар – ұзақ мерзім қолданылуын сынау.

44. ИПП типті аспаптар - диэлектр шығындары бұрышының тангенсін, электр беріктігін, салыстырмалы, ауқымды және бетіндегі кедергіні, оқшаулау кедергісін өлшеу үшін эталон бойынша баптау.

45. Электр вакуум өте кішкентай беріктігі жоғары аспаптар – қысқа тұйықталу мен үзіктердің болмауын сынау; белгіленген жиілікте дірілге төзімділігін сынау.

46. Электронды аспаптар – сипаттамаларын алу және жасау.

47. Пьезоқыш резонаторлар мен сүзгілер – механикалық және климаттық сынақтар жүргізу.

48. Радиобөлшектер – беріктігіне үлгі сынақтар.

49. Р-22 типтес разрядтауыштар - радиобелсенді ластану бойынша сынау және бақылау.

50. Өте кішкентай радио шамдар – жиілік диапазонында діріл шуылына тексеру.

51. Тұрақты және ауыспалы сым емес резисторлар – температуралық сынақтар; ТКС есептеу; электр өлшемдері бойынша тексерумен қабылдап-тапсыру сынақтары.

52. Кварц резонаторлар – мықтылығын, динамикалық кедергіні, таралу қуатын өлшеу; ТКЧ алу.

53. Есептеуіштер - сынақтар.

54. Интегралдық схемалар - кристалдағы вольт-амперлік сипаттамаларды өлшеу; кристалдардың қызмет етуін тексеру; беріктігіне сынақ жүргізу; өлшемдерінің ТУ сәйкестілігін сынау.

55. Қатты схемалар - вольт-амперлік сипаттамалары бойынша ажыратымдарды тексеру; схемаларды термокомпрессиядан кейін тексеру және жарамсыздарын анықтау.

56. Барлық типтегі ТВС - МЕМСТ пен ТУ талаптары ауқымында тұрақты сынақтарды жүргізу.

57. Термисторлар – сезімталдығын өлшеу.

58. Тиратрондар – сынау.

59. Транзисторлар, транзисторлық матрицалар - термоток шынықтыруын жүргізу; АЖЖ өлшемдерін өлшеу; энергетикалық өлшемдерді айқындау.

60. Триодтар – барлық өлшемдерді өлшеу және сынау.

61. Электр нөлдік түтіктер – электр өлшемдері бойынша сынау.

62. Рентген түтіктері - электр және рентген оптикалық өлшемдерді тексеру; шынықтыру; сәулелендіру спектрінің қосымша желілермен салыстырмалы ластануын тексеру.

63. Діріл және соққы құрылғылары - ТУ бойынша тапсырылған режимдерді белгілеу; сынау және шынықтыру.

64. Баспа құрылғылары - діріл стенділерінде сынау.

65. Кварц сүзгілер – электр өлшемдерін тексеру; орташа жиілікті, өткізу жолағының енін, амплитудалық-жиілік сипаттамаларының әркелкілігін өлшеу.

66. Фотоэлементтер – электр және жарық өлшемдерінің өлшеу.

67. Көп каскадты фото көбейткіштер – шуылды, фото тоқтардың әр мүйізшесі бойынша сезімталдығын өлшеу; климаттық сынау.


§ 24. БӨЛШЕКТЕР МЕН АСПАПТАРДЫ СЫНАУШЫ

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Бақылау, кешенді және үлгілік сынақтар, сыныптау, аспаптардың барлық типтерінің электр өлшемдерін сынау жабдығында тексеру. Бұйымдарды электр өлшемдері бойынша статикалық және динамикалық режимде баптау. ЭВП аспаптары мен АЖЖ модульдік көздерін осциллограф, толқын өлшеуіштерді, дыбыстық генераторларды және т.б. пайдалана отырып, механикалық және климаттық әсерге күрделі сынау. Күрделі аспаптарды қабылдаудың ерекше шарттарымен бақылау сынау. Ең жақсы өлшемдерді қамтамасыз ететін сынау режимін және аспаптың ең тиімді жұмыс режимді таңдау. Лабораториялық және әмбебап схемаларда сынау, схемаларды қайта құру, режимдерді реттеу. Бақылау-өлшеу аппаратурасын сынау құрылғыларында сынау, ақаулықтарды табу және оларды жою шараларын қабылдау. Формулалар, кестелер, таблицалар бойынша өлшеу және есеп жүргізу.

Білуге тиіс: кинематика, электр схемалары және құрылғылардың, стенділердің, схемалардың, аспаптардың және бақылау-өлшеу аппаратурасының түрлі модельдерінің дәлдігін тексеру тәсілдері; сынақ жүргізу үшін оларды баптау ережесі; схемалардың жоғары вольтті және жоғары жиілікті бөліктерін дайындау ережесі; толқын өлшеуіш пен осциллографпен жұмыс істеу ережесі; қабылдау шарттары ерекше аспаптарға арналған ТУ; бұйымдардың ең жақсы өлшемдерін алу үшін сынау режимін таңдау ережесі; ЧТУ, ОТУ және қалыпты ауқымда сыналатын бұйымдардың өлшемдерін өлшеу әдістемесі; окселярометр, датчиктер мен осциллографтардың көмегімен жылдамдықты өлшеу әдістері; сыналатын бұйымдарды жасауды технологиялық процессі; сынау құрылғылары мен өлшеу аппаратурасы ақаулықтарының түрлері; жүргізілетін сынақтар ауқымында радиоэлектроника негіздері мен заңдары.

Жұмыс үлгілері

1. Электр ажыратушы агрегаттар – бақылау, үлгі және тәжірибелік сынау.

2. Телеграф аппараттары – құрылымдық элементтер мен тораптардың резонансын анықтау үшін сынау.

3. ҮИС – жарамсыздықтың негізгі түрлерін талдай отырып, электр өлшемдерін өлшеу.

4. Қоректендіргіш блоктар, түрлі дыбыс жазғыш аппаратура - әр түрлі климаттық жағдайларда оқшаулау беріктігін сынау.

5. Электр механикалық аппаратура блоктары - механикалық факторлардың әсер етуін сынаудың толық кешенін орындау.

6. Радиоаппаратура блоктары, радио бұйымдардың антенналық тәжірибелік үлгілері - сынау.

7. Діріл, пьезоэлектр түрлендіргіштер - амплитудалық-бөлшектік сипаттамаларды сынау және жазу.

8. Металл шыны АЖЖ генераторы - динамикалық және импульсті режимде сынау.

9.Феррит бөлшектер – климаттық әсер ету кезінде автоматтың генераторлық бөлігін пайдалана отырып, импульстік өлшемдерді өлшеу; "тізе тоғын" айқындау; бұзылған және бұзылмаған нөл сигналының амплитудасын өлшеу; магнит механикалық байланыс коэффициентін, серпінді толқынның таралу жылдамдығын өлшеу; механикалық мықтылығын айқындау; резонанс жиіліктің температуралық коэффициентін өлшеу; бастапқы индуктивтіліктің температуралық коэффициентін айқындау; бақылау және үлгі сынақтар; тәжірибелі үлгілерді сынау.

10. Әр түрлі нұсқада орындалған "Габарит" типтес бұйымдар – МЕМСТ және ТУ-да, беріктігін, ұзақ мерзім қолданылуын, нормаларда көзделген көлемде, далада және қоймада сақтаған жағдайларда сақталуын сынау; әр түрлі сынақтардың қорытындыларын ресімдеу және өлшемдерді таратудың интегралды қисының жасау.

11. Сандық-белгілік индикаторлар – кристалдың жарық және электр өлшемдерін "Фотон-12" типті құрылғыда динамикалық режимде өлшеу.

12. "Пик" типті бұйым - сынау.

13. Жарық көзі - спектральді сәулеленуді өлшеу.

14. Кинескоптар – сынақ жүргізу; түстілігі мен жарықтылығын өлшеу; арнайы өлшемдерін (әлеуеттердің контактілік әртүрлілігі, аралық қабат кедергісі, қыздыруды тоқтатқан кезде құлау уақыты, газдану коэффициенті, нысана блогының электронды бейнесі, катодтар және т.б.) өлшеу; электр өлшемдерін өлшеу.

15. Жоғары вольтті проекциялық кинескоптар, түрлі түсті кинескоптар, регенерациядан (қалпына келтіргеннен) кейінгі скиатрондар мен кинескоптар - сынау.

16. Барлық түрлі конденсаторлар – үлгі сынақтар.

17. Магнитпен басқарылатын контактілер – мерзімді, үлгі және конструкциялық сынау.

18. Газ разрядтауыш шамдар – түсті өлшеу.

19. Магнит қыш шамдар – динамикалық өлшемдердің күрделі өлшемдері; ұзақ мерзім қолданылуын сынау.

20. Импульсті магнит қыш шамдар – күшейту режимінде ұзақ мерзім қолданылуын сынау

21. Қабылдап-күшейткіш шамдар - тәжірибелік және жарамсыз шамдарды талдау және сынау.

22. Интегралды микросхемалар - ТУ толық көлемінде сынақ жүргізу.

23. АЖЖ модульдері - өлшемдерді өлшеу; ұзақ мерзім қолданылуын динамикалық сынау; дірілге төзімділігін және термоберіктігін сынау.

24. Потенциалоскоп - сынау.

25. Электрондық оптикалық түрлендіргіштер - сынау; өлшемдерді өлшеу.

26. Дара аспаптар және олардың блоктары – сынау.

27. АЖЖ аспаптары (магнетрондар, скиатрондар, ЛБВ, ЛОВ) - ұзақ мерзім қолданылуын динамикалық (импульстік) режимде, жылу режимінде, суық және қоректендіргіш кернеуді циклді қосу режимдерінде сынау.

28. Ерекше сериялы беріктігі жоғары АЖЖ аспаптары – ТУ-дың толық көлемінде сынау.

29. СКМ типті шыны қыш аспаптары және АЖЖ модульді конденсаторлар – үлгілік сынау.

30. Күрделі титан қыш аспаптар - АЖЖ импульсті режимінде шынықтыру және сынау.

31. МП-101 типті аспаптар – аспап түрлерінің бірін бақылау сынағы.

32. 40, 55 типті аспаптар - ТУ толық көлемінде сынақ жүргізу.

33. Ерекше сериялы беріктігі жоғары электр вакуум, жартылай өткізгіш және газ разрядтағыш аспаптар және тропикалық орындалған аспаптар - ТУ-дың толық көлемінде сынау.

34. Сәулелі энергияны қабылдағыштар - сынау процессі кезінде спектральді сезімталдықты өлшеу; сынау процессі кезінде жарық сезгіштігін өлшеу.

35. Металл қыш түрінде ресімделген басқарылмайтын қорғаныш разрядтауыштар - өлшемдерін өлшеу.

36. Электр қосылыстарының ағытпасы – контактілі кедергінің динамикалық тұрақсыздығын өлшеу.

37. Кварц резонаторлар, кварц сүзгілер, электр механикалық сүзгілер – барлық электр өлшемдерін өлшей отырып, конструктивтік, конструкторлық, үлгі және бақылау сынақтары.

38. Жұқа пленкалы резисторлар – гибрид микросхемаларды сынау кезінде сынау және функционалдық жетілдіру.

39. Барлық типті ақ-қара бейнені сөндіруші жүйелер, барлық типті ТВС (ақ-қара және түрлі—түсті бейнелі) – беріктігі мен ұзақ мерзім қолданылуын өлшей отырып, тұрақты түрде сынау; электр өлшемдерін математикалық есептеу.

40. Барлық типті интегралды жүйелер - статикалық өлшемдерді, динамикалық өлшемдерді температураның шекті мәндерінде тексеру; интеграциялық жоғары дәрежелі жүйелердің статикалық және динамикалық өлшемдерін өлшеу.

41. Магнит интеграл жүйелер – жұмысқа қабілеттілігі саласындағы сипаттамасын алу.

42. Импульстік тиратрондар мен түзеткіштер – жұмыс режимін таңдай отырып және кесте бойынша есептеп, өлшемдері бойынша сынау.

43. Электр статикалық сөндіргіштер бар арнайы көп сәулелі түтіктер - жазу жылдамдығының геометриялық ауытқуларын өлшей отырып сынау.

44. Анодты шығара отырып өнеркәсіптік рентген сәулесін түсіруге арналған рентген түтікшелері мен панорамдық түтіктер – сынау процессі кезінде катодтарды орталықтандыру.

45. Электрондық-сәулелі түтіктер – электр өлшемдері бойынша сынау.

46. Көп каскадты фото көбейткіштер – шуылды, фото тоқтардың шекті сезімталдығын өлшеу – климаттық сынау.

47. Феррит бұйымдарындағы, пленкалардағы жады элементтері - матрицалардың ОХИ, климаттық және механикалық әсерлер кезінде орамалардың оқшаулауыштарының кедергісі мен төзімділігін айқындау.

48. Электронды аспаптар - арнайы өлшемдерді өлшеу (катодтың аралық қабатының кедергісі әлеуетінің контактілік әртүрлілігі және т.б.); импульстік қуатын өлшеу; динамикалық режимде шынықтыру; электр өлшемдерін импульстік режимде өлшеу; пайдалы қуатын өлшеу автогенерация режимінде өлшеу; ИТ, 6С21Д динамикалық сынау; ЧТУ сәйкес сынау.


жүктеу 6,99 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау