Министерство труда и социальной защиты населения республики казахстан


§ 39. ИНЪЕКЦИЯЛЫҚ ИНЕЛЕРДІ ҚҰРАСТЫРУШЫ



жүктеу 0,87 Mb.
бет3/6
Дата18.12.2017
өлшемі0,87 Mb.
#4465
1   2   3   4   5   6
§ 39. ИНЪЕКЦИЯЛЫҚ ИНЕЛЕРДІ ҚҰРАСТЫРУШЫ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Канюляларды және диаметрі 0,6-дан 0,2 мм жоғары ине түтіктерін қолмен құрастыру. Ине түтіктерін канюляға жартылай автоматтарда тығыздау. Арнайы станокта конустық калибрдің көмегімен канюляның конустық тесігін ұңғылаумен оны шприц ұшының сыртқы конусына келтіріп калибрлеу. Мандрендер дайындауға көміртекті, жез және тотықпайтын сымдарды түзете отырып, автоматта кесу. Мандрендерде арнайы инелер үшін қолмен шығыршықтар бүру. Әртүрлі ассортименті канюлялардың конустық тесіктерін калибрлеу кезінде таңдалған басу күшіне сәйкес калибрлеу станогын жөндеу. Мандрен сапасын, калибрлеудің дәлдігін және тығыздаудың дұрыстығын тексеру. Сымды кесуге арналған автоматты реттеу және ұсақ жөндеу.

Білуге тиіс: канюляға ине түтіктерін құрастыру және тығыздау, сымды кесуге арналған автоматты жөндеу және реттеу тәсілдерін, мандрендер үшін қолданылатын сымдардың маркаларын және өлшемдерін; сымдарды кесуге беру әдістерін; қолданылатын жабдықтардың құрылғысы мен жұмыс принципін; бақылау-өлшеу құралдарының міндетін; канюляның тесігін калибр-ұңғылағышпен өңдеу кезінде басудың қажетті күшін таңдау ережесін; диаметрі әртүрлі ине түтігін канюляға тығыздау кезінде баспақтың жұмыс режимін және тығыздауға арналған жұмыс нұсқаулығын; мандрендерде арнайы инелер үшін шығыршықтар бүру және олардың міндетін.


§ 40. ИНЪЕКЦИЯЛЫҚ ИНЕЛЕРДІ ҚҰРАСТЫРУШЫ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Диаметрі 0,6 мм дейін ине түтігі бар канюяляны қолмен құрастыру. Арнайы аспапта тығыздаудың беріктігін және өлшеу құралдарымен инелердің өлшемдік параметрлерін тексеру. Берілген жұмыс режиміне сәйкес жабдықтарды жөндеу және реттеу.

Білуге тиіс: ине түтігі бар канюляны құрастыру ережесін; диаметрі әртүрлі ине түтіктерін тығыздау ережесін; пайдаланылатын жабдықты жөндеу және реттеу әдістерін; арнайы аспапта тығыздау беріктігін тексеру әдістерін.


§ 41. Көзілдіріктер құрастырушы

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қарапайым пішінді оправаларға жаппай өндірілетін көзілдіріктер құрастыру. Линзалардың тазалығын тексеру, оправаларды қыздыру, оларға линзалар салу және көзілдіріктерді пішіні бойынша түзету.

Білуге тиіс: линзалар тазалығын тексеру ережесін; көзілдіріктерді құрастыру кезінде қолданылатын құралдар мен аспаптарды пайдалану ережесін; көзілдіріктерді құрастыру кезінде қойылатын техникалық талаптар. Жұмыс үлгілері

1. Қарапайым үлгідегі пластмассалы көзілдірік оправалары және шағын рефракциялы (± 4Д дейін) стигматикалық көзілдірік линзалары – көздің көруін қарапайым түзету үшін көзілдіріктерді құрастыру.

2. Медициналық жиынтыққа арналған стигматикалық көзілдірік линзалары – оптикалық және геометриялық орталықтарды біріктіріп құрсауға тығыздау.


§ 42. КӨЗІЛДІРІКТЕР ҚҰРАСТЫРУШЫ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Әртүрлі оправаларға стигматикалық линзаларды орнатумен көрудің бірыңғай өткірлігін түзету үшін көзілдіріктерді құрастыру. Көзілдірік линзаларының рефракциясын тексеру. Көзілдірік оправаларының өлшемі мен пішініне сәйкес сфералық көзілдірік линзаларын кесу, фацеттеу және тесігін бұрғылау. Жеке рецепт бойынша құрастыру кезінде науқастың бет әлпетінің анатомиялық ерекшеліктеріне сәйкес көзілдіріктерді түзеу.

Білуге тиіс: линзалар рефракцияларын тексеру тәсілдерін; көзілдіріктерді құрастыру кезінде қолданылатын диоптриметр және басқа да аспаптармен жұмыс істеу тәсілдерін; көзілдірікті құрастыруға қойылатын талаптар; көздің көруін қарапайым түзету үшін рецепт жазбаларын оқу ережесін.

Жұмыс үлгілері

Медициналық жиынтықтарға арналған астигматикалық көзілдірік линзалары – аспапта ось бойынша бағдарланған құрсауларда тығыздау.


§ 43. КӨЗІЛДІРІКТЕР ҚҰРАСТЫРУШЫ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жеке тапсырыстар бойынша көзілдіріктерді құрастыру және жөндеу. Рецепт жазбаларымен танысу және тиісті жазбамен рефракциясы бар линзаларды іріктеу. Диоптриметрмен линзалардың рефракциясын тексеру. Линзаларды өлшеу және оларды пішін бойынша кесу, фацеттеу және тесікті бұрғылау. Рецепт жазбасында көзделген барлық параметрлерді сақтап, көзілдіріктерді монтаждау. Көзілдіріктердің жазба рецепттеріне және мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкестігін тексеру. Көзілдірік оправаларын жөндеу.

Білуге тиіс: әртүрлі оптикалық шынылар туралы негізгі мәліметтерді және көз рефракциясының ауытқушылық дәрежелерін; көздің көруін түзету әдістерін; рецепт жазбаларын оқу ережесін әрі диоптриметрмен және орталықтандыру аппаратымен жұмыс істеу тәсілдерін; жеке тапсырыстар бойынша көзілдіріктер құрастыруға қойылатын талаптарды; көзілдірік оправаларын жөндеу әдістерін; мемлекеттік стандартармен және техникалық шарттармен бекітілген көзілдірік линзалары мен оправаларының техникалық сипаттамасын.

Жұмыс үлгілері

1. Көзілдірік оправалары, астигматикалық линзалар – көру өткірлігі едәуір төмендеген және әр көздің рефракциясы әртүрлі дәрежеде ауытқушылық кезінде түзету үшін рецепт жазбасына сәйкес жеке тапсырыстар бойынша көзілдіріктерді құрастыру.

2. Көзілдірік оправалары – жөндеу.
§ 44. ХИРУРГИЯЛЫҚ ҚҰРАЛДАР МЕН АППАРАТТАРДЫ ҚҰРАСТЫРУШЫ

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Офтальмологиялық, отоларингологиялық операциялар мен жалпы хирургиялық операцияларға арналған қарапайым және күрделілігі орташа хирургиялық құралдар мен аппараттарды құрастырушы. Термиялық өңделген тоттанбайтын болаттан жасалған бөлшектерді алдын ала және соңғы слесарлық жетілдіру. Прецизиондық микроскоптың көмегімен бөлшектерді жетілдірудің, арнаулы микрометрлердің, Йогансон тақталарын және басқа да арнайы аспаптар мен құралдардың дәлдігін бақылау. Техникалық шарттардың талаптарына сәйкес олардың функционалдық қасиеттерін тексеру нәтижесі бойынша құралдар мен аспаптарды құрастыру дұрыстығын айқындау. Табылған ақауларды жою.

Білуге тиіс: күрделі хирургиялық құралдар мен аппараттардың міндетін және конструкциясын; өңделетін металдардың негізгі қасиеттері мен таңбалауды бөлшектерді алдын ала және соңғы өңдеу әрі күрделі хирургиялық құралдар мен аппараттарды құрастырудың технологиясын; өлшеу әдістерін; әртүрлі жұмыс және бақылау-өлшеу құралдарының, аспаптардың, жабдықтардың міндетін және қолдану шарттарын; термоөңдеу кезінде металда пайда болатын деформация мен ішкі кернеуді алдын алу және жоюды; жетілдіру және құрастыру кезіндегі ақау себептерін, оны жою және алдын алу бойынша шараларды; шектеу және орнықтыру жүйесін.

Жұмыс үлгілері

Хирургиялық құралдарды құрастыру, қиыстырып келтіру және жетілдіру

1. Қашаулар, ине ұстағыштар, көз ішіндегі қан қысымын белгілеуге арналған индикаторлар, қасықтар, пинцеттер, көздің нұрлы қабығына арналған қайшылар, кеңейткіштер.

2. Кеңірдекке түтік қоюға арналған жиынтықтар, аденотомалар, тістері бар бұрама кеңейткіштер.

3. Жүректің тарылған жерлерін кеңейткіштер және т.б.


§ 45. ХИРУРГИЯЛЫҚ ҚҰРАЛДАР МЕН АППАРАТТАРДЫ ҚҰРАСТЫРУШЫ

6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Офтальмологиялық, отоларингологиялық операциялар мен жалпы хирургиялық операцияларға арналған күрделі хирургиялық құралдар мен аппараттарды құрастыру. Техникалық шарттардың талаптарына сәйкес сынақтар нәтижесі бойынша құрастырудың дұрыстығын: құрал мен аппараттың функционалдық қасиетін, барлық қозғалатын бөліктің жылжу жеңілдігі мен бір қалыптығын, барлық алынатын бөліктің беріктігін тексеру және медициналық ұйымның шарттарында талап етілетін қандай да бір құралды пайдаланусыз жеңіл әрі қолмен аппараттарды құрастыру және бөлшектеу.

Білуге тиіс: ерекше күрделі хирургиялық құралдар мен аппараттардың міндетін және конструкциясын; жетілдіру және құрастыру кезінде табылған ақауларды түзету; өңделетін металдардың негізгі қасиеттерін және таңбалануын; ерекше күрделі хирургиялық құралдар мен аппараттарды слесарлық өңдеу технологиясын; күрделі бөлшектерді белгілеу әдістерін; түрлі-түрлі бақылау-өлшеу аспаптар мен жабдықтарды қолданудың міндетін және шарттарын; металдардың механикалық және термиялық өңдеудің әртүрлі түріне қойылатын талаптарын; шектеу және орнықтыру жүйесін.

Жұмыс үлгілері

Хирургиялық құралдар мен аппараттарды құрастыру, қиыстырып келтіру және жетілдіру

1. Қан жүретін тамырларды, тұқылдарды, асқазанды, өкпені, жүйке діңдерін, қабырғаларды тігуге, эпиневралдық тігістерді тануға арналған және т.б. аппараттар.

2. Вальвуолотомдар, тістегіштер, қырнағыштар, конхотомалар, көмей пышақтары, офтальмологиялық пинцеттер, тонзилотомалар, цистотомалар, құлақ қысқыштары және т.б.
§ 46. ТҰТАСТАЙ МЕТАЛДАН ЖАСАЛҒАН РАСТРЛАРДЫ ҚҰРАСТЫРУШЫ

1-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жоғары білікті құрастырушының басшылығымен растрларды құрастыру бойынша қарапайым дайындық жұмыстарын орындау. Дайындама жақтарының перпендикулярлығын қамтамасыз ете отырып, растрлар блоктарының дайындамаларына алюминді орамдық таспаларды арнайы рычагты қайшылармен кесу, алюминді дайындамаларды үйкелеу және алдын ала майсыздандыру.

Білуге тиіс: негізгі материалдарға және растр блоктарының дайындамаларына қойылатын техникалық талаптар, арнайы рычагты қайшылармен жұмыс істеу тәсілдерін, жабдықтарды қолдану ережесін және қолданылатын кесу құралдарының міндетін.


§ 47. ТҰТАСТАЙ МЕТАЛДАН ЖАСАЛҒАН РАСТРЛАРДЫ ҚҰРАСТЫРУШЫ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Растр блоктарын құрастыру бойынша қарапайым дайындық жұмыстарын орындау. 0,005 мм дәлдікте қорғасын фольгасының қалыңдығын тексеру, оны тегістеу және үлгілер бойынша дайындамаларға кесу. Берілген температуралық режимді қамтамасыз етумен арнайы қысқыш аспаптарда алюминий дайындамаларды түзету. Алюминий және қорғасын дайындамаларды соңғы рет майсыздандыру, оларды желімдеп жапсыру, желімнің полимеризациялануының температуралық режимін сақтап, кептіргіш шкафта кептіру. Жапсырылған дайындамаларды арнайы қайшыларда кесу, қабыршақтарды алып тастау және түзету. Эпоксидті шайыр негізінде желім құрылымын дайындау және оны растр блоктарына құю.

Білуге тиіс: растрдың міндетін, дайындамаларға және растрға қойылатын техникалық талаптар; арнайы рычагты қашылармен жұмыс істеу тәсілдерін, кептіргіш шкафтарды және растрларды құрастырған кезде қолданылатын арнайы құралдар мен аспаптарды қолдану ережесін; растр блоктарының дайындамаларын желімдеп жапсырудың технологиялық процесін және температуралық режимді.

Жұмыс үлгілері

1. 438 х 102 х 0,3 мм өлшемді алюминий дайындамалары, 438 х 102 х 0,03 мм өлшемді қорғасын дайындамалары – кептіргіш шкафта желімнің толық полимеризацияланғанына дейін 150 градус температурада ұстап, желімдеп жапсыру.

2. Жапсырылған дайындамалар - ± 0,1 мм дейінгі дәлдікпен 50 х 438 х 0,33 мм өлшемге кесу.

3. Эпоксидті желім құрылымы – дайындау және растр блогының бүйір жағының арнайы құрылғыларында құю.


§ 48. ТҰТАСТАЙ МЕТАЛДАН ЖАСАЛҒАН РАСТРЛАРДЫ ҚҰРАСТЫРУШЫ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Растр блоктарын құрастыру бойынша орташа күрделі және күрделі дайындық жұмыстарын орындау. Арнайы құрылғыларда дайындама кесіктерін кесу, дайындамаларға жағылатын қалыңдық бойынша 0,005 мм дейінгі дәлдікпен арнайы құрылғының көмегімен дайындамаларға нитробояуларды қалыңдатып жағу. Блоктың жиынтығы үшін эпоксидты шайыр негізінде гомогенді желімді құрылым дайындау және оны дайындамаларға жағуға арналған арнайы құрылғыларды құрастыру. Дайындамаларды құрылғылар арқылы тарту қарқынының есебінен қабат қалыңдығын реттей отырып, дайындамаға эпоксидты желімді жағу.

Білуге тиіс: растрдың міндетін, дайындамаларға, блоктарға, растрға және желімді құрылымға қойылатын техникалық талаптар; дайындамалардан жасалған блоктар жиынтығына арналған арнайы станок жұмысының принципі; дайындама кесектерін кесуге арналған арнайы құрылғыларды жөндеу әдістерін және олармен жұмыс істеу, дайындамалардың бетіне желім жағу тәсілдерін; эпоксидты шайырдың негізінде желімді құрылымды дайындау технологиясын; блокты құрастыру кезінде пайдаланылатын құрылғыларды эпоксидті желім қалдықтарынан тазарту.

Жұмыс үлгілері

1. Растр блоктарын құрастыруға арналған дайындамалар – әр жағынан 8 градус бұрышта 434 + 0,05 мм өлшемді дайындама кесектерін кесу.

2. Эпоксидті шайыр негізіндегі эпоксидті желімді құрылым – сүзгіден өткізу, компоненттерді мөлшерлеу, гомогенді массаны алғанға дейін араластыру.
§ 49. ТҰТАСТАЙ МЕТАЛДАН ЖАСАЛҒАН РАСТРЛАРДЫ ҚҰРАСТЫРУШЫ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Берілген режим бойынша арнаулы станокта дайындамалардан жасалған растр блоктарын құрастыру. Құрастырылған блокты эпоксидті желімді құрылым құюға дайындау. Дюралды тыстарды дайындау және онымен блокты және растрларды жабыстыру. Алюминий мен қорғасын жабыстырылған блоктарды арнайы станоктарда аралау. Арнайы өлшейтін құралдармен және аспаптармен араларды орнату қашықтығын және параллелдігін, оларды тарту күшін және үстелдің базалық бетіне перпендикулярлығын тексере отырып, блок және жиынтық станогында арнайы араларды бекіту. Араладың жұмысын байқау және блокты аралау процесінде оларды жетілдіру: жырашықтардың бітелуін болдырмау үшін алдына шығып кеткен тістерді аралау, қайрауларды, тістерді, тартқыштарды және т.б. түзету. Аралаудың дәлдігін арнайы өлшеу құралдарымен тексеру. Амперметрдің және басқа да тіркеуші аспаптардың көрсеткіші бойынша жұмыс күшінің шамасын және аралау процесінің қалған режимдік параметрлерін бақылау. Станокты майлау жүйесіне қызмет көрсету.

Білуге тиіс: растр блоктарын құрастыруға арналған станоктың құрылғысын және кинематикалық тәсімін; дайындамаларға, блоктарға, растрлар мен араларға қойылатын техникалық талаптар; станокқа блоктар мен араларды орнату әдістерін; станок жұмысындағы бұзушылықтарды жою әдістерін, оны жұмысқа дайындау және блокты жинағаннан кейін эпоксидті желім қалдықтарынан тазалау; эпоксидты желімді құрылыммен жұмыс істеу ережесін және блокты құюға дайындау әдістерін; аралаудың дұрыстығын бақылау әдістерін; кесетін және бақылап өлшейтін құралдар мен аспаптардың құрылғысын және қолдану ережесін; араларды қайрау мен тартудың әдістерін; станоктың жұмысы істеу процесінде араларды жетілдіру тәсілдерін.


§ 50. ШПРИЦТЕРДІ ҚҰРАСТЫРУШЫ

1-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Медициналық шприцтер бөлшектерін құрастыру алдында сүрту, іріктеу, жинақтау: цилиндрге поршендерді қою, оларды тасымалдау ыдыстарын тиеу және қосымша өңдеуге беру.

Білуге тиіс: шприц бөлшектерін тағайындауды; шприц бөлшектерін жинақтау әдістерін; цилиндр мен поршеньдерді сүрту тәсілдеріне және шприц бөлшектерін жинақтауға қойылатын талаптарды.


§ 51. ШПРИЦТЕРДІ ҚҰРАСТЫРУШЫ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Сыйымдылығы әртүрлі және жаппай шығарылатын медициналық шприцтерді құрастыру. Құрастырылған шприцтердің ақпайтындығын тексеру. Құрастыру кезінде бөлшектердің ақаулығын жою.

Білуге тиіс: құрастырудың технологиялық жүйелілігін, шприцтердің ақпайтындығын сынау әдістемесін және сынау аспаптарының құрылғысын; шприцтерде қойылатын технологиялық талаптарды.


§ 52. ШПРИЦТЕРДІ ҚҰРАСТЫРУШЫ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Арнайы мақсаттағы медициналық шприцтерді құрастыру. Үздіксіз қолданыстағы шприцтерге үштіктер құрастыру. Шприцтерден ақпайтындығын тексеру.

Білуге тиіс: арнайы және үздіксіз қолданыстағы шприцтердің міндеті; барлық түрдегі шприцтерді құрастырудың технологиялық жүйелілігін және құрастыруға қойылатын талаптар; барлық типтегі шприцтердің ақпайтындығын сынау әдістемесін; сынау үшін қолданылатын аспаптардың құрылғысын; құрастыру кезінде туындайтын ақаудың себептерін және оның алдын алу шараларын.


§ 53. ПЛАСТМАССАДАН жасалған көзілдірік оправаларын желімдеуші-бояушы

1-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Пластмассадан, целлулоидтен жасалған табақтарды этролдардан, целлулоидтен және басқа пластмассадан жасалған көзілдірік оправалары бөлшектерінің дайындамасын желімдеу және бояу. Жұмыс орнынан бөлшектерді, ацетонды, бояйтын ерітінділерді жеткізу.

Білуге тиіс: целлулоидтің, этролдардың негізгі қасиетін; бояу және желімдеу әдістерін; желімдеу және бояу үшін қолданылатын құрамдарды; целлулоидпен, этролдармен және ацетонмен жұмыс істеудің негізгі шарттарын.


§ 54. ПЛАСТМАССАДАН жасалған көзілдірік оправаларын желімдеуші-бояушы

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Пластмассадан жасалған көзілдірік оправаларын желімдеу, бояу және химиялық жылтырату, оларды және оправа бөлшектерін ацетонмен өңдеу. Ацетонның және басқа органикалық еріткіштердің негізінде берілген рецепт бойынша желімдейтін, жылтырататын және бояйтын құрамдарды дайындау. Өңдеуден кейін оправаларды кептіру. Өңделген оправаларды технологиялық ыдыстарға салу. Қолданылып болған ерітінділерді белгілі жерге төгу.

Білуге тиіс: этролдарлдан, целлулоидтен, пластмассадан жасалған көзілдірік оправаларын желімдеудің, бояудың және химиялық жылтыратудың технологиялық жүйелілігін; желімдеуге, бояуға және химиялық өңдеуге арналған құрамдардың рецептурасын, дайындау әдістерін және қасиетін; көзілдірік оправаларын желімдеу, бояу, жылтырату кезіндегі жұмыс тәсілдерін; көзілдірік оправаларына қойылатын техникалық талаптарды; ацетонмен және басқа органикалық еріткіштермен жұмыс істеудің ерекше шарттарын.


§ 55. Дәнекерді тығыздаушы

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Шприцтің металды бөлшектердің дәнекерленген жерін дәнекердің арнайы станоктарында тығыздау және тазалау. Өңдеуден кейін дәнекерлеген жерлерді тексеру. Магнитті электр жібергіштердің көмегімен станоктарды басқару.

Білуге тиіс: шприцтердің металды бөлшектеріне қойылатын талаптар; шыны цилиндрлерді қолдану ережесін; сүрту станогының конструкциясы туралы негізгі мәліметтерді және оны түзету, жөндеу әдістерін; дәнекерлерді тазалау және тығыздау тәсілдерін.


§ 56. ПРОТЕЗДІК-ОРТОПЕДИЯЛЫҚ бұйымдарды жасау және өңдеу жөніндегі қайысшы

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бұйымдар мен бөлшектердің шеттерін қолмен және қайрақша машиналарында төмен түсіру. Блокшалар астында тесіктер белгілеу және тесу, қуыс тойтармалар және оларды орнату. Машина әдісімен жалпақ былғары бөлшектерді тігу жөнінде операцияларды орындау. Сыртқы бөлшектерді бекіту. Былғары жартылай дайын өнімнің орналасуын белгілеу.

Білуге тиіс: қайрақша машиналарын, қолданылатын құрылғылар мен құралдарды пайдалану ережелерін; протездік-ортопедиялық, жартылай дайын өнімнің номенклатурасын және олардың нысаналы мақсаты; протездік-ортопедиялық бұйымдарды өңдеу үшін қолданылатын материалдардың түрлері мен қасиеттерін; бұйымның сапасына қойылатын технологиялық талаптарды.

§ 57. ПРОТЕЗДІК-ОРТОПЕДИЯЛЫҚ бұйымдарды жасау және өңдеу жөніндегі қайысшы

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Протездік-ортопедиялық бұйымдарға бекіткіштерді орнату. Қатты қабылдағыш гильзалары бар сирақ және сан протездерін, аяқ-қолдың туторларын, қабатты пластикадан жасалған корсеттерді, білезіктердің косметикалық протездерін қайыстық өңдеу. Протездік-ортопедиялық бұйымдарды жөндеу (былғары астары ауыстырылмай жүргізілетін қайыс жұмыстары).

Білуге тиіс: тігу операцияларын орындау әдістері мен тәсілдерін; қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылғысын; тігін инелер мен жіптердің нөмірлерін; қайысты өңдеудің технологиясын және протездік-ортопедиялық бұйымдардың стандартты бекіткіштерін жасау тәсілдерін.


§ 58. ПРОТЕЗДІК-ОРТОПЕДИЯЛЫҚ бұйымдарды жасау және өңдеу жөніндегі қайысшы

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Протездік-ортопедиялық бұйымдарды(тұтас аяққа арналған екі ізді шиналы-былғары аппарат пен табан протездерінен басқасын) қолмен және тігін жабдықтармен қайыстық өңдеу. Жеке протездік-ортопедиялық бұйымдарды, нымшалар мен бандаждарды дайындау. Тоқыма, қатырмалы маталардан, полимерлі материалдардан аяқ-қолдарға ортездер жасау. Стандартты және скротальді жарық бандаждарын жасау. Протездік-ортопедиялық бұйымдарды жөндеу (қайыс жұмыстары).

Білуге тиіс: протездік-ортопедиялық бұйымдардың барлық түрлерін өңдеу әдістерін; стандартты емес бекіткіштерді жасау тәсілдерін; машина және қол тігімін орындау ережесін, оған қойылатын талаптарды; протездік-ортопедиялық бұйымдарды құрастыру және бөлшектеу әдістерін.

Жұмыс үлгілері

1. Қолдардың активті протездері – қайыстық өңдеу (бекіткішті келтірусіз).

2. Стандартты және скротальді жарық бандаждары – жасау.

3. Аяқ-қолдарға арналған протездер – лекалолар дайындау және тігу.

4. Былғары қабылдағыш гильзасы бар сирақ, сан және санды мүшелегеннен кейін салынатын протездер – қайыстық өңдеу (жеке бекіткіш жасау).

5. Сирақ пен сан протездері – қалыптан тыс протездеу кезінде стандартты емес бекіткішті жасау және келтіру.


§ 59. ПРОТЕЗДІК-ОРТОПЕДИЯЛЫҚ бұйымдарды жасау және өңдеу жөніндегі қайысшы

6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қиыстырып келтіруді қосқанда протездік-ортопедиялық бұйымдардың барлық түлерін қайыстық өңдеу, қолдардың белсенді активтеріне бекіткіштерді жасау және жөндеу. Қатырмалы маталар мен полимерлі материалдардан жасалған ортездердің барлық түрін жасау. Күрделі және қалыптан тыс жағдайларда тоқыма корсеттерді дайындау, өлшеу және қиыстырып келтіру. "Адам-ортез" биотехникалық жүйені жасау тұрғысынан ортопедиялық көмек көрсету кезінде жүйелілік ыңғайды пайдалану.

Білуге тиіс: протездік-ортопедиялық бұйымдардың барлық түрлерін қайысты өңдеуге қойылатын технологиялық талаптарды; пациенттің анатомиялық ерекшеліктеріне сәйкес қолдардың активті протездеріне бекіткіштерді келтіру тәсілдерін; ішкі және сыртқы бөлшектерді пішуге қойылатын негізгі талаптарды; тоқыма корсеттерді дайындау конструкциясы мен технологиясын.

Жұмыс үлгілері

1. Қолдардың активті протездері – бекіткіштерді жасау және келтіру.

2. Тұтас аяққа арналған былғары қабылдағыш гильзасы бар екі ізді аппараттар, Петерс ауруы кезіндегі аппараттар – қайыстық өңдеу.

3. Ішкі және сыртқы былғары бөлшектер – пішу.

4. Ортездердің барлық түрі – лекалолар әзірлеу және жасау.

5. Жеке корсеттер мен бандаждар – пішу, өлшеу, тігу.

6. Санды мүшелегеннен кейінгі протездер – қайыстық өңдеу.

7. Шопар бойынша отау кезіндегі табан протездері – қайыстық өңдеу.

§ 60. МЕДИЦИНАЛЫҚ ОПТИКАЛЫҚ АСПАПТАРДЫ ЖӨНДЕУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӨНІНДЕГІ ЭЛЕКТР МЕХАНИГІ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жоғары білікті электромеханиктің басшылығымен қарапайым оптикалық және эндоскопиялық аспаптарды бөлшектеу, жөндеу, құрастыру, реттеу және тораптарын сынау. Қарапайым қосу жүйелерін монтаждау. Құрастыру алдында бөлшектерді тазалау және жуу.

Білуге тиіс: жөнделетін оптикалық тораптар мен аспаптардың құрылғысын және міндетін; құрастыру алдында бөлшектерді тазалау және жуу тәртібі; орындалатын жұмыс көлемінде электр техникасы мен механикасының негіздерін; бақылау-өлшеу аспаптарының, құралдарының міндетін және қолдану ережесін.


§ 61. МЕДИЦИНАЛЫҚ ОПТИКАЛЫҚ АСПАПТАРДЫ ЖӨНДЕУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӨНІНДЕГІ ЭЛЕКТР МЕХАНИГІ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қарапайым оптикалық және эндоскопиялық аспаптарды монтаждау, жөндеу, реттеу, түзету және техникалық қызмет көрсету. Орташа күрделі электрлік жүйелерді оқу, құрастыру және монтаждау. Оптикалық жүйелерді орталықтау. Бақылау-түзету аспаптары мен құрылғыларын қолданып, параллаксты және басқа да ақауларды жою.

Білуге тиіс: жөнделетін және түзетілетін аспаптардың құрылғысын, міндетін, жекелеген аспаптарды сынауға және тапсыруға техникалық шарттарды; телескопиялық объектілерді орталықтауды және оларды көрсету сапасына мұқият тексеруді; бақылау-өлшеу құралдары мен бақылау-түзету аспаптарының құрылғысын; оптикалық шынылардың қасиеті туралы негізгі мәліметтерді; ток өткізгіш және оқшаулағыш материалдардың электрлік қасиеттерін; шектеу және орнықтыру туралы негізгі мәліметтерді.

Жұмыс үлгілері

Монтаждау, жөндеу, техникалық қызмет көрсету, реттеу және түзету.

1. Диплоскоптар.

2. Саңылау лампалары.

3. Офтальмоскоптар.

4. Склеролампалар.
§ 62. МЕДИЦИНАЛЫҚ ОПТИКАЛЫҚ АСПАПТАРДЫ ЖӨНДЕУ

ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӨНІНДЕГІ ЭЛЕКТР МЕХАНИГІ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жұмыс орындар мен медициналық мекемелерде орташа күрделі оптикалық және эндоскопиялық аспаптарды монтаждау, жөндеу, реттеу, сынау, түзету және техникалық қызмет көрсету. Тісті және иіртпе механизмдерді келтіру. Күрделі электрлік жүйелерді оқу, құру және монтаждау. Ақау аспаптардың ведомстволарын құрастыру және аспаптарға арналған паспорттар мен аттестаттарды толтыру. Аспаптарды тексеру және сынау кезінде болған қателіктерді анықтау.

Білуге тиіс: техникалық қызмет көрсетудің құрылғысын, ережесін және жөнделетін және түзетілетін оптикалық және эндоскопиялық аспаптарды реттеу әдістерін; талшықты оптика туралы жалпы түсінік; бақылау-өлшеу және бақылау-түзету аспаптарын қолдану ережесін; аспаптарды градуирлеу әдістерін және оларды сынау кезінде сипаттамаларды түсіру ережесін; кедергіні есептеу ережесін; шектеу және орнықтыру жүйесін; орындалатын жұмыс көлеміндегі механика мен электроника негіздерін.

Жұмыс үлгілері



Монтаждау, техникалық қызмет көрсету, жөндеу, реттеу және түзету

1. Диоптриметрлер.

2. Конвергестренерлер.

3. Оқулық микроскоптар.

4. Мускулотренерлер.

5. Офтальмометрлер.

6. Шағын поляриметрлер.

7. Рефрактометрлер.



жүктеу 0,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау