Министерство образования и науки республики казахстан



жүктеу 0,58 Mb.
бет1/2
Дата10.12.2017
өлшемі0,58 Mb.
#3649
  1   2


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Биология және химия кафедрасы











Г.Ж. Сұлтанғазина, Г.А. Абилева

5В060700-БИОЛОГИЯ МАМАНДЫҒЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН КУРСТЫҚ ЖӘНЕ ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР



Қостанай, 2013

ББК 28.0


С 89
Рецензенттер:

Ш. Жемпиисовауыл шаруашылық ғылымының кандидаты, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ агрономия кафедрасының доценті

Б. Дюсебаев – ауыл шаруашылық ғылымының кандидаты, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ агрономия кафедрасының доценті
Авторлар:

Г. Сұлтанғазина биология ғылымының кандидаты, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ биология және химия кафедрасының доценті

Г. Абилева – А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ биология және химия кафедрасының оқытушысы


С 89 Сұлтанғазина Г.Ж.


5В060700-Биология мамандығының студенттеріне арналған курстық және дипломдық жұмыстарының орындалуы бойынша әдістемелік нұсқаулар – Қостанай: А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2013 – 34б. 062.1.075-2013 ҚМУ ӘН «Курстық және дипломдық жұмыстардың орындалуына, рәсімдеуіне және қорғауға қойылатын талаптар» әдістемелік нұсқаулық негізінде құрастырған.


Әдістемелік нұсқауларында жұмыстың мазмұны және құрылымы, жұмысты рәсімдеу ережелері, «Антиплагиат» жүйесі негізінде жазбаша жұмыстардың өздігінен орындалуын қамсыздандыру тәртібі, қорғау тәртібі, қосымшалар берілген.

5В060700-Биология мамандығының студенттеріне арналған.

ББК 28.0

Аграрлы-биологиялық факультетінің Әдістемелік кеңесімен бекітілген,

____ _______2013 ж., № ____ хаттамасы

Мазмұны




1 Жалпы ережелер…….……………………………………………………...

4

2 Жұмыстың мазмұны және құрылымы ……………………………………

7

3 Жұмыстарды (жобаларды) рәсімдеу ережелері…………………………....

11

4 Курстық жұмысты (жобаны) қорғау тәртібі ……………………………....

5 «Антиплагиат» жүйесі негізінде жазбаша жұмыстардың өздігінен орындалуын қамсыздандыру тәртібі …………………………………….



15
16

6 Мемлекеттік аттестациялық комиссиясының жұмысының ұйымдастыруы.....................................................................................................

18


7 Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау тәртібі.......................................

19

8 Курстық және дипломдық жұмыстардың тақырыптарының үлгі тізімі …

22

Қосымшалар …………………………………………………………………….

24








1 Жалпы ережелер
1.1 Курстық және диплодық жұмыстар (жобалар) оқу үрдісінің маңызды түрі және пән бағдарламасы немесе мамандықтың бағдары бойынша жетекшісімен ұсынған немесе өз еркімен таңдап алған тақырыптардың біреуіне университет студенттерінің ғылыми зерттеуі болып табылады.

Диплодық жұмыс (жоба) ЖМББС-на және мамандықтың оқу жоспарына сай, оқудың соңғы кезеңінде орындалатын жазбаша жұмыс болып табылады.

1.2 Курстық және диплодық жұмыстарды (жобаларды) орындалу мақсаты:

- мамандық бойынша теориялық білімдерді және тәжірибелік дағдыларды жүйелеуі, бекітілуі мен кеңейтілуі және де оларды нақты ғылыми, техникалық, экономикалық, өндірістік және мәдени мәселелерді шешуінде қолданылуы;

- өздік ғылыми жұмысты орындалу дағдыларын дамыту және қарастырылатын сұрақтар мен мәселелерді шешуіндегі ғылыми зерттеу мен эксперименттеудің қазіргі әдістемесін меңгеріп алуы;

- студенттердің қазіргі өндіріс, ғылым, техника, мәдениет жағдайында өздігінен жұмыс істеу дайындығын және олардың кәсіби құзыретін анықтау.

1.3 Курстық және дипломдық жұмыстар (жобалар) тиісті ғылым саласындағы нақты мамандықтың өзекті проблемасын өздігінен білу және зерттеу нәтижелерінің жалпылауы болып саналады.

Курстық және диплодық жұмыстары (жобалары):

- мақсатты бағытты;

- айқын құрылымды;

- материалды баяндаудың логикалық жүйелі;

- зерттеу тереңдігіне және сұрақтарды түсіндіруге толық;

- дәлелдемеге сенерлі;

- тұжырымдамалардың ықшамды мен дәлді;

- жұмыс нәтижелерінің баяндалуы нақты;

- қорытындылары дәлелді және ұсыныстары негізделген;

- рәсімдеу талаптарына сәйкес болу керек.



1.4 Диплодық жұмыс (жоба) профессорлар, доценттер, тәжірибелі оқытушылар және ғылыми қызметкерлер қатарынан тағайындалған ғылыми жетекшісінің жетекшілігімен орындалады. Жетекшілер өзге мекемелердің, кәсіпорындардың, фирмалардың жоғары білікті мамандардан мен ғылыми қызметкерлерден және шығарушы емес кафедралардың жоғары дәрежелі оқытушылардан тағайындалуы мүмкін. Дипломдық жұмысымен қосжетекшілігі жас оқытушы мен тәжірибелі оқытушымен жүргізілуі мүмкін.

1.5 Курстық және диплодық жұмыстардың (жобалардың) тақырыптамасы өзекті, ғылымның, техниканың, ауыл шаруашылықтың, мәдениеттің даму болашағы мен қазіргі жағдайына сәйкес, өз мазмұны бойынша келесі талаптарға:

- тәжірибешілдермен: құрылымдаушылармен, менеджерлермен, экономисттермен, заңгерлермен; ғалымдармен, талдаушылармен орындалған жобалық шешімдерінің, зерттеу нәтижелерінің жалпылауға;

- зерттелетін объектісі бойынша ғылыми-негізделген теориялық қорытындыларының болуына;

- нақты мәселесін шешуді қамсыздандыратын ғылыми негізделген нәтижелерінің болуына сай болу керек.

Тақырыптамасы өндірістің, білімнің, ғылымның және мәдениеттің өзекті мақсаттар мен мәселелерін ескерілетін болу керек.

1.6 Диплодық жұмыстардың (жобалардың) тақырыптамасы факультет кеңесімен бекітілетін тақырыптар тізімін құрастыратын шығарушы кафедраларымен дайындалады. Тақырыптар тізімі жыл сайын 30 %-тен кем емес қайта жаңартылады.

1.7 Студенттерге бекітілген тақырыптамасынан тақырыпты таңдау құқығы беріледі. Студент өз тақырыбын ұсынуы мүмкін. Студент бұл жағдайда кафедраға ұсынылатын тақырыптың жөнділігінің толық негіздемесін немесе өзге ұйымының тапсырыс тақырыбын орындалуына хатын ұсынады. Сырттай оқу нысанындағы студенттеріне тақырыпты өндірістік қажеттілігіне сай таңдауға рұқсат етіледі.



1.8 Диплодық жұмыстың (жобаның) тақырыбы, әдеттегідей курстық жұмыстарды (жобаларды) орындалу процессіндегі жүргізілген зерттеу тақырыбының жалғасы болып табылады. Тақырыбы аса кең болмауы керек, өйткені ондай тақырыптар үстірт және дербессіз болады, тақырып не ғұрлым тар шеңберлі болса сол ғұрлым терең және толық өңделеді. Жұмыстардың (жобалардың) тақырыптары әрбір студент үшін индивидуалды болу керек, екі студентке бір тақырыпты таңдауға жарамайды. Зерттеу объектілері тек әртүрлі болған жағдайда тақырыптың тұжырымдамасы бірдей бола алады.

1.9 Оқытушылардың жүктемесін жоспарлау үшін және жазғы өндірістік тәжірибедегі дипломдық жұмысы (жобасы) бойынша материалды жинау үшін күндізгі оқу нысанындағы студенттердің жетекшілерге бекітілуі және тақырыптың таңдалуы бітірудің алдындағы курстың соңында, ал сырттай оқу нысанындағы студенттері үшін - бітірудің алдындағы курстың соңғы оқу-емтихандық сессиясында орындалады. Шығарушы кафедралары дипломдық жұмысының потенциалды жетекшілермен (шығарушы және осы мамандығы/тақырыбы бойынша зерттеу саласында мамандар болып табылатын басқа кафедралардың оқытушылармен) кездесулерді өткізуі мүмкін. Студенттер кафедра меңгерушісінің атына өтініш жазып, оған сәйкес декан дипломдық жұмыстардың (жобалардың) жетекшілерінің және тақырыптардың студенттерге бекітілуі туралы өкімін шығарады. Күндізгі оқу нысанындағы студенттердің дипломдық жұмыстар (жобалар) тақырыптарының соңғы бекітілуі бітіру курстың басында (1 қазанға дейін), сырттай оқу нысанындағы білім алушылардың – бітіру курстың бірінші оқу-емтихандық сессиясы соңында жүзеге асырылады және ректор бұйрығымен бекітіледі. Қажетті жағдайда дипломдық жұмысының (жобаның) тақырыбы жұмыс (жоба) қорғалудың алдында 2 апта бұрын кеш емес шығарушы кафедраның ұсынысы бойынша өзгертілуі, нақтылауы, түзетілуі мүмкін.

1.10 Курстық жұмыстың (жобаның) тақырыбы, ғылыми жетекшісі кафедра отырысында бекітіледі.

1.11 Дипломдық жұмыстардың (жобалардың) рецензенттері жұмыс орны және лауазымы көрсетілген өндіріс және ғылыми ұйымдардың мамандар қатарынан шығарушы кафедралары меңгерушілерінің ұсынысы бойынша жалпы тізімі түрінде ректор бұйрығымен бекітіледі. Рецензенттер ретінде басқа да жоғары оқу орындарының профессорлары, доценттері және оқытушылары болуы мүмкін.

Рецензенттері базалық біліміне немесе ғылыми академиялық дәрежесіне, ғылыми атағына ие немесе өндіріс әрекетінің бағыты қорғалатын шығару жұмысының (жобаның) бағытына сәйкес болу керек.

1.12 Дипломдық жұмысының (жобаның) ғылыми жетекшісі:

- жұмысты (жобаны) орындауға тапсырма береді;



- студенттерге жұмыс (жоба) орындалудың бүкіл кезеңіне календарлық графикті әзірлеуге көмектеседі;

- студенттерге қажетті әдебиеті, анықтамалық, нормативтік және мұрағаттық материалдары, типтік жобалары және тақырыпқа сай басқа дерекнамалары бойынша кеңес береді;

- кеңес беру кестесін құрастырады, кеңес беру барысында студентпен шығарылатын жұмыстың орындалуына календарлық графигіне ұстанып ағымды бақылау жүргізеді;

- жұмыстағы (жобадағы) барлық бөлімдерінің көлемін анықтайды және студент пен консультанттардың жұмысын үйлестіреді.

1.13 Дипломдық жұмыстың (жобаның) тапсырмасында бастапқы материалдың және қайнар көздерінің сипаттамасы, студент орындалатын сұрақтар тізімі, ұсынған әдебиеттер тізімі, графикалық материалдың тізімі (кестелер, схемалар, диаграммалар және басқ.), жұмыс (жоба) жазудың толық календарлық графигі келтіріледі.

Тақырып бекітілгеннен кейін жұмыс (жоба) жетекшісі жеке кезеңдердің орындалу ретін көрсетілуімен бүкіл кезеңіне жұмыс пен кеңес берудің календарлық графигін және тапсырмасын құрастырады. Осыдан кейін графигі бар тапсырмасы шығарушы кафедрасының меңгерушісімен бекітіледі. Бір данасы студентке беріледі; екіншісі кафедрада сақталады, кейін жұмыспен (жобамен) бірге қорғауға ұсынады. Курстық және дипломдық жұмыстарға (жобаға) тапсырма құру үлгілері А және Ә қосымшаларда келтіріледі.

Әрбір дипломдық жұмыстың (жобаның) тапсырмаға сай жеке және келешектегі теориялық және практикалық сұрақтарға талдамасы болу керек. Әрбір жобаның тиісті экономикалық негіздемесі және еңбек қорғау мен өндірістік экологиялық сұрақтарға сай бөлімдері болуы керек. Іргелі ғылымдар (физика, математика, химия, биология және басқ.) бойынша дипломдық жұмыстар айтылмыш бөлімдерді қажеттілік бойынша көрсетіледі.

Дипломдық жұмыстың тапсырмасы нөмірсіз титул парағынан кейін жұмысқа (жобаға) тігіледі.

1.14 Қажеттілік жағдайда кафедра дипломдық жұмыстың (жобаның) ғылыми жетекшісінің ұсынысы бойынша шығарушы жұмыстың жетекшілігіне бөлінген уақыт лимиті есебінен жұмыстың жеке бөлімдері бойынша консультанттарды шақыруға құқылы. Консультанттар ретінде басқа кафедралар мен мекемелердің ғылыми қызметкерлері және профессорлары, доценттері, оқытушылары бола алады. Консультант студент орындалған жұмысының (жобасының) тиісті бөлігін тексеріп қолын қояды.

1.15 Шығарушы кафедралары курстық және дипломдық жұмыстарды (жобаларды) орындалу алдында мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарға сай жұмысқа (жобаға) қойылатын талаптары бар әдістемелік нұсқауларды өңделіп студенттерді қамтамасыздандыруы тиіс.

1.16 Кафедра меңгерушісі (немесе ғылыми жетекшісі) жұмыс (жоба) орындалуы бойынша студенттердің кезеңдік есеп берудің мерзімін анықтайды; бұл мерзімде жетекшісі және кафедра меңгерушісі жұмыстың (жобаның) дайындық дәрежесін анықтап деканды хабардар етеді.

1.17 Дипломдық жұмыс мамандық бойынша әдебиетті (оқулықтарды, оқу құралдарды, монографияларды, мерзімді басылымдарды, дәріс курстарды, журналдарды, соның ішінде шет тілінде, нормативтік әдебиеттерді және басқ.) терең зерттеу негізінде орындалады.

1.18 Дипломдық жұмыстың (жобаның) негізгі мәтіні шығармашылық ойды, пайдаланылатын зерттеу әдістердің негіздемесін, компьютерлік технология қолданылуымен орындалатын есептеулер мен есептеудің ескерулі әдістерін, жасалған тәжірибелердің сипаттауын, олардың талдауын және қорытындыларын, нұсқалардың техника-экономикалық салыстыруын көрсетуі қажет және қажетті жағдайда иллюстрациялармен, графиктермен, эскиздермен, диаграммалармен, схемалармен және т.б. тіркелген болуы қажет.

1.19 Студентпен дипломдық жұмыстың (жобаның) орындалуы университетте, кәсіпорында, ғылыми, жоба-конструкторлық және басқа ұйымдарда жүргізілуі мүмкін.
2 Жұмыстың мазмұны және құрылымы
2.1 Курстық және дипломдық жұмыстар (жобалар) келесі құрылымдық элементтерді қамтитын болуы тиіс:

- мұқаба қаптамасы;

- титул беті;

- жұмыс (жоба) орындау бойынша тапсырмасы;

- мазмұны;

- кіріспе;

- негізгі бөлімі;

- қорытынды;

- пайдаланылған әдебиеттер тізімі;

- қосымшалары;

- спецификациялары (қысқартулар тізімі, шартты белгілері және т.б.).

Курстық, дипломдық жұмыстың (жобаның) көлемі мамандықтың ерекшелігіне сай шығарушы кафедрасымен анықталады.

2.2 Мұқаба қаптамасында келесі мәлеметтер келтіріледі:

- жұмыс (жоба) орындалған ұйымның атауы;

- студенттің фамилиясы мен инициалдары,

- жұмыс (жоба) атауы,

- жұмыс түрі - дипломдық жұмыс (жоба),

- мамандықтың шифрі және атауы,

- қаласы, жылы.

Титул беті жұмыстың (жобаның) бірінші беті болып табылады және құжатты өңдеу мен іздеу үшін қажетті ақпарат көзі болып есептеледі.

Титул бетінде келесі мәлеметтер келтіріледі:

- министрліктің, оқу орнының және кафедраның толық атауы (әрбіреуі жеке бас әрпіден);

- шектеуші гриф (қажеттілік жағдайда),

- кафедра меңгерушісінің қолтаңбасы;

- жұмыс түрі – курстық немесе дипломдық жұмыс (жоба);

- «тақырыбы» сілтемесімен жұмыс (жоба) атауы;

- мамандықтың шифрі және атауы;

- сол жақта – «орындалды» сөзі, қарама-қарсы оң жақта студенттің фамилиясы мен инициалдары;

- төменгі жолда «ғылыми жетекшісі», «жетекшісі» жазылады және жетекшісінің фамилиясы мен инициалдары, ғылыми дәрежесі, басқа регалиялары көрсетіледі;

- қаласы, жылы.

Курстық және дипломық жұмыстың титул беті мен мұқаба қаптамасының рәсімдеу үлгілері Б, В, Г қосымшаларда келтіріледі.

Титул беті жұмыстың жалпы нөмірлеуге кіреді, бірақ беттің нөмірі («1» цифрі) қойылмайды.

2.3 Мазмұны жұмыстың (жобаның) элементтері басталатын, беттердің нөмірлері көрсетілген кіріспені, барлық бөлімдер мен бөлімшелердің реттік нөмірлерін және атауларын, қорытындыны, пайдаланылған әдебиеттер тізімін және қосымшалардың атауларын қамтиды.

Мазмұндағы (айдардағы) тақырыптары мәтіндегі тақырыптарды нақты түрде қайталайтын болу керек, оларды қысқартуға немесе басқа тұжырымдауда беруге болмайды.

Рубрикацияның бірдей сатылардағы тақырыптарын бірінің астынан бірін орналастыруы қажет. Әрбір кейінгі сатыдағы тақырыпты алдыңғы сатыдағы тақырыпқа қарағанда екі-үш белгіге оң жаққа жылжыту керек.

Барлық тақырыптарды бас әрпіден бастайды, соңында нүкте қойылмайды, әр атаудың соңғы сөзін мазмұндағы оң жақ бағанасында сәйкес келетін нөмірмен нүктелер арқылы байланыстырады.

«Мазмұны» сөзі беттің жоғарғы жағында аты түрінде, бас әрпіден жолдың ортасында жазылады (Ғ Қосымшаны қар).

2.4 Кіріспе курстық, дипломдық жұмыстың (жобаның) бірінші тарауы болып табылады және өзектіліктің, ғылыми жаңалықтың және практикалық маңыздылықтың негіздемесін, шешетін ғылыми проблемасының қазіргі жағдайын қамтылған болуы керек, және де зерттеу мақсаты, міндеттері және нысаны тұжырымдалған, жұмыс (жоба) жазудың практикалық базасы, теориялық және методологиялық негізі сипатталған болуы керек.

Өзектіліктің баяндауы қысқа болуы тиіс, сипаттауды алыстан бастаудың қажеті жоқ. Ең бастысы – проблемалық жағдайдың мәнін көрсету, зерттеу пәні туралы білімі және білмеушілік арасындағы шекарасын көрсету. Ғылыми проблемасын тұжырымдап, зерттеу мақсатына логикалық түрде өтіп, мақсатқа сәйкес шешуге қажет ететін нақты міндеттерді көрсету керек. Бұл әдетте санап шығу түрінде орындалады (...зерттеу, ...сипаттау, ...анықтау, ...белгілеу, ...шығару, және т.б.). Міндеттердің тұжырымдамаларын жете орындау қажет, өйткені олардың шешімінің сипатталуы кейін жұмыс (жоба) мазмұнын құрайтын болады. Сонымен қоса, жасалынатын зерттеудің міндет тұжырымдарынан курстық, дипломдық жұмысының (жобаның) бөлімдер мен бөлімшелердің атаулары туады.

Кіріспенің міндетті элементі ретінде зерттеу объектісінің (нысанның) және пәнінің тұжырымдауы болып табылады. Нысан – бұл проблемалық жағдайды тудыратын және зерттеуге таңдалған процессі немесе құбылысы. Пән – бұл нысан шеңберіндегі нәрсе. Зерттеу объектісі және пәні ғылыми үрдісінің категориялары ретінде, жалпы және жалқы секілді өзара қатынасты болады. Объектіде зерттеу пәні болып есептелетін бөлігі бөліп көрсетіледі.

«Кіріспе» сөзі жаңа беттің үстіңгі жақ ортасында атауы түрінде жазылады.

Кіріспенің көлемі шағын – бір-екі бет болуы тиіс.

2.5 Дипломдық жұмыстың (жобаның) негізгі бөлігінде орындалған жұмыстың мағынасын, мазмұнын, әдістемесін және негізгі нәтижелерін көрсететін мәліметтер келтіріледі.

Негізгі бөлік үш тарауды: әдебиеттер шолуын, тәжірибе әдістемесін, тәжірибе нәтижелерін және олардың талқылауын қамтитын болуы тиіс.

Тақырып бойынша әдебиеттер шолуы білім алушының арнайы әдебиетпен тиянақты таныстығын, оның мәліметтерді қайнар көздерінен жүйелеу икемділігін, сын көзімен қарастыру, маңыздылығын анықтау, басқа зерттеушілермен бұрын істегенін бағалау, тақырыпты зерттеудің қазіргі жағдайда бастысын анықтау икемділігін көрсетілуі тиіс. Әдебиеттер шолуында зерттелетін проблемасының мәні баяндалады, шешудің әртүрлі жолдары қарастырылады, оларға баға беріледі, студенттің өзіндік позициялары баяндалады.

Қорыта келгенде, әдебиеттер шолуы тақырыптың әлі ашылмағанын, немесе жартылай, немесе басқа аспектісінде ашылғанын, сондықтан кейінгі зерттеуді қажет ететіні туралы қорытындыға келуі тиіс. Осы жұмыс (жоба) тараудың көлемі негізгі бөлігінің үштен бір көлемінен аспауы тиіс.

Екінші тарау методологиялық сипатқа ие және жұмыста қолданылатын әдістерге және зерттеудің нақты әдістемелерге нұсқауларды: зерттеу объектілерді сипаттау; пайдалынылған экономика-математикалық модельдерді және компьютерлік бағдарламаларды сипаттау; аспаптарды, жабдықтауды, қондырғыларды сипаттау; эксперименталдық зерттеулер жүргізген кәсіпорындарды сипаттау; қолданылатын сауалнамалық сипаттамаларды; тақырыптың метрологиялық өңделуін және т.б. нұсқауларды қамтитын болуы тиіс.

Үшінші тарауда зерттеулердің, эксперименттердің, қолданбалы программа пакеттер көмегімен есептеулердің нәтижелері, соның ішінде графиктер, кестелер, суреттер және т.с.с. көрсетіледі. Студент алған зерттеу нәтижелерін талқылағанда пайда болған заңдылықтарды, техникалық, табиғи, экономикалық немесе әлеуметтік процесстердің өтуіне әсер ететін факторларды, зерттелетін құбылыстардың себептерін, олардың дамуындағы тенденцияларын және басқаларды анықтауы тиіс. Жұмыс нәтижесінде алған нақты материалдың негізінде экономикалық іс-әрекетінің жағын жетілдіруі бойынша, өндірістік, әлеуметтік және мәдени процесстерге әсер етуі бойынша ұсыныстар негізделеді, кіріспеде тұжырымдалған міндеттер шешіледі.

Негізгі тараудың барлық үш бөлімдері бір-бірімен логикалық түрде байланысқан болуы тиіс. Негізгі тараудың мазмұны жұмыс (жоба) тақырыбына нақты сәйкес келіп, оны толығымен ашылуы тиіс, сонымен бірге баяндау тілі мен стиліне ерекше көңіл аудару қажет.

Жазбаша ғылыми тілдің сипатты ерекшелігі – баяндаудың формалды-логикалық әдісі болып табылады. Эксперименттердің сипатталуы қысқаша сөйлемдер көмегімен жүзеге асырылады, мысалы: «Күкірт қоспасымен магний оксиді алынды» немесе «Бес құрылым анықталды». Технологиялық тақырыптамасымен жұмыстарда машиналар мен механизмдердің қызмет көрсетуі бойынша нұсқауларды пікір тиянақтылығын көрсететін инфинитивті сөйлемдер арқылы көрсетіледі. Мысалы: «Үлгіні механикалық қоспалардан алдын ала босатқан кезде және ластанған ауаның енуін болдырмайтын жағдайда ғана, берілген механизмнің жұмысын қамсыздандыруы мүмкін».

Жазбаша ғылыми сөйлеу стилі – бұл жақсыз монолог. Баяндау әдетте үшінші жағынан, кейде көпшенің бірінші жағы атынан («мен» орнына «біз» есімдігі қолданылады) жүргізіледі. Дәлдік, айқындық және ықшамдық – тіл мәдениетін анықтайтын қасиеттері.

2.6 Қорытынды зерттеу нәтижелері бойынша қысқаша қорытындыларды, қойылған міндеттердің шешімінің толықтық бағасын, зерттелген объектісі бойынша нақты нұсқауларды қамтылған болуы тиіс.

«Қорытынды» сөзі жаңа бетте бас әріптермен атауы түрінде жазылады.

2.7 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі жұмыс жазғанда қолданылған қайнар көздері туралы мәлеметтерін қамтиды: жұмыс мәтіндегі әрбір қайнар көзіне сілтеме болуы тиіс.

Пайдаланылған әдебиеттердің сілтемелерін шаршы жақшаның ішінде көрсетілуі қажет (мысалы, [1]).

Әдебиеттер жөнінде мәлеметтерді жұмыс мәтіндегі сілтемелердің пайда болу ретіне сәйкес ораналастырып, араб цифрлармен нүктесіз нөмірлеп, азат жолдан бастау керек.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі белгілі ережелері бойынша рәсімделеді (Д Қосымшаны қар.).

«Пайдаланылған әдебиеттер тізімі» жаңа бетте бас әрпіден атауы түрінде жазылады.

2.8 Қосымшаларда жұмыс (жоба) орындалуына байланысты негізгі бөлігінде орын алмаған материалдар қосылады.

Қосымша жұмыстың соңғы бетінде жалғасы ретінде рәсімделеді.

Дипломдық жұмыс мәтіндегі барлық қосымшаларға сілтемелер болуы тиіс. Қосымшаларды мәтіндегі сілтемелеріне сәйкес ораналастырады.

Әр қосымша жаңа беттен басталады. «Қосымша» сөзі бас әріптен беттің жоғарғы жақ ортасында атауы түрінде жазылып, қосымшалардың реті Ё, З, Й, О, Ч, Ь, Ы, Ъ әріптерді қоспағанда А әрпіден бастап алфавиттің бас әріптермен белгіленеді.

Әрбір қосымшаның мәтінге симметриялы түрінде бас әріптен жеке жолында жазылған атауы болуы тиіс. Қосымша беттердің нөмірленуі өтпелі, жұмыс беттердің жалпы нөмірлеуін жалғастыратын болуы қажет.

Негізгі мәтіннің қосымшамен байланысы «қараңыз» сөзбен қолданылатын сілтемелер арқылы жүзеге асырылады, сөз әдетте қысқартылады және қосымшаның нөмірімен бірге шеңбер жақшаның ішіне жазылады. Мысалы, (А Қосымшаны қар.).

Қосымша мәтіндегі суреттерді, кестелерді, формулаларды және теңдеулерді әр қосымша шегінде цифрдың алдында қосымшаны белгілейтін әріпті жазып нөмірлеу керек.

3 Жұмыстарды (жобаларды) рәсімдеу ережелері

3.1 Мәтінді баяндалуы және жұмыстарды (жобаларды) рәсімделуі осы Нұсқау талаптарына сай орындалады. Жұмыс мәтіннің беттері және оған қосылған суреттер мен кестелері А4 форматына сәйкес болуы керек. Мұқабасы студенттің қалауынша кез келген (қатты, серіппелі және басқ.) болуы мүмкін.

Курстық жұмыс жазбаша немесе баспа түрінде, ал дипломдық жұмыс (жоба) – тек баспа түрінде ғана А4 форматы ақ қағаздың бір жақ бетінде бір интервалмен орындалуы тиіс. Қаріпі – кәдімгі, кеглі 14.

Мәтін шеттердің келесі мөлшерлермен: оң – 10 мм, жоғарғы – 20 мм, сол – 30 мм, төменгі – 25 мм басылады.

Мәтін шегіндегі азат жолы бірдей және бес таңбаға – 1,25 см-ге тең болуы керек.

Әр түрлі гарнитурасымен қаріптерді қолданып, белгілі бір терминдерге, формулаларға, теоремаларға назар бөлудің компьютерлік мүмкіндіктерді қолдануға болады.

3.2 Жұмысты даярлау процессінде білінген қателерді, жаңылыстарды және графикалық дәлсіздіктерді тазартып өшіруге немесе ақ бояумен бояп сол жерге баспа тәсілмен, немесе қара сиясымен, пастасымен, немесе қара тушьпен – жазбаша тәсілмен түзететін мәтінді (графиканы) орнына келтіруге болады.

3.3 Жұмыста алғаш рет кездесетін фамилияларды, ұйым аттарын, бұйым атауларды және басқа да жалқы есімдерді түпнұсқа тілінде көрсетеді.

3.4 Жұмыстағы (жобадағы) құрылымдық элементтердің атаулары «Мазмұны», «Кіріспе», «Қорытынды», «Пайдаланылған әдебиеттер тізімі» жұмыстың құрылымдық элементтерінің тақырыптары болып саналады.

3.5 Курстық, дипломдық жұмысты (жобаны) бөлімдерге, бөлімшелерге бөлу қажет. Әр бөлімі мен бөлімшесі аяқталған ақпаратты қамтылған болуы тиіс.

Бөлімдер мен бөлімшелердің тақырыптары болуы тиіс. Тақырыптары бөлімдер мен бөлімшелердің мазмұнын нақты және қысқаша көрсетілген болуы тиіс. Бөлімдердің, бөлімшелердің және тармақтардың тақырыптарын астынан сызбай, нүктесіз, бас әрпімен, азат жолдан басу керек. Тақырыбы екі сөйлемнен тұратын болса, оларды нүктемен айырады.

3.6 Жұмыс (жоба) бөлімдері бүкіл құжаттың шегінде нүктесіз араб цифрлармен белгіленіп, реттік нөмірленген болуы керек.

Әр бөлімнің шегінде бөлімшелері нөмірленген болу керек. Бөлімше нөмірі нүктемен айырылған бөлімі мен бөлімше нөмірлерінен тұрады. Бөлімше нөмірдің соңында нүкте қойылмайды. Бөлімдер екі және одан да көп бөлімшелерден құралған болуы мүмкін.

Мысалы


1 Типтер және негізгі мөлшерлер

1.1


1.2

1.3


2 Техникалық талаптар

2.1


2.2

3.7 Беттері жұмыстың бүкіл мәтіні бойынша өтпелі нөмірлеуді сақтап, араб цифрлармен нөмірленеді. Беттің нөмірі нүктесіз қағаздың төменгі жақ ортасында қойылады.

3.8 Титул беті беттердің жалпы нөмірлеуге қосылады, бірақ титул бетінде бет нөмірі қойылмайды.

3.9 Жеке беттердегі суреттер мен кестелерді беттердің жалпы нөмірлеуге қосылады. А3 форматы қағазындағы суреттер мен кестелерді бір бет ретінде есептеледі.

3.10 Жұмыстың әрбір құрылымдық элементті (бөлімді) жаңа беттен бастау керек.

Бір бөлімнің ішіндегі бөлімшелер өзара бір жолмен айырады.

3.11 Құрылымдық элементтердің (бөлімдердің), бөлімшелердің аттарын қара жалпақ қаріппен бөледі.

3.12 Көрнекілігі және көрсеткіштердің салыстыруы ыңғайлы болу үшін цифрлық материалды кестелер түрінде рәсімделуі қажет.

3.13 Кестенің аты нақты, қысқа, мазмұнын білдіретін болуы керек. Кестенің атауын «1 кесте» сөздерден кейін келесі жолда азат шегініспен кестенің үстінде орналастыру керек.

3.14 Кестені жұмыста алғаш рет аталған мәтіннен кейін немесе келесі бетте орналастырады.

3.15 Жұмыстағы барлық кестелерге сілтемелері болуы керек. Сілтемеде нөмірі көрсетілген «Кесте» сөзі жазылады. Мысалы, (1 кестені қар.).

3.16 Кестелерді, қосымша кестелерінен басқа, бүкіл жұмыс шегінде реттік нөмірлеп араб цифрлармен нөмірленуі тиіс.

3.17 Әрбір қосымшаның кестесін цифрдың алдында қосымша белгісі қойылған араб цифрлармен жеке нөмірлейді.

Егер жұмыста бір кесте болса, оны «1 кесте» немесе В қосымшада келтірілген болса «В1 кесте» белгіленуі тиіс.

3.18 Кестедегі бағаналардың және жолдардың аттарын кесте атауымен бір сөйлемді құрайтын болса кіші әріптен, жеке мағынасын білдірсе - бас әріптен бастап жазуы қажет.

3.19 Жолдары саны көп кестені басқа бетке ауыстыруға болады. Кесте бөлігін басқа бетке аударғанда «Кесте» сөзі және оның нөмірі бір рет кестенің бірінші бөлігінің үстінде көрсетіледі, басқа бөліктердің үстінде «Жалғасы» сөзі жазылады және кестенің нөмірі көрсетіледі, мысалы: «1 кестенің жалғасы».

Бағаналары саны көп кестені қосымшаға шығару жөн.

3.20 Егер кестенің әртүрлі жолдарында (бағаналарында) қайталама мәтіні бір сөзден тұратын болса, онда оны бірінші рет жазылудан кейін тырнақшалармен ауыстыруға болады. Қайталанатын цифрлардың, таңбалардың, белгілердің, математикалық және химиялық таңбалардың орнына тырнақшаларды қоюға болмайды. Кестенің кез келген жолында цифрлық немесе басқа мәліметтер келтірмесе, ішінде сызық қойылады.

3.21 Кестелерді сол, оң және төменгі жағынан әдеттегідей сызықтармен шектейді. Мәтінге қарағанда кестедегі қаріптің кіші мөлшерін қолдануға болады.

3.22 Бағаналардың аттары әдеттегідей кесте жолдарына параллельді жазылады. Қажеттілік жағдайда бағаналардың аттарын перпендикулярлы орналастырады. Кестенің басы кестенің қалған бөлігінен сызықпен бөлінген болу керек.

3.23 Кестенің үстінде және астында орналасқан мәтін мен кесте арасындағы қашықтығы екі «бос» жолдан тұруы қажет.

Кестені рәсімдеу үлгісі Е қосымшада келтірілген.

3.24 Көрнекі материал курстық, дипломдық жұмыстардың (жобалардың) міндетті бөлігі болып табылады. Оның мөлшері, құрамы және мазмұны жұмыс жетекшісімен анықталады.

3.25 Көрнекі материалдың (суреттің) негізгі түрлері сызба, схема, фотография, диаграмма және график болып есептеледі.

3.26 Сызба – иллюстрацияның негізгі түрі, оны машинаның, механизмнің немесе олардың бөліктерінің конструкцияларын максималды нақты бейнелеу үшін қолданылады. Сызба сызу ережелеріне және стандарт талаптарына сәйкес болу керек.

3.27 Фотография – шындықты көрнекі көрсетілгін ерекше шынайы және дәлелді құралы. Фотография, затты немесе барлық индивидуалды ерекшеліктері бар құбылысты деректі нақтылығымен бейнелеуді қажет ететін жағдайда қолданады.

3.28 Техникалық сурет көрінген құбылысты немесе затты артық бөлшексіз немесе нақтылықсыз бейнелеуді қажет ететін жағдайда қолданады.

3.29 Схема – бұл шартты белгілер көмегімен және масштабты сақталмай кез келген құрылғының, заттың, құрылыстың немесе процесстің негізгі идеясын жеткізетін және басты элементтердің өзара байланысын көрсетілген бейнесі.

3.30 Диаграмма – шамалар арасындағы тәуелділіктердің графикалық бейнелеу тәсілдерінің бірі. Диаграмма жаппай мәліметтерді көрнекі бейнелеу үшін құрылады.

3.31 График – бұл шамалардың және олардың геометриялық фигуралар, нүктелер және сызықтар арқылы көрсетілген арақатынастардың шартты бейнелеу. Графиктің геометриялық бейнесінен басқа:

- жалпы атауы;

- графика бейнесінің жеке элементтерінің мәнін және шартты белгілердің ауызша түсіндіруі;

- координаттар осі, масштабымен шкаласы, сандық торлары;

- графикке салынған көрсеткіштердің мөлшерін толықтыратын немесе нақтылайтын сандық мәліметтері болуы тиіс.

Координаттар осьтері сызықпен сызылады; осьтердің соңында бағдар қойылмайды. Осьтер бойынша масштаб (немесе координаттық тор) салынады, шкала масштабының сандық мәндері ординаталар осінен сол жағына және абсциссалар осінен төмен жағына жазылады. Осьтерде салынған шамалардың мөлшерлері және шартты белгілері көрсетілген болуы тиіс. Шамалардың бөлшекті мәндерінің орнына әріптік белгіленген көбейткіштерді енгізу керек.

3.32 Жұмыс иллюстрацияларын алғаш рет аталғанда тікелей мәтіннен кейін немесе келесі бетте орналастыру керек. Иллюстрациялар компьютер орындауында, соның ішінде түсті болуы мүмкін. Жұмыстағы барлық иллюстрацияларға сілтемелер берілген болуы керек.

3.33 А4 форматтан кіші фотосуреттері ақ қағаздың стандарттық беттеріне желімделген болуы керек.

3.34 Иллюстрациялар қосымшалардағы иллюстрациялардан басқа бүкіл жұмыстың шегінде араб цифрлармен өтпелі нөмірленеді.

3.35 Суреті біреу болса, оны «1 сурет» деп белгілейді, «Сурет» сөзін және оның атауын жолдың ортасында орналастырады.

Қажеттілік жағдайда иллюстрациялардың аты және түсіндірме мәліметтері (сурет астыңғы мәтін) болуы мүмкін. «Сурет» сөзді және оның атауын түсіндірме мәліметінен кейін және келесі түрде орналастырады: 1 сурет. Аспаптың детальдары.

3.36 Иллюстрацияларға сілтеме жасағанда «2 суретке сәйкес...» жазу керек.

3.37 Әр қосымшаның иллюстрацияларын цифрдың алдында қосымшаның белгісін қойып, араб цифрлармен жеке нөмірленеді.

3.38 Иллюстрацияны бір бетте орындау керек. Иллюстрация бір бетке сыймаса, басқа беттерге ауыстыруға болады, сонымен қоса иллюстрацияның аты бірінші бетте, түсіндірме мәліметтері – әр бетке орналастырады және олардың астында «...сурет ...бет» көрсетіледі.

3.39 Суреттің үстінде және астында ораналасқан мәтін мен сурет арасындағы қашықтығы екі «бос» жолдан тұруы қажет.

Иллюстрацияларды рәсімдеу үлгісі Ж қосымшада келтірілген.

3.40 Формулаларды және теңдеулерді мәтіннен жеке жолға бөлу керек. Әр формуланың немесе теңдеудің жоғарғы және төменгі жағында бір бос жолдан кем емес орын қалдыру керек. Бірінің соң бірі орналасқан және мәтінмен бөлінбеген формулаларды үтірмен айырады.

3.41 Таңбалардың және сандық коэффициенттер мәндерінің түсіндіруді тікелей формула астында, формулада берілген ретпен келтіру керек. Әр таңбаның және сандық коэффициенттің белгісін жаңа жолда көрсету қажет. Түсіндірудің бірінші жолын қос нүктесіз «мұнда» сөзбен бастайды.

3.42 Формулаларды бүкіл жұмыс шегінде шеңбер жақшаның ішінде араб цифрлармен жолдың шеткі оң жағында реттік нөмірлеу керек.



Мысалы:

, (1)

мұнда u – седиментация жылдамдығы;

g – бос құлаудың үдеуі;

р - дисперстік фазаның тығыздығы;

p0 - дисперстік ортаның тығыздығы;

г – бөлшектердің мөлшері;

η - дисперстік ортаның тұтқырлығы.

3.43 Теңдеу бір жолға сыймаса, оны теңдік белгісінен (=) кейін немесе плюс (+), минус (-), көбейту (х), бөлу (:) белгілерден немесе басқа математикалық белгілерден кейін ауыстыруы тиіс, және белгіні келесі жолдың басында қайталайды.

3.44 Мәтіндегі формулалардың реттік нөмірлерінің сілтемелері жақшаның ішінде беріледі, мысалы: (1) формуласында.

3.45 Қосымшадағы формулалары әр қосымшаның шегінде цифрдың алдында қосымшаны белгілейтін әріпті жазып, араб цифрлармен жеке нөмірлеу қажет, мысалы, (А.1) формуласы.


4 Курстық жұмысты (жобаны) қорғау тәртібі
4.1 Курстық жұмыс (жоба) жұмыс сапасын сипаттап, оң жақтарын және кемшіліктерін белгіліп, қажетті жағдайда аяқтауды қажет ететінін көрсетіп, жазбаша қорытынды-рецензиясын беретін оқытушысы - жұмыс (жоба) жетекшісімен тексеріледі. Рецензиясы жұмыс (жоба) қорғауға рұқсат етілу не етілмеу қорытындысымен аяқталады.

4.2 Рецензиясымен жұмыс (жоба) студентке танысу және кейде түзету үшін беріледі. Егер де курстық жұмыс (жоба) жетекшісінің қорытындысы бойынша қанағатсыз және қайта өңдеуге жіберілсе, ол жұмыс түзеткеннен кейін қайта рецензиялауға бірінші рецензиясымен бірге міндетті түрде ұсынылады.

4.3 Сырттай оқу нысанындағы студенттің курстық жұмысы факультетте әдіскермен бақылау, курстық жұмыстарды (жобаларды) рецензиялау есеп журналында тіркеліп кафедраға тексерілуге жіберіледі.

Сырттай оқу нысанындағы студенттің курстық жұмысы (жобасы) рецензиялап және оқытушымен әдіскерге 7 күннің ішінде қайтарылуы тиіс.

4.4 Рецензияға жіберілген жұмыстар оқу-емтихандық сессиясының бастаудың алдында сырттан студенттерге университеттен алғаннан кейін 15 күннен кеш емес қайтарылуы тиіс.

4.5 Рецензиялардың сапасы туралы сұрақтар кафедра отырысында қарастырылуы тиіс. Талқылауға қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін рецензиялармен бірге тәжірибесімен алмасу мақсатында сапасы қанағат рецензиялары да шығарылады.

Рецензиялау бойынша кафедра жұмысының нәтижелері семестрде бір реттен кем емес кеңес талқылауға шығарылады.

4.6 Курстық жұмыс (жоба) құрамында жұмыс (жоба) жетекшісі бар екі оқытушыдан кем емес комиссиясы алдында қорғалады. Комиссия студенттердің теориялық білімдерінің және практикалық дағдыларының деңгейін, жұмыстың (жобаның) қойылатын талаптарға сәйкестілігін анықтайды.

4.7 Комиссия құрамы және курстық жұмыстың (жобаның) қорғалу графигі кафедра меңгерушісімен соңғы семестрішілік аттестация басталуына дейін екі аптадан бұрын кеш емес бекітіледі.

4.8 Курстық жұмыстың (жобаның) қорғалуы соңғы семестрішілік аттестация басталудың бір апта бұрын өткізілуі тиіс, ал сырттай оқу нысанындағы білім алышулардың курстық жұмыстары – емтихан басталудың алдында қорғалуы тиіс.

4.9 Студент қорғау кезінде курстық жұмысының (жобасының) мазмұнын қысқаша 7-10 минут ішінде баяндап, рецензенттің ескертулеріне және комиссия мүшелерінің сұрақтарға толық жауап беруі керек.

4.10 Курстық жұмыстың (жобаның) қорытынды бағасы комиссиясымен, ғылыми жетекшісінің пікірін ескеріп, орындалған жұмыстың сапасы, оны рәсімдеу негізінде қорғау қорытындылары бойынша қойылады. Курстық жұмыс пән бойынша оқу жұмысының түрі ретінде қарастырылады және оны зерттеуге бөлінетін кредиттер шеңберінде орындалады.

4.11 Курстық жұмыстарды (жобаларды) тапсырмаған студенттер сәйкес келетін пән бойынша емтиханға жіберілмейді.
5 «Антиплагиат» жүйесі негізінде жазбаша жұмыстардың өздігінен орындалуын қамсыздандыру тәртібі
5.1 Дипломдық жұмыстар студенттермен өздігінен ғылыми жетекшісінің жетекшілігімен орындалады.

5.2 Плагиат (шеттен алып пайдалану) ретінде дипломдық жұмысында қағаз немесе электрондық тасушыда жарияланған, әдебиетке сілтемесіз немесе сілтемелері бар жағдайда, бірақ жұмыстың немесе оның бөлімдерінің біреуінің өздігінен орындалуы күмәнге қойылған, бөтен мәтінді пайдалану деп есептеленеді.

5.3 Плагиат ретінде негізгі мәтіннің сөзбе-сөз баяндауы және де парафраз – сөздер мен сөйлемшелері алмастырылған шеттен алынған мәтіннің мазмұны өзгермеген бөтен мәтінді баяндау деп мойындалады.

5.4 Плагиат дипломдық жұмыстың өздігінен емес орындалуы және студентпен оқу тәртіпті бұзу ретінде қарастырылады.

5.5 Қорытынды баға қойғанда дипломдық жұмысты «Антиплагиат» жүйесімен тексеру нәтижелері ескереді.

5.6 Осы мамандықтың дипломдық жұмыстарды қорғау бойынша МАК жұмысынды бастау алдында 2 апта бұрын кеш емес студент дипломдық жұмысынды өтінішпен бірге «Антиплагиат» жүйесімен тексеруге шығарушы кафедраға ұсынады.

Өтініш үлгісі К қосымшада келтірілген.

5.7 МАК-ның техникалық хатшысы АТО-ның талабына сай дипломдық жұмыстың электрондық және қағаз нұсқаларын қабылдап мамандықтың (топтың) тізімдік құрамы бойынша оқу жұмысы жөніндегі деканның орынбасарына береді.

Оқу жұмысы жөніндегі деканның орынбасары дипломдық жұмысының мазмұнын электрондық және қағаз нұсқалармен сәйкестілігіне іріктемелі тексеруді жүзеге асырады, «Антиплагиат» бағдарламасының мәліметтер базасына студенттің жазбаша жұмысының электрондық нұсқасын енгізеді, ал қағаз нұсқасында «Электрондық нұсқа тапсырылды» белгісін қойып, өз қолтаңбасымен куәландырады.

5.8 Мамандық (топ) бойынша барлық жұмыстарды енгізген соң тексеріс нәтижелері бойынша есеп жасалады, факультет деканның қолымен және мөрмен бекітіліп, шығарушы кафедраға беріледі.

5.9 Дипломдық жұмыста шеттен алып пайдаланулардың 20%-дан төмен болған жағдайда студент жұмысынды қорғауға жіберіледі.

Жұмыста шеттен алып пайдаланулардың 20%-дан жоғары анықталған жағдайда шығарушы жұмыс факультет деканымен бекітілетін оқу жұмысы жөніндегі деканның орынбасарынан, кафедра меңгерушісінен және ПОҚ-нан тұратын Комиссиясының қаралуына жіберіледі.

Комиссия студенттің көзінше қорытынды шешімін қабылдайды. Комиссиясының хаттамалық шешімімен қорғауға жіберілмеуге (шеттен алып пайдаланулардың 40%-дан жоғары болғанда), немесе жеке бөлімдер мен тарауларды қайта аяқтап өңдеуге (шеттен алып пайдаланулардың 20-39% болғанда) және қайталмалы тексерістің мерзімін анықтау шешімін бекітеді.

5.10 Шеттен алып пайдаланулардың 20-39% болғанда дипломдық жұмыс студентке алдыңғы тақырыптың сақтауымен қайта аяқтап істеуге тапсырылады және осыдан кейін МАК-ның жұмысының бастау алдында бір жеті бұрын қайталмалы тексеріске түсіріледі. Қайталмалы тексеріс кезінде жұмыстағы шеттен алып пайдаланулардың 20%-дан асатын болса дипломдық жұмыс қорғауға жіберілмейді.

5.11 Шеттен алып пайдаланулардың 40 және одан жоғары пайыз болса дипломдық жұмыс ағымдағы оқу жылында қорғауға жіберілмейді.

5.12 Қорғауға жіберілген студенттердің дипломдық жұмыстарды қорғауға рұқсат ету рейтингінің ведомосында оқу жұмысы жөніндегі деканның орынбасарынмен плагиатқа тексеріс процедурасының өтуі туралы белгі қойылады.

5.13 Студент өз дипломдық жұмысынды «Антиплагиат» жүйесімен белгіленген мерзімде тексеріске ұсынуы үшін жауапты.

«Антиплагиат» жүйесінен көтеріңкі бағаны жалған жолмен (әріптерді алмастыру, көрінбейтін символдарды пайдалану және т.б.) алуға талпыныс жасаған студент, бұл оқиға дәлелдегенде қорғауға жіберілмейді.



Факультет деканы плагиат фактінің табылуы туралы комиссиясының ұсынысы бойынша студентке қатысты тәртіп жазасын орнатады және жоо-ның басшылығы алдында тәртіп жазасын қолданылуы туралы өтініш етіледі.

5.14 Ғылыми жетекшісі дипломдық жұмысының графиктің орындалуына жауапты.

5.15 Оқу жұмысы жөніндегі деканның орынбасары «Антиплагиат» жүйесіне мәлеметтерді нанымды енгізу үшін жауапты.



5.16 ОӘжӘБ ұйымдастыру-әдістемелік көмегін көрсетеді және шығарушы квалификациялық жұмыстарды плагиатқа тексеру процессін бақылайды.
6 Мемлекеттік аттестациялық комиссиясының жұмысының ұйымдастыруы
6.1 Білім алушылардың қорытынды аттестациясын өткізу үшін әрбір мамандық бойынша оқытудың барлық нысандары үшін мемлекеттік аттестациялық комиссиясы (МАК) құрылады.

6.2 Факультет деканы МАК төрағасының кандидатурасына ұсыныс дайындайды, ал университет ректоры ағымдағы жылдың 1 қарашаға дейін уәкілетті органға А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-да жұмыс атқармайтын және шығарушы мамандардың профиліне сәйкес келетін, практикалық стажы бар профессорлар, доценттер, ғалымдар, оқытушылар, өндірістің тәжірибелі мамандар және мұғалімдер қатарынан МАК төрағаларының өкілдерін ұсынады.

6.3 МАК төрағасы уәкілетті органның бұйрығымен календарлық жылға бекітіледі.

6.4 МАК құрамына оның мүшелері құқығында (төрт адамнан кем емес): факультет деканы немесе шығарушы кафедрасының меңгерушісі кіреді. МАК-ның басқа мүшелері шығарушы мамандардың профиліне сәйкес келетін, жоғары дәрежелі мамандар, басты профессорлар, доценттер қатарынан қалыптасады.

Оқуды бітіретін студенттердің саны көп болған жағдайда бір мамандық бойынша бірнеше МАК құрылады.

Оқуды бітіретін студенттердің саны аз болған жағдайда туыс мамандықтар бойынша бірлескен МАК құрылуы мүмкін.

6.5 МАК құрамы ректор бұйрығымен жылда 31 желтоқсаннан кеш емес бекітіледі және календарлық жыл бойы жұмыс атқарады.

6.6 Білім алушылардың қорытынды аттестациясына рұқсаты факультет деканының өкімімен студенттер тізімі бойынша қорытынды аттестациясының басталудың алдында екі жетіден бұрын кеш емес рәсімделеді, тіркеу бөлімімен келісіп, МАК-на ұсынады.

6.7 МАК жұмысының кестесін тіркеу (офис) бөлімі құрастырады.

6.8 МАК жұмысының кестесі ректормен бекітіледі және МАК жұмысының басталудың алдында екі жеті бұрын кеш емес жариялады. МАК отырысының ұзақтығы күніне 6 академиялық сағаттан аспауы тиіс.

6.9 Студенттердің қорытынды аттестациясын өткізудің алдында МАК-на келесі құжаттар ұсынылады:

1) тіркеу бөлімімен келісілген, деканның өкімі түрінде, мемлекеттік емтихандарды тапсыруға және дипломдық жұмыстарды (жобаларды) қорғауға рұқсат етілген білім алушылардың тізімдері;

2) тіркеу бөлімімен келісілген, тапсырылған курстық жобалар (жұмыстар) және практика түрлері, барлық пәндер бойынша алған бағалары, олардың көлемі, білім алушылармен индивидуалды оқу жоспарын орындалуы туралы факультет деканның анықтамасы;

3) қорғауға рұқсаты туралы кафедра меңгерушісі қолы қойылған дипломдық жұмыстың (жобаның) данасы;

4) «қорғауға рұқсат етіледі» немесе «қорғауға рұқсат етілмейді» дәлелді қорытынды берілген дипломдық жұмыстың (жобаның) ғылыми жетекшісінің пікірі;

5) қорғауға ұсынған жобаға (жұмысқа) жанжақты сипаттамасы және білімдерді бағалаудың баллды-рейтингтік жүйесі бойынша бағасын және сәйкес мамандық бойынша квалификациясын алу және (немесе) «бакалавр» академиялық дәрежесін беру мүмкіндігін көрсетуімен дәлелді қорытындысы берілген, өндіріс, ғылыми ұйымы немесе басқа жоғары оқу орны маманның дипломдық жұмысына рецензиясы.

Пікір және рецензиясы дипломдық жұмысқа (жобаға) салынады.

5.10 МАК-на орындалған шығарушы жұмыстың басқа да ғылыми және приактикалық құндылықты сипаттайтын материалдар ұсынылуы мүмкін, бейресми пікірлері, жоба (жұмыс) профилі бойынша тәжірибелік қызметті атқаратын ұйымдардан жазбаша қорытындылары, ғылыми зерттеу нәтижелерінің анықтамалары немесе енгізу актілері, материалдардың, бұйымдардың, ауыл-шаруашылық өнімдердің үлгілері, макеттері, минералдардың, гербарийдің жинақтамалары және тағы басқалар.


7 Дипломдық жұмыстың (жобаның) қорғау тәртібі

7.1 Қорғау тәртібі білім беру саласында уәкілетті органмен бекітілген, білім беру ұйымдарда білім алушылардың аралық және қорытынды аттестациясы, үлгірімнің ағымды бақылау өткізу Ережелермен анықталады.

7.2 Дипломдық жұмыстың қорғалуы мүшелердің жартысынан кем емес қатысуында мемлекеттік аттестациялық комиссиясының ашық отырысында өткізіледі.

Қорғау жария түрде, шығарушы кафедра оқытушылардың, студенттердің қатысуында ұйымдастырылады. Қорғауға ғылыми жетекшісі, рецензенті, зерттеу жүргізілген базасының ұйым өкілдері және тағы басқа мүдделі тұлғалар шақырылуы мүмкін.

7.3 МАК-ның төрағасы отырыс жұмысының регламентін белгілейді.

Бір дипломдық жұмыстың қорғалу ұзақтығы 30 минуттан аспайтын болу керек.

Дипломдық жұмыс (жоба) бойынша баяндама жасау үшін студентке 15 минуттан аспайтын уақыт беріледі.

7.4 Студент сөз сөйлегенде:

- теориялық, ғылыми және практикалық дайындығының деңгейін;

- тақырыптың өзектілігін;

- дипломдық жұмыс (жоба) негізделген теориялық және әдістемелік тұжырымдамаларын;

- зерттелетін құбылыстың өткізілген талдау нәтижелерін;

- проблеманы шешуі немесе нақты кәсіпорын жағдайда: экономикалық, әлеуметтік және экологиялық эффекттерді жүзеге асырудың мүмкіндік негіздемесімен процесстерді жетілдіруі бойынша ұсыныстарын көрсету керек.

Сөз сөйлегенде әдебиеттен немесе нормативтік құжаттан алынған теориялық тұжырымдамалары болмауы тиіс, өйткені бұл тұжырымдамалары қорғаудың пәні болып табылмайды. Ерекше назарды өз жеке өңдеулеріне аудару қажет.



7.5 Сөз сөйлеу кезінде көрнекі құралдарды пайдалану жөн. Бұлар қорытынды мен ұсыныстардың дәлелдігін күшейту үшін қажет. Барлық қажетті иллюстрациялар сызу ережелерін сақтап, қара тушьпен, маркермен баспа шрифтпен немесе компьютерлік орындауында аудиторияда көрсету үшін ыңғайлы мөлшерлерде плакаттарда орындалуы мүмкін. Барлық плакаттарды (баяндамадағы сілтемелердің ретіне сәйкес) араб цифрлармен жоғарғы оң жағында нөмірлеу қажет. Барлық иллюстрациялардың аттары болуы тиіс. Өлшеу нәтижелерін бейнелейтін графиктердегі эксперименттік нүктелер көрсетілген болуы тиіс.

Студент зерттеу нәтижелерін көрсету және баяндау үшін қазіргі техникалық құралдарды, мысалы, баяндаманы презентация түрінде жасап мультимедиялық проекторды қолдалынуы мүмкін және т.б.

7.6 Дипломдық жұмысты (жобаны) талқылағанда барлық қатысушылар сұрақ қойып немесе сөз сөйлеп қатыса алады.

7.7 Талқылаудан кейін комиссия хатшысы (ғылыми жетекшісі) пікірді және рецензияны оқиды. Студент пікірдегі және/немесе рецензиядағы ескертулеріне, мазмұнына сәйкес дәлелді жауап түсіндіріп беруі қажет.

7.8 Жария қорғаудан кейін комиссия мүшелері МАК-ның жабық отырысында барлық білім алушылардың дипломдық жұмыстарының (жобаларының) нәтижелерін талқылайды. Дипломдық жұмыстың (жобаның) бағасы баллды-рейтингтік әріптік жүйе бойынша қойылады. Сонымен бірге теориялық, ғылыми және практикалық дайындықтың деңгейі, ғылыми жетекшісінің пікірі және рецензенттің бағасы есепке алынады.

7.9 Дипломдық жұмыстың қорғау нәтижелері мемлекеттік аттестациялық комиссиясы отырысының әрбір студент бойынша жеке хаттамасымен рәсімделеді және қорғау күні кезінде жарияланады.

7.10 Бекітілген кестеге сәйкес қорытынды аттестациясына дәлелді себеппен қатыспаған студент, МАК-ның төрағасының атына өтініш жазып, емтиханға қатыспау себебін дәлелдейтін құжатын ұсынып, рұқсатты алған соң комиссия отырысының басқа күні емтиханды тапсыра алады немесе дипломдық жұмысынды қорғай алады.

7.11 Дипломдық жұмыстың (жобаның) оң бағасын көтеру мақсатында қайта қорғауға рұқсат етілмейді.

7.12 Осы қорытынды аттестация кезінде «қанағатсыз» бағасын алған тұлғаларға дипломдық жұмыстың қайта қорғалуы рұқсат етілмейді.

7.13. Жұмыстың (жобаның) қорғалуы қанағатсыз танылған жағдайда МАК-сы студент сол жұмысты қосымша өңдеп алып немесе шығарушы кафедрасымен анықтайтын жаңа тақырыпты өңдеп қайта қорғалуға ұсыну мүмкіндігін шешеді.

7.14 Қорытынды аттестациясында қанағатсыз бағасын алған студент үлгісі белгіленген анықтамасын берілуімен қатар ректор бұйрығымен оқудан шығарылыды.



7.15 Қанағатсыз бағасын алғаннан кейін МАК-на десаулық жағдайы туралы ұсынған құжаттары қарастырылмайды.

8 Курстық жұмыстардың тақырыптарының үлгі тізімі


  1. Бурабай орман алқабындағы бореалды реликттері.

  2. Көкшетау флористикалық аймағындағы сирек кездесетін өсімдіктердің эколого-флористикалық сипаттамасы.

  3. Бурабай орман алқабындағы қарағайлы ормандар.

  4. Адамның іскерлік ойлау қабілеті белсенділігінің құралы ретінде ойдың толықтығы.

  5. Қостанай облысының картоптарының жаңа сорттарының интродукциясы.

  6. Қостанай облысының дәрілік өсімдіктері.

  7. Қостанай облысы жағдайындағы «Энигма және Кивели» қызанақ сорттарының биологиялық ерекшелiктерi.

  8. Қостанай аймағында таңқурайға зиян келтірушілердің түрлері (Noctuidae).

  9. Солтүстік Қазақстан орман питомниктерінің зиян шыбын шіркейлері.

  10. Солтүстік Қазақстанның жеміс-жидектернің зиянды және пайдалы жартылай қаттықанаттылар (Hemipthera).

  11. Қостанай қаласының көшеттектерінде жеміс ағаштарының гибридтерін өсіру әдісі.

  12. Қостанай ауданының тәжірибелік алаңында әртүрлі картоп сорттарын зерттеу.

  13. Наурызым қорығындағы сирек кездесетін және жойылып бара жатқан құстар түрлері.

  14. Қостанай облысы жағдайында ерте пісетін қияр сорттарын зерттеу.

  15. Қостанай ауданы жағдайында ерте пісетін картоп сортын зерттеу.

  16. Қостанай аймағындағы непарниктің биология ерекшеліктерін зерттеу.

  17. Қостанай облысының оңтүстік және кәдімгі қара топырақтарын салыстырмалы сипаттау.

  18. Қостанай қаласының дендрофлорасының биологиялық ерекшелігі.

  19. Қостанай аймағындағы иксод кенелері, олардың патологиялық маңызы.


Дипломдық жұмыстардың тақырыптарының үлгі тізімі


  1. Қостанай облысындағы дәрiлiк өсiмдiктердiң интродукциясы.

  2. Қостанай облысындағы сәндiк ағаш өсiмдiктерiнің интродукциясы.

  3. Қостанай облысындағы жалбыздың өсiруiн биологиялық ерекшелiгi және технологиясы.

  4. Қазақстанның орманды дала жағдайындағы қан қызыл эхинацеясының (Echinacea purpurea (L.) Moench) биологиялық және өсіру технологиясының ерекшілігі.

  5. Көкшетау флористикалық ауданының синантроптық флорасы.

  6. «Бурабай» табиғи паркінің дәрiлiк өсiмдiктерінiң түрлi құрамдық сипаттамасы және оларды қорғау жұмыстары.

  7. Қостанай облысының жемiс-жидектер зиянкестерінің бiз тұмсығы (Сurculionidae).

  8. Қостанай облысында өсiрiлетiн астық өнімдерінің зиянкестерiнің энтомофагтары.

  9. Қостанай далаларының копрофагтары - құрт-құмырсқалардың топырақ түзелуде атқаратын рөлі.

  10. Полимеразды тізбекті реакцияны қолдану арқылы жабық жерде өсірілетін қызанақтардың бактериозын идентификациялау.

  11. Полимеразды тізбекті реакция әдісімен дәнді дақылдардың фузариозын идентификациялау.

  12. Астықтардың септориозын идентификациялауда полимеразды тізбекті реакцияның диагностикалық маңызы.

  13. Көкшетау флористикалық аймағындағы сирек өсімдіктердің эколого- флористикалық сипаттамасы.

  14. Қостанай аймағындағы иксод кенелері олардың патологиялық маңызы.

  15. Қостанай аймағында таңқурайға зиян келтірушілердің түрлері (Noctuidae).

  16. Орман зиянкестері – бұнақденелер және олардың өсімдіктермен экологиялық байланыстары.


А Қосымшасы
Курстық жұмысқа (жобаға) тапсырма құру үлгісі

Ф. 2-14

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті


Биология және химия кафедрасы
Пән:

Мамандық: 5В060700-Биология



жүктеу 0,58 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау