Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ХАБАРШЫСЫ, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, № 3 (26), 2010 ж.
39
- келісімдерді жасау жəне отыру, əлеуметтік серіктестіктің барлық дəңгейіндегі заңға сəйкес
ұжымдық келісімдер;
- ұжымдық еңбек дауларын алдын алу жəне жанжалдарды шешуге септігін тигізу.
Осылайша, аумақтардағы əлеуметтік серіктестікті сараптау барысында əлеуметік серіктестікті
қоғамдағы тепе-теңдік қызметін атқаратын жəне екі жақтың өзара нəтижелі қызмет ететін маңызды
əлеуметтік институт ретінде қарастырамыз. Сондықтан мұндай қарым-қатынастар аумақтардың саяси,
əлеуметтік жəне экономикалық даму мəселелерін шешуде барлық мүмкіншіліктерді пайдалануға болады.
1.
http://www.zakon.kz/141684-generalnoe-soglashenie-mezhdu.html
2.
Əлеуметтік-еңбек қарым-қатынастарындағы əлеуметтік серіктестік жəне бизнестің
əлеуметтік жауапкершілігінің дамуы туралы.// http://paryz.kz/.
3.
http://paryz.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=64&Itemid=30
4. Сол жерде.
5. Сол жерде.
6. Əлеуметтік серіктестік жөніндегі Үшжақты Келісім. - Алматы, 2010. - Б.251.
Резюме
В данной статье сделан анализ материалов с целью понять, как в регионах Казахстана происходит
реализация идей социального партнерства в области регулирования трудовых отношений и какие задачи
решают трехсторонние соглашения на примере восьми областей Казахстана: Алматинской, Атырауской,
Восточно-Казахстанской, Карагандинской, Костанайской, Павлодарской , Северо-Казахстанской и Южно-
Казахстанской.
Summary
Otarbayeva Bakhytnur Zeinullayevna. In this article there is an analysis of materials in order to
understand how the regions of Kazakhstan the realization of ideas of social partnership in the field of labor
relations is going on and what kind tasks are solved by tripartite agreements on the example of the eight regions of
Kazakhstan: Almaty, Atyrau, East Kazakhstan, Karaganda, Kostanai, Pavlodar, North Kazakhstan and South
Kazakhstan.
ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫН АЙЫПТАУ МЕН ҚУҒЫНДАУ
(ХХғ. 30-жылдары)
Қ.Ғ.Даркенов -
т.ғ.к., Ы.Алтынсарин атындағы АрқМПИ доценті
Өткен ғасырдың 30- шы жылдары кеңес əдебиетінің, оның ішінде қазақ əдебиетінің де дамуы,
жаңа шығармалардың да туу кезеңі болумен қатар, тоталитарлы мəдениетке бет бұруда шешуші кезең
болды.
Осы кезеңде пролетарлық əдебиеттен «...өмірді білу мен түсіну, көркем шығармаларда оны
шындықпен бейнелеп көрсету, жай ғана жаттанды, схолостикалық, қан сөлсіз өлі күйінде, жай ғана,
«объективті нақтылық» ретінде бейнелеу емес, ал, оның нақты түрде революциялық дамуын бейнелеу
керек. Осындай жағдайда көркем бейнелеудегі ақиқат пен тарихи дəлдік социалистік реализм рухында
еңбекшілерді идеалық жағынан қайта құру мен тəрбиелеу міндеттерімен байланысты болуды» талап
етілді. [1, 85-б. ]. «Əдебиетке, жалпы өнерге тек қана партия бақылауында тəрбие міндеттерін жүзеге
асыратын құрал ретіндегі рөл жүктелді. Жаңа экономикалық саясат кезінде, одан кейінгі он жыл ішінде
əдебиет мəселелеріне оның ішінде, əдебиетте қалай жаңалықтар жасауға, енгізуге болады деген мəселеге
байланысты туған айтыс таласқа нүкте қойылды». [2, 427-б.].
Социализм құрылысы барысында пролетариат диктатурасы идеясын ұстанған əдебиет пен
баспасөз біртіндеп идеологиялық қаруға айналды, «халық жауларын» іздеу мен табуға тартылды.
Қазақстанда ұлтшыл, байшыл, алашордашыл деп əдебиет пен əдебиетшілерді айыптау, əшкерлеу мен
қудалау етек алды . 20-шы жылдардың соңы мен 30-шы жылдардың басында айыпталып, қудаланған қазақ
ВЕСТНИК КазНПУ им.Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», № 3 (26), 2010 г.
40
зиялылары 30-шы жылдар ортасында өз жазаларын өтеп елге келгеннен кейін де ұлтшыл, алашордашыл
деп қудалау нысанасында тұрды. Атылып кеткен Ж.Аймауытов пен Ғ.Бірімжановты, айыпталып айдауға
кеткен А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев т.б. атап, алашордашылардың өзі жоқ болса да, олардың
жолын ұстанғандар бар. Кеңестік аппаратқа бүлдіру ниетімен кіріп кеткен агенттері бар. Олар өз
ниеттерінен бас тарқан жоқ, Кеңес жағына өз қателерін мойындап толық шыққан жоқ деген пікір басым
болды. Баспасөзде оларды сынау, іздеу толастамады, жаңа қарқын алды. Ақиқатында айдауға кеткен қазақ
зиялылары бұрынғыдай ел мүдесі үшін араласқан қоғамдық істен ғана емес, өздерінің негізгі кəсіптері
шығармашылық жұмыстан да қол үзді. Қудалау, үздіксіз сынау, əрі тұрмыс тауқыметі оларды жаншып
тастады. Солардың бірі, əрі бірегейі М.Жұмабаев. Көрнекті ақын айдаудан босап елге қайтқан кезде де,
оған алашордашыл зиянды элемент деп сенбеу əлі де басым болатын.
М.Жұмабаев босап елге қайтар алдында бұрын оны ұлтшыл, байшыл, алашордашыл деп сынаған
С.Мұқанов ақынды дұрыс бағаламағандығын түсінді ме, əлде басқа да себептері болды ма оған хат жазды.
Ғалым Т.Кəкішевтың жазуынша, оған 1959 жылы С.Мұқанов «1934 жылы 2 қарашада Москвада Қызыл
профессорлар институтының соңғы курсында оқып жүргенде кезінде Беломорканалында айдалып жүрген
Мағжан Жұмабаевқа хат жазғанын айтқан. Хаттың негізгі мазмұны – таяуда түрмеден шығасыз, сонда қай
жақта боласыз, зорлық зомбылықты кек тұтпай шығасыз ба, советті жақтайсыз ба? «Тоқсанның тобы» мен
«Толғауда» совет идеологиясына қарай ойысқан негізгі сюжетін дұрыс түсінгенімен, дер кезінде оның
жақсы қасиеттерін бағалауда кемшіліктер жібергенімді мойындаймын деп алады да, біз үшін қазақтың
қасиетті поэзиясының келешегі үшін Сіздің совет жағына шықаныңыз үлкен олжа болар еді деген
ойларын айтыпты»[3, 257-б]. Ақиқатында, М.Жұмабаевтың Кеңес өкіметіне қарсы шықпағаны белгілі.
Бірақ, оны кеңес өкіметі мен пролетариат сыншылары алашордашыл, ұлтшыл деп шеттетті, сенімсіздік
білдірді. Шығармаларынан Кеңес өкіметіне қарсы ілік іздеді. Мағжан «мен көппен біргемін, тоқсанмен
біргемін» деп ағынан жарылып «Тоқсанның тобы» шығармасын жазғанда да оны, жақын тартпай талқыға
салды.
Ал, С.Мұқановтың М.Жұмабаевқа хат жазғандығы жөніндегі деректі жазушымен кездескен
Ж.Бектұров та келтіреді. С.Мұқанов оған «Мағжанның ақындығы да, кісілігі де ерекше бөлек еді. ...мен
Мағжанға 1932-1933 жылдары Москвада оқуда жүргенімде ГПУ-ден рұхсат алып, оған лагерьге,
Мурманск жағына хат жазып жібердім» деген [4, 325-б].
Бірақ, өкінішке орай, мұрағатта С.Мұқановтың М.Жұмабаевқа хат жазғаны, ақшалай көмек
көрсеткендігі жөнінде» ешқандай мəлімет сақталмаған[5, 181-б].
Он жылға сотталған М.Жұмабаев М.Горький мен оның зайыбы Е.Пешкованың араласуымен 1936
жылы босанып елге оралды. Бұл кезеңде Қазақстанда шығармашылық интеллигенцияның бірін бірі
сынауы, əшкерлеуі, саяси айыптар тағуы өршіп тұрғанына қарамастан елге оралған М.Жұмабаев «өз
жазамды өтедім. Енді маған ешкім тиісе қоймас» деген ниетпен, тағы да қателескеніне кешірім сұрап, өзін
сыртқа итермей Жазушылар Одағына қабылдауды, көмек көрсетуін сұрап С.Мұқанов басқарып отырған
Қазақстан жазушылар Одағына хат жазады.
Хатында: «Өзімнің кінəма лайықты жазамды өтедім. Еңбектің қара қазанына қайнап, адасулар мен
арам ойлардан мəңгілікке арылдым. Мен бұрынғы ойларымнан арылып, бай мен ұлтшылдардың жолынан
бас тарттым жəне жаңа жолға, еңбекшілер жолына бет бұрдым.
Мен қалған өмірімді берік ниетім мен үмітімді дəлелдеу үшін социалистік құрылыста еңбек етуге
бел будым, ісіммен барлық ескі көзқарастарымнан арылғанымды көрсеткім келеді. Мен үшін енді еңбекші
таптың, коммунистік партияның жолынан басқа жол жоқ. Еңбекші табы əдебиетінің жетекшісі –
Жазушылар Одағы Басқармасы менің өткен кезеңдегі адасушылығымды қатал сынға ала отырып, сыртқа
теппей, өзіне тартып, Жазушылар одағына мүшелікке қабылдап, жетекшілік етуін, көмек беруін
сұраймын.
Мағжан Жұмабаев. Петропавловск қаласы, Дзержинский көшесі, №19 үй» деп, мекен жайын да
көрсетіп, шын ниетімен жазғанымен, айдаудан арып ашып келген, келген соң да көз түрткі болып, тұрмыс
тауқыметін тартқан ақынға қол ұшын беріп жақын тартқан ешкім бола қоймады [3, 259-б.].
С.Мұқанов « ...егер де өзіңіз шын ниетпен совет əдебиетіне қызмет етем десеңіз жазуыңызға
ешкім бөгет болмайды. ...Пролетариаттың рахымы мол. Ол қорғай да біледі, жарылқай да біледі. Бірақ,
пролетариат сөз емес істі жақсы көреді деп жазғанымен, заман құбылуынан Алматыға барған Мағжанға
көмек бере алмады. Пролетарлық өкімет те жарылқамады. Жарылқағаны, 1937 жылдың 30 желтоқсанында
Мағжан қайта қамалды [6, 137-б.].
Достарыңызбен бөлісу: |