Microsoft Word История. №3,2010



жүктеу 5,07 Kb.
Pdf просмотр
бет16/66
Дата28.11.2017
өлшемі5,07 Kb.
#2117
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   66

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ХАБАРШЫСЫ,  «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, № 3 (26), 2010 ж. 
 
 
31
Т.ҚАЖЫБАЕВ ДАСТАНДАРЫНДАҒЫ АБЫЛАЙ ХАН ТҰЛҒАСЫНЫҢ КЕЙІПТЕЛУІ 
 
Б.Т.Бораш - 
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің профессоры 
 
Төлеген Қажыбаев – провинцияда тұрып-ақ қазіргі қазақ əдебиетінің əр жанрына үлес қосып келе 
жатқан  қаламгер.  Оның  шығармаларының  көпшілігінің  басты  кейіпкері  күші  əлдеқайда  басым  Ресей 
империясының  отаршылығына  қарсы  ұлт-азаттық  көтерілісін  бастаған  Кенесары  ханға  жəне  ханның 
қанды  көйлек  серіктеріне  арналған.  Олар  негізінен  өлеңдерден,  толғаулардан  жəне  екі  шағын  дастаннан 
тұрады.  Бұл  поэтикалық  туындыларды  жанры  мен  бейнеленетін  ел  билеушілер  тұлғасына  қарай  а) 
өлеңдері  мен  толғауларындағы  Кенесары,  ə)  дастандарындағы  Абылай  хан  бейнесі  жəне  б)  “Қараой 
қайғысы  немесе  Нұрсұлтанға  мадақ”  атты  өлеңіндегі  Махамбет  заманынан  қазіргі  күндердегі  ел  билігі 
мəселесіне  желі  тартқан  шағын  туындысына  дейінгі  ақын  шығармашылығын  үш  бөлікке  бөліп 
қарастырғанды жөн көрдік. 
Абылай тақырыбы Қажыбаев шығармашылығында жалпы алғанда жанрлық қамтылуы, тақырыпқа 
келуінің жиілігі жағынан Кенесарыға байланысты туындыларынан мүмкін кем түсетін болар. Бірақ ақын 
поэзиясындағы бұл тақырып көлемді жырлануы, жан-жақты бейнеленуі жағынан Кенесары тақырыбымен 
қатар  келеді,  ал  дастан  жанрында  бейнеленуін,  тіпті  салыстыруға  келмейді.  Ақынның  Абылай  ханға 
арналған “Шалқұйрық-дастан”, “Қанай-дастан” жəне көлемді “Жəпек батыр” атты үш шығармасы барын 
айтсақ  жеткілікті  болар.  Бұл  үш  дастан  бірін-бірі  толықтырып, “Шалқұйрық-дастанда”  ханның  Сабалақ 
атанған  жастық  кезін  бейнелесе, “Қанай-дастан”  Абылайдың  хан  көтеріліп,  дəуірлеген  шағындағы 
тұлғасын бейнелейді. Ал кейін жазылған “Жəпек батыр” дастаны хан өмірінің басқа да кезеңдерін қамтып, 
бейнесінің  жаңа  қырларын  ашып,  Абылайдай  ұлы  хан  тұлғасының  жан-жақты  бейнесін  сомдайды.  Енді 
дастандарды осы айтылған ретпен жеке алып қарастырамыз. 
 
а) “Шалқұйрық-дастан” туындысындағы Сабалақ бейнесі  
Ақын  жинақтарына  енген  шығармалардың,  соның  ішінде  бұл  дастанның  да  жазылған  уақыты 
көрсетілмеген.  Дегенмен  алғашқы  жинағына (“Хан  Кене”)  енгендігіне  жəне  хан  өмірінің  бастапқы  кезін 
бейнелеуіне  қарап,  Абылайға  арналған  дастандар  арасындағы  алғашқысы  осы  шығарма  деп  жобалап 
отырмыз. Дастан Қарауылдың қалың елі Жақсылықтың топ бастары, белгілі дəулетті адамы Дəулетбайдың 
қартайған  шағында  ордасына  Сабалақ  деп  өзін  таныстырған  жас  жігіт  келеді. “Кең  иық,  сұңғақ  бойлы, 
қыран қабақ” деп жігіттің келбетті кескіні, тіктеп қадар жанары, жөнін бүкпесіз айтар, тақпақтап сөйлер 
ерекше мінезі өткені бұлдыр болса да Дəулет қарттың көңілінен шығады. Дəулетбайға Сабалақтың қара 
жерге отырмай – қорсынатыны, астан жасық жемес – қомсынатын, тобырды теңгермей, тектіге тең болуды 
жолсынатыны  сияқты  кейбір  ерекше  оғаштау  көрінген  қылықтары  да  қарт  көңіліне  селкейлік  келтіретін 
емес.  Сабалақ  шаруасына  да  мығым:  ат  үстінен  түспей,  тапсырылған  он  мың  жылқыны  борандарда 
ықтырған емес, тіпті қотыр тай да жоғалып, қолды болған емес, барымталап келгендерін “тобықтан бір-ақ 
ұрып  түсіреді”.  Жас  жігіт  баққан  үйіріндегі  қырық  қасқыр  қамаласа  да  үйірін  алдырмайтын  тектіліктің 
асыл  құнын  сездіріп  жүрген  Шалқұйрыққа  бауыр  басады.  Ол  да  тек  Сабалақ  мінетіндей  оның  сан 
амалына,  соның  ішінде  қарсы  шапқанын  кеудемен  соғып  күйретуге  машықтанады.  Көп  ұзамай  олардың 
үйренгендері,  дайындықтары  қалмақтар  қазақ  жеріне  лап  қойғанда  сыналады.  Дəулетбай  Сабалақты 
“Халқыңа бейбіт жатқан қалқан бол деп” батасын беріп аттандырады.  
Дастанның  қалмақпен  соғыс  кезінде  қалмақ  батыры  Шарышпен    жекпе-жек  эпизоды  осы  ұрыс 
жырланатын  басқа  туындыларға  ұқсас.  Бір  айырмашылығы    Шалқұйрық  иесі  үйреткен  əдіспен  Шарыш 
тұлпарын  соққан  кезде  жау  тұлпары  сүрініп,  осы  кезде  Сабалақтың  зұлфықары  жарқ  етіп  қалмақ 
батырының басы жерге домалайды. Шарыштан айрылған жау талқандалып, Сабалақтың ата жауға кеткен 
кегі қайтады. Ұрыс соңынан батыр ерлігіне риза болған қарт Шалқұйрықты Абылайға сыйлайды. Дастан 
Дəулетбайдай  дана  қарттарға,  Абылайдай  кемелді  еріне  Шалқұйрықтай  қазанаттарына  мадақ  сөздермен 
аяқталады. 
 
ə)  “Қанай-дастан”шығармасындағы Абылай хан тұлғасы  
Қанай бидің туған-өлген жылдары туралы мəлімет жоқ, шыққан тегі, өскен ортасы туралы дерек 
өте  мардымсыз.  Бізге  белгілісі – оның  қазақ  ақсүйектерінің  тапсыруымен 1858 жылы  Қоқан  ханы 


ВЕСТНИК  КазНПУ им.Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», № 3 (26), 2010 г. 
 
 
32
Худоярға бір топ қазақ биін басқарып елші болып барып, бірқатар жеңілдіктерге қол жеткізгендігі туралы 
“Қазақстан”  ұлттық  энциклопедиясындағы 
[07, 517-518]  мəлімет.  Біз  қарастырып  отырған  дастанға 
қатысты  М.Жұмабаевтың  “Батыр  Баян”  поэмасында  “Ту  баста  Абылайды  хан  көтерген  Қамқоры 
Қарауылдың шешен Қанай” 
[09, 234] деген жолдар би туралы мəліметімізді біршама толықтырады.  
Үш  бөлімнен  тұратын  дастанның  алғашқы  “Кілт”  деген  кіріспе  бөлімі  атауы  айтып  тұрғандай 
шығарманың бүкіл мағынасын ашатын Қанайдың көп көсемнен өзгеше ерекше орны – оның “Халқының 
бақытына Абылайды хан көтерген” кемемеңгерлігін паш етеді. 
Негізгі  “Арна”  бөлімі  алты  тирадан  тұрады.  Əр  тираданың соңғы  екі  жолы “Бізге  де  Қанай  шал 
қажет боп тұр...” деп басталып, келесі жолы сол тирададағы ойды жинақтайтын түйін-тармағынан тұратын 
рефренмен аяқталады.  
“Тану”  деп  алынған  бірінші  тирадада  Қанай  бидің  Абылайды  топтан  “зердесінде  батпан  салмақ 
жатқанын” танып таңдағанын бағалайды. Ханның алдаспандай тіліп түсер өткірлігін, “атойлап атқа қонар  
айбатын”, тасты жарар “зерделі ой, зерек көңілін”, жүрек сырын төгілтер күйшілігін санамалай отырып, 
қазіргі “санаға ауыр салмақ түскен” заманда бізге де бір Қанай шал қажет боп тұрғанын осы тираданың 
түйіні етіп айтады. 
Біз  “Таңдау”  деп  тақырып  берген  екінші  тирадада  ақын  Абылайды  ардағым  деп  танып,  өзін 
“Қырық  пышақ  қазағының  басын  қосар” “Хан  ием!”  деп  таңдағанын  айтады.  Алты  алаштың  ұранына 
айналған,  Ақ  киізге  салып  төбесіне  көтерген  алтындай  салмақты  ханын,  оның  жолына  жан  берсек  те 
арманымыз жоқ деп халқының қалтқысыз сенімін білдіреді. Тирада жауап керек сұрағы көп заманымызға 
топтан  (мың-миллионнан)  жолына  жан  беретіндей  жалғаны  жоқ  елбасы  табатын,  біздің  жағдайда  ең 
болмаса сондай адамды меңзейтін, бізге де бір Қанай шал қажет боп тұрғанын арман етеді. 
Үшінші  тирадада  алдау  мен  жалғаны  көп,  сабандай  салмағы  жоқ,  халқының  қамын  жемек  түгіл 
қазақтың іштен шыққан қалмағы боп, елін тал түсте талайтын қоғамдағы жетесіздер қылығын əшкерелеп, 
оларға алысқанда алдырмас арланым деп Абылай тұлғасын қарсы қойып, “сананы шабақтаған салмақты 
сөз  айтқан”  Қанайды  еске  алады.  Қазіргі  “іштен  шыққан  шұбар  жыландар”  білгенін  істеп,  қоғамдағы 
рухсыздық пен қылмыс жайлаған заманда Абылайдай тарланды көре білген, бізге де бір Қанай шал қажет 
боп тұрғанын ақын жасыра алмайды. 
“Таныған  Абылайды  арысым”  деп  жəне  “Таныған  Абылайды  данамыз”  деп  ұлы  ханды 
ардақтайтын  төртінші,  бесінші  тирадаларда  жəне  Абылай  есімі  айтылмайтын  алтыншы  тирадада  бүгінгі 
қазақ қоғамына Қанайдай дана қартың қажеттігі қайталанады.  
“Түйін”  деп  аталатын  қорытынды  бөлімінде  де  Абылайды  көп  ішінен  көре  білген,  ерекше 
қасиеттерін тани білген, ақ киізге көтеріп хан көтеріскен Қанайға жəне “Дəуірдің дарабозы Қанай қарттай, 
бабалардың Рухына бас ию бүгінгі ұрпақтың парызы саналады.  
 
б) “Жəпек батыр” дастанындағы Абылай хан бейнесі     
Қажыбаевтың соңғы кезде жарық көрген (2004) «Жəпек батыр» атты көлемді тарихи дастанында 
қазақтың  ұлы  ханы  Абылай  эпизодтық  көріністерде  ғана  суреттеледі.  Соның  өзінен  ханға  деген  халық 
сүйіспеншілігін байқай аламыз. Абылай бейнесі оның талай жорықтарында жəне қалмақ тұтқынына бірге 
түсіп,  серігі  болған  дастанның  бас  кейіпкері  атақты  Жəпек  батыр  арқылы  ашыла  түседі.  Бұл  жөнінен 
дастан  осының  алдында  ғана  біз  қарастырған  С.Сматайдың  “Жарылғап  батыр”  өлеңмен  жазылған 
романымен  үндеседі.  Ол  туындыда  да  Жарылғап  батыр  Абылай  ханмен  Қалдан  Серен  тұтқынында 
болады. Əрине, көркем шығарма болған соң ақын қиялымен болатын Абылай ханның тұтқынға түскені, 
қалмақ ханымен айтысы сияқты қазақ ханына маңызды тұсын суреттеуде, оның қасына хан батырларының 
кез-келгенін  қоюы  “қазаншының”  өз  еркінде.  Одан  шығарманың  көркемдігіне  келіп-кетер  нұқсан  жоқ. 
Дегенмен,  осындай  қатар  жарық  көрген  тарихи  шығармадағы  сюжеттік  ұқсастықтан  өзінен  өзі  сауал 
туындайды:  қалмақ  тұтқынында  Абылай  хан  жанынында  болған  батырды  атағанда  қай  ақынның  қиялы 
тарихи  негізге  келеді?  Бұл  тұрғыдан  Т.Қажыбаев  дастанының  басында  келтірілген  Үмбетей  жыраудың, 
Толыбай ақынның, М.Жұмабаевтың өлең-жырларынан, Ш.Уəлихановтың еңбегінен келтірілген үзінділер 
[02, 13]  қалмақ  тұтқынында  хан  жанынында  болған  Жəпек  батыр  екендігін  айғақтайды.  Оның  үстіне 
Астана баспасынан шыққан “Абылай хан” (өмірі мен қызметіне қатысты құжаттар мен материалдар) атты 
жинақтағы деректер 
[07, 100, 132] əлгі айтылғандарды дəлелдей түседі.  
Тоғыз  тараудан  тұратын  дастанның  С.Сматаев  романымен  үндестігі  алғашқы  тарауынан-ақ 
байқалады. “Жарылғап батырда” Абылай алдында Əз Тəуке туралы мадақ сөз айтылатыны сияқты бұнда 


жүктеу 5,07 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   66




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау