Microsoft Word История. №3,2010



жүктеу 5,07 Kb.
Pdf просмотр
бет15/66
Дата28.11.2017
өлшемі5,07 Kb.
#2117
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   66

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ХАБАРШЫСЫ,  «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, № 3 (26), 2010 ж. 
 
 
29
шелек  бидайға,  бір  тоятын  тамаққа  сатып,  қатын-қыздарын  бір  қойдың  пұлына  айырбастап,  естиярлары 
мойындарына дорба салып, тіленші болып кеткендігі мағлұм болып тұр. 
Сондықтан сақтаулы мың дана «Оян қазақтың» ақшасын əлгі босқында жүрген жетім-жесірлердің 
пайдасына  бағыштадым. Бұрынғы  құны 20 тиын  еді,  енді  бұл  мұндай  қайырлы  іске  жұмсалатын  болған 
соң, алушыларға бағасы 50 тиын болсын деп мөлшерледім, пошта хақы кітап басы 2 тиын. Скидка жоқ. 
Бір кісіге 50 кітаптан кем сатылмайды. Ақшасы төменгі адрес бойынша күні бұрын жіберу керек. Бұлай 
деуімнің  себебі – тезірек  етіп,  ақшасы  ашаршылықтағы  бишараларға  тезірек  тапсырылсын  деген.  Мың 
дана  кітап  тез  сатылса,  сонан  өнген 500 сом  шамалы  ақша,  көп  пұл  болмаса  да,  ел-жұрт,  жер-су,  мал-
мүлкінен айрылып, бұл күнде бір тілім нанға зар болып тұрған сорлыларға аз да болса қорек болар еді.  
Бұл  бишара  бауырларымызды  ескеру,  өлімнен-қырғыннан  құтқару  алаш  азаматының  адамшылық 
борышы! 
«Оян қазақты!» жоғарғы шартпен алдыруға талабы бар, сорлы болған бауырларына жаны ашыѓан 
азаматтар  мына  адрестегі  Жұмағали  Тілеулиннен  алдырсын,  адресі:  г.  Петропавловск,  Акмол.  Обл., 
уездная больница, фельдшеру Джумагалию Тлеулину» [6]. 
Кейінірек М. Дулатов «Мадияр» деген бүркеншік атпен 1918 жылғы «Сарыарқа» газетінде «Аш-
жалаңаш қазақ-қырғызға жылу жинайтын комитет ашылғандығын» жазып, 1916 көттерілістен кейін ауыр 
жағдайға тап болып, босқын күй кешкен, аштықтың азабын тарқан жетісулық қазақ-қырғызға қол ұшын 
беруге шақырып: «...Атқа мінген азамат сендерге ЕЛ керек болса, ЖҰРТ керек болса, басшылық қылып 
АЛАШТЫ  аман  сақтау  қамына  кірісіңдер! – Намыстан  АЛАШ!  Жігерлен  АЛАШ!  Тас  бауыр  болма 
АЛАШ!» деп үндеу жариялаған  [7]. 
Осылайша  ұлт  зиялылары  босқыншылыққа  ұшырап,  тағдыры  тəлкекке  түскен  бауырларын 
құтқару мақсатында елдік дəстүрді есте ұстап, бүкіл елді босқындарға көмек көрсетуге шақырып, елінің 
ертеңі үшін бар ынта-жігерімен қызмет жасады. Осы мақсатта «АЛАШ АЗАМАТТАРЫНА» атты үндеу 
жазып, ол үндеуді 11 маусымдағы «Қазақ» газетінде жариялаған болатын. Ол үндеудің мазмұны мынадай 
еді: «25 июнь  жарлығының  кесірінен  бүліншілікке  түсіп,  Қытайға  босқан  қырғыздардың  халдері  қандай 
нашарлығын көзімен көрген тілші «Қазақтың» 231- номерінде жазып отыр. Əр жерден барған жəрдемнің 
қанша  екенін  өткен  номерден  жазып  көрсетіп  отырмыз.  Беріліп  жатқан  жəрдемдер  аш-жалаңаш  қалған 
қырғыздардың  халдеріне  қарағанда  жоқ  есебінде.Сондықтан  Түркістан  комитетінің  ағзасы  (Торғай 
облысының  комиссары)  Əлихан  Бөкейханов  сол  комитеттің  ағзасы  (Жетісу  облысының  комиссары) 
Мұхамеджан Тынышбаевқа телеграм берді: «Босқын қырғыздар үшін 200 мың сом қазынадан қарыз сұрау 
керек»  деп.  Сондай  бірден  берілетін  молырақ  суммамен  қырғыздар  халін  жиып  алмаса,  аздап  жинаған 
көмек  қырғыздардың  толып  жатқан  мұқтаждығының  біріне  жетсе,  екіншісіне  жетпей  тапшылық  қыла 
бермекші. 
Бір жағынан қарыз ақша беріліп, бір жағынан жəрдем жиналса қазіргідей қымбатшылық заманда 
қырғыз  сияқты  ішерге  тамағы  жоқ,  киерге  киімі  жоқ,  паналарға  үйі  жоқ  жұрдай  болып  сорлаған  бүкіл 
мұқтаждығын  өтерлік қаржы сонда ғана құралмақшы. 
Аңсап өлейін деп жатқан адамның аузына су тамызғандай аз-көп демей əркім əліне қарай жəрдем 
ету əуелі адамшылық, екінші ағайыншылық жүзінен кімге де болса борыш. 
Бұл  айрықша  етіп  алаш  азаматтарының  ісіне  салып  отырғанымыз:  қырғыз  ағайындарының 
алдындағы борыштарын ұмытпай өтеулері тиіс дегеніміз. 
Əлихан  Бөкейханов,  Ахмет  Байтұрсынов,  Міржақып  Дулатов,  Сейтəзім  Кəдірбаев,  Имам 
Əлімбеков, Жанұзақ Жəнібеков, Ахмет Мəметов, Елдес Ғұмаров» [8]. 
Босқын  елге  көмек  көрсеткендердің  ішінде  Торғайдағы 1916 жылғы  көтерілістің  жетекшілері, 
Торғай  өңірінің  халқы  хан  сайлаған  Əбдіғапар  Жанбосынов  пен  сардарбек  Амангелді  Имановта  бар 
болатын.  Олар  туралы  «Қазақ»  газетінде  жарық  көрген  Жəрдем  комитетінің  мəліметте  айтылады: 
«Əлихан Бөкейханов 100 сом, Ахмет Байтұрсынов 30 сом, Сейдəзім Кəдірбаев 25 сом, Имам Əлімбеков 5 
сом, Жанұзақ Жəнібеков 3 сом, Ахмет Мəметов 3 сом. Барлығы 166 сом. 
Əбдіғапар  Жанбосынов  пен  Амангелді  екеуі 25 сом.  Қалдыбай  Ғабдалин 3 сом,  Ғабділмəжит 
Мұқашев, Қази Абаев 1 сомнан. 
1-ші  ауыл  болысының  граждандарының  фельдшері  Құрманғалиев  һəм  Якуда  Ақтаевтардың 
дəулеті бойынша жиылған 300 сом. 
Ақбұлақта қазақ моллаларының сиезінде Имам Ғабдалрахман Мұртазин арқылы 200 сом. 
Мұхамедзариф Сыдықов 20 сом, Оразымбет, Нəуен, Бейсемұрат 5 сом. 


ВЕСТНИК  КазНПУ им.Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», № 3 (26), 2010 г. 
 
 
30
Барлығы 621 сом. Бұрынғыларымен 976 сом 83 тиын. 
Басқарма – 1 июньде 22 номерлі расписка алынып телеграфпен 800 сом Құлжадағы комитет басы 
Ювашевқа жіберілді» [9]. 
Жетісу  облыстық  қазақ  комитетінің  төрағасы  Ибраһим  Жайнақов  пен  қырғыз  зиялысы  Қасым 
Телтаев  еш  қиындықтарға  қарамастан  аштыққа  ұшыраған  Ыстықкөл  өңірінің  қырғыздарына  ат 
арбалармен бірнеше рет азық-түлік жеткізіп, басқада көптеген үлкен көмектер көрсетеді [10]. Көрсеткен 
көмектері  үшін  И.Жайнақовқа  кырғыз  зиялысы  Ишанғали  Арабаев  «Қазақ»  газеті  арқылы  «Бишара 
қырғыз бауырдарыңды ұмытпаңдар» атты жолдаған хатында «тəңірі жарылқасын» айтып, алғыс білдіреді: 
«...Бұл жақтағы босқын бейшаралардың халін алыстан жылап, Алаш деп аяныш күйімізге харекет қылып 
жатқан  облыстағы  алтын  таяғымыз  Ибраһим  мырза  Жайнақовқа  біз  Пржевал  қырғыздары  жаралы 
жүрегімізден тəңірі жарылғасын айтамыз һəм бүкіл киіз туырылықты қазақ баласынан бишара болған біз 
байғұстарға талай Жайнақовтар шығар деп үміт етіп, өлім халінде қолымызды бұлғап, көзімізбен ишара 
қылып, жəрдем сұраймыз! 
                                              Комитет бастығы Ишанғали Арабаев»[11] 
Ұлт  зиялыларының  елі  үшін  атқарған  сан-салалы  қызметінің  бір  бағытына  ғана  біршама  ғана 
тоқталдық. Бір мақалада олардың еңбегінің тұтастай қамту мүмкін де емес. Қорыта келе айтарымыз  ұлт 
зиялыларының ұлтын азат етіп, ел қатарына қосуды мақсат тұтқан ерен еңбегін, қажырлы қайраткерлігін 
бүгінгі ұрпақ лайықты бағалап, келер ұрпаққа аманат етуі елін сүйген əр азамат үшін парыз деп білеміз.   
 
1.  Қазақ  ұлт – азаттық  қозғалысы.  Т. 2. Жетісу – Ыстықкөл  қасіреті.  Құжаттар  мен 
материалдар жинағы. –Астана: "Ел-Шежіре",  "Астана полиграфия" АҚ, 2007. - 5 бет.       
2.  Қозыбаев  М. 1916 жыл:  ұлт-азаттық  революция  тарихнамасының  кейбір  мəселелері. // 
«Қазақ əдебиеті». – 1992. - 3 сəуір. 
3.  Қойгелдиев  М.  Алаш  қозғалысы.  Бірінші  том.  Өңделіп,  толықтырылған  екінші  басылымы. – 
Алматы: Мектеп, 2008. - 231 б. 
4.  «Қазақ».- 1917. -  № 231. 
5.  «Қазақ». – 1917 - № 232. 
6.  «Қазақ». - 1917. - № 233. 
7.  «Сарыарқа». – 1918. -  № 33. 
8.  «Қазақ». – 1917. - № 233. 
9.  «Қазақ». – 1917. - № 233. 
10.  Байзак Мамбетулы и его современники. (Сборник документов и материалов). /Составители: 
Қойгелдиев М.К., Тлеубаев Ш.Б., Оразов Р.Е. - Алматы: ОФ «Ел-Шежіре», 2008. -С. 7. 
11.  «Қазақ», 1917, № 23 
 
Резюме 
В данной статье рассматривается деятельность национальной интеллигенции по оказанию помощи 
беженцам казахского и киргизского населения Семиреченской области после восстания 1916 года. 
 
Summary 
This article deals with the activity of national intellectuals who helped the refugees of Kazakh and Kirgiz 
population of Chemireshensky (Zhetisu) region after the revolt of 1916.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


жүктеу 5,07 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   66




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау