Microsoft Word История. №3,2010



жүктеу 5,07 Kb.
Pdf просмотр
бет11/66
Дата28.11.2017
өлшемі5,07 Kb.
#2117
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   66

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ХАБАРШЫСЫ,  «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, № 3 (26), 2010 ж. 
 
 
21
қолдауына  ие  болып,  Қытай  богдыханымен  бекітілген  басқа  ханның  билікке  келуіне  кедергі  келтіре 
алмады. Абылай хан тұсында Əбілпайыз сұлтанға бағынған наймандар Уəли билігін мойындамады. 1783 
жылы  Əбілпайыз  өлгеннен  кейін  билікте  қолдауға  Ханқожа  ие  болып,  Қытай  императорының 
грамотасымен хандық билікке бекітілді. Орта жүзді Қытай иелігі, ал Абылай ханды қытай князі санаған 
богдыхан  министрлігі  бұл  шараны  қажетті  деп  тапты.  Уəлидің  алғашқы  кезеңде  Ресейге  бет  бұруын 
байқаған Қытай үкіметі өз империясының мəртебесін ұстану үшін Ханқожаға қолдау көрсетті.[7,257]  
Орта  жүздің  сыртқы  саясатын  Уəли  хан  Абылай  ханның  үлгісінде  жүргізуге  күш  сала  отырып, 
Ресей мемлекетімен бейбіт қарым - қатынаста болып, сол мезгілде Қытаймен де байланыс ұстау саясатын 
ұстанды. 1794 жылдың қысында Қытайға илігетіндігін куəлəндіру мақсатында өзінің баласын богдыханға 
жіберіп, ал орыс үкіметіне берілген ру басшыларын шеттетуді жиілетті. Нəтижесінде 1795 жылы қаңтарда 
Орта  жүздің 2 сұлтаны, 19 ру  басшысы  өзінің  билігіндегі 43360 адаммен,  сонымен  қатар 79 мың  басқа 
орта жүз қазақтары императрица атына Уəли ханның билігінен босатып, тікелей ресейлік билікке алуын 
өтінген хат жолдады.[7,282] 
Патшалық  əкімшілікпен  қарым-қатынастағы  шиеленістілік  Уəли  ханды  Қытаймен,  Бұхарамен 
жақындасуға  итермеледі.  Ол 1803 жылы  Сырдарияға,  ал 1805 жылы  Қытай  шекараларына  көшуге 
дайындық шараларын жүргізген. Бірақ Сібір генерал-губернаторы Глазенаптың белсенді араласуы ханның 
бұл  қадамдарын  нəтижесіз  қалдырды.  Патша  үкіметі  генерал-губернаторға  хан  билігін  əлсіретудің  көне, 
бірақ тексерілген тəсілін қолдануға ұсыныс жасап, «весьма сильное средство представляется в искусном 
употреблении противных хану Вали партий и в привлечении на нашу сторону знатных султанов, без коих 
он  ничего  предпринять  не  может»  деп  жазды.[10]  Ханның  билігін  нақты  əлсірету  мақсатында  Глазенап 
Орта жүзде Абылайдың ұрпақтарына жатпайтын сұлтандар арасынан екінші ханды тағайындауды шешті. 
Патша əкімшілігінің таңдауы 1748 жылы Əбілхайыр ханды өлтірген əйгілі Барақ сұлтанның баласы Бөкей 
сұлтанға тоқтады. 1812 жылы Бөкей Омбыға шақырылып,   
Бұл  кезеңде  Ресей  империясы  Орта  жүздің  ішкі  істеріне  белсенді  араластығын  бастады.  Бұл 
əрекеттерге  Уəли  хан  негізінен XIX ғасырдың  бас  кезіне  дейін  нақты  шаралар  қабылдамай,  патша 
өкіметімен  белгілі  бір  келісімге  тоқталуды  ойлады.  Ал,  Ресей  Орта  жүз  ханына  «сыйластық»  көңілін 
білдіре отырып, өз əскерлерін ел ішіне жіберуін жалғастыра берді. Мысалы, 1798 жылдың 19 қазанында 
Уəли ханның атынан жіберілген жиені Батыр сұлтан, Орта жүздің үш рубасы жəне 6 адамынан құралған 
депутаттар Санкт-Петербургта император І Павелдің қабылдауында болды[11]. Оларға үлкен сый-құрмет 
жасалып  қайтар  жолдарының  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  туралы  император  жарлық  шығарды.  Уəли 
ханды бір жағынан патша өкіметінің өзіне жəне төңірегіндегі сұлтандарға жоғарыдағыдай құрмет көрсетуі 
де Ресейге қарсы бір шешімге келуін тежеді. 
Бірақ  ХVІІІ  ғасырдың  соңы – XIX ғасырдың  бас  кезінде  Орта  жүзде  шаруашылық  жағдайдың 
нашарлауы,  халықтың  наразылығы    ханның  орыс  өкіметінің  қызметшілеріне  əр  түрлі  талаптар  қоюына 
түрткі  болды.  Уəли  хан 1809 жылғы  хатында  қазақ  даласына  орыс  əскерлерінің  енуіне  жəне  жергілікті 
елге  қысымшылық  көрсетуіне,  жерлерді  иемденіп,  игерулерін  тоқтатуын  сұрайды.  Сонымен  қатар  ол 
төмендегідей  нақты  талаптар  да  қойды:  шөп  орып,  балық  аулауға  өткен  орыс  казактарының  жəне 
саудагер,  көпестердің  өзіне  салық  төлеуін,  болмаған  жағдайда  сауда  керуендерін  тоқтататындығын 
ескертті. Орыс казактарының қазақ жерлеріне, ал станицалық қазақтардың Ресей территориясына өтулері, 
шекараны  түсініксіз  жағдайға  түсіруі - орыс  жəне  қазақ  жерлерінің  шекараларын  бір  жүйеге  келтіріп, 
анықтауды талап етуіне себепші болды.  
Дегенмен, ханның Орта жүздегі жағдайды реттеу мақсатында Ресей мемлекетінің алдына қойған 
талаптарының  бірі  де  орындалмады.  Сондықтан  хан  орыстармен  сөз  жүзінде  ешқандай  келісімге  келе 
алмайтындығына  көзі  жетіп,  күш  қолдануға  мəжбүр  болды.  Орта  жүз  территориясынан  өткен  сауда 
керуендерін  тоқтатып  салық  төлемеген  жағдайда,  олардың  мал-мүліктерін  алып,  өздерін  ұстап  қалу 
оқиғалары құжаттарда жиі кездеседі. Сонымен ханды өз мүдделеріне бейімдеу, бағындыру шараларының 
нəтиже  бермеуі,  орыс  қызметшілерінің  Орта  жүзге  жазалау  экспедицияларын  жіберуіне  жол  ашты.  Ең 
алғашқы  экспедицияны 29 сəуірде  капитан  Часовщиков  бастап  келеді.  Одан  кейін,  яғни 4 мамырда 
хорунжий  Безязыков  пен  осы  айдың 6-нда  майор  Морозовтың  əскерлері  Уəли  хан  мен  Ғаббас 
сұлтандардың  иеліктеріне  енеді [12]. Бірақ,  бұл  уақытта  Уəли  хан  баласымен  өз  қоныстарынан  сырт 
жақтарға  көшіп  кетіп,  жазалау  экспедициялары  дағдарып  қалады. 12 мамырда  Часовщиков  əскері  жол 
көрсетуге  Орта  жүздің  батыры  Құлбекті  алып,  ханның  көшінің  соңына  түседі.  Бұл  жазалау 
экспедициясымен қатар хорунжий Безязыковтың да отрядтары шығарылады. Нəтижесінде Ғаббас сұлтан 


ВЕСТНИК  КазНПУ им.Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», № 3 (26), 2010 г. 
 
 
22
жəне  Уəли  ханмен  біріккен  қарауыл  руының  адамдары,  ханның  кеңесшілері,  барлығы 9 адам  ұсталып, 
шекараға табыс етіледі. 
Біраз жақтастарынан айырылғанымен де, Уəли хан өз бағытын өзгертпеді. 20 мамырда ол қарпық 
руларының (орта жүздегі Мейрам тобына жататын ру, əдетте алтай-қарпық атанады –  авт.) рубасыларына, 
ақсақалдарына  өзінің  төлеңгіттерін  жібереді.  Ондағы  талабы - сол  жерге  тоқтаған  орыс  саудагерлерін 
барлық  мал-мүліктерімен  қосып  өзіне  ұстап  əкелу[13].  Рубасылар  əскери  экспедициялардан  сескеніп,  өз 
руының  тыныштығына  алаңдауынан  бұл  талапқа  қарсылық  білдіріп,  оны  орындаудан  бас  тартады. 
Аталмыш рудың басшыларына сүйенсе, бұйрығының жүзеге аспайтынын түсінген Уəли хан маңайындағы 
төлеңгіттерімен  орыс  жəне  бұхарлық  саудагерлерді  ұстап,  елдеріне  қайтармай  қояды.  Дегенмен,  Орта 
жүздің руларынан қолдау таппаған, тек өз төңірегіндегі төлеңгіттері мен атығай - қарауыл сияқты кейбір 
руларға  сенім  артқан  Уəли  ханның  бас  көтеруі  орыс  жəне  казак  əскерлерінің  күшімен  басып  тасталады. 
Сонымен  қатар  Ресейдің Орта  жүздегі  Уəли  ханның  позициясын  əлсірету  мақсатындағы  шаралары 1815 
жылы екінші хан етіп Бөкейді дайындауымен ұштасты.  
Жалпы Уəли ханның билік құру уақытын екі кезеңге бөлуімізге болады. Алғашқы 1781 жылдан – 
ХІХ  ғасырдың  басталуына  дейінгі  аралықтағы  бірқалыпты  қызметінің  кезеңі.  XIX ғасырдың  басынан - 
осы ғасырдың 20-жылдарына дейінгі Ресей мемлекетінің саясатына ашық түрде қарсы шығуы мен хандық 
билігінің  əлсіреуімен  сипатталатын  екінші  кезеңі.  Осындай  қарама – қарсылық  жағдайында  Ресей  Уəли 
ханның билігін əбден тежеу мақсатында Орта жүзді ыдырату саясатын жүргізді. ХІХ ғасырдың басындағы 
Орта жүздің дəстүрлі басқару жүйесінде Уəли ханмен қатар екінші  хан билігі пайда болды. Бұл хандық – 
ХVШ  ғасырдың  ортасында  Орта  жүздің  ықпалды  сұлтаны  болған  Қырық  сан  Барақтың  ұлы  Бөкей 
сұлтанның хандығы еді.  
Орта  жүздегі  қос  билікке  тоқталмас  бұрын,  алдымен  олардың  нақты  қай  жылдары  қызмет 
атқарғандықтарын  анықтап  алу  маңызды.  Себебі  тарихи  деректер  немесе  ғылыми  еңбектерде  екі  ханға 
байланысты  əр  түрлі  жылдар  көрсетіледі.  Уəли  ханның  билігінің 1781 жылдан  басталатындығы  тарихи 
құжаттардан  дəлелденгенімен,  оның  қай  кезеңге  дейін  өмір  сүргендігі  белгісіз.  С.  Броневский  Уəлидің 
1820  жылы  қайтыс  болғандығын  жазса[5],  А.  Левшин[7],  И.  Крафт 1821 жылды  көрсетеді[14],  ал  М. 
Вяткин  зерттеуінде  оның 1819 жылға  дейін  билік  құрып,  өлгендігі  айтылады[10].  Кейінгі  кездегі  М. 
Мұқанов,  Н.  Мыңжан  сияқты  тарихшылар  Уəли  өлімін 1818 жылға  əкеледі.  Біздің  пікірімізше, 1820-21 
жылдарды  көрсеткен  авторлардың  мəліметтері  қисынды.  Оған  дəлелді    Қытай  өкіметі  Уəли  ұлы 
Ғұбайдоллаға бір жыл бұрынғы қыс мезгілінде қайтыс болған əкесінің өліміне қөңіл айта отырып, өзін хан 
етіп бекітетіндіктерін хабарлайтын 1822 жылғы Қытай құжаттарынан табуымызға болды. Сонда хан 1820 
жылдың  желтоқсаны  немесе 1821 жылдың  қаңтар  айларында  қайтыс  болған.  Осы  мəселеге  байланысты 
белгілі қазақ шежіресі М.Ж. Көпейұлының Уəлиге қатысты деректеріне көңіл аудару қажет.  
Сол сияқты Бөкейдің хандық құруы да əр түрлі уақытта белгіленеді. М. Вяткин оның 1815 жылы 
хан  сайланып, 1817 жылы  дүниеден  өткендігінен  мəлімет  береді[11].  Ал,  Қ.  Халид  «Тауарих  хамса» 
еңбегінде  Бөкей  сұлтанның  хан  сайлануына  толығырақ  тоқталған.  Онда «1816 жылы 12 қаңтарда I 
Александр атынан арнайы грамота келеді. Осы грамота бойынша Бөкей сұлтан Орта жүздің атақты он үш 
руларына билік жүргізу үшін хандыққа бекітіледі. Абылай хан өлімі мен грамота келуінің арасы 30 жыл» 
делінген[12].  Бұл  есеп  дұрыс  берілмеген,  яғни  Абылай  хан 1781 жылы  қайтыс  болса,  оған 30 жылды 
қоссақ,  Бөкейдің  хан  сайлануы 1811 жылмен  тұстас  келеді.  Ал  Орта  жүзде  осы  биліктің 1811 жылы 
қалыптасқанын дəлелдейтін тарихи дерек жоқ. Қ. Халид аталған еңбегінде Бөкей ханға байланысты тағы: 
«Ал Бөкей екі жыл бір ай хан болып, 1819 жылы январь, яки февральда қайтыс болды, ал заңсыз хандығы 
қанша  екені  жазылмаған»,  деген  пікірді  алға  тартады[12].  Осы  жерде  жəне  бір  қателікке  жол  берілген. 
Егер  жоғарыдағы 1816 жылдың 12 қаңтарындағы  Бөкейді  хандыққа  бекіту  туралы  патша  грамотасын 
ескере отырып, есеп жүргізсек, яғни 1816 жылдың қаңтарына екі жыл бір айды қосатын болсақ, Бөкейдің 
хандық  билігі 1818 жылдың  қаңтар-ақпан  айларында  тоқталған  болып  шығады.  Ал,  ханның 1819 жылы 
қайтыс болғандығын А. Байтұрсынов[13], С. Броневский[2] жазбаларынан табамыз.  
Яғни, біздің шығаратын қорытындымыз 1816 жылдың 30 желтоқсанында патша жарлық шығарып, 
12 күннен кейін, яғни 1817 жылдың 12 қаңтарында грамота жіберілген. Осыған ұқсас ойды Қ. Исабаев та 
жазады: «Сайлаудың  нəтижесін I Александр  патша  жарлығымен  бекітіп,  келесі  жылдың  ақпан  айында 
Семьяр  қамалында  патша  қол  қойған  грамота,  құндыз  жағалы  ішік  жəне  қылыш  Бөкей  қолына 
тапсырылады»[14]. Ə. Бөкейханов жинақтаған мұрағаттық деректерді қарастырсақ, Бөкейдің хан көтерілуі 
жəне хандық белгілерді алуы 1817 жылы болған. Сонда, Бөкей хан 1816 жылдың желтоқсанынан – 1819 


жүктеу 5,07 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   66




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау