Microsoft Word История. №3,2010



жүктеу 5,07 Kb.
Pdf просмотр
бет63/66
Дата28.11.2017
өлшемі5,07 Kb.
#2117
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ХАБАРШЫСЫ,  «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, № 3 (26), 2010 ж. 
 
 
125
жөніндегі міндеттеменің орындалуы қаңағаттанғысыз»[5, 2-3б.]. Яғни, бұдан, 1932 жылдың аяғына дейін 
сауатсыздықты жою жоспарының жүзеге аспағанын көруге болады. 
Республикадағы сауатсыздықты жою жайғдайы қанағаттанғысыз болса, балаларды оқумен қамту 
мəселесі де нашар күйде тұрды. БК(б)П Қазақ Өлкелік партия комитетінің хатшысы Ф.И. Голощекиннің 
өзі де жасырмаған. 1932 жылдың 9 қыркүйегінде большевиктер партиясының Орталық Комитетіне жазған 
баяндау-хатында  былай  деген: «...Мектеп  жасындағы  балаларды  жалпы  оқуға  тарту 83,6 пайыз  болса, 
оның  ішінде  қазақтар  барлық  оқумен  қамтылғандардың 45 пайызын  құрайды.  Жоғары  сатыдағы 
мектептерде  оқитын  қазақтар  санына  келсек,  ол  тіптен  нашар.  Мұны  мынамен  түсіндіреміз.  Қазақ 
ауылындағы  мектептердің  бірінші  сатысының  дамуы  щаруа  адамдарына  жəне  киіз  үйлерге  шашырап 
қоңыстануларына; екіншіден, оқытушылар қатарының тым жеткіліксіз жəне төмен деңгейіне байланысты 
қиындап отыр...»[6, 64б.].    
ҚАССР  Халық  Ағарту  Комиссариаты  партияның XVII съезінен  кейін  жалпыға  бірдей  бастауыш 
оқуды еңгізудің қорытындыларына талдау жасады. Онда 1932/1933 оқу жылында халық ағарту бөлімдері 
мен мектептердің жалпыға бірдей оқу туралы декретті орындау жұмысында елеулі кемшіліктер болғаны 
аңықталды. 
Мəселен, Шығыс Қазақстанның  8 ауданында бастауыш, жеті жылдық жəне орта мектептің соңғы 
сыныптарындағы  оқушылардың 23 пайызы  1932-1933 оқу  жылында    мектепті  аяқтамай,  тастап  кеткен. 
Сонымен  қатар,  əр  түрлі  себептерге  байланысты    Шығыс  Қазақстан  облысының  мектептері  оқуға 
мерзімінде  кіріспегені  жайлы  мəліметтер  бар.  Оқу  жылын  уақытында  облыс  мектептерінің  тек 29,6 
пайызы  бастаған,  мектептердің 37,6 пайызы 15 қыркүйектен  кейін  кіріскен[7].  Əсіресе  қазақ  ауылын 
отырықшылыққа көшіру  кезінде мəдени-əлеуметтік  жұмыстар назардан тыс қалды.  
Яғни  мəдени,  оқу-ағарту  шаралары  жаппай  отырықшыландырудың  алғашқы  жылдарында екінші 
қатардағы  шараларға  жатқызылды.  Мұның  бəрі  қазақ  ауылында  жүргізілген  күштеп  ұжымдастыру  мен 
отырықшыландырудың салдарынан болған ашаршылықтың зардаптары еді. 
Панасыз  балаларды  есепке  алуда  Балалар  комиссиялары  жəне  Халық  Ағарту  органдарының 
жүргізген шараларының нəтижесінде жергілікті жерлерде тексеріске қамтылған панасыз балалардың саны 
1934 жылдың 1 қаңтарында өлке  бойынша 96.483 деп аңықталды [8].    
Мұрағат  құжаттарының  мəліметтеріне  қарағанда,  1934 жылдың    бірінші  жартыжылдығында  
Қазақстан бойынша мəдени кұрылыстың жетістіктері төмендегідей [9]. 
№ 
Облыс 
атаулары 
Халық ағарту 
комиссариатының 
жоспары бойынша 
Нақты қамтылуы 
Орындалу пайызы 
 
I сат. 
мектеп 
II-сат. 
мектеп 
I-сат. мектеп II-сат. 
мектеп 
I-сат. 
мектеп 
II-сат. мектеп 
1.  Алматы 
облысы 
75800 7405  63797 5629 95,3 
 
75 
2.  Алматы 
қаласы 
16900 
 
4730 18187 
 
5235 107,6 
 
110,7 
3.  Ақтөбе 69500 
9270  77262 
7406 
111,2  79,9 
4.  Шығыс 
Қазақстан 
109860 
 
14928 102605 
 
14069 93,4 
 
94,4 
5.  Батыс 
Қазақстан 
55400 
 
5105 49722 
 
5086 89,8 
 
99,6 
6.  Қарағанды 110700  14212 
108378  11673  97,8 
82,1 
7.  Оңтүстік 
Қазақстан 
75540 
 
12550 76724 
 
6698 101,6 
 
53,4 
 
Барлығы: 513700  68200  496675 54876 98,3 
81,1 
 
Бұл  кестеден  балаларды  оқумен  қамтуда    Халық  ағарту  комиссариатының  жоспарының 
орындалмағанын  байқаймыз.  Шығыс  Қазақстан  бойынша  оқумен  қамту  І-сатылы  мектепте – 93,4, ІІ- 
сатылы мектепте 94,4 пайызды құрайды.  


ВЕСТНИК  КазНПУ им.Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», № 3 (26), 2010 г. 
 
 
126
Сонымен қатар, 1934 жылы  Шығыс Қазақстан облысы бойынша сауатсыз жəне жартылай сауатты 
109328 адам есепке алынып, оқумен 47294 адам, яғни 47 пайызы ғана қамтылды. Мұрағат құжаттарының 
мəліметтерінде, əсіресе оқумен қамту жұмысы нашар жүргізілген аудандар: Тарбағатайда -9, Жарма -16, 
Күршім -23, Шыңғыстау -27 пайызы  оқумен  қамтылған - деп  көрсетілген.  Жұмыстың  қанағаттанғысыз 
болуының  негізгі  себептері  Халыққа  білім  беру  органдарының  нашар    жетекшілік  етуі;  кəсіподақ, 
кеңестердің тарапынан ересектерді оқуға тартылуына айтарлықтай назар аудармауы болып табылады.[10]. 
933/34  оқу  жылының  екінші  жартысында  Қазақстанда  мектеп  жасындағы  балаларды  есепке 
алудың  жəне оларды оқуға тартудың  жағдайы келесідей болды. 
 
№ 
Аудандардың 
атаулары 
Есепке алынған 8-15 жас 
аралығындағы балалар 
I-II концентр 
мектептерімен 
қамтылған 
Қамтылу пайызы 
1.  Алматы ауданы 70262 
69346 98 
2.  Алматы қаласы 24000 
23013 96 
3.  Ақтөбе 95423 
84473 
88,6 
4.  Шығыс Қазақстан 120508 
116476  96,5 
5.  Батыс Қазақстан 56408 
54694 96,9 
6.  Қарағанды 130200 
119838 
92 
7.  Оңтүстік Қазақстан 97241 
83039 
85,4 
 
Барлығы: 594042 
550878 
92,5 
 
Жоғарыда  келтірілген  кестеден, 8-15 жас  аралығындағы  балалардың  оқумен  қамтылуының  
жоғары пайызын көреміз. Бірақ П концентрлі мектепте оқумен қамту 10,9 пайыз құраған. Мұның себебі 
12-15  жас  аралығындағы  ересек  балалар  бастауыш  мектепте  оқыды.  Осындай  жағдай  əсіресе  көшпелі 
жəне  жартылай  көшпелі  қазақ  аудандарына  тəн,  яғни  есепке  алынған  балалардың    мектеппен  қамтылу 
пайызы төмен болды. 
Мəселен,  көшпелі  жəне  жартылай  көшпелі  аудандарда  оқу  жасындағы  балалардың  мектепке 
тартылғаны Шығыс Қазақстан облысында -95 пайызды құрады [11]. П сатылы мектептің даму қарқыны І 
сатылы мектептің даму қарқынынан көп кейін қалды. 
Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысы бойынша бірқатар мектептер оқу мерзімін ерте аяқтап, 
мұғалімдер егістік жұмысқа жұмылдырылған[12].  
Шығыс  Қазақстан  облысының  атқару  комитетінің  Президиумының 1936 жылы 9 қыркүйекте 
облыста сауатсыздықты жою барысы  туралы қаулысында «Облыстық атқару комитетінің сауатсыздықты 
жою  туралы  қаулылары  жəне  нұсқауларының  бір  қатарына  қарамастан,  облыс  аудандарының  көпшілігі, 
бұл шараның мемлекеттік маңыздылығын бүгінгі күнге дейін түсінбеуде, сондықтан сауатсыздықты жою 
жұмысының  көрсеткіші  қаңағаттанғысыз.  Əсіресе,  оқумен  қамту  жəне  оқуды  аяқтағандардың    саны 
бойынша мардымсыз қарқынды көрсеткен аудандар: 
 
№ 
Аудандар 
Оқумен қамту 
Оқуды аяқтағандар 
1. 
Белағаш 
4,9  % 
14,3 % 
2. 
Қатонқарағай 
6,0 % 
9,5 % 
3. 
Зырян 
7,6 % 
12,4 % 
4. 
Киров 
20 % 
29,8 % 
5. 
Иртыш 
21 % 
21,6 % 
6. 
Предгорненск 
21,2 % 
17,8 % 
7. 
Большенарым 
21,9 % 
14,8 % 
8. 
Шемонаиха 
25,2 % 
11,7 % 
9. 
Бесқарағай 
28,9 % 
14,7 % 
10.  Зайсан 
29,6 % 
23,2 % 
11.  Семей 
37,8 % 
8,6 % 


жүктеу 5,07 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау