Microsoft Word Баяндама толық дайын tk2018 20062018. doc



жүктеу 1,35 Mb.
Pdf просмотр
бет32/53
Дата07.02.2020
өлшемі1,35 Mb.
#28507
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   53

69 
 
ШОБ  секторындағы  респонденттердің  54,0%  -ы  мемлекеттік  органдар  тарапынан  жыл 
сайын  өткізілетін  сыбайлас  жемқорлық  деңгейіне  арналған  әлеуметтік  зерттеу 
нәтижелеріне  сенеді  (респонденттердің  43%  «сенім  артатыны  ықтимал»,  11%  «толық 
сенеді»). 
39,8% -ы мемлекеттік органдар өткізетін жыл сайынғы әлеуметтік зерттеуң нәтижелеріне 
сенімсіздік білдірді.  
Респонденттердің 
басым 
бөлігі 
TRANSPARENCYINTERNATIONAL 
ұйымының 
жариялаған  жыл  сайынғы  сыбайлас  жемқорлықты  қабылдау  индексіне  сенеді:  бұл 
көрсеткіште 89,8% сенім (67,4% «сенім артқан» және 22,4% «толық сенімділік»). 
Респонденттердің  көпшілігі  (92,4%)  сыбайлас  жемқорлық  бойынша  әлеуметтік  зерттеу 
нәтижелерін  БАҚ-да  жариялау  керек  деп  санайды.  Респонденттердің  тек  7,6%  -ы  бұл 
қажет емес деп санайды. 
БАҚ-да сыбайлас жемқорлық туралы ақпарат  жиілігіне  келетін  болсақ, респонденттердің 
62,6%  -ы  Қазақстандағы  сыбайлас  жемқорлық  туралы  ақпаратты  "жиі"  көреді.  31,4% 
сирек кездестіреді. 
Зерттеу  шеңберінде  мемлекеттік  қызметшілердің  ішінен  респонденттер  сұхбат  алды, 
олардың саны 500 адам болды. 
Сыбайлас  жемқорлықты  қабылдауды  бағалау  саласында  қоғамдық  пікірді  зерттеу 
бойынша  мемлекеттік  қызметшілердің  пікірлері:  Респонденттердің  91,4%  сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы әлеуметтік зерттеу нәтижелерін БАҚ-да жариялау қажет деп санайды. 
Респонденттердің  басым  көпшілігі  сыбайлас  жемқорлықпен  байланысты  сауалнама 
нәтижелеріне сенім білдірді: 52,2% «сенген жөн», 41,8% - «сенеміз» деп санайды. 
Респонденттердің жартысынан астамы (54,8%) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әленуметтік 
зерттеу  нәтижелеріне  Қазақстандағы  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  мәдениетті 
қалыптастыруға  ықпал  ететін  фактор  ретінде  маңызды  көңіл  бөледі:  респонденттердің 
44,2%  -ы  қарама-қайшы  пікірге  ие,  олар  мұндай  зерттеулер  жемқорлыққа  қарсы 
мәдениетті қалыптастыруға ықпал етпейді деп санайды.  
«Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  әлеуметтік  зерттеу  нәтижелері  кімгеқажет?»  деген 
сұраққа  ең  жиі  жауаптар  үш  түрге  ьөлінеді  –  "билікке,  шенеуніктерге"  -  (37,4%), 
«азаматтарға»  -  (35,2%),  «жалпы  қоғамға»  -  (32,8%).  Респонденттердің  69,4%  сыбайлас 
жемқорлыққа  қарсы  әлеуметтік  зерттеу  нәтижелерін  қолдану  туралы  сұраққа  жауап  бере 
алмады.  Яғни,  респондент-мемлекеттік  қызметкерлердің  басым  көпшілігінің  сыбайлас 
жемқорлыққа  қарсы  әлеуметтік  зерттеулердің  нәтижелерін  іс  жүзінде  қолдану  туралы 
түсінігі жоқ.  
Респондент-мемқызметкерлердің  көпшілігі  (73,8%)  сыбайлас  жемқорлықты  зерттеу 
туралы  әлеуметтік  сауалнаманы  жүргізуге  мемлекеттік  органдар  тапсырыс  береді  деп 
сенеді.  36,2%  -ы  «бизнес»  тапсырыс  беріп  отыр  ден  сенсе,  30,6%  -ы  мұндай  зерттеулер 
халықаралық ұйымдар тапсырысы бойынша жүргізіледі деп санайды. 
Респонденттердің  үштен  бір  бөлігінен  көбісі  шетелдік  қатысушылармен  бірлесе 
жүргізілетін  әлеуметтанулық  зерттеулердің  нәтижелеріне  сенеді.  26,8%  отандық 
зерттеушілердің  зерттеулеріне  сенеді,  26%  шетелдік  компаниялар  мен  зерттеушілер 
өткізген  әлеуметтік  зерттеулердің  нәтижелеріне  сенуді  қалайды.  Респонденттердің  тек 
8,6% халықаралық ұйымдар жүргізген әлеуметтік зерттеулерге сенеді. 
TRANSPARENCY  INTERNATIONAL  жариялаған  сыбайлас  жемқорлықты  қабылдау 
индексіне респонденттердің сенімі жоғары (80,2%): 52,6% «сенген жөн» және 27,6% «бұл 
индекске  толық  сенеді».  Респонденттердің  «TRANSPARENCY  INTERNATIONAL» 
жемқорлықты  қабылдау  индексне  қарағанда,  мемлекеттік  органдардың  сыбайлас 


70 
 
жемқорлыққа  қарсы  жүргізген  социологиялық  зерттеулерінің  нәтижелеріне  деген 
сенімділігі  (76,6%)  төмен  –  47,6%  «сенген  жөн»  және  29%  «толық  сенеді».  Сонымен 
қатар,  TRANSPARENCY  INTERNATIONAL  индексіне  қарағанда,  мемлекет  жүргізген 
социологиялық зерттеулердің нәтижелеріне сенімсіздік деңгейі де төмен.. 
9.2.3. Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) зерттеуі (ПРООН)  
Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  Даму  бағдарламасы  аясында  Қазақстан  Республикасы 
Мемлекеттік  қызмет  істері  агенттігі  мен  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл 
агенттігімен  бірлесіп  «Қазақстандағы  мемлекеттік  қызмет  этикасының  институттарын 
жетілдіру: этиканы сақтау перспективалары» талдамалық баяндамасы дайындалды.  
Фокус-топтарда  бастапқы  деректерді  алу  үшін  Өтпелі  және  дамушы  елдердегі  маңызды 
мәселелер  туралы  ақпарат  алудың  тиімді  әдістерінің  бірі  ретінде  Қазақстандағы  Біріккен 
Ұлттар  Ұйымының  ЭЫДҰ  Даму  Орталығының  (2016)  ұсынған  «ми  шабуылының 
сессиясы» әдісі пайдаланылды. 
Бірінші  фокус-топ Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік органдарының 19 этика 
жөніндегі 
комиссарларының 
қатысуымен 
2017 
жылдың 
сәуірінде 
Назарбаев 
Университетінің  Жоғары  мемлекеттік  саясат  мектебінің  базасында  өтті.  Оған    Жоғарғы 
Сот,  Есеп  комитеті,  Ұлттық  экономика  министрлігі,  Инвестициялар  және  даму 
министрлігі,  Дін  істері  және  азаматтық  қоғам  министрлігі,  Ауыл  шаруашылығы 
министрлігі,  Әділет  министрлігі,  Қаржы  министрлігі,  Қорғаныс  министрлігі  және 
Аэроғарыш  агенттігі,    Ақмола,  Ақтөбе,  Шығыс  Қазақстан,  Қарағанды,  Қызылорда, 
Павлодар,  Солтүстік  Қазақстан,  Оңтүстік  Қазақстан  облыстары  мен  Астана  қаласының 
жергілікті билік органдары кірді.  
Алдын  ала  қорытындылар  2017  жылдың  мамыр  айының  соңына  қарай  Қазақстанның 
барлық  аймақтарынан  жергілікті  атқарушы  органдардың  25  этика  жөніндегі  комиссары 
қатысқан  екінші  фокус-топта  сыналды.  Бұл  фокус-топ  Қазақстан  Республикасы 
Президенті 
жанындағы 
Мемлекеттік 
басқару 
академиясының 
қолдауымен 
ұйымдастырылды. 
Қатысушылар 
проблемалардың 
сипаттамасын 
және 
олардың 
себептерін растады және олардың практикасынан мысалдар келтірді. 
Қазақстанда  дәстүрлі  қоғамдық  құндылықтардың  қазіргі  заманғы  мемлекеттік  қызмет 
қағидаттарымен  қақтығыстары  бар.  ЭЫДҰ  «Мемлекеттік  қызметтегі  мүдделер 
қақтығысын  басқару»  (2003)  есебіне  сәйкес  мүдделер  қақтығысының  ықтимал  көздері, 
жеке және отбасылық қатынастарды қамтиды; сыйлықтар мен қонақжайлылық. Қоғамның 
дәстүрлі нормалары мен мемлекеттік қызмет қағидаттары арасындағы күрделі қайшылық 
мемлекеттік  қызметшілердің  өздері  тарапынан  мемлекеттік  қызметті  реформалауға 
жасырын қарсылыққа әкеледі.       
Мемлекеттік  қызметшілердің  этикасының  жеткіліксіз  деңгейі  қазақстандық  қоғамның 
адамгершілік  құндылықтарын  бейнелейді.  2014  жылы  «Нұр-Отан»  қоғамдық  саясат 
институты  Қазақстандағы  қоғамның  құндылықтарын  зерттеуді  жүргізді,  оны  барлық 
өңірлерден келген 1600 азамат қабылдады.  
Қазақстандықтар  үшін  ең  маңызды  бес  құндылық:  денсаулық  (75,3%),  балалар  (54,2%), 
қауіпсіздік  (44,7%),  әл-ауқат  және  дәулет  (40,9%),  яғни  адамның  қажеттіліктерін 
қанағаттандыру  бағытындағы  құндылықтар  кірді.  Маңызды  құндылықтар  тізімінің 
соңындағы құндылықтар - өзін-өзі дамыту (10%), Отанға қызмет ету (10,8%), патриотизм 
(12,7%), адам құқықтары (14,7%) және еркіндік (14,8%). 
Жаңа нормативтік-құқықтық актілерді қабылдауға негізделген айрықша заңнамалық тәсіл 
және  мемлекеттік  қызметкерлер  мен  қоғамның  менталитетін  және  мәдениетін 
өзгертпестен  оларды  жаңадан  ауыстыру,  және  заңның  үстемдік  құруын  жүзеге  асыру  - 
косметикалық әсері беруі мүмкін.  


жүктеу 1,35 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   53




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау