Екінші зертханалық жұмыс
Төменде ұсынылып отырған бұл зертханалық жұмыс - Excel программасында қазіргі өмір талабымен байланыстыра отырып программаларды құру арқылы, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, ойлау қабілетін және шығармашылық жұмысын арттыруға негізделген.
Зертханалық жұмыста мұғалім банкир, оқушылар сол банкінің клиенттері болып саналады. Банкир өз клиенттерінің сұраныстарын ескеріп несие береді. Ол үшін банкир несие алушы клиенттерге несие алу, қайтару мысалын көрсетіп түсіндіреі.
Мысалы, несие алушы Ернұр мырза 250 000 теңгені 1 жылға 13% жылдық пайызымен (процент) 2009 жылдың қаңтарында банкіден алды. Ол 2010 жылдың қаңтарына дейін несиені және қосымша пайызын қоса банкіге қайтарып беруі тиіс. Несие алушы несиені 1 жылға алғандықтан және ай сайын
сол несиенің белгілі бөлігін қосымша айлық пайызымен қайтаруы тиіс болғандықтан жылды айларға бөліп тастаймыз.
Банк шарты бойынша несиеге беріген ақша қанша жылға берілсе, сол жылдарға шағып бөлінеі, мысалда несие алушы несиені 1 жылға алғандықтан берілген екі жүз мыңды он екі айға бөлеміз. Сонда беріген несиенің қаншадан ай сайын (20833) қайтарылатынын білеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |