Мфпко-301 тобы Қожаберген Сабира Талғатқызы Академиялық жазу пәні БӨЖ 4 апта Глоссарий


БОӨЖ 4 апта Оқытудағы математикалық модельдеу



жүктеу 32,77 Kb.
бет2/2
Дата28.10.2023
өлшемі32,77 Kb.
#44061
1   2
4 апта Қожаберген Сабира МФПКО тобы курс үш

БОӨЖ 4 апта
Оқытудағы математикалық модельдеу
Қазіргі қоғамға кәсіби қызметте өзінің мүмкіндіктерін барынша іске асыра алатын, сол арқылы қоғамға пайда әкелетін, елдің дамуына ықпал ететін азаматтар қажет. Осыған орай болашақ математика мұғалімінің кәсіби дайындық деңгейіне жаңа талаптар қойылып отыр. Математикалық білім беруді дамыту тұжырымдамасында математика жалпы мәдениеттің, функционалдық сауаттылықтың және күнделікті қолданудың элементі ретінде әрекет ететіндігі атап көрсетілген. Бұл мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қоғам деңгейінде дамыту мәселесінің өзектілігін түсіндіреді. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «оқу жастарға тек білім беріп қана қоймай, сонымен бірге оларды әлеуметтік бейімделу үдерісінде пайдалана білуге де үйретуі тиіс» деп атап көрсетілген.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту мәселелеріне арналған шетел ғалымдары Кок-Синг Тан мен П. Джон Уильямс , Хери Ретнавати және Нидя Ф. Вуландаридің және Г. А. Кемельбекованың және басқалардың зерттеулері бар. Математикалық модельдеуге К.А. Краснянская, Л.О. Денищева , Е. Н. Гусева, С. В. Юдин , Б. А. Горлач , О. В.Булыгина, М.И.Дли, А.А.Емельянов, Ю.В.Селявский , компьютерлік модельдеуге А.С.Акопов, О.К. Альсова және басқалардың зерттеулері арналған. Алайда, болашақ математика мұғалімдерін оқушылардың математикалық сауаттылығын математикалық модельдеу арқылы дамытуға даярлау мәселесіне арналған жеке зерттеулер жүргізілмегенін мойындау керек.
Модель - таным процесінде түпнұсқаны ауыстыратын материал немесе ойша елестетілген объект. Әдетте модель түпнұсқаның кейбір маңызды белгілерін сақтайды. Әрбір зерттелген процесті әртүрлі модельдермен сипаттауға болады. Бірақ бірде-бір модель процесті толық және жан-жақты сипаттай алмайды. Алайда, зерттелетін объектінің жеке ерекшеліктерін көрсететін модельді қолдану себептер мен салдарлардың байланысын нақтырақ көруге, қажетті қорытындыларды тез шығаруға, дұрыс шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.
Модельді әртүрлі тәсілдермен ұсынуға болады. Кең мағынада модель объектінің ең маңызды қасиеттерінің көрінісі ретінде анықталады.Математикалық модельдерге қойылатын негізгі талаптар - сәйкестік, әмбебаптық және үнемділік.
Модельдеу - білімнің арнайы саласы - әдіснамада зерттелетін таным әдістерінің бірі. Модельдеу - бұл жалпы ғылыми әдістерге жататын қоршаған әлемді танудың ерекше әдісі. Оны эмпирикалық және теориялық деңгейде қолдануға болады. Ағылшын тілінде модельдеу ұғымына екі термин қолданылады: modeling и simulation. Біріншісі, негізінен теориялық қағидаларға негізделген модельдеуді білдіреді, ал екіншісі –имитациялық моделдеу.
Математикалық модельдеу болашақ математика мұғалімдерін дайындау процесінде қолданбалы есептерді шешудің құралы ғана емес, сонымен қатар болашақ мұғалім меңгеруге тиіс интеллектуалды дағдыларды дамыту тәсілі болып табылады. Атап айтқанда, мұндай интеллектуалды дағдыларға мыналар жатады: проблемалық ситуацияны талдау, сұрақты тұжырымдау, мәселені шешу үшін қажетті ақпаратты табу және қажет емес ақпаратты алып тастау, гипотеза қою, шешімді іздеудің шекараларын анықтау, есепті математика тіліне аудару, шешімді түсіндіру интерпретации, дедуктивті және индуктивті қорытынды жасау және т.б.
Сонымен, мектеп оқушыларының математикалық сауаттылығын дамыта алатын құзырлы мамандар даярлау мақсатында біз математикалық модельдеу әдісін пайдаландық. Университет қабырғасында «Мектеп математика курсындағы мәселе есептерді шешу әдістемесі» тақырыбы бойынша дайындықтан өткен студенттердің практикалық мазмұнды мәселе есептерді оқушыларға оқытып үйрете білу қабілеті олардың дайындығының көрсеткішінің бірі деуге болады.
жүктеу 32,77 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау