МұҒалімдерге арналған нұСҚаулық


Қауіпсіздік теxникасының ережелерін сақтау



жүктеу 2,67 Mb.
бет4/5
Дата23.05.2018
өлшемі2,67 Mb.
#16718
1   2   3   4   5

Қауіпсіздік теxникасының ережелерін сақтау

Мектептің оқушылары өрт қауіпсіздігі шараларын білуге және орындауға міндетті, жер сілкінісі кезіндегі оқушылардың мінез-құлқы, xимия, физика, информатика, биология кабинеттерінде оқу жабдықтарын қолдануда, Қазақстан Республикасының ішінде іс-сапарлар барысында және одан тысқары жерлерде қауіпсіздік ережелерін Дербес Білім Беру Ұйымы "Назарбаев Зияткерлік мектептері" филиалдары сақтаулары тиіс.

Оқушылармен алты бағыт бойынша нұсқаулық жүргізіледі:
- оқу сабақтары;
- еңбек және кәсіби дайындық;
- эксурсиялар, жорықтар;
- спорттық сабақтар және жарыстар;
- үйірмелік сабақтар, мектептен тыс және сыныптан тыс жұмыстар.
Кабинеттегі жұмысты ұйымдастыру

Мұғалімі сабақтарға арналған сынып бөлмесін, сабаққа қажетті техникалық құралдарды компьютерлер, ноутбуктерді, практикалық және зертханалық жұмыстарға арналған жабдықтарды Алдын-ала дайындауы қажет, үзілістерде сынып бөлмесі желдетіліп отыруы тиіс. Мұғалім сабақ барысында сынып бөлмесінің санитарлық-гигиеналық жағдайы мен тазалығын үнемі қадағалап отыруы керек.

Барлық мектеп қызметкерлері мектеп мүлкін сақтауға жауапкершілкпен қараулары тиіс. Мұғалімдер мектеп мүлкі және оқу құрал-жабдықтарында ақауларды байқаса директордың қаржы-шаруашылық орынбасарын хабардар етуге тиіс.

ДББҰ "НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ"

ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК

Барлық материалдар қағаз және электрондық нұсқада (емтихан материалдары, оқу бағдарламалары, ережесі және т. б.) сақталуы тиіс. ДББҰ"Назарбаев Зияткерлік мектептері" зияткерлік меншігі болып табылады.

Кез келген мектеп материалдары коммерциялық қызметке байланысты жүргізуге, сондай-ақ оларды Мектептен тыс жұртшылыққа таратуға тыйым салынады.

тәрбие жүйесіндегі жобалар және негізгі іс-шаралар

Мектептің білім беру ортасы келесі жобалар мен негізгі іс-шаралар арқылы оқушылардың әлеуметтік белсенділігі мен азаматтық жауапкершілігін көтеріп, ел өміріне қатысуына мүмкіндік жасайды.


Жобалар

- Қазақстан аймақтарын зерттейтін «Туған елге тағзым» атты өлкетану зерттеу экспедициясы;

- ауыл мектептерінің кітапханаларына көмек ретінде «НЗМ - нен Bookcrossing», «Кітап саяхаты» акциясы;

- мамандыққа бейімдеудің 10 дағдысын қалыптастыруға негіз болатын «10 күн ата-ана жұмысында» атты әлеуметтік тәжірибе;

- тілдік ортаға ену және ауыл тұрмысымен танысу мақсатындағы «2 апта ауылда» әлеуметтік тәжірибе;

- кітап оқуға қызығушылығын арттыру мақсатындағы «НЗМ әрбір оқушысы оқуға тиіс 100 кітап» атты жоба;

- оқушылардың рухани мәдениеті мен музыкалық талғамын дамыту, ұлттық музыка мен ұлттық дәстүрімізді сақтау мақсатындағы «Қазақ әндері», «100 күйдің тарихы» атты жобалар;

- оқушының көпшілік алдында қазақ және орыс, ағылшын тілдерінде сөйлеу дағдысын дамыту мақсатындағы «TED*NIS клуб» жобасы;

- Қазақстанды әлемге баланың көзімен таныту мақсатындағы «Discover Kazakhstan» эссе –байқауы;

- «Wikipedia» клубында оқушылар қазақ, орыс, ағылшын тілінде мақаланы редакциялау, жазу, аудару, ақпаратты іздеу дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік алады.

- «Отбасылық оқу» клубы балалық шақтан бастап оқушылардың кітап оқуға танымдық қызығушылығын, уәжін дамытады.

НЕГІЗГІ ІС-ШАРАЛАР


Іс-шаралар

Мерзімі

Денсаулық сақтау күні

Қыркүйек

Таланттар шоуы

Қазан

«Еңселі елім менің» патриоттық әндер фестивалі

Қараша

«25 жұлдызды күндер», Қысқы бал

Желтоқсан

Шағын Азиада

Қаңтар

«Толағай» отбасылық спорт сайысы

Ақпан

«Алғыс айту» күні

Наурыз

Достық шеңбері

Сәуір

Жеңіс күні

Мамыр

«Әлеуметтік тәжірибе», жазғы мектеп

Маусым

«Туған елге тағзым» өлкетану зерттеу экспедициясы;

Шілде

«Қоғамға қызмет ету» жобасы

Жыл бойы

Танымал адамдармен «Сыр-сұхбат» кездесу кеші

Жыл бойы


«ШАҢЫРАҚ» оқушылар қауымдастығы

Мектептің құндылықтарын жүзеге асырудың негізгі өзегі, оқушылар қауымдастығы «Шаңырақтың» мақсаты түрлі жастағы, төменгі және жоғары сынып оқушылары мен мұғалімдердің ынтымақтастық, серіктестік, жауапкершілік, құрмет көрсету сезімдерін қалыптастыру болып табылады. «Шаңырақ» қауымдастығында оқушылардың көшбасшылық қасиеттері қалыптасады; ортақ іске деген ортақтасатық сезімі туындайды; оқуда бір-біріне көмек және қолдау көрсетеді; түрлі жастағы оқушылар ынтымақтастық арқасында эмоциональды мәселелерін бірлесе шешеді, тәлімгерлікті, әлеуметтік жобаларды жүзеге асырады және ұжымдық шығармашылық істерді өткізеді.



АТТЕСТАЦИЯ


Назарбаев Зияткерлік мектептері қызметкерлерін қызметтік бағалау «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы филиалдарындағы педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттау қағидалары «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 14 шілде 2016 жылы бекіткен шешімі негізінде (№ 33 хаттама) (аттестация) әзірленген.


Аттестация барысында мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін бағалау - кәсіби дамуының үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Бағалау мұғалімді өзінің педагогикалық тәжірибесінде кездескен қиындықтарға анализ жасай алатын, олардың шешу жолдарын таба алатын, өздігінен білімін жетілдіре алатын зерттеуші позициясына қояды.

Аттестация үш кезеңнен тұрады.


І кезең – мектепішілік бағалау.

  • кәсіби даму мақсатын қою;

  • сабақтарды бақылау;

  • жылдық тәжірибеге шолу.

ІІ кезең. Тәуелсіз бағалау



  • мұғалімнің рефлексивті есебін дайындауы;

  • рефлексивті есептің қалыптастырушы бағалануы.

  • рефлексивті есепті эксперттің бағалауы.

ІІІ кезең. Аттестация бойынша шешімді қабылдау





Аттестацияның негізгі қағидасы ашықтық, айқындық, жүйелілік, алқалық болып табылады.

Еңбекақы жүйесі және мұғалімдер уәждемесі

Еңбекақы мұғалімдердің еңбегін төлеу және ынталандыру жүйесі туралы Ережемен реттеледі.

Мектептегі еңбекақы төлеу жүйесі филиалдың негізгі мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған:


  • қызметкерлердің еңбегін олардың атқарған жұмысының санына және сапасына қарай әділ төлеуді қамтамасыз ету;

  • жеке және ұжымдық нәтижені арттыру арқылы филиалдың мақсаттарына қолжеткізу үшін жауапкершілікті және материалды қызығушылықты арттыру

  • оқу барысын жетілдіру;

  • еңбекке жауапкершілікпен және шығармашылықпен қарау;

  • қызметкерлердің тәртіпке бағынуы және бастамашыл болуы.

Филиалда еңбекке мерзімдік-сыйлық ақы төлеу қарастырылған.

Қызметкерлердің лауазымдық қызмет ақысы нақты бекітілген. Қызметкердің негізгі еңбекақысы нақты атқарған жұмыс уақытына қарай есептеледі.

Филиал штаттық кесте және жауапкершілік деңгейіне қарай анықталған лауазымның бірыңғай санатын қолданады.

Қызметкердің еңбекақысы негізгі (лауазымдық айлықтан) және қосымша бөлімнен тұрады. Еңбекақының қосымша бөлімі лауазымдық айлыққа қосылатын үстеме және қосымша ақыдан тұрады.

50, 55, 60, 65 жасқа келген қызметкерлерге филиалдың бірінші басшысының немесе филиалдың құрылымдық бөлімшесінде оның орнын басатын, кадрлар мәселесімен айналысатын тұлғаның шешімімен еңбекақы қорын үнемдеу есебінен бір айлық лауазымдық еңбекақы мөлшерінде сыйақы төлеу.

Қызметкерлерге келесі жағдайларда:

1) қызметкер зейнетке шыққанда - бір лауазымдық айлық мөлшерінде;

2) қызметкер отбасын құрғанда -бір лауазымдық айлық мөлшерінде;

3) қызметкер балалы болғанда, бала асырап алған жағдайда - бір лауазымдық айлық мөлшерінде; ал қызметкерде екі немесе одан да көп бала туған жағдайда - екі лауазымдық айлық мөлшерінде;

4) қызметкерге немесе отбасы мүшелеріне ауыр науқас кезінде қымбат ем және ота қажет болған жағдайда - бір лауазымдық айлық мөлшерінде;

5) құқыққа қарсы әрекет (қарақшылық, тонау) салдарынан қызметкерлерге мүліктік зиян келген жағдайда, жол көлік оқиғалары, сондай-ақ табиғи апаттар (өрт, су тасқыны, жер сілкінісі) жағдайында - екі лауазымдық айлық мөлшерінен артпайтын материалдық көмек көрсетіледі.




қызметтік іс-сапарлар


Мектеп қызметкерлері үшін қызметтік іссапарлар «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы қызметкерлерінің қызметтік іссапарлар туралы Ережесімен реттелген. (бұдан әрі – Ереже)

Ереже Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сай жазылған және қызметтік қажеттілік мақсатында қызметкерлерді іссапарға жіберу тәртібі мен жағдайларын анықтайды, сондай-ақ олар шығарған шығынды өтеу тәртібін бекітеді.

Еңбек шартына сай іс-сапар кезінде және жолды қоса есептеген мерзімге қызметкерге жұмыс орны (лауазымы) және еңбекақысы сақталады. Мектеп басшысының немесе оның міндетін атқаратын тұлғаның бұйрығы қызметкерді іссапарға жіберуге негіз болады.

Іссапарға жіберілген қызметкерге (үш тәулік бұрын) іссапар туралы бұйрық негізінде жеке карт-шотына (кассадан беріледі) жолға кететін шығын мен тұрғын үй-жай жалдауға, тәуліктік ақыны барлық іссапар мерзіміне қоса есептегенде жететін ақшалай аванс жіберіледі. Тамақтануға кететін шығын мен басқа да қызмет көрсету түрлері (қонақ үй сервисі) тәуліктік ақы есебінен төленеді және өтелмейді.

Қызметкер іс-сапардан келгеннен соң бес тәулік ішінде тиісті құрылымдық бөлімшеге іссапар туралы, сондай-ақ іссапар бойынша нақты шығын туралы аванстық есеп береді. Аванстық есеппен бірге келесі құжаттарды өткізуі керек:
1) анықталған талапқа сай рәсімделген іссапар маршруты толық көрсетілген іссапар куәлігі;

2) тұрғын үй-жай жалдағандағы шығынды растайтын құжаттар;

3) жол жүру құжаты (авиа, отырғызу талоны, темір жол, суда жүретін көліктер, автобус);

4) жүк тасымалдау құжаттары;

Іс-сапар шығынын өтеу үшін төлеген қаржыдан артылған ақша аванстық есеп бергенде қайтарылуы керек.


мектептің тәртіп саясаты

Мұғалім жүргізетін сабақтарын кестеге сәйкес өткізу қажет. Мұғалім ауырып қалған жағдайда ауруы бойынша әдістемелік бірлестік жетекшісіне және сабақ кестесіне жауапты адамға хабарлау. Жұмыста болмағанын растайтын құжат еңбекке жарамсыздық парағы, сол арқылы заңнамаға сәйкес ақы төленеді.

3 сағат және одан да көп жұмыс орнында болмаған жағдайда себепсіз жұмыста болмады деп қарастырылады. Ондай жағдайда әкімшілік алдыңғы ескертулерге қарап, тәртіптік жаза қолданып, қызметкерді жұмыстан босатуға құқығы бар. Мектепте қызметкерлер мен оқушылардың мекемеге кіруді есепке алатын RFID жүйесі жұмыс істейді.

Мұғалім мектептегі іс-шаралар мен кеңестерге қатысуға міндетті. Ресми іс-шаралар (жиналыстар, мәжілістер, отырыстар) кезінде ұялы телефондарының үнін өшіріп қою қажет. Әртүрлі педагогикалық іс-шаралар (педагогикалық кеңестерде, жиындарда, мерекелік іс-шараларда) сөз сөйлеушілерге құрметпен қарап тәртіп сақтау міндетті. Қажет болған жағдайда үзілістер арасында залдан шығуға рұқсат етіледі. Сөз сөйлеу кезінде регламент сақтаған жөн. Сөз сөйлеу кезінде мейірімділік пен әдептілікті сақтау қажет. Өзара қарым-қатынаста мұғалімдер/қызметкерлер негізсіз қақтығыстардан аулақ болуы керек. Келіспеушілік туындаған кезде сындарлы шешім қабылдауға ұмтылады.



академиялық адалдық саясаты


Зияткерлік мектебінің педагогы/жұмысшысы өзіне лайықсыз деп есептейді:

1) өзге мәтіндерді және зияткерлік еңбекті немесе біреудің шығармасын ұрлап пайдалануды;

2) біреудің шығармасын ұрлап пайдаланған оқушыны көтермелеуді;

3) емтихан сұрақтары бар ақпаратты таратуды;

4) оқушылардың нәтижесін араластыруды;

5) құжаттарды қолдан жасауды.

Зияткерлік мектептердің педагогы/жұмысшысы академиялық адалдық қалыптастыруға ықпал ететін, терең ойлайтын тұлғаны үйлесімді дамушы шеңберінде қазіргі заманғы шындыққа оқушылардың дағдыларын қалыптастырады:

- сілтемелерді рәсімдеу, ақпаратты дұрыс іздеуге және анализ жасауға үйретеді;

- зерттеу дағдыларына үйретеді;

- қолданатын әдебиеттер мен тұжырымдар таңдай білуге және сілтемелерді рәсімдеу үлгілерін береді;

- қажетті терминдерді дұрыс қолдануға және ақпараттарды әсерлі жеткізуге үйретеді;

- оқушылар өздерінің жетістіктеріне баға беруге, дұрыс шешім қабылдауға, сәтсіздіктерінің себептерін анықтауға және ары қарай руханиятты дамуға бағыт беріп үйрету.

Зияткерлік мектебінің педагогы/жұмысшысы күнделікті өмірде академиялық шынайылық қағидаттарын басшылыққа алу қажет:

1) академиялық шынайылық туралы әр сынып сағаттарында әңгіме жүргізіледі, әрдайым адалдық туралы қағидаттарға түсінік беріледі.

3) оқушылар жұмыстарын сапалы орындауға саналы мерзімдер беріледі;

4) әділетсіздік болған жағдайда ата-аналар арасында академиялық адалдық туралы әңгімелер өтеді: жиналыстарда, сынып сағаттарында.

5) әділетсіздікке жол бермеу үшін оқушылардың жұмыстары «Антиплагиат» жүйесімен тексерістен өтеді.

байланыс деректері


Электрондық сайттар

www.nis.edu.kz

www.kt.nis.edu.kz
Банк шотының деректемелері

ДББҰ «Көкшетау қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалы Кбе 18

Көкшетау қаласы, Мирзоян көшесі, 59

БСН 090541017876

СТН 032600241234

ЖСК KZ259262201160370001

БСКKZKOKZKX

«Казкоммерцбанк» АҚ

№ 1 Күн тәртібі

№ 2 Мектеп картасы

№ 3 Ішкі телефон нөмірлері


№1 қосымша

Таңғы жиын

Дүйсенбі

800 – 815,

910 – 925


Сейсенбі

800 – 815



Сәрсенбі

800 – 815



Бейсенбі

800 – 815



Жұма

800 – 815



Жалпы мектепішілік саптүзеу

Readingtime

«Бір әннің тарихы»

«100 күйдің тарихы»

Globalfriday

Күн тәртібі



Уақыты

1, 2, 3, 4 сыныптар

Уақыты

7 а,b,c,e

10 c,d,e, сыныптар



Уақыты

7 d, f, 8 а,b,c,d,

9 а,b,c,d,

10 а,b,

11 а,b,c,d,е,f сыныптар



8.15-8.25

Таңғы ас

8.15-8.30

Таңғы ас

8.15-8.25

Саптүзеу (дүйсенбі)

8.30-9.10

1 сабақ

8.30-9.10

1 сабақ

8.30-9.10

1 сабақ

9.10-9.25

Саптүзеу (дүйсенбі)

9.10-9.25

Саптүзеу (дүйсенбі)

9.10-9.25

Таңғы ас

9.25-10.05

2 сабақ

9.25-10.05

2 сабақ

9.25-10.05

2 сабақ

10.10-10.50

3 сабақ

10.10-10.50

3 сабақ

10.10-10.50

3 сабақ

10.55-11.35

4 сабақ

10.55-11.35

4 сабақ

10.55-11.35

4 сабақ

11.45-12.25

5 сабақ

11.45-12.25

5 сабақ

11.45-12.25

5 сабақ

12.25-12.40

Түскі ас

12.30-12.40

Түскі ас

12.25-12.40

7d, f,8 а,b,c,d,

9а,b,c,d,

10а,b,

11а,b,c,d,е,f сынып белсенді уақыт



12.45-13.40

серуендеу

12.45-13.25

6 сабақ

12.45-13.25

6 сабақ

13.25-13.40

7 а,b,c,e

10 c,d,e, сынып белсенді уақыт



13.25-13.40

Түскі ас

13.45-14.25

6 сабақ

13.45-14.25

7 сабақ

13.45-14.25

7 сабақ

14.25-14.40

бесіндік

14.25-14.40

бесіндік

14.25-14.40

үзіліс

14.40-15.20

7 сабақ

14.40-15.20

8 сабақ

14.40-15.20

8 сабақ

15.30-17.00

Үйірмелер, секциялар

15.25-15.35

үзіліс

15.20-15.35

бесіндік







15.35-16.15

9 сабақ

15.35-16.15

9 сабақ







15.40-19.00

Үйірмелер, секциялар

16.20-17.00

10 сабақ














15.40-19.00

Үйірмелер, секциялар


Қосымша №2



жүктеу 2,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау