сабақ оқуға қалай көмектесетінін, оқушы үй тапсырмасын өз бетімен
орындайтынын, болмаса оны сабақ оқуға мәжбүрлейтінін, мұғалімге қандай
көмек қажет екенін, үйдегі немесе сабақтағы табысты оқу қалайша
ынталандырылатынын анықтайды.
Сынып жетекшісі оқушыларға көмектесуде пән мұғалімдерімен, оқу ісі
меңгерушілерімен бірлесе жұмыс жасайды, оқушылармен жұмыс жасауда
олардың мүмкіндіктеріне сәйкес келетін оқытудың формалары мен әдістерін
пайдалану үшін баланың ойлау, жады ерекшеліктері туралы әңгімелейді.
Бесінші бағыт – Бос уақыт
Сынып жетекшісі жұмысының маңызды құрамдас бөлігі балалардың бос
уақытын ұйымдастыру болып табылады. Бұл – демалыс, қабілеттері мен
қызығушылықтарын дамыту және адамдармен еркін қарым-қатынас жасау
уақыты. Сынып жетекшісі сабақтан тыс уақыттағы оқушылардың
қызығушылықтарын және қажеттіліктерін анықтау; оқушылар үйірме, секция
және т.б. таңдағанда оларға кеңес беру және түсіндіру; оқушылардың жеке
өзінің және басқа адамдардың жетістіктері мен табыстарына қуану біліктілігіне
және т.б. назар аударуы қажет.
Сынып жетекшісі келесі ережелерді ескерген жағдайда оқушылар бос
уақыт аясында жақсы дамиды: бос уақыт формасы мен мазмұны оқушыларға
күштеп таңылмайды, олар өз еркімен таңдайды; бос уақыт қызметі
оқушылардың өзін-өзі басқару принципіне құрылады, балалар өз бос
уақытының ұйымдастырушысы болып табылады; бос уақытты ұйымдастыру
формалары орынды кезектеседі. Бос уақыт әрекетінде оқушылардың дербестігі,
шығармашылық мүмкіндіктері, адамгершілік қасиеттері айқын көрінетіндіктен
сынып жетекшісі балаларды мұқият қадағалауы және олар туралы жаңа білімді
тәрбие процесінде пайдалануы қажет.
Алтыншы бағыт − Отбасы
Мектеп оқушыларының отбасылары әртүрлі. Олардың материалдық және
мәдени деңгейлері әртүрлі. Ол оқушылардың денсаулығына, оның
психикасына, оқуға деген қарым-қатынасына әсер етеді. Тәрбие процесін
отбасымен ынтымақтаспай жүргізу мүмкін емес. Бұл бағыттағы жұмыстарда
сынып жетекшісі оқушылардың отбасын зерттеуі; ата-аналармен
психологиялық-педагогикалық ағартушылық жұмыстар ұйымдастыруы; ата-
аналар мен балалардың бос уақытын бірге өткізуін ұйымдастыруы; ата-
аналардың жеке бастамасын марапаттауы тиіс.
Сынып жетекшісі оқушының материалдық игілік аясын, өмір салтын, оның
отбасылық дәстүрлері мен әдет-ғұрпын білуі керек. Ол тақырыбы балалардың
жеке және жас ерекшеліктері, сыныпқа тән проблемалар, мектептің міндеті
ескеріле отырып жоспарланған
ата-аналар жиналысын
үнемі өткізіп отыруды;
туындаған қажеттіліктерді ескеріп жеке әңгімелер өткізуді; сынып жетекшісі
қызметінің барлық бағыттары бойынша сынып ата-аналарын бірге жұмыс
жасауға қатыстыруды; оқушылар мен ата-аналардың өзара шығармашылығын
ұйымдастыруды қамтамасыз етуі тиіс.
9
3 «
Сынып жетекшісі жұмысының әдістемесі» әдістемелік ұсыныстар
Сынып жетекшісі жұмысын жоспарлау әдістемесі
Сынып жетекшісі қызметінің тиімділігі көп жағдайда құжаттардың
бірнеше түрін құрастыруды талап ететін жұмысты сауатты жоспарлаумен
анықталады.
Жұмысты жоспарлауда сынып жетекшісі осының алдындағы жұмыстың
нәтижесі мен оны талдау қорытындысын; тәрбиелік және ұйымдастыру-
педагогикалық міндеттерді; оқушылармен және сынып ұжымымен, ата-
аналармен жүргізілген жұмыс материалдарын, педагогикалық және әдістемелік
ұсынымдарды; елдің, қала мен ауданның және мектептің озық тәжірибесін; ата-
аналардың және қоғамның мүмкіншіліктерін; мектептің, өндірістің, мәдени
мекемелердің әлеуметтік ортасының тәрбиелік әлеуетін; оқу жылының дәстүрлі
мерекелерін; ел, қала, ауыл өмірімен байланысты оқиғалар мен деректерді;
танымал тұлғалардың өмірімен және қызметімен байланысты оқиғаларды,
даталарды; мектептің және сынып ұжымының дәстүрлерін; жақын жердегі
мәдени мекемелер өткізетін шараларды; мектеп ұжымының жоспарын; сынып
ұжымының және сынып жетекшісі жұмысының осының алдындағы
жоспарларын ескеруі қажет (1-кесте).
1-
кесте – Жоспардың үлгілік сызбасы (жылдық, жарты жылдық, тоқсандық)
Қызметтің
бағыты және
мазмұны
Педагогикалық
мақсаттары
Мерзімі
Жауапты
Нәтижелері
және оларды
талдау
1
2
3
4
5
Сынып жетекшісі жұмысының көпшілік мақұлдаған түрі мен құрылымы
болмайды және болуы мүмкін емес, себебі педагог оны жасауда сынып
ұжымының ерекшелігін, мектеп жағдайын, сол сияқты өзінің жұмыс
тәжірибесін ескере отырып, шығармашылықпен қарауы тиіс. Сынып жетекшісі
жоспарының құрылымы мен формасы әртүрлі болуы мүмкін; ең бастысы ол
жұмыс жасауға және жылдам түзетуге ыңғайлы болуы қажет (
1-
қосымша).
Сынып сағатын ұйымдастыру мен өткізу әдістемесі
Мектептерде сынып ұжымының жұмысы үшін аптаның бір күнінде және
түрлі формада сынып сағаты өткізіледі.
Сынып сағатын ұйымдастыру әдістемесі оның мазмұнын анықтауды
болжайды, ол балалардың мақсаттары мен міндеттеріне, жас ерекшеліктеріне,
олардың тәжірибесіне байланысты. Сынып жетекшісі білім алушылардың
тәрбиелік деңгейін, олардың адамгершілік түсініктерін, көзқарастарын,
қызығушылықтарын, тілектерін, пайымдауларын (сауалнама, әңгіменің
көмегімен) зерделегеннен кейін, ұжымдағы тәрбие және қарым-қатынас
проблемасын айқындаған соң ғана сынып сағаттарының тақырыптары мен
мазмұнын анықтайды.
Сынып сағаттарын дайындауда және өткізуде түрлі тәсілдер қолданылады:
10