–
тәрбие жұмысының психология және педагогика мәселелері бойынша
сынып жетекшілерін дайындаудың теориялық, ғылыми-әдістемелік деңгейін
арттыру;
–
мектепте тәрбие жұмысын жетілдіру мен тиімділігін арттыруға ықпал
ететін
мектептегі,
сыныптағы
тәрбие
жұмысын
ұйымдастыруды
бағдарламалық-әдістемелік қолдауды ұйымдастыру;
–
оқушыларды тәрбиелеуде біртұтас, принципті көзқарастардың
орындалуын қамтамасыз ету;
–
сынып жетекшілерінің жұмысын реттейтін нормативтік-құқықтық база
туралы ақпарат беру, педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру
мақсатында уәждемелік орта қалыптастыру;
–
озық педагогикалық тәжірибені жинақтау, жүйелеу және тарату;
–
сынып жетекшілерін қазіргі тәрбие технологияларымен және жұмыстың
заманауи формаларының және әдістерінің білімімен қамтамасыз ету;
–
жоспарлауды, сынып ұжымдарындағы тәрбие шаралары мен
педагогикалық талдау ұйымдастыруды үйлестіру;
–
педагогикалық ұжым мүшелерінің тәрбие жұмысының нәтижелерін
бағалау.
Сынып жетекшісі жұмысын бағдарламалық-әдістемелік қолдау және
нормативтік қамтамасыз ету төмендегілерді көздейді:
1.
Тәрбие жұмысы бағдарламасының, сынып ұжымымен жүргізілетін
тәрбие жұмысы жоспарын.
2.
Тәрбие жұмысы жоспарларын (жоспарға берілген түсінік) жүзеге асыру.
3.
Тәрбие жұмысын жүргізу тиімділігін анықтау құралдары.
4.
Есеп беру аралығындағы әдістемелік бірлестік жұмысының нәтижелерін
талдау.
Талдау нысандары болып табылады:
–
әдістемелік бірлестік мүшелері кадрлық құрамының сапасына
(шығармашылық әлеуеті) сипаттама;
–
білім беру ұйымының әлеуметтік паспорты өзгерісінің статистикалық
талдауы (соңғы жылдағы серпінді көрініс);
–
тәрбие қызметін көрсетудің көлемі мен сапасын сипаттайтын
статистикалық деректер; проблемалық ортаны анықтау (күнделікті
проблемаларды, олардың шығу себептерін тұжырымдау және оларды жою
бойынша іс-шаралар жүйесін жобалау);
–
педагогтердің, ата-аналар мен оқушылардың салуатты өмір салтына,
құқық бұзушылыққа қарсы әрекеттерінің алдын алу, бірлескен тәрбие
шараларын өткізу уәжінің қалыптасу тұрғысынан сабақтан тыс жұмыстардың
жағдайы.
5
2
Сынып жетекшісі жұмысының басым бағыттары
Сынып жетекшісі – мектептегі оқу-тәрбие жұмысын тікелей және негізгі
ұйымдастырушы, сыныптағы тәрбие жұмысын жүзеге асыру үшін директор
тағайындаған ресми тұлға.
Қазіргі кезде сынып жетекшісі институты айтарлықтай өзгерді; сынып
жетекшісінің бірнеше түрі бар:
–
пән мұғалімі – бір мезгілде сынып жетекшісі қызметін атқарады;
–
босатылған сынып жетекшісі – тек тәрбие жұмысын атқарады;
–
сынып кураторы (қамқоршы) – қандай да бір жұмысты бақылау
тапсырылады;
–
тьютор (қорғаншы, сүйеуші, қамқоршы) – педагогтың бірқатар
ұйымдастырушы қызметін оқушылар өз міндетіне алған жағдайда бақылау
ұйымдастырады.
Сынып жетекшісінің негізгі қызметтері: тәрбиелеу (баланы әлеуметтік
қорғау); ұйымдастыру (сынып және мектептің тіршілік әрекетінің барлық
педагогикалық аспектілері бойынша жұмыс, тұлғаны және ұжымды
қалыптастыру, оқушыларды зерделеу); үйлестіру (тәрбие процесіне
қатысушылар – педагогтер, оқушылар, ата-аналар, жұртшылық арасында дұрыс
қарым-қатынас орнату); басқару (оқушылардың жеке ісін және
құжаттамалардың басқа түрін жүргізу негізінде тұлға мен ұжым дамуының
өзгерісін бақылау).
Баланы әлеуметтік қорғау қызметі басым болып табылады, бұл –
балалардың дене, ақыл-ой және рухани-адамгершілік дамуы, олардың барлық
құқықтары мен адами құндылықтарын шектеудің алдын алу үшін қалыпты
жағдайды қамтамасыз ететін практикалық әлеуметтік, саяси, құқықтық,
психологиялық-педагогикалық, экономикалық және медициналық-экологиялық
шараларды мақсатты, саналы түрде реттейтін жүйе.
Ұйымдастыру қызметінің басты міндеті – балалардың аймақ, микроорта,
мектеп өмірін және оқушылардың өз өмірін жетілдірумен байланысты жақсы
бастамасына қолдау көрсету. Бұл кездегі сынып жетекшісі міндетінің бірі
оқушылардың өзін өзі басқаруын дамыту болып табылады.
Сынып жетекшісінің үйлестіру қызметі тәрбие жұмысын педагогикалық
ұжымның басқа мүшелерімен және ең алдымен осы сыныппен жұмыс
жасайтын педагогтермен (сыныптың микропедагогикалық ұжымымен) тығыз
ынтымақтастықта жүзеге асыруда көрінеді.
Басқару қызметі аясында сынып жетекшісі тәрбие жұмысына болжау,
мақсатты тұжырымдау, жоспарлау, бақылау және түзетуді жүзеге асырады.
Болжау қызметін жүзеге асыру оқушылар тәрбиелілігінің бастапқы
деңгейін анықтауды және өзгерістерді үнемі бақылап отыруды білдіреді.
Мақсатты тұжырымдау қызметін тәрбие жұмысының мақсаттарын
оқушылармен бірге әзірлеу ретінде қарастыруға болады.
Бақылау және түзету қызметінің негізгі мақсаты – сынып тәрбие жүйесінің
үнемі дамуын қамтамасыз ету.
Қарастырылған қызмет деңгейлері сынып жетекшісі жұмысының
6