бағыттарын анықтайды, олардың ішінде алты басым бағытты бөліп көрсетуге
болады.
Бірінші бағыт – Денсаулық
Оқушының физикалық және психикалық денсаулығын қорғау, сақтау және
дамыту мақсатында сынып жетекшісі оқушылардың физикалық денсаулығын
зерделеу және алдағы уақытта түзету үшін мектептің, аудан, немесе қаланың
медицина қызметкерлерімен бірге жұмыс жасайды; оқушылардың ата-
аналарымен бірлесе жұмыс жасайды және пән мұғалімдеріне кеңес береді;
денсаулықты сақтау, дамыту, түзету бойынша оқушылармен ағартушылық
жұмысты ұйымдастырады; дене шынықтыру сабақтарына, спортпен
айналысуға дұрыс қарым-қатынас қалыптастыру бойынша жұмысты
ұйымдастырады; оқушыларда тұлғалық өсуді (өзі туралы және өз денсаулығы
туралы пікірді қалыптастыру) қалыптастырады және т.б.
Сынып жетекшісі оқушылардың түрлі жас деңгейінде дамуының
психологиялық және физиологиялық ерекшеліктерін, бала ағзасының
физиологиялық ауытқу белгілерін білуі, олардың денсаулығындағы ауытқу
себептерін түсінуі тиіс.
Сынып жетекшісі мектеп дәрігерімен және ата-аналармен бірге
оқушыларды тамақтандыру, шынықтыру, физикалық және тыныс алу
жаттығуларының жеке бағдарламасын құрастыруға көмектеседі, оған жұмыс
жасау мен демалудың, ұйықтайтын уақытының жеке кестесін дайындауға
көмектеседі; оқушыға өз тұрмыс кестесін жасауға көмектеседі.
Екінші бағыт – Қарым-қатынас
Қарым-қатынас – бұл бала тұлғасын дамытуға, ең алдымен көпшілікке
таныс құндылықтар қалыптастыруға бағытталған этикалық тәрбиесіне барынша
көңіл бөлу ескерілген ықпал.
Сынып жетекшісі «оқытушы – оқушы», «оқушы – оқушы», «оқытушы –
оқушы – ата-ана» жүйелері жұмысын тиімді ұйымдастыру мақсатында эмпатия
көрсету біліктілігіне, қарым-қатынаста жақсы көңіл-күй ахуалын
қалыптастыруға, өзара қарым-қатынаста талдамалы және рефлексивтік
біліктілікке үйрету; өзара қарым-қатынас проблемалары бойынша ата-аналарға
кеңес беру және ағартушылық жұмыстар ұйымдастыру; қарым-қатынас
тренингтерін, кездесулер, пікірталастар, қарым-қатынас сағаттарын пайдалана
отырып оқушылар мен ата-аналарды белсенді қарым-қатынас түрлеріне үйрету;
әрбір оқушының ұжымдағы орнын және оның қарым-қатынас жасаудағы
проблемаларын зерделеу, диагностика материалдары негізінде проблема
бойынша түзету жұмыстарын ұйымдастыру және т.б. жұмыстарды жүргізеді.
Сынып жетекшісі балаларды, олардың өзара қатынасын, қарым-
қатынастағы проблемаларды зерделейді. Ол үшін ата-аналармен әңгімелесу
барысында оқушылардың қандай ортада тәрбиеленіп жатқанын және
отбасылық байланыстың беріктігін, ата-аналардың баламен арадағы өзара
қатынас стилін, баланың отбасындағы орнын түсінуі, мінез-құлқының тұқым
қуалаған ерекшеліктерін және т.б. анықтай білуі керек.
7
Қарым-қатынас аясындағы баланың орнын анықтаған педагог әдептілікті
сақтай
отырып
проблемаларды
шешуге
көмектеседі,
оқушының
жолдастарымен, ересектермен, ата-анасымен қарым-қатынасын түзетуі,
баланың ұжымда өзін-өзі танытуы үшін жағдай жасайды, мысалы, «жолы
болмайтын», «сотқар», «екілік алатын оқушы» сияқты оның әлеуметтік рөлін
өзгертуіне көмектеседі. Мұғалімнің басты міндеті – адамдар арасындағы
қарым-қатынасты, адамның әрекетін бағалау нормаларын басқарушы болу.
Үшінші бағыт − Адамгершілік
Оқушыларда өз дене дамуының сапалары туралы білімді, қатынас жасау
біліктілігін дамыта отырып, адамгершілік қасиеттерін жетілдіруге зор назар
аудару қажет. Сынып жетекшісі осы бағытта жұмыс жасай отырып шынайы
өмірлік жағдайлардан алынған адамгершілік тәрбиелеріне сәйкес білу, түсіну
және әрекет ету тілегін дамытуы; басқа адамдардың ұқсас жағдайларда аман
қалған мысалдарын келтіре отырып төтенше жағдайларда күресу және аман
қалу біліктілігін тәрбиелеуі; оқушының өзіне деген қызығушылығын, өзін өзі
жетілдіру тілегін тәрбиелеуі; өз халқының, өз отбасының салт-дәстүріне, әдет-
ғұрпына оң көзқарас қалыптастыру, айтылғанды тыңдау, көру, түсіну және
жауап қайтару, өзі туралы қорытынды жасау біліктілігін қалыптастыруы тиіс.
Сынып жетекшісі оқушыларды адамзаттың өмір сүруінің мәнін, өзінің
және өзге адамдардың өмір сүру құндылықтарын түсінуге үйретеді,
оқушыларда тарихи өткенді және болашақты, сондай-ақ өзінің тікелей рөлін
түсінуі мен сезінуін қалыптастырады. Мұғалімнің міндеті – оқушыларға ең
жоғары құндылық – ол адам өмірі екендігін түсінуге үйрету, олар ересек өмірде
әлемнің рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарынсыз толыққанды
қалыптаса алмайтынын түсіндіру.
Төртінші бағыт − Оқу
Оқушылардың зияткерлік біліктіліктерін дамыту – сынып жетекшісі
жұмысындағы өте маңызды бағыт болып табылады.
Бұл бағыттағы жұмыстарды ұйымдастырғанда жалпы сыныптың оқу
ерекшеліктерін зерделеу және әрбір оқушының оқу мүмкіндіктерін алдағы
уақытта түзету үшін анықтау; педагогтармен бірлесе отырып оқушылармен
сабақ барысында және сабақтан тыс жүргізілетін жеке жұмыстың әдістерін,
тәсілдерін және түрлерін анықтау; сыныптан тыс шараларды ұйымдастыруда
зерделеу нәтижесін пайдалану;
отбасымен бірлесе отырып оқушының оқудағы
біліктіліктерін, оның танымдық белсенділігін, болашағы мен кәсіптік
анықталуын дамытудағы бірыңғай тәсілін дайындау;
оқушының өз зияткерлігін
дамытуына оң қарым-қатынас қалыптастыру қажет.
Сынып жетекшісі оқушылардың танымдық қызығушылықтары,
қабілеттері, ойлау ерекшеліктері, ес, зейін, ерік, оқудағы қиындықтарын
анықтауға бағытталған тесттер жүргізген тиімді.
Сынып жетекшісі оқушымен жеке әңгімелесуде, оны сабақта және
сабақтан тыс уақытта бақылау арқылы оқушы үлгерімінің төмендеу немесе
жоғарылау себептерін анықтайды; оған ата-анасы, жолдастары, оқытушылар
8