5 СТУДЕНТТІҢ ТӘЖІРИБЕ КЕЗІНДЕГІ МІНДЕТТЕРІ
5.1 Тәжірибе алдында әрбір студент кафедрадан іліспе құжаттарын –
бағыттама - жолдау, жеке тапсырма, бағдарлама және т.б. алуға міндетті
(ҚОСЫМША Б).
Тәжірибе өту кезінде студент міндетті:
- тәжірибе орнына бекітілген уақытта келуге;
- кәсіпорында, банкте немесе мекемеде орнатылған ішкі тәртіпті (еңбек
қорғанысы ережелері, қауіпсіздік және тазалық техникасы және т.б.) және
еңбек заңдылығы міндеттерін қатаң сақтауға;
- кәсіпорын, банк, ұйым бойынша тәжірибе жетекшісі көмегімен
тәжірибенің күнтізбе жоспарын құруға;
- тәжірибе бағдарламасымен қарастырылған барлық тапсырмаларды
толығымен орындауға, сонымен қатар жеке тапсырманы;
- күнделік жүргізуге.
Оның ішінде қажетті сандық мәліметтер, лекциялар мен әңгімелер
мазмұны, күндер бойынша атқарылатын жұмыс көлемі көрсетіліп, кәсіпорын,
ұйым мамандарымен жүргізілген кеңестерге, өндірістік жиналыстарға қатысуы
белгіленіп отыруы қажет:
- бухгалтерік есеп ұйымдастырылуы мен әдістемесі бойынша нұсқамалық
және нормативті материалдармен танысуға;
- кафедрадан тәжірибе жетекшісінің кеңестерімен қолдануға;
- тәжірибе бағдарламасының әрбір бөлімі бойынша есеп құруға және оны
кәсіпорын, ұйым бойынша тәжірибе жетекшісіне аптасына бір реттен кем емес
көрсетіп отыруға;
- өндірістік жиналыстарға қатысуға, кәсіпорын ұжымының қоғамдық
өміріне белсенді араласуға және басқа да шараларға қатысуға;
- Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-ң имиджін қолдап, жоғарылатуға;
- тәжірибенің аяқталуымен тәжірибе өту орнында уақытша пайдалануға
алынған арнайы және басқа да әдебиеттерді, мүлікті тапсыруға және
белгіленген мерзімде университетке келуге;
- тәжірибе аяқталуымен кафедраға кәсіпорын, ұйым жетекшісінің
мінездемесі қосылған жазбаша есепті, сонымен қатар толығымен толтырылып,
жетекші қолымен және ұйым мөрімен куәландырылған күнделікті өткізуге;
- комиссия алдында тәжірибелік есепті қорғауға дайындалуға;
- тәжірибе қорытынылары бойынша студенттік конференцияға қатысуға.
5.2 Тәжірибеленуші студенттің төленетін лауазымға вакансияның болуы
жағдайында мамандығы бойынша тұрақты немесе уақытша жұмысқа
қабылдануға құқығы бар.
Студенттер толығымен бағдарламаны және тәжірибе бойынша жеке
тапсырманы орындауға, сонымен қатар тәжірибелік мәліметтер жинап,
дипломдық жұмыстың бірінші және екінші бөлімдерінің жазылуын аяқтауға
міндетті.
6 ТӘЖІРИБЕНІҢ ҰЗАҚТЫҒЫ МЕН МАЗМҰНЫ
6.1 Үшінші кәсіптік тәжірибе мерзімі оқу жоспарына сәйкес академиялық
күнтізбе бойынша белгіленеді. Дипломға дейінгі тәжірибенің басталу және
аяқталу мерзімдері Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-ң бұйрығымен бекітіледі.
Дипломға дейінгі тәжірибенің басталу және аяқталу мерзімдері
Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-ң бұйрығымен бекітіледі. Егер сырттай
бөлімінің студенттері мамандықтары бойынша жұмыс істейтін болса, онда
жұмыс орнынан мінездеме және анықтама әкеліп, екінші кәсіптік тәжірибеден
өтпейді. Үшінші кәсіптік тәжірибе оқу процесі кезінде алынған теориялық
білімдерін бекітуге, бухгалтерлік есеп бойынша тәжірибелерін қалыптастыруға,
банк, кәсіпорын, ұйым, қаржылық мекеме қызметі туралы фактілік материалдар
жинауға және соларды дипломдық жұмыстың өңделуінде қолдануға
бағытталған.
Студенттер
фактілік
мәліметтер
негізінде
зерттелетін
кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы талдау жүргізуге, жеке құрал
түрлерінің
және
олардың
көздері
мен
шаруашылық
процесстерінің
бухгалтерлік есебі мен аудитін ұйымдастыру тәжірибесін (дипломдық жұмыс
тақырыбына сәйкес) қарастыруға міндетті. Одан басқа, кәсіпорын мәліметтері
негізінде зерттелетін тақырып бойынша шаруашылық операцияларды
қарастыруы, қажетті құжаттар мен есеп регистрлерін толтыруы, аудиторлық
тексеру бағдарламасын жасауы және аудиторлық қорытынды құруы қажет.
6.2 Үшінші кәсіптік (дипломға дейінгі) тәжірибені өтудің келесі тәртібі
ұсынылады.
6.2.1 Жеке тапсырманың орындалуы (теориялық бақылау).
6.2.2 Кәсіпорын, ұйым, мекеменің қаржы-шаруашылық қызметімен
танысу.
Тәжірибе кәсіпорынның, ұйымның өндірісімен, технологиясымен,
қызметінің негізгі бағыттарымен танысудан басталады. Тәжірибе жетекшісі
бөлімдер, цехтар және шаруашылық жүргізуші субъектінің бөлімшелері
бойынша
экскурсия
ұйымдастырады.
Тәжірибеленуші
кәсіпорынның
жарғысымен, есеп саясатымен, басқару бөлімдері туралы ережелермен және
олардың қызметтерін реттеуші басқа да нормативті құжаттармен оқып
танысады. Әсіресе «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп туралы» Заңға
ерекше көңіл бөлу керек.
6.2.3 Кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы тереңдетілген талдау
жүргізу. Талдаудың ақпараттық базасы болып кәсіпорын немесе ұйымның
соңғы 3-5 жылға қаржылық есебі, жұмыс жоспары, жылдық есептері,
статистикалық есептері және т.б. қызмет етуі мүмкін. Талдау мен ақпараттың
өңделуін қаржылық талдаудың жаңа әдістерін қолдану арқылы жүргізу қажет:
- есептің оқытылуы;
- көлденең талдау;
- тігінен талдау;
- трендтік талдау;
- қаржылық коэффициенттер есебі.
Егер
студент
тәжірибені
кәсіпорында
өтсе,
онда
қаржылық