Қазақстан Республикасының Министерство
Білім және ғылым образования и науки
министрлігі Республики Казахстан
Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ ВКГТУ им.Д.Серикбаева
БЕКІТЕМІН
«Экономика және менеджмент»
факультетінің деканы
________________Е.В. Варавин
«____»_______________2014 ж.
КӘСІПТІК ТӘЖІРИБЕ БАҒДАРЛАМАСЫ
Үшінші кәсіптік тәжірибені өтуге арналған әдістемелік нұсқаулар
ПРОГРАММА ПРОФЕССИОНАЛЬНОЙ ПРАКТИКИ
Методические указания по прохождению третьей профессиональной практики
Мамандық: 5В050900 «Қаржы»
Оқу түрі: күндізгі, сырттай
Өскемен
Усть-Каменогорск
2014
5В050900 «Қаржы» мамандығы студенттеріне үшін үшінші кәсіптік
тәжірибе бағдарламасы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар «Қаржы,
есеп және салық салу» кафедрасында ҚР МЖМБС 6.08.008 -2008 ҚР
мемлекеттік
жалпыға
міндетті
білім
стандарты
негізінде,
Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен
бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға
міндетті стандартына
сәйкес құрастырылды
Қаржы, есеп және салық салу кафедра отырысында талқыланды
Кафедра меңгерушісі
О. Куур
№ 2 хаттама 09 қыркүйек 2014ж.
Экономика және менеджмент факультеттің оқу-әдістемелік кеңесімен
мақұлданды
Төрайымы Г. Пестунова
№ 2 хаттама 20 қазан 2014ж.
Дайындады
Доцент Г. Джемпеисова
Норма бақылаушы Т. Тютюнькова
МАЗМҰНЫ
1 Жалпы ережелер................................................................................................4
2 Кәсіптік тәжірибенің мақсаты мен негізгі міндеттері..................................5
3 Кафедрадан тәжірибе жетекшісінің міндеттері............................................6
4 База бойынша тәжірибе жетекшісінің міндеттері........................................7
5 Студенттің тәжірибе кезіндегі міндеттері....................................................8
6 Тәжірибенің ұзақтығы мен мазмұны...........................................................9
7 Тәжірибе бойынша есептің мазмұны, жазылуы
бойынша талаптар және оны қорғау тәртібі.....................................................11
8 Жеке тапсырмалар тақырыптары...................................................................14
Әдебиеттер тізімі................................................................................................19
Қосымшалар........................................................................................................23
1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1 Берілген әдістемелік нұсқаулар төмендегі тәртіптерге негізделіп
құрастырылған:
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080
қаулысымен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік
жалпыға міндетті стандарты;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырындағы №
499 қаулысымен бекітілген «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім
беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары»;
- ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Жоғарғы кәсіби
білім. Бакалавриат: 5В050900 - «Қаржы» мамандығы (ҚР МЖБС 6.08.008-
2008);
- МС ИСО 9000:2000, МС ИСО 9001:2000, МС ИСО 9004:2000 нормативті
құжаттары;
- Кәсіптік (дипломға дейінгі) тәжірибеден өтуге арналған ережелер
(Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ Оқу-әдістемелік Кеңесі отырысында қолданды).
1.2 Кәсіптік тәжірибе жоғары білікті мамандарды дайындаудың оқу
үрдісінің маңызды бір бөлігі болып табылады және кәсіпорындарда, қызмет
аясы мен меншік түрі әркелкі, сәйкес мамандық қызметтері, қажетті
материалды-техникалық базасы, жабдықтары мен ақпараттық технологиялары
бар мекемелер мен ұйымдарда өткізіледі. Кәсіптік тәжірибенің түрлері,
мерзімдері және мазмұны дайындық бағыты, мамандық, базалық оқу
бағдарламасы мен тәжірибе бағдарламаларына сәйкес анықталады.
Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-ң 5В050900 - «Қаржы» мамандығы
студенттеріне арналған кәсіптік тәжірибенің негізгі түрлері келесідей:
- бірінші кәсіптік;
- екінші кәсіптік;
- үшінші кәсіптік
Студенттердің
бірінші
кәсіптік
тәжірибесі
оқу
процесі
кезінде
мамандықтың жекеленген пәнін тереңдетіп оқу мақсатында өндірістік және
қаржы-банк
аясындағы
кәсіпорындарда,
мемлекеттік
ұйымдар
мен
құрылымдарда, сонымен қатар меншік түрі әртүрлі компаниялар мен
фирмаларда ұйымдастырылуы қажет.
Студенттерге арналған екінші кәсіптік тәжірибе толығымен арнайы пәндер
циклдарымен анықталады және мамандық профилі бойынша тәжірибелік
қызметімен басымды байланыста. Берілген тәжірибе мазмұны дипломдық
жұмыс тақырыбымен анықталады. Дипломға дейінгі тәжірибе кезінде тәжірибе
өтуші кәсіпорын, мекеме, ұйым қызметі туралы фактілі мәліметтер жинаумен
айналысады және оларды дипломдық жұмыс жасауда қолданады.