2 КӘСІПТІК ТӘЖІРИБЕНІҢ МАҚСАТЫ МЕН НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ
2.1 Тәжірибе мақсаты. Үшінші кәсіптік (дипломға дейінгі) тәжірибе
мақсаты студенттердің оқу үрдісі кезінде алынған теориялық білімдерінің
тексерілуі, тереңдетілуі және бекітілуі мен бухгалерлік есеп техникасы мен
ұйымдастырылуы аясындағы қажетті тәжірибелерін қалыптастыру, мамандық
бойынша ұйымдастыру жұмыстарының нақты әдістері мен нысандарын
пайдалану(пайдалана алу) болып табылады.
Дипломға дейінгі тәжірибе теориялық білімдерін жүйелеп, бекітуге және
тереңдетуге,
есептік
тәжірибесін
кеңейтуге,
өзіндік
зерттеу
жұмыс
элементтерін пайдалануға мүмкіндік береді.
2.2 Тәжірибенің негізгі міндеттері:
- зерттелетін тақырып, проблема бойынша ғылыми жұмыстар мен заңдық
актілерді жинақтау;
- банктер, қаржылық мекемелер, кәсіпорын, ұйымымен, оның құрылымы,
мақсаты, спецификасы мен басқару бөлімшелерінің негізгі функцияларымен
танысу;
- банктер, қаржылық мекемелер, кәсіпорын, ұйымымдардағы бухгалтерлік
қызмет құрылымын толық зерттеу;
- банктер, қаржылық мекемелер, кәсіпорын, ұйымыдарда қабылданған есеп
саясатын зерттеу;
- алғашқы құжаттарды толтырудан бастап қаржылық есеп құруға дейінгі
есеп жағдайын зерттеу;
-
зерттелетін
кәсіпорындағы,
банктегі,
ұйымдардағы,
қаржылық
мекмелердегі
есептің
автоматизациясына
қолданылатын
компьютерлік
бағдарламалармен танысу;
- кәсіпорындағы, ұйымдағы, банктердегі, қаржылық мекемелердегі
бухгалтерлік есепті ұйымдастыру жүйесінің сипатталуы;
- бухгалтерияда немесе экономикалық және ішкі аудиторлық қызметте
өзіндік жұмыс тәжірибесін қалыптастыру;
- банктердің, қаржылық мекемелердің, шаруашылық жүргізуші субьектінің
активтері, капиталы мен міндеттерінің аудиті мен бухгалтерлік есебін
жетілдірудің негізгі бағыттарын негіздеу және өңдеу;
- тәжірибе, дипломдық жұмыс, ғылыми баяндама бойынша есеп жазу
дайындығына қажетті мәліметтер жинақтау және жүйелеу.
3 КАФЕДРАДАН ТӘЖІРИБЕ ЖЕТЕКШІСІНІҢ МІНДЕТТЕРІ
3.1 Студенттердің тәжірибе өту үшін бағыттама қағазы Д.Серікбаев
атындағы ШҚМТУ-ң тәжірибе өту орны мен мерзімі көрсетілген сәйкес
бұйрығымен рәсімделеді.
Тәжірибе өту орны жыл сайынғы Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-ң
кәсіпорындармен, ұйымдармен және мекемелермен арасындағы келісімдермен
бекітіледі. Жеке студенттер тәжірибені тәжірибе өту орны берілгені туралы
растама - хат жіберілген кәсіпорындарда, ұйымдарда, мекемелерде өте алады.
3.2 Кафедрадан бекітілген тәжірибе жетекшісі міндетті:
- тәжірибе басталғанға дейін студенттермен тәжірибе мақсаты мен
міндеттері түсіндірілген жиналыс өткізуге;
- тәжірибе өту орнына бағыттама - жолдама және кәсіптік тәжірибе
бағдарламасын беруге;
-
тәжірибе
өтудің
күнтізбелік
жоспарын
құруға
және
жеке
тапсырмалардың орындалуына кеңестер мен әдістемелік көмек беруге;
- тәжірибе өту кезінде бағдарламаның орындалуына байланысты сұрақтар
бойынша студенттерге кеңестер беруге;
- студенттермен жеке тапсырмалардың орындалуын бақылауға;
- тәжірибе күнделігінің уақтылы және сапалы жүргізілуі мен тәжірибе
есебінің жазылуын бақылауға;
- белгіленген кесте бойынша тәжірибе есебін қабылдауға;
- студентттермен тәжірибе бағдарламасының орындалуы және жүргізілуі
жайлы кафедраны хабардар етуге.
3.3 Тәжірибе қорытындылары бойынша тәжірибе жетекшісі студенттік
конференция өткізе алады, сонымен қатар тәжірибе бағдарламасын жетілдіруге
және оның ұйымдастырылуы мен жүргізілуіне байланысты кемшіліктерді
жоюға байланысты ұсыныстарын жасай алады.
4 БАЗА БОЙЫНША ТӘЖІРИБЕ ЖЕТЕКШІСІНІҢ МІНДЕТТЕРІ
4.1
Кәсіпорындағы,
мекемедегі
немесе
ұйымдағы
тәжірибенің
ұйымдастырылуына жауапкершілік келісімде көрсетіледі және тәжірибе базасы
болып табылатын кәсіпорын, мекеме, ұйым жетекшілеріне жүктеледі.
Студенттердің үшінші кәсіптік (дипломға дейінгі) тәжірибесі бойынша
жетекшілік бөлімшелердің жоғары білікті мамандарына жүктеледі (бас
бухгалтер немесе оның орынбасары және т.б.б.). Студенттерге мамандығы мен
бағдарламаға сәйкес тәжірибе өтудің жоғарғы нәтижелілігін қамтамасыз ететін
тәжірибе өту орындары беріледі.
4.2
Тәжірибе базаларында:
- студенттермен тәжірибе өту кезеңінде бухгатерлік есеп және аудит
аясында мамандықтары бойынша білім мен тәжірибе алуға қажетті жағдайлар
жасалады;
- университетпен келісілген тәжірибе өтудің күнтізбелік жоспары және
тәжірибе орындарындағы қауіпсіздік нормалары мен еңбектің қорғалуы
қадағаланады;
- студенттермен берілген кәсіпорында, мекемеде, ұйымда орнатылған
ішкі еңбек тәртібінің сақталуы қамтамасыз етіледі, соның ішінде жұмыстың
басталу және аяқталу уақыты;
- бөлімшелер мен қызметтер бойынша тәжірибе өту кестесін құруға көмек
көрсетіледі, сонымен қатар тәжірибе өтуге берілген уақыттың тиімді
пайдаланылуы қамтамасыз етіледі;
- тәжірибе есебі мен дипломдық жұмыс жазуға қажетті мәліметтерді
жинақтауға көмек көрсетіледі;
- қажетті жағдайда ішкі еңбек тәртібін бұзған студенттерге, артынан
университетке хабарлануымен, жаза қолданылады;
- тәжірибе аяқталуымен кәсіпорын, мекеме, ұйым жетекшісі студент
есебімен танысып, студент жұмысы бойынша оның теориялық және
тәжірибелік дайындығы туралы, күнделікте көрсетілетін, объективті бағалауы
жайлы қысқаша мінездеме жасайды. Мінездеме студенттің тәжірибе
бағдарламасын орындауы, жұмысқа қатынасы, ішкі тәртіпті сақтауы, тәжірибе
кезіндегі білім бағасын қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: |