1.1 Жұмыстың мақсаты
қысым арқылы бөлшектерді алу үрдісін зерттеу;
сынақ әдісімен танысу;
сынақты тәжірибе түрінде өткізу;
жұмыс нәтижесі.
1.2 Құрылғылар, айлабұйым, құралдар
Гидравликалық пресс, қуаты 10 т;
контейнер;
матрицалар;
пуансондар;
құйылған дайындамалар;
сызғыш;
арнайы киім.
1.3 Жұмыстың мазмұны
Пресстеу – матрица тесігі арқылы бітеу қуыстан (контейнердің) металды қысып шығаруға негізделген металды қысыммен өңдеу әдістерінің бірі (4 сурет).
а – тік; б – кері. 4 Сурет – Пресстеу сұлбалары.
Бұл үрдіс металды қысыммен өңдейтін басқа үрдіс түрлерінен көптеген артықшылықтарға ие. Металл контейнерде жан-жақты қысымға ұшырайтындықтан, қысымдау әдісімен иілгіштігі аз металдардан да бұйымдар жасауға болады.
5 Сурет – Пресстеу арқылы алынатын бұйымдар профильдері.
Үрдістің кемшілік жақтарына периодтылығы мен қатысты жоғары пайыз қалдық қалуын (слитоктың қысым қалдығы) жатқызамыз. Қысымдау екі әдіспен жүргізіледі: тура және кері (1 сурет).
1.4 Жұмысты орындау
1) Свинецтен диаметрі мен биіктігі ≈ 30 мм болатын екі жарты цилиндр түріндегі бұйымдар жасайды.
2) Бір жарты цилиндрдің жеймін жазықтығына квадрат қыры 4 мм (6 сурет) болатын чертилкамен тор жүргізеді.
а – координаталы тор, б – слитоктың макроқұрылымды сұлбасы.
6 Сурет – Престеуге арналған дайындамалар.
3) Екі жартыны бірінің үстіне бірін қойып, контейнерге орналастырады.
4) Тура және кері қысымдауды диаметрі 15 және 20 мм шығыс тесікті матрицаны қолданып екі рет жасайды.
5) Төрт жағдайдың әрқайсысында қысымды манометр (Р) арқылы анықтайды.
6) Қысымдалған профильді жеймін жазықтығы бойынша ажыратады және координаталық тор өзгерісі бойынша металл ағысының сипатын анықтайды. Координаталық тор иілуін өлшейді (а), (7 сурет).
7 Сурет – Пресстеу кезіндегі металл ағымының сипаты.
7) Пресстеу кезіндегі металл деформациясының дәрежесін мына формуламен есептейді:
, (1)
Мұнда D –контейнер диаметрі, мм;
d –матрица тесігінің диаметрі, мм.
8) Пресстеу күші мына формуламен есептеледі:
, (2)
мұнда Р – манометрдегі қысым, кг/см2 (н/м2);
S – пресс поршенінің ауданы, см2 (м2).
Пресс поршенінің диаметрі Dпор. = 90 мм.
9) Өлшеу және есептеу нәтижелерін 3 кестеге енгізеді.
3 Кесте – Пресс күшінің деформация әдісі мен дәрежесіне байланысы.
№
п/п
|
Контей-нер диаметрі,
D, мм
|
Матрица диаметрі, d, мм
|
Дефор-
мация дәрежесі, φ, %
|
Манометрдегі қысым,
Р, (Па)
|
Пресстеу күші,
F, н
|
Тордың иілуі
а, мм
|
Пресстеу әдісі
|
1
|
30
|
15
|
|
|
|
|
Тік
|
2
|
30
|
20
|
|
|
|
|
Тік
|
3
|
30
|
15
|
|
|
|
|
Кері
|
4
|
30
|
20
|
|
|
|
|
Кері
|
10) Тәжірибе нәтижелері бойынша тура және кері әдістер үшін қысымдау күшінің (F) деформация дәрежесіне (φ) байланысын және де деформация дәрежесінен (φ) координаталық тордың (а) иілу өлшемінің графигін тұрғызу.
11) Алынған байланыстарды сипаттайтын шешімдер құру.
1.5 Есеп беру мазмұны
Негізгі түсініктер, терминдер мен теория орналасуы.
Пресстеу әдісінің эскиздері (сурет 1).
Тәжірибе нәтижесі енгізілген кесте.
Графиктер: тік және кері пресстеу үшін.
тік және кері пресстеу үшін.
Шешімдер.
Достарыңызбен бөлісу: |