Методические указания Форма
Ф СО ПГУ 7.18.2/05
Министерство образования и науки Республики Казахстан
Павлодарский государственный университет им. С. Торайгырова
Кафедра: «Архитектура и дизайн»
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСКАУ
050421 «Дизайн» мамандығының күндізгі бөлім студенттерінің «Дизайн саласындағы нысандарды жобалау » пәнінен курстық жобаны орындауға арналған
Павлодар
|
Лист утверждения к Форма
методическим указаниям Ф СО ПГУ 7.18.1/05
БЕКІТЕМІН
Сәулет-құрылыс факультетінің
деканы __________ М.К. Кудерин
«____» ________________ 20__г.
Құрастырушы: ___________ аға оқытушы Д.Н. Сейтмолдинов
Сәулет және дизайн кафедрасы
051421 Дизайн мамандығының «Дизайн саласындағы нысандарды жобалау» пәнінен курстық жобаны орындауға арналған
Әдістемелік нұсқау
Кафедра мәжілісінде қаралды «___»___________20__ ж.№___ хаттама
Кафедра меңгерушісі _____________ Ж.А. Темербаева
Сәулет – құрылыс факультетінің әдістемелік кеңесінде мақұлданды.
«___»___________20__ж.№___ хаттама
ӘК төрағасы ___________ В.А. Козионов
Кіріспе Сәулет дизайнері бойынша дизайнер-студенттерін оқытудың негізгі мақсаты олардың жобалауға қажетті кәсіби тәсілдеме дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Осы мақсат студенттермен арнайы пәндерді меңгеру нәтижесінде пайда болған білім, білік-дағдыларының барлығы көрініс табатын оқу жобалау-дизайны тәжірибесі арқылы жүзеге асырылады.
Практикалық дизайнерлер дайындығының бағдарламасы 050421 «Дизайн» (мамандандыруы – Сәулет дизайны) мамандығы оқу жоспарының шеңберінде іске асырылады. Осы бағдарламамен оқыту бойынша студент белгілі әлеуметтік-қызметтік үдеріске сәйкес пәндер және пәндік ортаның нысан жасау заңдылықтарынан, оны ұйымдастыру бойынша білім алады.
Тапсырма дәріс курстарының материалдарына және жобалаудағы тапсырмалардың кіріспе дәрістеріне негізделеді.
Кіріспе дәрістерінде нысанның берілген түрінің жобалау тәжірибесі ашылады, жобалау практикасының және ұқсас нысандарын құрастыруының үлгілері талқыланады, есептердің (оның ішінде дәстүрлі еместер де) шешу жолдары талданады.
Жобалау дизайні сабақтарында кеңістікпен жұмыс жасауға бағытталған төрт курстық жоба орындалады. Дайындықтың осы деңгейінде студенттер білуі тиіс:
- оның кеңістік баламасындағы еспетер шараларының ауыстыру қтәсілдерін;
-үлгілеу әдістерін ;
- жобалық кестенің тәсілдерін;
Жасай алуы тиіс:
- есеп шараларын оның кеңстікті баламасына ауыстыру;
-жобаны орындау кезінде макеттеу әдістерін және жобалық кестенің тәсілдерін пайдалану ;
- дерексіздендіру дағдыларын пайдалану;
- ұқсас нысандарының жобалау тәжірибесін жалпылау;
Көп қызметтілігімен және күрделі құрылымымен ерекшеленетін жобаларды орындау кезінде студенты жоғарыда көрсетілген білік-дағдыларды меңгерумен бірге пәндік- қызметтік ұйымның жүейелік жолын меңгеруге және жобалау нысанында проблеманы таба алуға, пәндік ортаны ұйымдастыруда талапты тұжырымдауға және кеңістіктің әлеуметтік-қызметтік құрылымын үлгілеуге тиіс.
1 Жалпы мәліметтер
Курстық жобаның көп бөлігі студенттермен жобалық кесте дағдыларын қалыптастыруға, перспективаны құруға, үлгілеу тәсілдерін меңгеруге, өнердің монументалдық түрлерінің техникасымен, эргономикалық параметрлерін есепке алу дағдыларымен танысуға және жобалауда әртүрлі материалдарын пайдалануға бағытталған. Курстық жобаны орындау кезінде студент оны бағалауға ұсыну үшін (кестелік парақты, макетті, перспективалық сызба немесе монументалдық жазбаның үзіндісін орындау) көп уақыт кетіреді. Жобалық кесте, макеттеу, сызбалық геометрия сабақтарында студенттер макеттеу, кестелік қабылдау тәсілдері бойынша, тікелей сабақтарда қысқа мерзімді жаттығуларды орындау жолымен перспективалар құру бойынша білім алады. Алынған дағдылар дизайн жобалау сабақтарында курстық жобалауды «қабылдау» процесінде іске асырылады.
Студенттің жұмысын бағалау кафедра оқытушыларының қатысуымен саралап өткізіледі. Сәулетші-дизайнер студентінің курстық жобасы мына көрсеткіштер бойынша бағаланады:
негізігі композициялық идея;
кесте деңгейі;
макетті орындау сапасы;
перспективаның дұрыс құрылуы.
Практикалық курс студенттерде әлемді кәсіби көру дағдыларды (дерексіздендіру) , есептер шараларын оның кеңістік эквивалентіне ауыстыру дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Оқитынның кеңістікке және композициялық нысан жасау және үлгілеу дағдыларына жеке қатынасын қалыптастыру.
Студенттердің алдын ала дайындығының төмен деңгейде болған жағдайда жұмысты орындау тізбегі өзгеруі, ал жалпы саны қысқартылуы мүмкін.
Егер де студенттер композциялық дайындығының шығу деңгейі жоғары болса, тапсырмалар күрделенуі немесе қызықты тапсырмаларға ауыстырылуы мүмкін.
1.1 Жобаны орындаудағы композиция мәселелері
Жобамен жұмыс жасаған кезде жоба жасаушы көптегеғн шығу деректерін біріңғай тұтастыққа біріктіреді. Сондай-ақ бөлменің ішкі көрінісін, экстерьерді немесе сәулет ортасын жобалау кезінде жоспарлау шешімі, белгілі қоғамның қажеттіліктерін, оның экономикалық мүмкіндіктерін, адамдар психологиясы, олардың дәстүрлері және басқалар да есепке алынады. Сондықтан сәулетші-дизайнерді даяралудағы негізгі міндет оны жобалау нысанын тұтастықта көру және жобалау үдерісінде көптеген шығу деректерін еспке алу болып табылады. Осындай білікті оқытудың басынан қалыптастыру қажет.
Жобалау үдерісіндегі композиция мәселелерін меңгеру бағытындағы студенттердің жұмысын белсендіру үшін оқыту үдерісінде тиімді тәсілді пайдалану үшін курстық жобалау оқу орындарының тақырыбын түзету орынды болып келеді. Осындай тәсіл болып «интерьерлік немесе экстерьерлік жағдай» түсінігі бола алады. Интерьерлік ( экстерьерлік ) жағдай – ол көптеген интерьерлер (экстерьер) немесе есептелінетін сипаттамалардың шектеулі санындағы үзінділер шешімі. Жобаны орындау кезінде, студент нәтижесінде мүмкінді шешімдердің толық спектрін алатын өздігінен жағдай құрастырады.
Жобамен жұмыс жасаған кезде әрбір жағдай толық көлемде таңдалған сипаттамалар есебімен құрастырылуына талпыну керек. Осы жағдайда ғана барлық нұсқауларды салыстыруға, шешімнің әртүрлілігін теңбе-тең бағалауға және осы немесе басқа жағдайдың композициялық мүмкіндіктерін білуге тиіс.
Нәтижесімен бірге, жобалану үдерісі де маңызды.
Интерьерлік (экстерьерлік) жағдай студенттің шығармашылық шешімнің бірнеше нұқсауларын орындауға ынталандыратын мүмкіндіктерін, оны белсендіреді.. Полинұсқаулықтығының талабы шешімнің сапалық әртүрлілігін емес, композициялық-нысан жасаушы мүмкіндіктері бар диапазонды табуын болжайды. Студент өз энергиясын қажет және нысандықты түсінуге бағытталған.
Жобамен жұмыс жасаған кезде, конструкция және функция нысанды іздеу үшін сілтеу ретінде композициялық үлгілеуде пайдаланылады, өйткені ол дерексіздендіріп, нақты контексте толық құрастыруды алмау керек.
Конструктивтік және қызметтік мәселелер студентпен оның сауатты кәсіби шешімін талап ететін өзіндік міндеттер ретінде қабылдануы тиіс.
2 Сәулет-дизайнерлік жобалаудың мазмұны
Сәулет дизайні бойынша курстық жоба студентпен бірнеше кезеңмен орындалады.
Бірінші кезеңде студент сәулет кеңістігінің шешу кезінде бағытталуға тиісіті композиция түрін таңдайды. (фронталды , көлемді немесе терең-кеңістікті).
Екінші кезеңде ол таңдалған композиция түрі үшін нысанның негізгі жағдайын (симметрия-асимметрия, динамика-статика) анықтайды.
Үшінші кезеңде нысанның гормонизациясы, оған қажетті сапаларды беру, мысалы масштабтікті болып табылады.
Жобамен жұмыс жасаған соң, жоба жасаушы көптеген шығу деректерін бірыңғай тұтастыққа біріктіреді.
Тұрпатты қағидат студенттің санасындағы тұрпатты қатарды одан күшті бекітетін ұқсастықтарды іздеуге бағытталған және есептерді дәстүрлі шешім бағытында қадам басуға мүмкіндік береді. Ұқсас ізденісі тек курстық жобаның тақырыбы қазіргі уақытта қабылданған типологиямен сәйкес келген болған жағдайда ғана өнімді болып келеді.
2.1 Жобаның кестелік бөлімін орындау
Кестелік бөлім 55х75 см. мөлшеріндегі планшетте орындалады ( планшеттер саны жұмыстың күрделілігіне тәуелді). Көптеген көлемді макеттер мен кестелік нобайларды орындау арқылы кеңістікпен әртүрлі әрекеттерді (бөлу, қосу, кеңістіктің бір бөлігін бөліп алу) іске асыру арқылы қағидаттарды меңгереді. Осында студент нақты кеңістіктерді қарайды және талдайды, оларға енгізілген бөлудің, қосудың, кеңістік бөлігін бөліп алу композициялық қағидаттарын көруге тырысады. Содан соң, өз композициялық тәсілін нақты кеңістікпен байланыстырмай ұсынады.
Тапсырманың берілуі кіріспе дәріс және калькуляциялау, салынған суреттермен қоса жүреді.
Калькуляциялау кезінде кестелік материалдың барлық детальдерін калькаға ауыстыруға қажет жоқ. Одан гөрі бөлу, қосу немесе кеңістітің бөлігін бөліп шығару маңызыды. Калкуляциялау процесі жүретін ұзақ уақыт оны көрсете алады. Осы бағыттан калькуляцияны және салынған суретті көшірме жасаумен ауыстыруға болмайды.
Жобаның эскиздік макеттері кез келген детальдерден дерексіздендіретін қосу, бөлу немесе кеністіктің бір бөлігін бөліп шығарудың негізгі қағидатын тіркеуге мүмкіншілік беретін кіші масштабта қағазда орындалады. Кіші масштаб қағаз сызығын 2, 3 орындарда қиып «жазықтықтың» немесе «көлемнің» тез дайындалуын қамтамасыз етеді.
Сонымен бірге, макет элементтерін жылдам және күрделі дайындау (көлемі және жазықтығы) студенттердің күшін тікелей қосу, бөлі немесе кеңістігінің бір бөлігін бөліп шығаруға мүмкіндік туғызады.
Жұмыс макетін қағаздан немесе картоннан қажет масштабта орындағанда кіші масштабтан ірі масштабқа көшу әрқашан нысанның үйлесімді қатардағы түзетулерімен, оның құрылымы мен түімен байланысты болып келеді. Үйлесімнің, түсті есептер мен фактуралардың соңғы нақтылаулары тұпнұсқа макетті дайындау үшін таңдалған материалдардың конструктивтік, технологиялық және эстетикалық мүмкіндіктерінің есебімен жүзеге асырылады.
Тұпнұсқа мекетінде және келешектегі бейнелеуде студент нысанның ең негізгісін және композиция жағынан ен маңыздысын шығаруға назарын аударып нысан бейнесін шығармашылық түрде түсіндіреді. Тұпнұсқа макеті студенттің қалауы бойынша кез келген материалдан дайындалуы мүмкін.
Орындалған макет пен перспективаны талдаған кезде, студент нысанның құрылуында ең негізгісін және композиция жағынан маңыздысын көруге тиісті. Осы рөлді орындауға жеке көлемді және жазықты элементтер, нысан құрылымының құрастыру ерекшеліктері, онда масса мен кеңістіктің немесе элементтердің өзара әрекеттесу сипаттамасы, түсті шешім көмектеседі.
Осы жағдайда оқыту рөлі студент қызметінің нәтижелерін түзетуде, үндестіру үдерісіндегі композициялық құралдарының бірлігін және өзара тәуелдігін түсіну бағытынан құрылған.
2.2 Курстық жұмыстардың тақырыптары.
№ 1 курстық жоба (жетінші семестр). Тұрғылықты топ аумағының ішкі кеністігінің ұйымдастырылған дизайн жабдығы мен ғимарат қасбетінің түстік-пластикалық шешімі.
Жоба мақсаты - Эскиздік жоба сатысында жобалық құжаттаманы кестелік дизайнда жобалау және ресімдеу тізбесін және сипатамасын зерттеу.
Жоба міндеттері :
кестелік тәсілдерді меңгеру;
есете сақтарлық композицияны жасау тәсілдерін меңгеру;
- нысанның айқын көркем бейнесін жасау.
Жоба құрамы:
- еркін масштабтағы нысан жоспары;
- еркін масштабтағы нысан қасбеті;
- негізгі қасбет масштабындағы нысан қимасы;
- перспектива немесе аксонометрия;.
Жоба 55х75см планшетінде орындалады, орындау техникасы студенттің қалауы бойынша.
№ 2 курстық жоба (жетінші семестр). Тұрғын ортаның әлеуметтік кеністік элементі (Объект турлері: квартал ішіндегі саябақ кешендері, ұй жанындагы және аулалар аумактар).
және т.с.с).
Жоба мақсаты – эскиздік жоба сатысында жобалау және жобалау құжаттаманы ресімдеу (ізденіс - талдау - шешім) үдерісінде әрекеттер тізбесін және сипатамасын зерттеу, айқын көркем бейнені жасау мақсатымен кеңістікті түсті-кестелі жобалау тәсілдерін меңгеру; демонстрациялық материалдарды түрлі түсте орындаудың біліктері мен техникалық нормаларын дамыту.
Жоба міндеттері:
- нысанның айқын көркем бейнесін жасау;
- қоршаған орта еренкшеліктерінің есебімен жобалау нысанын айқындау;
- пайдаланатын құрылыс материалдың композициялық шешіміне әсер етуін есепке алу;
- жобаны беру техникасын сауатты пайдалану.
Жоба құрамы
- еркін масштабтағы жоба жоспары;
- еркін масштабтағы нысан қасбеті;
- негізгі қасбет масштабындағы нысан қимасы;
- перспектива немесе аксонометрия;.
Жобаға антураж және стаффаж элементтерін бейнелеумен қаладағы қоғамдық аумақты (саябақ, паркі) қоршау үшін тордың үш эскиздік нұсқасы енеді. Жоба 55х75 см планшетте, орындау техникасы студенттің таңдауы бойынша.
№ 3 курстық жоба (сегізінші семестр). Рекреациялық - ландшафттық кешен (Объект турлері: калалык сквер, парк, спорттық - парк зонасы, ансамблі, туристік маршрут және т.с.с)..
Жоба мақсаты – ең төмен функциямен нысанның жобалау біліктерін меңгеру және композиция, сызбалы геометрия, сурет бойынша алдын ала алынған білімдерін көрсету.
Жоба міндеттері :
-бақша учаскісінде кеңістіктің көлемді-жоспарлау шешімін құрастыру;
- бақша учаскісінде мекендеу бейнесін табу;
- решить генеральный план садового участка с бір-бірімен қызметтік байланыстағы 2-3 құрылысы бар бақша учаскісінің бас жоспарын шешу;
Жоба құрамы:
- перспектива (макет).
Барлық сызбалар қималар, бағалармен және түсініктермен қоса берілі отыр. Жоба 55х75 см (кем емес) планшетінде орындалады.
№ 4 курстық жобалау Heгiзгi бөлмелер интерьер шешімі мен жабдық элементтері дайындалған қоғамдық ғимарат интерьері (Объект турлері: мейманхана кешеші, сауда немесе бос уакыт өткізу орталғы және т.с.с).
Жоба мақсаты –бірыңғай стилистикалық есебінде ұйымдастырылған шектеулі өзара байланысқан және пәндік-кеңістікті функционалды зоналардан жасалған айқын көлемді кеңістік ретінде топтық пайдалану кеңістігінің ұйымдастыру дағдыларын меңгеру.
Жоба міндеттері :
- АПЗ талаптарын толық орындаумен мекен-жайлық тұрғын үй құрастыру;
- құрылыстың көлемді- кеңістікті құрылымы мен жобаланатын нысанның пайдакүнемдік орналастыру;
- оның ең төменгі пайдалану кезінде ішкі кеңістік бірлігін көрсететін адамның мекендеу кеңістігінің бейнесін табу;
- жобалау кезінде түс теориясын, жобаланатын құрылыстың қоршаған ортаға және адамға әсерін пайдалану.
Жоба құрамы:
аулада құрылыстары бар учаскінің бас жоспары;
1:50, 1:100, 1:200 (екіден кем емес) масштабтағы казбеттіктер,
М 1:100, 1:200 қабаттық жоспарлар;
М 1:100, 1:200 кесік;
жайлар экспликациясы;
интерьердің перспективалық көрінісі;
еркін масштабтағы қабырғалар ұңғысы;
макет в масштабе 1:50, 1:100, 1:200 масштабтағы үлгі.
Жоба 55 х75 см планшетінде (екіден кем емес) орындалады. Үлгіні учаскінің бас жоспарымен бірге қолдануға болады
Курстық жүмысты рәсімдеу
Курстық жобаны сәтті орындау үшін біріншіден, тақырыппен танысып, тапсырмамен айқындалған негізігі талаптарды анықтау, орындалатын жұмыстың көлемін және мақсатын анықтау.
Жұмысты кезең-кезеңмен орындау қажет:
клаузура;
жобаны жіңішке сызықта сызу;
сумен жуу (түсте беру);
суретті тушьпен айналдыра жиектеу.
3.1 Планшеттегі сызбаларды компоненттеу
Жобаның кестелік ресімдеуін бастау үшін планшет шеттерінен бірыңғай шегінісінен шықпай планшеттегі жеке сызбалардың (аксонометрия, жоспарлар, қасбеттер, жазбалар және т.б.)орналасуын алдын-ала ойластыру қажет.
Жоба сызбаларының орналасуы әр түрлі болуы және негізінен ғимараттар мен қабылданған масштабтарға тәуелді болуы мүмкін. Бірақ аксонометрияны (немесе қасбетті) планшеттің жоғары жағына орналасу керек, өйткені ол көлем туралы түсінікті береді және ортамен ірі масштабта орындалады, ал оның астына жоспарлар, қасбеттер, қималардың сызбалары орындалады. Планшеттің төменгі оң жағында жұмысты орындаған студенттің тобы, аты-жөні көрсетіледі.
Жобаны қарандашпен орындау негізгі сызбаларды: аксонометриялар (перспективалар), ғимараттардың жоспарлары және қасбеттерді сызумен басталады.
Жоба қаттылығы орташа қарандашпен жіңішке сызықтармен сызуға ұсынылады.
Әдебиет
Негізгі:
Дизайн архитектурной среды: Уч. для вузов/Г.Б. Минервин. А.П. Ермолаев, В.Т. Шимко, А.В Ефимов, Н.И Щепетков, А.А. Гаврилина, Н.К. Кудряшов –М.: архитектура-С, 2004 – 504 с., ил.
Шимко В.Т., Гаврилина А.А. Типологические основы художественного проектирования архитектурной среды. - М: Архитектура-С, 2004 – 365 с., ил.
Шимко В.Т. Архитектурно-дизайнерское проектирование. Основы теории. - М: Архитектура-С, 2004– 325 с., ил.
Қосымша:
Зинченко В.П., Мунипов В.М. Эргономика. – М.: Логос, 2001. 356 с.
Бархин Б.Г. Методика архитектурного проектирования. – М.: Стройиздат, 1969 – 352 с.
Лисициан М.В. Архитектурное проектирование жилых зданий – М.: Стройиздат, 1975 – 325 с.
Лазарева Н.Дизайн интерьера: хобби или профессия…
Достарыңызбен бөлісу: |