Методические рекомендации по организации деятельности Республиканского Общественного Объединения «Единая детско-юношеская организация



жүктеу 1,64 Mb.
Pdf просмотр
бет26/68
Дата13.11.2018
өлшемі1,64 Mb.
#19047
түріМетодические рекомендации
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   68

57 
 

материалдық-техникалық  шарттар  —  бұл  балалар  ұйымының  табысты 
жетістігі  үшін  қажетті  құралдарды  құру  (техникалық  жабдық,  орын, 
қолданбалы материал және т.б.); 

ынталандырушы  шарттар  —  бұл  балалардың  және  ересектердің 
белгіленген  міндеттердің  шешіміне  қызығушылығын  қалыптастыруға 
бағытталған әрекеттер; 
Нәтижелер (қорытындылар).  
Балалар  ұйымы  (бірлестігі)  қызметінің  бағдарламасындағы  қорытынды 
бөлімде  міндетті  түрде  күтілетін  нәтижелер,  бағдарламаны  орындаудың 
қорытындылары  көрсетіледі.  Міндеттер  секілді,  нәтижелер  де  балалар  ұйымы 
(бірлестігі)  үшін  нақты  және  шынайы  болуы  тиіс.  Іс  жүзінде,  балалар 
бірлестігінің  қызметіндегі  басты  нәтиже  ретінде  баланың  жеке  тұлғасының 
әлеуметтенуі, оның жеке, шығармашылық әлеуетінің өсуі, белсенді патриоттық 
және азаматтық айқындамасының түзілуі болып табылады. 
Осындай  дамудың  көрсеткіштері  ретінде  шығатындар:  сапалы  білімнің 
деңгейі,  белсенді өмірлік  айқындамасы,  жемісті пайдалы  еңбектегі,  салауатты 
өмір салтындағы қажеттілік). 
Балалар    қызметіндегі  қоғамдық  ұйымы  (бірлестігі)  бағдарламаның 
нәтижелері  бағдарламаның  міндеттеріне,  оның  өзектілігіне  сай  келіп,  оларға 
қайшы келмеуі керек. 
Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттеріне формалды көзқарастан алшақ 
тәжірибелі  педагогтар  осы  тараумен  жұмыс  жасағанда  өмірін  жеңілдетуге 
тырысады.  Бұл  тарау  «Мақсатты  тұжырымдау»  секілді,  бірақ  ол  басқа 
сөздермен сипатталған. 
Көптеген  заманауи  мектептік  балалар  мен  жасөспірімдер  ұйымының 
қиыншылықтарының  бірі  ретінде  оның  тіршілігінің  «санасыз»,  инерциялық 
жүруінде.  Бұл  жағдайда  олардың  қызметі  «әдеттегідей»  өткізілетін  іс-
шаралардың  тізбегі  түрінде  болады,  онда  «не  үшін?»  деген  сауал  өз  мәнінен 
айырылады.  Мақсат  саналы  қабылданбай,  іс  жүзінде  «жұмыс  жоспарын 
орындау»  деген  формалды  оймен  алмастырылады.  Педагог  балалар  мен 
жастардың  мүддесін  қорғап  әрекет  етпей,  алдымен  білім  беру  мекемесіндегі 
басшылардың мүддесін қолдап отырғанын көрсетеді. 
«Жас  Ұлан»  балалар  және  жасөспірімдер  ұйымының  дамуын 
бағдарламалық  қамтамасыз  ету  бойынша  инновациялық  үлгіде  жұмыс  жасау 
үшін  өз  жұмысына  шын  мәнісінде  берілген  балалардың  және  жастардың 
әлеуметтік  белсенділігін  ұйымдастырушыларға  –  аға  тәлімгерлерге,  педагог  –
ұйымдастырушыларға,  әдіскерлерге,  қоғамдық  бірлестіктердің  басшыларына 
олардың қызметінің бағдарламалар бойынша тиімділігін бағалаудың жүйесін 
қолдану қажет
Бағдарлама  бойынша  қызмет  мазмұнының  балалар  ерекшеліктеріне 
сәйкестігі
Көрсеткіштері:  
а)  қызметтің  бағыттары  мен  нұсқалары  ұйым  мүшелерінің 
қызығушылықтарына және мүдделеріне сәйкес келеді; 


58 
 
б) ұйым қызметінің мазмұнының, оның ұйымдастырушылық мәдениетінің 
ұйым мүшелерінің жасына сәйкестігі. 
Өлшемдері:  сауалнама  (соның  ішінде  бірлестік  мүшелері  еместердің  де), 
әдістемені жоспарлау, сараптамалық бағалау. 
Ұйым  қызметінің  балалар  мен  жасөспірімдердің  әлеуметтенуіне 
бағытталуы. 
Көрсеткіштері:  
а) ұйым жас кезеңіндегі мәселелердің шешіміне бағыт алған; 
б) бірлестік мүшелерінің жеке өсімі орын алуда;  
в)  ұйым  қызметінің  мақсаттары,  міндеттері  мен  мазмұны  заманауи 
қоғамның ерекшеліктеріне сәйкес келеді. 
Өлшемдер: сараптамалық бағалау, сауалнама. 
Ұйым  мүшелерімен  оның  миссиясын  және  құндылықтарын  саналы 
қабылдауы. 
Көрсеткіштер:  
а) ұйымның мүшелері бірлестік миссиясын түсінеді; 
б) ұйымның мүшелері өзінің өмірінде ұйымның құндылықтарын және онда 
қабылданған нормаларды басшылыққа алып отырады. 
Өлшемдер: сауалнама, аяқталмаған сөйлем әдісі. 
Ұйым  мүшелерінің  бастаманы  шығару  және  шешім  қабылдау  үдерісіне 
шығаруға қосылуы. 
Көрсеткіштер:  
а) ұйымда өзін-өзі басқару ұйымы қызмет етеді; 
б) ұйымда ұжымдық жоспарлау тәжірибесі қолданылуда;  
в)  ұйымның  мүшелері  ұйым  тіршілігі  үшін  жауапкершілікті  өзіне  алуға 
дайындығын танытуда. 
Өлшемдер: бақылау, сауалнама. 
Ұйымның белгіленген мақсаттар мен міндеттеріне жетуі. 
Көрсеткіштері: 
а)  ұйым  қызметінің  мақсаттары,  міндеттері  мен  мазмұны  бір  бірімен 
келісілген; 
б) ұйымның мақсаттары диагностикаға бағынады; 
в)  бірлестіктің  мақсаттары  мен  міндеттерін  іске  асырудың  механизмдері 
бар.  
Өлшемдері: бақылау, сұрастыру, құжаттарды зерделеу. 
Ұйым қызметінің ресурстық қамтамасыздығы. 
Көрсеткіштері:  
а) нормативтік-құқықтық базасының сапасы;  
б)  ақпараттық-әдімстемелік  қамтамасыздықтың  сапасы,  меншікті 
талдамалардың және инновациялардың болуы; 
в)  кадрлық  қамтамасыздықтың  күйі  мен  ұйымдағы  кадрлық  саясаттың 
болуы; 
г) қоғаммен (общественность) байланыс; 
д) басқа бірлестіктермен, ұйымдармен, билік органдарымен байланыстары; 


59 
 
е) материалдық базаның болуы. 
Өлшемдері: құжаттарды зерделеу, сараптамалық бағалау. 
Бағдарламаларды  әзірлеуде  мақсатты  тұжырымдауды  үш  деңгейінде 
орындауға  ұсыныс  беріледі.  Мақсаттардың  бірінші  деңгейі  мемлекеттің, 
қоғамның  оның  түрлі  әлеуметтік  топтарының  қалыптасып  жатқан  жеке 
тұлғаның  қоғамдық  идеалына  қатысты  әлеуметтік  тапсырысын  көрсетеді.  
Мақсаттардың екінші деңгейі – бұл әрбір білімділік бағдарламасы, білім беру 
ұйымдарының  түрлері  мен  типтеріне  арналған  мақсат.  Мақсаттардың  үшінші 
деңгейі  –  бұл  балалармен  күнделікті    қарым-қатынас  және  педагогикалық  іс-
шараларды  өткізу  барысында  жүзеге  асып  отыратын  педагогикалық 
мақсаттардың  өзі.  Олар  белгілі  жағдайларда  нақтыланып,  өзара  байланысқан 
міндеттер арқылы сипатталады. 
Бүгінгі  күні  түрлі  деңгейлерде  мақсаттардың  келіспеушілігі,  сонымен 
қатар  олардың  гуманистік  мәнінің  мақсаттары  мен  міндеттерін  іске  асыру 
құралдарының сәйкессіздігі, мақсаттарды құралдармен шатастыру орын алуда. 
Ұйымның жұмысын бағдарлама бойынша орындау.
  
Бағдарлама  бойынша  жұмыстың  жемісті  болуы  тек  оқушылардың 
белсенділігіне 
ғана 
емес, 
педагогтың 
 
тәрбиеленушілердің 
қызығушылықтарына  пайдалы  бағыт  берудегі  ептілігіне,  оның  педагогикалық 
ықпалына  да  байланысты.  Жұмыс  барысын  ұйымдастыру  өз  құрамына  түрлі 
бірлестіктердің,  клубтардың  және  т.б.  қалыпты  қызметі  мен  өзара 
әрекеттестігінің қамтамасыздығын енгізеді. 
Ұстаздарға  балалар  ұйымы  бағдарламасын  жүзеге  асырудың  әдістерін 
меңгеру қажет. 
Дәл  осы  мәнмәтінінде  әдістер  дегеніміз  –  бұл  ересектер  мен  балалардың 
өзара  әрекеттесуінің  реттелген  амалдары,  олар  бағдарламадағы  мақсаттарға 
және міндеттерге жетуге бағытталған. 
 
Педагог  пен  балалардың  бағдарламаны  жүзеге  асыру  барысындағы 
пайдамен  өзара  әрекеттесуін  қамтамасыз  ету  үшін  келесі  әдістер 
қолданылады

балаларда  балалар  бірлестігі  жағдайындағы  жүріс-тұрысының  және 
қызметінің  әлеуметтік  тәжірибесін  ынталандыру  мен  мотивациялаудың 
әдістері; 

балалардың  жүріс-тұрыс  тәжірибесін  алуы  үшін  жағдай  жасау  әдістері 
(рөлдік ойындар, тренингтер, білім беру ситуациялары); 

ұйым  мүшелерімен  жүріс-тұрыс  және  пайдалы  қызмет  тәжірибесін 
санасынан  өткізуіне  ықпал  ететін  әдістер  (талдау,  түсінік  беру,  түсіндіру, 
ұғындыру, сұхбаттасу, талқылау, бақылау және т.б.). 
Ұйым  жұмысының  бағыттарын  анықтауда  неге  ерекше  назар  аудару 
қажет? 
Қазіргі  заман  балалар  бірлестігінің  немесе  ұйымының  маңызды 
міндеттерінің  бірі  ретінде  өз  бетінше  қызметке  икемді,  ақапараттық  қанығу, 
қатал  бәсекелестік,  жағдайында,  стандарттан  тыс  ситуацияларда  өмір  сүруге 


жүктеу 1,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау