40
Оқу бағдарламасына сәйкес ұзақ мерзімді және орта мерзімді,
қысқа мерзімді
жоспарлар жасалынады [4].
Ұзақ мерзімді жоспар – бұл оқу бағдарламасының жалғасы, онда пәндік
мазмұн нақтыланады, орта мерзімді жоспар – бұл ұзақ мерзімді жоспармен
қалай жұмыс істейтінін егжей-тегжей сипаттайтын, оқу материалын сынып
ішінде және сыныптар арасында байланыстырып көрсететін жұмыс сызбасы,
қысқа мерзімді жоспар – бұл жеке сабақ үлгісі.
Оқытудың күтілетін нәтижелері оқытудың ұзақ мерзімді және орта
мерзімді мақсаттар жүйесін құра отырып, нақты оқу пәнінің оқыту
мақсаттарында әрбір бөлім бойынша нақтыланады.
Осы оқу бағдарламасы негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына
арналған «География» оқу пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу
бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Ұзақ мерзімді жоспарларда білім беруді дамытудың жалпы қағидалары
(оны дамыту тұжырымдамасы); дамытудың басты бағыты және
бағдарламалары; көзделген білім беру мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз
ететін маңызды шаралардың мазмұны мен жүзеге асыру бірізділігі көрсетіледі.
Әр оқу пәні бойынша мазмұнды жобалаудың ұстанымдары өзгерді:
сызықтық ұстаным спиральдік (шиыршық) принципіне алмасты, яғни білім мен
біліктің бірте-бірте тігінен және көлденеңінен (сынып, тақырып бойынша
дағдыларының күрделенуі) ұлғайтылды. Меңгерілетін оқу материалының,
құрылымының, сынып және тоқсан бойынша ұсынылған пәнаралық ортақ
тақырыптардың спиральдік (шиыршық) принципімен берілуі ескерілді.
Ұзақ мерзімді жоспарға бір оқу жылына арналған оқыту тақырыптары
енеді. 30-кестеде 7-сынып бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарынан үзінді
берілген.
30-
кесте – Ұзақ мерзімді жоспардан үзінді.7-сынып
Бөлімше
Тақырыптар
Оқу мақсаттары.
Білім алушылар:
1-
тоқсан
1.
Географияны зерттеу тәсілдері
1.1
Зерттеу
және
зерттеушіл
ер
Географияны
зерттеу
нысандары
7.1.1.1 -
географияның зерттеу нысандарын
анықтайды
География
ғылымының дамуы
7.1.1.2 -
саяхатшылар мен зерттеушілердің география
ғылымының дамуына қосқан үлесін сипаттап, баға
береді
Географиялық дерек
көздері
7.1.1.3 -
географиялық дереккөздермен (карта, сурет,
мәтін,
фотосуреттер, графикалық материалдар)
ерекшеліктерін
графикалық түрде
көрсете алады
қасиеттерін
түсіндіреді
8.1.1.6 зерттеу
нәтижелерін түрлі
формада ұсынады
41
жұмыс істейді
Географиялық
тәжірибелер.
7.1.1.4-
географиялық нысандардың қасиеттерін
тәжірибелік жолмен анықтайды
Далалық зерттеулер
әдістері
7.1.1.5-
географиялық далалық зерттеу әдістерін
қолданады,
көрсеткіштерді тіркейді,
жинақтайды,
өңдейді, талдайды
Географияда
графикалық
әдістердің
қолданылуы
7.1.1.6-
географиялық нысандардың,
құбылыстардың және үдерістердің ерекшеліктерін
графикалық түрде көрсете алады (диаграмма,
профиль, график)
Орта мерзімді жоспарларда мұғалімдер үшін тақырыптар мен бөлімдер
бойынша сабақтар өткізу, сабақтарда оқушыларды ұйымдастыру ұсыныстары
берілген, сондай-ақ оқыту ресурстары қосылған (интернет, мәтіндер,
жаттығулар, бейне- және аудиоматериалдары және т.б.). Оқытудың мақсаттары
мен тәсілдеріне негізделген жоспарларда мұғалімдер үшін әрбір бөлім мен
тақырыптарды өткізу, оқушылардың сабақта білім алуын ұйымдастыру
бойынша ұсынымдары, сонымен бірге оқу ресурстары енгізілген (интернет,
мәтіндер, жаттығулар, бейне және аудио материалдары т.б.).
Орта мерзімді жоспарлардың оқу бағдарламасын сабақтардың жүйелі
сериясына құрылымдайтын мұғалімдер тобы немесе жеке мұғалім жүзеге
асырады. Орта мерзімді жоспар ұзақ мерзімді жоспармен анықталған
бағдарларды нақтылайды және ең қысқа мерзім аралығында жүзеге асырылады.
Орта мерзімді жоспарларда белгіленген кезеңге арналған негізгі міндеттерді
тұжырымдайды. Онда әрбір тоқсанға немесе бөлімге арналған оқыту
тақырыптары көрсетіледі. Бөлімдер ішінде сағаттарды бөлуді, сондай-ақ
мұғалімнің қалауына қарай өзгертуге болады [5].
Мұғалім сыныптағы оқушылардың жеке ерекшеліктері мен үлгерім
деңгейін ескере отырып, тапсырмалардың кейбір түрлерін өзгерту және түзетуі
мүмкін. Келесі кестеде 7-сыныптың «Географиялық зерттеу әдістері» бөлімі
бойынша орта мерзімді жоспарының үлгісі берілген (31-кесте).
31-
кесте – Орта мерзімді жоспар.7-сынып
География Негізгі мектеп 7-сынып
7.1А Географиялық зерттеу әдістері
Осыған дейін меңгерілген білім
Оқушылар ғылымға кіріспе бөлімінен негізгі зерттеушілерді және олардың әлемді танып
–
білудегі алатын орны туралы біледі. Саяхатшылар мен зерттеушілер туралы біледі.
Контекст
Оқушылар кеңістік, географиялық қабық пен географиялық ортаның нысандарын,
үдерістерін және құбылыстарын зерттейді.
Саяхатшылар мен зерттеушілердің үлесін уақыт желісінде көрсету, сипаттау және баға
беру.
Зерттеу әдістерін жалпы сипаттау, суреттермен, фотосуреттермен, сызба нұсқаларымен
жұмыс жасау дағдыларды дамыту, қарапайым географиялық деректермен жұмыс жасап
тұжырымдама жасайды. Географиялық карталармен жұмыс жасау дағдыны әрі қарай