11
алғашқы түсініктері қалыптасқан. Оларға қоса түрлі денеледің температурасын
қалай өлшеу керектігін біледі. Оларды еске түсіру үшін «Жаратылыстану»
пәнінің тиісті тақырыптарын қайталау жүктеледі[8].
7-
сыныптың физика курсына кіріспе «атом», «зат», «материя» және
«физикалық термин», «физикалық шама», «гипотеза» және «эксперимент»,
«өлшем» және «өлшеу қателігі» сияқты негізгі ұғымдарды оқытады, ол одан әрі
оқу материалын оқыту кезінде қазіргі ғылымның заманауи деңгейі мен
қоршаған ортамен байланыстың үзілмеуіне мүмкіндік береді.
Білім алушылардың алған білімі қоршаған ортаға деген шығармашылық
көзқарасын қалыптастыруға және оны дамытуға ықпал етеді.
Аталған бөлімде табиғатты зерттеу ғылымдары ішінде физиканың
жетекші рөл атқаратыны, «физика» деген сөздін өзі гректің «табиғат» деген
мағынаны білдіретіні туралы айтылады. Табиғат құбылыстарын зерттеудің
негізгі үш әдіс туралы, физикалық шамалар мен өлшеулер және Халықаралық
бірліктер жүйесімен танысады. Скаляр және векторлық шамалар дегеніміз не?
Өлшеулер мен есептеулердің дәлдігі қалай анықталады? – деген сұрақтарға
жауаптар беріліп, үлкен және кіші сандарды ықшамдап жазу амалдары мен
үлгілері көрсетіледі. Сонымен қатар білім алушыларды эксперимент жасап,
құбылыстарды өз беттерімен зерттеуге дағдыландыру үшін кіші денелердің
өлшемін анықтау; физикалық шамаларды өлшеу, аспап шкаласындағы бөліктің
құнын анықтау дағдылары қалыптастырылады.
Мектепте «Физика» пәнін оқыту заманауи технологиялық әлемдегі өмірге
дайындауда маңызды мағынаға ие. Білім алушылар оқу процесінде бақылау
жүргізуге, топтастыруға, құбылыстарды бір-бірімен байланыстыру мен оларға
түсінік беруге үйренулері тиіс. Ерекше басымдылық ғылыми мәселелерді
әлеуметтік және тұлғалық маңызды міндеттер мәнмәтінінде қарастыра алатын
ақпараттанған және сыни ойлайтын азаматты тәрбиелеуге бағытталады.
«Механикалық қозғалыс» бөлімінде танысатын денелердің түрлі
жылдамдықпен қозғалуы туралы алғашқы мағлұматтарды білім алушылар
«Жаратылыстану» пәніндегі «Табиғат физикасы» тарауында оқыған. Бұл
тарауда механикалық қозғалыс және оның сипаттамасы беріледі. Таңдап алынған
санақ жүйесіне байланысты механикалық қозғалыстың салыстырмалылығы
түсіндіріледі. Түзу сызықты бiрқалыпты және бiрқалыпсыз қозғалыстар
қарастырылып, оларды сипаттайтын жылдамдық және орташа жылдамдық
ұғымдары енгізіледі. Сонымен мен қатар әртүрлі механикалық қозғалыстардың
графиктерін салу жолдары көрсетіледі.
«Тығыздық» бөлімінде масса және денелердің массасын өлшеу, дұрыс
және дұрыс емес пішінді денелердің көлемін өлшеу, заттың тығыздығы және
тығыздықтың өлшем бірлігі, тығыздықты есептеу қарастырылады.
Электрондық және иіндік таразыларды қолданып, әртүрлі денелердің массасын
анықтайды.
Қозғалыс пен денеге түсірілген күштің өзара байланысы туралы алғашқы
мағлұматтарды білім алушылар «Жаратылыстану» пәніндегі «Табиғат
физикасы» бөлімінен біледі. Бұнда аса маңызды физикалық құбылыстар және
12
оларды сипаттайтын ұғымдар мен заңдар қарастырылады. Олардың қатарын
мыналар құрайды: инерция құбылысы, күш, тартылыс құбылысы және ауырлық
күші, салмақ, деформация, серпімділік күші, Гук заңы, үйкеліс күші, үйкеліс
әрекетін техникада ескеру, бір түзу бойымен денеге әсер еткен күштерді қосу;
Сонымен қатар серпімді деформацияларды зерделеу; сырғанау үйкеліс
күшін зерттеу; динамометр көмегімен өлшеу, ауырлық күшін зерттеу, түрлі
денелердің созылуын зерттеу жұмыстары жасалды.
«Қысым» бөлімінде ауаның және судың қасиеттері туралы, табиғат
ресурстары
жөнінде
алғашқы
мағлұматтарды
білім
алушылар
«Жаратылыстану» пәніндегі «Табиғат физикасы» бөлімінен біледі. Бұл бөлімде
теориялық жағынан да, практикалық жағынан да аса маңызды физикалық
құбылыстар және оларды сипаттайтын ұғымдар мен заңдар қарастырылады.
Олардың қатарын мыналар: газдардың, сұйықтардың және қатты денелердің
молекулалық құрылымы, қатты денелердегі қысым, сұйықтар мен газдардағы
қысым, Паскаль заңы, қатынас ыдыстар, гидравликалық машиналар,
атмосфералық қысым, атмосфералық қысымды өлшеу, манометрлер, сорғылар,
кері итеруші күш, Архимед заңын зерделеу; дененің сұйықта жүзу шарттарын
анықтау; кез-келген пішінді қатынас ыдыстардағы бірдей және әртүрлі
сұйықтардың беттерінің орналасуын зерттеу, атмосфералық қысымның бар
екендігін зерттеу құрайды [8].
«Жұмыс және қуат» бөлімін оқығанда білім алушылар «Жаратылыстану»
пәнінен табиғат ресурстары дегеніміз не және табиғат ресурстары қандай
болады? - деген сұрақтарды есіне түсіреді. Бұл тарауда теориялық жағынан да,
практикалық жағынан да аса маңызды мынадай физикалық ұғымдар мен
заңдар, анықтамалар мен ережелер қарастырылады: Механикалық жұмыс,
қуат; жұмыстың мәнін график бойынша анықтау, ауырлық күші мен үйкеліс
күшінің жұмысын салыстыру, транспорт түрлерінің қуатын бағалау.
Теориялық жағынан да, практикалық жағынан да аса маңызды
кинетикалық энергия, потенциалдық энергия, энергияның сақталуы және басқа
түрге айналуы; үстел теннисіне арналған шариктің тебілу биіктігін анықтау;
жай механизмдер, дененің массалық центрі, иіндіктің тепе-теңдік шарты,
пайдалы әрекет коэффициенті; түсірілген күштің айналу осіне дейінгі
қашықтыққа тәуелділігі зерттеледі, сондай-ақ физикалық ұғымдар мен заңдар,
анықтамалар мен ережелер қарастырылады.
Білім алушылар «Жаратылыстану» пәнінің «Жер және ғарыш» тарауынан
Күн жүйесі туралы, соның ішінде Күн, Жер, Ай туралы, сондай-ақ ғарыштағы
уақыт жөнінде алғашқы түсініктер бар. Оларға қоса бұл түсініктерді 7-сынып
физикасының бастапқы бөлімінен біледі. Бұл тарауда теориялық жағынан да,
практикалық жағынан да аса маңызды мынадай: Күн жүйесі (гелиоцентрлік
жүйе), әлемнің геоцентрлік жүйесі, жыл мезгілдерінің ауысуы, күн мен түннің
ұзақтығы, күнтізбе физикалық ұғымдар қарастырылады.
7-
сыныпта жаңартылған мазмұндағы бағдарламада қолданыстағы
бағдарламаға қарағанда лабораториялық жұмыстың саны артқан.
Салыстырмалы көрсеткішер төмендегі кестеде берілген (3-кесте).
Достарыңызбен бөлісу: |