Методические рекомендации по изучению учебного предмета «физика» (7-9 классы) в рамках обновления содержания образования



жүктеу 4,04 Mb.
Pdf просмотр
бет3/92
Дата21.11.2018
өлшемі4,04 Mb.
#23179
түріМетодические рекомендации
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   92


 
Білім беру жүйесінің маңызды - құраушысы білім мазмұны. Оны жаңарту 
процесінің басты мақсаты білім мазмұнын жаңа сапаға көтеру мен оны жүзеге 
асыруға  бағытталуы  тиіс.  Білім  мазмұны  оның  әлеуметтік  мәнділігі, 
педагогикаға  тиесілігі  мен  оны  қарастырудың  жүйелілігі  іс-әрекеттік  тәсілі 
тұрғысынан бірліктіріле қарастырылады.  
Білім мазмұнын қалыптастырудың үш деңгейі белгілі:: 

жалпы теориялық деңгей,  

оқу пәнінің деңгейі,  

оқу материалының деңгейі.  
Мазмұнды жүйе деп қарастыратын болсақ, онда оны кез келген жүйенің 
басты сипаттамалары – құрам, құрылым, қызмет бойынша көрсетуге болады.  
Білім  мазмұнының  жалпы  теориялық  деңгейде  берілген  құрамы, 
құрылымы  мен  қызметі  –  бұл  негізгі  элементтері  мен  олардың  арасындағы 
байланыс және жас ұрпақты қоғам өміріне белсенді түрде араласуға даярлауда 
атқаратын  рөлі  жайлы  білімдер.  Келесі  оқу  пәні  деңгейінде  құрам,  құрылым 
және  қызмет  неғұрлым  нақты  сипат  алады.  Ал  үшінші  –  оқу  материалы 
деңгейінде олар оқу мәтіні, тапсырмалар, жаттығулар түрінде тікелей енгізіледі. 
Мұнда  әрбір  келесі  деңгей  алдыңғы  деңгейге  сүйенуі  қажет,  тек  сонда  ғана 
мазмұнның біртұтастығы сақталады [3]. 
7-9-
сыныптарына  арналған  «Физика»  пәнінен  жаңартылған  мазмұндағы 
үлгілік  оқу  бағдарламасының  мазмұны  жаратылыстану-ғылыми  сауаттылыққа 
негізделген.  Жаратылыстану-ғылыми  сауаттылығы  –  нақты  жағдайларда 
ғылыми әдіс көмегімен шешілетін және зерттелінетін проблемаларды анықтау, 
тәжірибе мен бақылау негізінде қорытындыға қол жеткізу үшін жаратылыстану 
білімін қолдану қабілеті. Бұл қорытындылар қоршаған ортаны және оған адам 
қолымен  жасалатын  өзгерістерді  түсіну,  сонымен  қоса  тиісті  шешімдерді 
қабылдау үшін қажет [1]. 
Білім  алушылардың  жаратылыстану-ғылыми  сауаттылығын  яғни 
жаратылыстану  бағытындағы  пәндерден  білім  жетістіктерін  анықтайтын 
халықаралық  TIMSS  зерттеуіне  Қазақстанның  білім  алушылары  қатысады. 
Зерттеу  білім  алушылардың  қабілеттерін  емес,  ол  оқу  барысында  меңгерген 
білімдері  мен  дағдыларын  өмірлік  жағдайларда  қолдана  білуді  бағалауға 
бағытталған. Яғни бұл зерттеудің мақсаты – жаратылыстануды оқу процесінің 
дамуы үшін зерттеуге қатысушы елдерді білім алушылардың білім жетістіктері 
туралы  салыстырмалы  ақпаратпен  қамтамасыз  ету.  TIMSS  -  мектептегі  білім 
беру  сапасын  халықаралық  зерттеуінде  4-сыныптағы  жаратылыстану 
білімдерінің тапсырмаларының жалпы саны 172 құрайды, олардың ішінде 23% 
Қазақстанның бастауыш білім деңгейіндегі оқу бағдарламасына сәйкес келмеді. 
Халықаралық
 
тәжірибе  жүзінде  барлық  елдерде  «
Жаратылыстану
»  пәні 
бойынша оқу бағдарламасы «Жарық және дыбыс», «Электр және магнетизм», 
«Күштер  мен  қозғалыстар»  сияқты  тақырыптарды  қамтиды.  Бұдан 
Қазақстандық  бастауыш  мектеп  білімінің  міндетті  мазмұны  минимумы 
халықаралық  деңгейде  маңызды  болып  табылатын  кейбір  тақырыптық 
сұрақтарды қамтымайтыны байқалады. Сондықтан бастауыш білімінің міндетті 
мазмұндық  минимумы  халықаралық  деңгейге  сәйкес  болу  үшін  «Физика» 



 
ғылымының  бастапқы  ұғымдары  «Жаратылыстану»  оқу  пәні  мазмұнына       
енді [5]. 
Демек, физикадан білім берудің тұтастығы төмендегідей жүйеленген:  
1)  бастауыш  білім  беру  деңгейінде  «Жаратылыстану»  пәні  1-4-
сыныптарда; 
2) негізгі орта білім беру деңгейінде:  

«Жаратылыстану» пәні 5-6-сыныптарда,  

«Физика» пәні 7-9-сыныптарда; 
3)  жалпы  орта  білім  беру  деңгейінде  «Физика»  пәні  10-11-сыныптарда 
оқытылады. 
«Жаратылыстану»  бiлiм  саласы  жалпы  бiлiм  берудiң  мiндеттi  құрамдас 
бөліктерінің бiрi болып табылады. Жалпы білім алушылардың жаратылыстану-
ғылыми  сауаттылығының  негіздері  Қазақстан  Республикасы  мемлекеттік 
жалпыға міндетті білім беру стандарттары бойынша мектептің бастауыш білім 
беру 
деңгейіндегі 
«Жаратылыстану» 
кіріктірілген 
пәні 
арқылы 
қалыптастырылады  да,  мектепте  білім  берудің  негізгі  және  жалпы  орта 
деңгейлерінде  әлемнің  жаратылыстану-ғылыми  бейнесінің  мазмұны  физика, 
химия, биология, география жеке пәндері арқылы жүйеленіп беріледі.  
Сонымен  жаңартылған  білім  беру  мазмұнындағы  білім  берудің 
мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында «Физика» пәнінің мазмұны немесе 
«Физика»  ғылымы  туралы  бастапқы  ұғым  бастауыш  білім  деңгейінде  1-4-
сыныптарында  және  негізгі  орта  білім  деңгейінде  5-6-сыныптарында 
«Жаратылыстану» пәнін меңгеру барысында қалыптастырылады.  
«
Жаратылыстану»  пәнінде  жаратылыстану  ғылымы  пәндерін  одан  әрі 
меңгеруге мүмкіндік беретін білім, білік, дағдыларды жетілдіреді[6]. 
Бастауыш  білім  беру  деңгейінің  1-4-сыныптарына  арналған 
«Жаратылыстану»  оқу  пәні  бойынша  жаңартылған  мазмұндағы  үлгілік  оқу 
бағдарламасының  базалық  мазмұны  келесі  бөлімдерден  құралады:  «Мен 
зерттеушімін»,  «Жанды  табиғат»,  «Заттар  және  олардың  қасиеттері»,  «Жер 
және ғарыш», «Табиғат физикасы» бөлімдерінен құралады [6]. 
Негізгі  орта  білім  беру  деңгейінің  5-6  сыныптарында  «Жаратылыстану» 
пәні  оқытылады.  «Жаратылыстану»  оқу  пәні  бастауыш  мектепте  оқытылған 
«Жаратылыстану» пәні бағдарламасының логикалық жалғасы болып табылады. 
Бағдарламаның  мақсаты  білім  алушыларды  жаратылыстану  ғылымы 
тұрғысынан  табиғат  пен  қоғамның  өзара  байланысы,  табиғаттағы 
заңдылықтардың  біртұтастығы  туралы  білім,  білік,  дағды  қалыптастыру  және 
білімдерін күнделікті өмірде кездесетін табиғат құбылыстары мен процесстерін 
түсіндіру, сипаттау, болжау үшін қолдану білігін дамытуға бағытталған [7].  
Негізгі  мектепте  «Жаратылыстану»  пәнін  оқу  қоршаған  әлемнің  көп 
қырлылығын,  табиғи  құбылыстар  мен  процесстердің  өзара  байланысын  және 
себептерін,  көптүрлі  табиғат  құбылыстары  мен  нысандарын  жүйелеу 
принциптерін түсінуге мүмкіндік береді.  
Негізгі  орта  білім  деңгейінде  «Физика»  пәнінің  оқу  бағдарламасын 
әзірлеу  барысында,  яғни  пәннің  мақсаты  мен  міндетін  анықтауда,  білім 
мазмұнын  құрастыруда  «Жаратылыстану»  пәні  оқу  бағдарламасында  берілген 


жүктеу 4,04 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   92




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау