Методические рекомендации «читательская деятельность школьника»



жүктеу 4,69 Mb.
Pdf просмотр
бет55/127
Дата26.11.2018
өлшемі4,69 Mb.
#24594
түріМетодические рекомендации
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   127

127 
 
7.  Ата-аналардың  балаларға  арналған  жануарлардың  өмірі  туралы  шағын 
әңгімелерді  оқып  берудің  маңызы  зор  (Сладкова,  Чарушина).  Жануарлар 
туралы  неге  оқу  керек?  Балаларға  жануарларды  сипаттап  сөйлем  құрастыру 
жеңілірек  болады.  Бұған  қоса,  бала  оқығаны  туралы  сыныпқа  қуана  айтады. 
Оқуға қызығушылық - сапалы оқу техникасының кепілі. 
8. Бақылау жұмыстарының алдында жиі кездесетін математиканың және орыс 
тілін оқу сабақтарымен алмастыруға болмайды.  
9.  Ауызекі  тілді  дамыту  сабақтарында  ауызша  жауаптарды  талқылауға  және 
түзетуге болады. 
10.  Екінші  жартыжылдықтан  бастап  бірінші  сынып  оқушылары  кітапханалық 
кітаптарды оқуы тиіс. 
11. 2-
3  сыныптарда  ата-аналар  журналдардан,  газеттерден  мақалалар  оқып, 
балалармен бірге талқылауы керек. 
12.  Үй  тапсырмасын  көлемді  мәтіндерді  беруге  болмайды.  Көлемді 
мәтіндермен  балаларды  шаршатуға  болмайды.  Балалар  үйде  сабақта  өткенді 
ғана оқып шығуы керек.  
13.  Әрдайым  шығармашылықпен  жұмыс  жасаңыз:  балалардың  кейіпкерлер 
туралы өз пікірін білдіруіне, өздері қалай әрекет ететіндері туралы әңгімелесуге 
рұқсат етіңіз. 
14. Іріктеп оқуды жиі өткізу қажет. 
15. Тіпті 3- сыныпта хормен оқуды доғарудың қажеті жоқ, барлық сыныппен, 
қатармен, жұппен оқу керек. 
16. Көркем сөз оқу немесе әдеби викториналар байқауын өткізу. 
17. Ортақ тақырып бойынша түрлі авторлардың кітаптары мен плакаттарының 
көрмесін өткізу. 
18.  «Күз»,  «Қыс»,  «Көктем»,  «Жаз»  тақырыбы  бойынша  плакаттар  мен 
альбомдар жасау. Оған балалар өлеңдерін немесе  классиктердің өлеңдері мен 
әңгімелерінен үзінділер, олардың портреттерін, суреттерін орналастырады. 
19. Өлеңдер, әңгімелерден көрініс қою.  (Драгунский, Чуковский) 
20. Ата-аналардың шақыруымен тақырыптар бойынша киінген музыкалық және 
әдеби кештер, ойын-сауық өткізу. 
21.  Мұғалімдер  оқушыларына  жақсылық  нәрін  себетін  кітаптарды; 
классиктердің  шығармаларын,  халық  ауыз  әдебиентінен  -  мақал-мәтелдер, 
мысалдар, жұмбақтарды көп оқуға тырысу керек. 
Оқу техникасын жетілдіруге арналған жаттығулар 
1.Дауыстық жаттығуға артикуляциямен жұмыс жатады: 
дауысты: А,О,У,Ы,И,Э. 
тіркес: А-У,А-О,Ы-И, Э-А,И-О. 
дауыссыз: Г-С-Ж, Ш-Ж-С; 
дауысты және дауыссыз: ЖЕ,ҚАРҚ,САЛТ,АНТ; 
жаңылтпаш: шеше кеше неше кесе сынды. 
Бұл  сөйлеу  аппаратының  қимылын,  айтылған  сөздің  айқындығын  дамытуға 
арналған жаттығу. 


128 
 
2. 
«Көз  фотасы»:  Балалар  берілген  уақыт  ішінде  сөздерді  көзбен  «суретке 
түсіріп», «Осы сөздердің арасында мынадай сөз бар ма?» деген сұраққа жауап 
беруі тиіс.  
Мәселен:  
жаңғақ, бұлақ,  
қанат, үдеді,  
тропикалық, таңырқау.  
3. 
«Артық әріпті тап»  
Аралас сөйлемдер 
Жасырынған сөздер, 
Марстықтар тіліндегі сөздерді аудар, 
Қалайы  қасық және т. б.  
Бұл әдісті қолдану оқушыға сөзді толық оқуға көмектеседі. 
Жаттығу мақсаты: сөзді көзбен  көру арқылы есте сақтау, көріп оқу ауқымын 
дамытуға арналған.  
4. «Спринт» оқуы 
Бұл  әдіс  бейтаныс  мәтінді  бар  жылдамдықпен  дербес  оқи  отырып, 
сұрақтарға жауап беруді  талап етеді. Мұндай  оқу үдерісі кезінде  ерін мен тісті 
жымқыру қажет.    
Жаттығу мақсаты: шапшаң оқуға жаттығу. 
Сонымен қатар, оқу техникасын жеделдетуге И.Г. Пальченконың мынандай 
жаттығулар жүйесін қолдануға болады: 
Диктордан  соң  оқу  артикуляцияны    және  сөздерді  біріктіріп  оқу  машығын 
дамытуға ықпал етеді.
  
Жұптасып оқу көршіге назар аударуға үйретеді және баяу оқитын оқушының 
оқу сапасының жақсаруына септігін тигізеді. 
Бірнеше рет қайталап оқу оқушының жадына күнделікті 
көру арқылы сөздер 
жинақтауға, 
жылдам және мәнерлеп  оқуға қалыптастырады.   
 
Бір сөйлемді бірнеше рет қайталап оқу мынадай тәртіпте өтеді:  
Балалар  алғашқы  сөйлемді  мейлінше  жылдам  оқығанша  қайталап  оқи  береді. 
Сонан соң тағы 1–2 сөз қосылады. Бұл да солай оқылады. Осылайша әр оқыған 
сайын  басынан  бастап,  қайталай  отырып,  бүкіл  бір  үзіндіні  жылдам  оқу 
деңгейіне жеткізеді. 
1-
рет- мұғаліммен бірге баяу екпінмен оқу, буындарды анық оқу: 
2-
рет- мұғалімсіз қайталап оқу; 
3-
рет-еркін, сөздерді тұтас оқу; 
4-
рет- оларды ауызекі тілде айтылу екпінімен оқуы керек.; 
5,6,7 -
рет- әрбір белгілі сөзге логикалық екпін  қойылып қайта оқылады; 
8,9,10- 
рет- оқу қарқынын жылдам оқу деңгейіне жеткізу. 
Профессор  И.  Т.  Федоренконың  әдістемесі  бойынша  оқу  техникасын 
дамытуға арналған көру диктантын қолдануға болады.  
18 мәтіннің әрқайсысында 6 сөйлемнен болады. 
Тақтаға  мәтіндердің  бірінен  6  сөйлем  жазамыз  да  парақпен  жауып  қоямыз. 
Содан  соң  бірінші  сөйлемді  көрсету  үшін  парақты  жайлап  төмен  түсіреміз. 
Балалар белгілі уақыт ішінде сөйлемді өзінше оқып, есте сақтауға тырысады. 


129 
 
Берілген  уақыт  аяқталғанда  мұғалім  сөйлемді  сөйлем  өшіріп  есте  сақтауы 
бойынша  параққа  жазуды  тапсырады.   Мәтіндегі  6  сөйлемді  орындауға 
сабақтан 5 – 8 минут уақыт бөлінеді. 
Сонымен  қатар,  Шульте  кестесі  екі  жақ  бүйірге  көз  тастау  және 
қарсы алдына көз тігу қабілеттерін дамытуға жақсы көмектеседі. 
Жаттығуды 10 секундта орындаймыз.  
Әр  оқушыда  сандар  жазылған  кестелер  болады.  Кестенің  көздеріне  1  сынып 
үшін   1 ден 10 ға дейін және 1 ден 20 ға дейін сандар  2-3 сынып үшін 1 ден 25 
ке дейін сандар жазылған. 
Кестемен жұмыс жасағанда жадыны пайдаланамыз:  
1. 
Қарындашпен не саусақпен көрсете отырып, мүмкіндігінше тезірек ретімен 
атап шық;  
2. 
Екі-үш санның орналасқан жерлерін бірден есте сақтауға тырыс. 
3. 
Есіңде ұста! Көз таблицаның ортасында тұрса да таблицаны түгел көреді.  
Оқуға үйретудің резервтері. 
1. 
Ұзақтығы емес, жаттығу жұмыстарының жиілігі маңызды. 
 
Адамның жады үнемі көз алдындағы нәрсені емес, қараңдап тұратын, яғни 
бір де бар, бірде жоқ нәрсе есінде қалатындай құрылған.   Сондықтан, кейбір 
дағдыларды  үйренгіміз  келсе,  оларды  автоматтандырғымыз  келсе  ұзақ  уақыт 
алатын  жаттығулар  жүргізбей,  аз  уақытқа  есептелген  жаттығуларды  жиі-жиі 
жүргізу керек.   
2. 
Ызыңдап оқу - оқушылардың барлығы бір мезгілде дауыстап , бәсең 
дауыспен оқуы.   
3. 
Әр сабақ сайын бес минуттық оқу. 
Сыныптағы әр баланың алдында кітап жатады (бетбелгісі бар әдеби кітап). 
Әдебиет, еңбек, математика, қазақ тілі болсын кез келген сабақ кітаптың бетін 
ашып ызыңдап оқу режимінде 5 минуттық оқудан басталады. 
Сосын  сабақ  ары  қарай  өз  қалпымен  жүргізіледі.    Әр  сабақтағы  бес 
минуттық  оқуда  балалар  тоқтаған  жерін  белгілеп  кітапты  жабады.  Әрі  қарай 
дәстүрлі сабақ түрінде өте береді. 
 
Әр сабақта 5 минут, әр күні 4 сабақ, аптасына 5 күн бар. 5х4х5=100 (минут)= 
1сағат 40мин. 
4.Ұйықтар алдындағы оқу. 1.11. Бұл жақсы нәтиже береді. Өйткені  
соңғы оқиғалар эмоционалды есте сақталып қалады, яғни адам ұйықтағанда, 8 
сағат бойы сол әсерде болады. 
5. Аялауыш тәртіптегі оқу. 
Егер баланың оқу жылдамдығы нашар болса, оқығысы келмесе не істеу керек? 
Мұндай жағдайда аялауыш тәртіпте оқу тиімді. Баланың оқуға құлқы болмаса 
оның  оқу  машығында  қиындықтар  туындайды.  Аялауыш  тәртіптегі  оқу- 
жеткіншек  бір-екі  жолды  оқиды  және  содан  кейін  қысқа  мерзімге  демалады. 
Егер бала диафильм қарап отырса мұндай режим автоматты  түрде орындалады.   
Бала кадрдын астындағы 2 жолды оқып, суретті көріп, демалады.  Егер баласы 
шаршаса  ата-анасы  жалғастырып  оқуға  болады.  Ұйқы  алдында  диафильм 
қарауға болатын 4-5 –ші ұсынымдарды біріктірсе жақсы болар еді. 


жүктеу 4,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   127




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау