Психокоррекцияның басқа бағыттардан ерекшелігіне сипаттама:
психикасы сау адамдарда біріншіден күнделікті өмірде шешілмеген мәселелері болады, психологиялық қиындықты сезетін ашуланып, оған шағым жасайтындар, ал екіншіден өзін жақсы сезінетін, сондай-ақ жеке бас дамуын талпыныста ұстап, өзгеруге дайындық деңгейдегі индивидтерге жүргізіледі;
мінез-құлқындағы ерекшелікке коррекциялық жұмыстар жүргізерде, психикалық саулығы міндетті түрде ескеріледі;
психокоррекция жұмыстар жүргізілуі жеке тұлғада нақты шамада бүгін және ертеңге бағытталады;
орта мерзімде көмек беруге бағытталады (психологиялық көмек индивидті қабылдау 15-реттен аспайды);
психологтың жұмыс жоспары индивидтің құндылық қорына негізделе құрылады;
әсер ету деңгейі индивидтің жеке бас дамуы мен мінез-құлық өзгеруіне бағытталады.
Психокоррекциялық жұмыстың мақсаты– баладағы психикалық даму заңдылықтарын түсіне отырып, үлкендермен серіктестікте жүргізілетін белсенді әрекет түрі.
Психокоррекциялық мақсат 3 бағытқа негізделеді:
1. Әлеуметтік даму жағын ықшамдау;
2. Балада жетекші іс-әрекет түрлерін дамыту;
Жас және психологиялық жаңа білімді қалыптастыру;
Психокоррекцияның негізгі міндеттері:
Жеке бас дамуына қажетті когнитивті (ақыл-ой), эмоционалды және мінез-құлықтық өрістер бірге қарастырылады. Субьектінің мәдени және жас ерекшелігі ескеріле отырып, ішкі ресурстарды белсенділеу болып табылады. Психокоррекциялық жұмыстарды жүргізу жағымды тәжірибе жинақтау мақсатында құрылуы және жүзеге асырылуы қажет.
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
ОСӨЖ
Баяндама
Тақырыбы: Коррекциялық іс әрекеттің ерекшелігі
Орындаған:Буранова А.Е
Тексерген:Ергарина.Ж.М
Қазіргі таңда психологиялық –педагогикалық әдебиетте коррекциялық–педагогика- лық іс-әрекетті жүйелі зерттеу мәселесі, коррекциялық іс-әрекет пен біртұтас педагогика- лық процестің байланысын қарастыру мәселесі әлі де толықтай шешімін таппаған. Мінез –құлқы мен дамуындағы ауытқушылығы бар балалармен коррекциялық –педагогикалық іс -әрекеттің мәні мен табиғатын айқындау үшін арнайы білім беру мекемелерінің педагогикалық практикасына, дефектология мен арнайы психология мен педагогика саласындағы зерттеулерге сүйенеміз. Педагогикалық энципклопедияда коррекция ұғымы аномалды балалардың психикасының және дене бітіміндегі кемістігін педагогиканың тәсілдері мен іс –шаралардың арнайы жүйесі көмегімен түзету болып айқындалады. Коррекция педагогикалық ықпал ретінде қарастырылып, жеке дефектіні түзетуге бағытталған машықтанушы жаттығулар ғана емес, бала тұлғасына бүтіндей ықпал ету болып ұғынылады. Арнайы анықтамалық әдебиетте «коррекция» аномалды балалардың дамуындағы кемістікті әлсірету немесе жоюға бағытталған, сонымен қатар жеке ауытқушылықты ғана емес аномалды балалардың тұлғасын қалыптастыруға бағытталған арнайы педагогикалық іс –шаралар жүйесі болып табылады. Дамуында ауытқуы бар балалармен коррекциялық жұмыстың мазмұны мен мәнінің сұрақтары – оның негізгі болатын компоненттері мен жетекші бағыттары коррекциялық процестің диагностика мен технологиялық өткізу ерекшеліктеріндегі бұл арнайы психология мен педагогиканың ғылыми салаларының пәні, дефектология ғылымының оның ішкі саласына кіретін нысаны болып табылады. Педагогикалық энциклопедиясында коррекциялық түсінігі арнайы педагогикалық жүйенің қабылдауы мен шаралардың көмегімен аномальды балаларда психологиялық, физиологиялық дамуының кемістіктерін түзету болып анықталады. Коррекциялық әрекетті зерттеумен айналысқандар В.В. Воронкова, И.Г. Еременко, С.Д. Забрашная, В.А. Лапшин, Б.П. Пузанов және т.б. Коррекциялық педагогикалық әрекет – бұл психофизиологиялық және әлеуметтік- педагогикалық күрделі құбылыс, білім беретін (оқыту, тәрбиелеу және дамыта-түзету) процестің бәрін қамтитын, бүтін педагогикалық жүйе ретінде шығады, содан әрекеттің объектісі мен субъектісі кіреді, оның мақсаттының, мазмұнының, операциялық - әрекеттелген және бағаланатын – қорытындысының компоненттері. Сондықтан диагностикалық – коррекция, коррекциялық – дамытушы, коррекциялық – профилактикалық, тәрбиелік- коррекциялық, корекциялық – білім беретін, психокоррекциялық әрекет жәәне т.б.қолданылады.Дефектология мен арнайы педагогика жұмысында коррекцияны баланың дамуымен жиі байланыстырады, өйткені біріншіден ол аномальды балалардың дамуы, екіншіден кемістіктерінің түзетілуіне мақсаттандырылғандықтан. Бірақ коррекциялық педагогикалық жұмыс жөнінде сөз айтылса, онда оны оқытуды, тәрбие мен дамуды өзіне қосатын, білім беретін процестен жұлып алуға мүмкін емес. Сондықтан коррекциялық даму арнайы ұйымдастырылған және бағытталған процесс ретінде коррекциялық оқыту мен тәрбиелеуден тыс бола алмайды. Оқушылардың дамуы оқыту мен тәрбие процесі барысында жүзеге асырылатындақтан коррекциялық ықпал ету де бұл әрекеткеде қатысады.
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Достарыңызбен бөлісу: |