Мен патриотпын! Мен елімді, жерімді, ұлтымды сүйемін! Мен Отанымды, отбасымды сүйемін! Мен тілімді, дінімді, ділімді сүйемін! Мен Қазақстан Республикасының Туын, Гимнді, Елтаңбаны құрметтеймін


Неліктен мен осы мамандықты таңдадым?



жүктеу 231,92 Kb.
бет2/17
Дата16.07.2022
өлшемі231,92 Kb.
#39015
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
ЭССЕ 1 БӨЛІМ

Неліктен мен осы мамандықты таңдадым?
Дана халқымыз «Өмірде екі нәрседен қателеспеу керек: біріншісі – мамандық таңдау, екіншісі – жар таңдау» деген екен. Кез-келген жеке тұлға өзінің мамандығын жүрек қалауы бойынша таңдауы керек. Менің жүрек қалауыммен таңдаған мамандығым ұстаз болу. Яғни бұл маман иесі болып қалыптасу үшін білім, тынымсыз еңбек, өзіне деген сенімділік, мақсатына жетуге деген ерік-жігер, тиянақтылық сияқты қасиеттер қажет. Мұғалім мамандығын таңдағаныма еш өкінбеймін, қайта мақтан етемін! Себебі менің мамандығым адамдың өміріге аяқтан тік тұруына әсері күшті, сауабы мол ұлы мамандықтың бірі деп ойлаймын.
Мұғалім бұл ең көне және сұранысқа ие мамандықтардың бірі. Бұл Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар басқа елдерде де маңызды мамандықтардың бірі болып табылады. Мұғалім болмаса баланы оқуға, санауға, жазуға және өз ойларын дұрыс айтуға кім үйретеді? Мұғалім – бұл білім беру саласындағы маман, атап айтқанда жаңа нәрсені үйрететін, дүниетанымын кеңейтуге және өмірдегі орнын анықтауға көмектесетін адам.
Ұстаздықтың жолында тарих пәні мұғалімі болып жұмыс жасауымның басты мақсаты өз елімнің тарихын дәріптеп, келер ұрпақтың ана тілін бойларына сіңіріп, анасын қалай құрметтесе, туған тілдерін де солай құрметтеуге тәрбиелеп елімнің дамуына өз үлесімді қоссам деген арманмен тарих пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша білім алып жұмыс жасап жатырмын.
Өмірдеге көп мамандықтардың ішіндегі жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, мейірімділікті қажет ететін мамандық ұстаздық. Олай дейтініміз мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беру тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып білсем, үйренсем деген бала арманымен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойына алған маман.
Ұстаз атана білу оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау әрбір мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Өз жұмысына деген сүйіспеншілігі ғана оны небір қиын әрекеттерге жетелеп, әрбір іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Мұғалімдікпен ешқандай жұмысты, ешқандай мамандықты салыстыруға келмейді. Мұғалім болу туа біткен дарындылық, қасиет деп айтсақ болады. Неге десеңіз орта жолдан мұғалімдікті таңдаған адамдар өмірінің соңына дейін мұғалім бола алмайды, немесе мұғалімдіктен екінші күні бас тартып жатады. Мұғалім болу бірінші баланы сүю, жақсы көру, екінші баланың болашағына сен жауапкершілікті аласың. Ал енді қандай мұғалім болу керек? деген кезде мұғалім өзінің балаларына үлгі болу керек. Үлгі бола алмаған мұғалім ешқандай нәтижеге қол жеткізе алмайды. Өйткені одан үнемі балалар теріс айналады. Екінші мұғалім өзінің мамандығын яғни кәсібін толық меңгеруі керек, білу керек. Ол баланың бойындағы күмәнға жол бермеуі керек. Кез-келген сұрағына ашық түрде қойылған уақытта жауап беруі керек.
Бүгінгі ұстаз шәкірттеріне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеу керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді. Ұстаздың соншама қадір-қасиет құрметке бөленуі оның өз міндетіне жауапкершілікпен қарауына байланысты. Өйткені, оның қарапайым да сыпайы киім киісі, мәдениеті сөзі, әдепті жүріс-тұрысы, жинақы іс-әрекеті, білімі шәкіртке де, ата-анаға да, жұртшылыққа да өнеге. Жақсы ұстаз болу үшін ұстаз тек біліммен емес әрбір баланың ішкі жан дүниесін түсіне білу. Этика, эстетика, жан-жақтылығы мұғалімнің бар баланы өзіне тарта білуі тек бір балаға көңіл бөлмей, жақсы көрмей, бәрін бірдей қамти білуі бұл нағыз педагогтың жұмысы.
Шәкірт ұстаздан білім ғана емес өмірлік ұлағат, тәрбие алады. Шәкіртке өмір сүрудің мәнін ұғындырып, оның қыр-сырын ашып, дүниелік түсінігін тереңдеткен ұстазына деген сый-құрметі де айрықша болады.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға – деген Абай сөзін өзінің өмір қағидасы еткен ұстаз әрдайым құрметті. Ол өзінің бойындағы бар аталық мейірімін, білімін, тәжірибесін алдындағы шәкірттеріне беріп, олардың рухани дүниесін байытады. Өмірде неғұрлым адаспай дұрыс жолмен жүруге дайындайды. Халықтың ұстазыңды атаңнан да әзіз тұт дейтіні сондықтан болса керек.
Мұғалімнің оқушы алдындағы беделі күнделікті сабағындағы ахуалға жағдайға байланысты бағаланады. Мұғалім сабағына үнемі дайын келетін болса, ол мұғалімнің сабағы қызық өтетін болса, сабағы жаңаша ұйымдастырылатын болса, сабақтан бала күнде әртүрлі жаңалықты көре алатын болса бала сол сабаққа құштар болады. Сол мұғалімнің беделі артады.
Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: «Жәй мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады» – дейді. Яғни, адамға жылу нұрын шашатын күн болса, ұрпаққа білім нұрын шашатын ұстаз екені баршамызға мәлім. Өзімді осы маман иесі болғаны үшін мақтан етемін.
10
Тәуелсіздік-жұртымыздың баға жетпес байлығы.Тәуелсіздік әлемдегі ең құдіретті сөз.Біз тәуелсіздіктің арқасында өз тарихымызды үйрендік.Бұл жарық әлемде кім екендігімізді, кімдердің ұрпағы екендігімізді білдік.Бұл жылы тәуелсіздігімізге 30 жыл толуда.Тәуелсіздігіміз- қаншама жылдардан бері ата-бабаларымыздың аңсаған арманы,аналарымыздың көз жасы.
1991 жыл 16 желтоқсанда дүние картасында жаңа жас Қазақстан Республикасы пайда болды.Тәуелсіздігіміздің бірінші президенті-Н.Назарбаев.Ол отанымыздың өркендеуіне және гүлденуіне зор үлес қосты.Отанымыздың астанасы Нұр-Сұлтан қаласын тұрғызып,оны бүкіл әлемге танытты.Өз халқының болашағы үшін жолдау жолдап, біз жастардың білім алуымыз үшін көптегн мүмкіндіктер жаратты.
Қазақстан-көп ұлтты мемлекет.Қазақ халқы-қонақжай халық.Сондықтан біз бейбіт өмір сүрудеміз.Отанды сүйе білу- әрбіріміздің борышымыз.Мен үлкен болғанымда дәрігер болып,халқым үшін қызмет еткім келеді,өйткені біздің отанымыздың тағдыры және тәуелсіздігімізді мәңгілік ету жас ұрпақтың қолында деп айтқым келеді.Тәуелсіздігімізді сақтап,еліміздің болашағының дамуына үлес қосу әрбіріміздің міндетіміз.Ол үшін біз,оқушылар,жан-жақты білімді,ынталы және батыл болуымыз керек. Егер де біз мәңгілік ел жолдамасымен іс жүргізсек,ата-бабаларымыздың айтқан үлгілі сөздеріне амал етсек,әлбетте,көздеген мақсаттарымызға жетеміз.
Сөзімнің соңында,Отаным барда,менің өзбегім мен қазағым бар,мәңгілік достығымыз бар дегім келеді.Отанымның мейірімі әрдайым менің жүрегімді жылытады,мейір нұры жүзімді жарық етеді.Оның тал бесігі мені әлдилеп ұйықтатады,көшелері мені бақытты етіп ұлғайтады.Бүгін осы бесікті,осы көшелерді дәріптеу,ұлылығын дүниеге жариялау үшін бел будым.Мен сондай перзент болайын, Отаным менен риза болсын!Тіпті ауылым мендей қызы болғанымен мақтана алсын!Тәуелсіздігімізді көз алмасындай сақтау,болашақ үшін күресу-ең жоғарғы бақыт екендігін ешқашан ұмытпайық,қымбатты достарым!

11
Ел тағдырын өз тағдырынан биік қойған, ұлтының тұтастығын, жерінің бүтіндігін мұрат еткен қазақ батырлары қазақ тарихының әр белесінде тұлғалық деңгейге көтеріліп отырған. Яғни олар ұлттық тұлға болған. Осы биік азаматтық мәртебеге, халықтық бағаға кімдер лайықты?


Ең алдымен ұлттық тұлға деген ұғым – тарихи өлшем. Яғни тарихи тұрғыдан ұлт үшін, халық үшін орасан маңызы зор, тарихи мәні терең іс-әрекетке барған, немесе аса жауапты тарихи сәттерде халық тағдырында айрықша орны болған адамға халықтың өзі осындай ұлттық, тұлғалық деңгейге көтерді.
Қазақ жерінің бір сүйемі де осылардың арқасында жаудың қолында кетпеді. Осылайша, ол шеті мен бұл шетіне құс қанаты талатын казіргі кең байтақ өлкемізді, құтты қоныс, ата мекенімізді ұлы жорықтарда батыр бабаларымыз білегінің күшімен, найзасының ұшымен қорғай жүріп бізге аманаттап қалдырды.
Осы еңбегі үшін халық биікке көтерген, ардақтап, аттарын аңызға айналдырған батырлардың ішінде, әсіресе, Абылай ханның бас қолбасшылары саналған Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай бір төбе болса, тағы да осылардың қатарында бір шоғыр қазақ батырларының: Қарасай мен Ағынтай, Саңырық пен Тайлақ, Өтеген мен Сұраншы, Сеңкібай мен Шойбек, Малайсары мен Райымбек, Бөлек пен Сатай, Жәнібек пен Тілеуке, Қылышбек пен Естенбек, Есенқұл мен Сыпатай сынды ақберендердің есімдері де айрықша жарқырап көрінеді. Ал тарихтан бөлек қазіргі заман батырлары деп біз кімдерді айтамыз? Осынау Тәуелсіз еліміздің тыныштығын қорғап, 24 сағат қандай жағдай болмасын ел үшін еңбек еткен түні ұйқысыз өтетін, мереке күндері тыным таппайтын Полиция кызметіндегі азаматтар мен азаматшаларды «Қазіргі заман батырлары» деп атуға абден болады! Оған дәлелде жетерлік.
Бауыржан Момышұлы батырлық туралы өз сөзінде былай деген «Ешкім батыр болып тумайды.
Батырлық та мінез секілді өскен орта,
көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады» деген.
«Ия, үлкеннен үлгі алған, кішіге үлгі болған, қауіпіде қатар жүретін бұл мамандық иесі болуға да жүректің батырлығы керек» деп ойлаймын.
Алматыдағы террактадан «жарылды, атты, өлтірді» деген суық хабарларға ел елеңдеулі, жұрт алаң. Бірнеше ай өтсе де ғазиз жанын құрбан еткен полиция старшинасы, екінші батальон полицейі Аян Ғалиев, полиция капитаны Бауыржан Нұрмұханбетов, ҚР ІІМ бұрынғы қызметкері Ғани Нұриманов, полиция сержанты Мақсат Сәлімбаев пен полиция лейтенанты, ЖПП мамандандырылған батальон қызметінің аға инспекторы Тимур Бегасыловтың есімдері ел есінде, ерліктері ертеңгі ұрпаққа өнеге.
«Алматы қаласын ғана емес, дүйім жұртты дүр сілкіндірген қанды оқиға ешкімнің есінен шыға қойған жоқ. Бұл күні көрсетілген ерлік, қолдан берілмеген өр намыс жүректерден өшпейді де.
Тәуелсіздігімізді тәу еткен бірінші күннен бастап қазақстандық полиция қызметкерлері қауіпсіздік пен тәртіптің алдыңғы шебінен табыла білді. Ел ішіндегі бейбіт өмір, баянды береке-тыныштық үшін аянбай еңбек етіп келеді, ата-ана, халық алдында берген анттарының адалдығынан айныған емес. Жыл өткен сайын Қазақстан полициясының жаңа – жарқын, айбынды бейнесі айқындалып келеді».
Ел болып ерлікке бас иген халықтың тәртіп сақшыларына алғысым шексіз. «Полиция қызметкерлерінің алдына қойылған міндет-талаптар мол. Ел сенімін ақтап, абырой мен ардың биігінен төмендемеу екінің бірінің қолынан келе бермейтін ауыр да жауапты іс. Мемлекет басшысы өзінің халыққа арналған «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында Ішкі істер министрлігі алдында жаңа міндеттер жүктеді. Бұл міндеттердің алдыңғы қатарында – қылмыспен күресті жетілдіру, қоғамда ұсақ құқық бұзушылыққа қарсы нөлдік төзімділік қағидасын қалыптастыру, ішкі істер органдарының қоғамға ашықтығын қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тұр. Біз қызметтік міндеттерін адал атқарып қана қоймай, кей сәттерде қылмыспен күрес жүргізуде жанын қиюдан да жасқанбайтын жігіттермен мақтана аламыз. Иықтарына таққан погонға дақ түсірмей, абыроймен алып өткен сақшыларды жас ұрпаққа үлгі тұтамыз», – деді. Егеменді еліміздің тарихында, оның ішінде, ел тыныштығының алдыңғы қатарында тұрған қазақстандық полиция жылнамасында нағыз ерлік пен батырлықтың мысалы аз емес. Өкінішке орай, олардың арасында қызметтік міндеттерін атқару кезінде көз жұмған, бейбіт халықтың тыныштығын күзетемін деп жанын қиған оғыландар да бар.
Ерлік еткендер де, ел үшін қызмет еткенде, оққа ұшқан оғландарда ел есінде. Көрсетілер құрметте мұның барлығы өскелең ұрпақты патриоттыққа баулу.
Әрине, мұның барлығы опат болған оғландарымыздың орнын толтырып бермейді, көздері жәутеңдеп қалған ұл-қыздарына әкесін, артынан аңырап қалған жарларына ерін, есіне алғанда ет жүрегі елжіреп, етегі жасқа толатын ата-анаға ұлдарын тірілтіп бермейді.
Батыр Бауыржанның: «Отан үшін отқа түс – күймейсің» деген жүрекке жігер берер жалынды сөзі бар. Қоғам тыныштығын сақтау жолында қаза болған бұл жігіттердің жігер-намысын, ары мен ұятын жалын шарпыған жоқ деп білеміз», ел тыныштығы үшін жандарын қиып, анттарына адалдық танытқан асыл азаматтардың бейнесі отаншылдықтың нақты үлгісі болып қалары сөзсіз. Ердің ерінің ғана қолынан келетін қадамға барып, бейбіт күнде жасаған батырлықтары болашақ ұрпақ жадында мәңгі сақталары да сөзсіз.
Тәуелсіздік тарихында әр саланың өз үлес-салмағы болары анық. Соның ішінде, ел тыныштығын күзетуде алғы шепте тұратын тәртіп сақшыларының қызметі бір бөлек, көтерер жүгі салмақты, жауапкершіліктері ауыр. Бір ғана басты міндет – осынау аңсай жеткен тәуелсіздікті баянды ету – отандық сақшыларға жүктелген абыройлы іс.
Ең асыл қазынамыз – бірліктің жолында, елдің тыныштығын қамтамасыз етудегі ішкі істер органдары қызметкерлерінің еңбектері орасан зор. Халқымыздың берік қорғаны, тәуелсіздігіміз бен тұрақтылығымыздың сенімді тірегі бола білген де солар. Мұны ешкім даулай алмайды. Себебі, елдің қырағы қорғаушылары оны ісімен, ерліктерімен дәлелдей білген.
Қазіргі заман батырлары намысты қолдан бермей, сын сәтте сүрінбеген полиция қызметкерлерің есімі ел есінде!
Қазақ дейтін қайсар халықтың қаһармандары аз болмаған. Нанбасаңыз, қарт тарихтан сұраңыз. Соған үңіліңіз. Ал батыры көп елдің баласы жасық, қорқақ болып өсуі мүмкін емес. Аян Ғалиевтің, Бауыржан Нұрмұханбетовтың, Ғани Нұримановтың, Мақсат Сәлімбаев пен Тимур Бегасыловтың намысты ұл – қыздарының болашағы жарқын боларына сенімім мол. Батыр ұлдарымыздың бірі Бауыржан Момышұлының: «Алыпты алып қана арқалайды» деген жақсы сөзі бар. Бүгінгі күннің батырларын ұлықтай білу де – іріліктен туатын игі іс. Ендеше, бейбіт күннің батырларын елге дәріптеп, жас ұрпаққа өнеге тұту, олардың ерлігі пен өрлігіне тағзым жасау да ұлы іс.

12
Ортақ Отан – Қазақстан! Отан – адамның туып өскен жері, туған – туысқандарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекені, алтын бесігі, алтын ұясы. Қазақ жерінде тұратын адамдардың алтын бесігі, Отаны – Қазақстан Республикасы. Қазақстан – бір шетінен екінші шетіне дейін құс қанаты талатын ұлан– ғайыр кең мемлекет. Егеменді еліміз – Туы, Елтаңбасы, Әнұраны бар тәуелсіз мемлекет. Егеменді ел болып, тілімізді, дінімізді, ділімізді иемдендік. Осы тәуелсіздікке, егемендікке қол жеткізу үшін талай ер жүректі отандастарымыздың алаулаған жастық шақтары азапқа айналып, өмірлері қиылды. Олар ел тәуелсіздігі, ел бірлігі үшін жауға қарсы тұрды. Талай жастар туған жері Қазақстан үшін Ұлы Отан соғысында, ызғарлы Желтоқсан оқиғасында қазаға ұшырады.


«Бостандық пен тәуелсіздікті жеңіп алу жеткіліксіз, оны табанды түрде қорғап, нығайтып, ұрпақтан – ұрпаққа қалдыру қажет», - деген Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Қазақстандық патриотизм – еліміздің тұрақты дамуы мен гүлденуінің негізгі . Әрбір адамның патриоттық сезімі – елдің дамуына өз үлесін қосары сөзсіз. Патриоттық тәрбие – елді, мемлекетті өркендетудің қайнар көзі болып табылады.
«Қазақстанның патриоттық қасиеттерінің қалыптасуына қамқорлық жасау – менің презенттік те, презиндеттік те парызым», - деген Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев патриоттық сезімге ерекше мән беріп.
Қазақстандық патриотизм рухын отандастарымыздың санасына сіңіру – қазіргі заманда күн тәртібіндегі алдыңғы орында тұрған мәселелердің бірі. Әрбір азамат өз елінің жетістігін біліп, оның алған асуына үнемі көз жеткізіп, оған қуанып, көкірегіне мақтаныш сезімін ұялатып отыруы керек. Әрине, түйсігі терең, танымы зор адамдарда патриоттық сезім үнемі болады.
Патриоттық сезімді ояту, елін сүюге баулу – маңыздылығы аса зор іс. Қазақстан Републикасы азаматтарының негізгі міндеттерінің бірі –
елдің дамуына қолайлы жағдай жасау. Елдің дамуына бірден – бір қолайлы жағдай Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып кіруі. Біріккен Ұлттар Ұйымы бейбітшілікті, қауіпсіздікті және мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты қолдау, әрі нығайту мақсатында құрылған ұйым болып табылады. Әлем тарихында патриоттық тәрбие туралы білім ғасырларға тамырымен терең кеткен. Менің пайымдауымша, патриоттық тәрбие сүйенетін негізгі ұғымдар – «ұлттық патриотизм» және «қазақстандық патриотизм». Ұлттық патриотизмді қалыптастыруда салт-дәстүрлердің атқаратын орны ерекше. Ұлттық патриотизм дегеніміз – ең алдымен қазақ халқына сүйіспеншілікпен қарау, оның ұрпақтан ұрпаққа үзілмей жалғасып келе жатқан құндылықтарын адам бойына сіңіру. Тереңірек пайымдасақ, мұның өзі ұлтымызды ұлылауға бағытталып, ілгеріде жүргізілген кереғар ұлт саясатының кесірінен ұмытылып қалған дәстүрлердің жаңғыруы ұлттық патриотизмді күшейте түседі. Ал Қазақстандық патриотизм - Қазақстан азаматының өзін осы елдің төл баласы нағыз азаматы ретінде сезінгенде, Қазақстанды өзінің туған елі, Отаны деп есептеген жағдайда ғана қалыптасады. Қазақ тым сенгіш, тым аңқылдақ, ақкөңілірек, осынан көп қорлық көрмегей! – деп батасын берген ұлы данамыз Қазыбек бидің сенімін атқаратын елім де бар, ұлы Елбасымыз, жеріміз, жарқын болашағымыз да бар. Егеменді еліміздің ертеңі – біздерміз. Қазақстан көк байрағын аспанға көтеру, өркениетті елдермен тереземізді тең қылу үшін жастарымыз білімді болуы керек. Кешегі өткен от ауызды шешен билеріміздің, етігімен су кешкен ерлеріміздің айбынды күштері арқасында сақтап қалған, бүгін тәуелсіз атанған Қазақстанды, жаңа ғасырдағы атамекенімізді мәңгі қастерлеу, өз Отанымыздың лайықты азаматы болу – бәріміздің борышымыз. Сонда ғана біз үлкен мемлекет болып, 2050 жылдан да бұрын жақсы белестерге жетеміз.
Жастар – ел ертеңі.Туған елдің болашағы.Мен бақытты қазақ елінің ұрпағымын. Елім үшін күш жігерімді салуға мен дайынмын!

13


жүктеу 231,92 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау