«Мен қазақпын, белдімін, байтақ елмін, Қайта тудым өмірге, қайта келдім, Мен мыңда бір тірілдім, мәңгі өлмеске, Айта бергім келеді, айта бергім »



жүктеу 262,21 Kb.
Pdf просмотр
бет6/6
Дата30.05.2018
өлшемі262,21 Kb.
#18522
1   2   3   4   5   6

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Тәуелсіздікке 20 жыл 

Биылғы жылы біздің тәуелсіздігімізге 20 жыл толды.Тәуелсіздігіміз 1986 жылы 16 желтоқсанда жарияланды.Тәуелсіздігіміздің 

ашылуы  Алматы  қаласында  болды.  Республика  алаңына  шыққан  жас  жігіттер  мен  қыздар:  Ләззат  Асанова,Қайрат 

Рысқұлбеков,Сабира  Мұхамеджанова.Солаға-апаларымыз  әлі  біздің  тәуелсіздігімізді  қорғап  жүр.  Олар  жандарын  қинап  дүниеден 

өтті.Және де олар қорықпай,алаңға шығып тәуелсіздігімізді басқа елдерден қорғаған.Сол күні өте суық болды.Желтоқсан желі қатты 

болды.Оларды 

түрмеге 

отырғызғанда,өлең 

шығарып,біздерге 

қалдырған. 

Сол 

күні 


қар 

да 


қатты 

жауды.Сол 

аталарымызды,ағаларымызды  ешқашан  ұмытпауымыз  керек.Әрбір  адам  оларды  естерінде  сақтауы  керек.Олар  сол  жастарында 

қайтыс болған. 

Олар да бақытты балалардың біріне жатады. 

Төлегенова Дильназ 4 

«А»

сынып оқушысы 

======================================================================================== 



Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл 

Биыл Қазақстан халқы ел тәуелсіздігінің 20 жылдығын қуанышпен атап өткелі отыр. Сондықтан да қоғамымыз үшін қиын да 

қызықты. Бірақ 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қазақ халқына, қазақ  жастарына ауыр тиді. Біздің «қазақ» деген еліміз болсын деп 

қаншама  азамат  жұмыстан  қуылды,  қаншама  студенттер  оқудан  щығарылды.  Тоқсан  тоғыз  адам  сотталды.  Оның  ішінде  Қайрат 

Рысқұлбеков,  Ербол  Сыпатов,Ләззат  Асанова,  Сәбира  Мұхамеджанова  құрбан  болды.  Қазақ  елі  үшін  жанын  пида  еткен  аға-

апаларымызға мың алғыс! 

 Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың білікті басшылығының арқасында ондай жайсыз жорамалдар мен сәтсіз күндер жоқ. Біздің 

еліміз  әлемдік  деңгейде    жоғары  қарқынмен  дамып  отырған  бейбіт,  әрі  беделді  мемлекеттердің  қатарына  қосылып  отыр.  Оның  

бүгінде әлемге танылғандығы ақиқат екені анық. 

Президентіміз қысқа мерзім ішінде Қазақстанның әлем алдындағы бейбіт ел ретіндегі беделін қалыптастыра білді. 



Кабулдинова Меруерт 4 

«А»

 сынып оқушысы 

======================================================================================== 



Отансүйгіштік – ұлы сезім 

Патриотизмге  үйретуге  болмайды,  ондай  пән  мектепте  жоқ.  Оған  жастайыңнан  сені  айнала  қоршаған  орта  ‒  жанұя,  мектеп, 

қоғам тәрбиелейді. Өзінің туған жерін, ата-бабасын білмеген адам, туған жеріне деген мақтаныш сезімін білдіре алмайды. Қазақстан 

баларларының  ортақ  міндеті  –өз  қатарластарын  қандай  ұлттан  болмасын  шеттетпей,  олармен  достық,  татулық  қарым-қатынаста 

болып, араласуымен ерекшеленеді. Бүгінгі жарқын болашаққа көптеген елдер «патриоттық сезімді»дәріптеу жолымен жетті. Мұндай 

дәстүр де қазақстандықтардың бойына бала кезден бастап сіңді.  

Азаматтық, патриоттық сезімді қалыптастыру жағдайыеліңді шын сүюден басталатын ұлы сезім.  

 

 



 

 

 



 

 

 



Тюакпаев Даниял 7

 «Ә»

 сынып оқушысы 

======================================================================================== 



Тәуелсіздіктің жиырма жылдығы ... 

Менің  елім  Қазақстан.  Онымен  мен  мақтанамын.  Өз  келешегіне  батыл  қадам  жасаған  тәуелсіз,  еркін  ел.  Жақында  біз 

Қазақстанның тәуелсіздігінің жиырма жылдығын тойладық. Қазақстан осы күнге зор табыспен жетті. 

Қазақстан ‒ менің атамекенім. Қандай жақсы жылы сөз. Осы жарқын және шуақты күндер жаныңды нұрландырады. Қазақстан 

бүкіл дүние жүзіне белгілі мемлекет. Осы жерде туып-өсу – ертеңгі күнде үлкен намыс пен сенімділікті, болашаққа деген зор үмітті 

туғызады. 

Қазақстан таңғажайып ел. Осы елде жүз отыздан астам ұлт өкілдері тұрады. Барлығына да жер жетеді. Халықтар арасындағы 

достық  еліміздің  ұлы  аманаты  болып  табылады.  Оны  қадір-қасиетін  дәріптеп  жүрген  қазақтар  мен  орыстар,  белорустар  мен 

украиндықтар, өзбектер мен қырғыздар, татарлар мен әзірбайжандықтар. Олардың барлығы – Қазақстанның өз балалары. 

Алиханова Томирис 6 

«А»

 сынып оқушысы

 

======================================================================================== 



Менің елім Қазақстан! 

       Біздің Отанымыз, туған жеріміз - Қазақстан. Ата-бабамыз ежелден осы жерде өмір сүрген. Қазақстан – өте үлкен республика. 

Оның табиғаты алуан түрлі, жері бай. Мұнда жазық дала мен орман да, көл де, көрікті тау да,шөл аймақ та бар.  

       Қазақстанда әлемге әйгілі тарихи ескерткіштер мен табиғаты көркем қорықтар, демалыс орындары көптеп кездеседі. «Медеу» 

мұзайдыны халқымыздың мақтанышы болып саналады. Талай қиындықтарды бастан кешкен қазақ халқы – бүгінгі күні егемендікке 

қол жеткізіп отырған ел. Біз тек бейбітшілікті қалаймыз.Тәуелсіз Қазақстаным өркендей берсін! 



                                       Ұзақбай Нұрайым  3 

«А»

 сынып оқушысы   

========================================================================

================ 

Отан 

Отан - адамның түп-тұқияны, ата-бабаларынан бері қарай кіндік қаны тамып өсіп-өніп келе жатқан 

жері. Сондықтан қай елдің адамы болсын өз Отанын дүниедегі ең қымбаты, ең қасиеттісі, ең аяулысы - 

анасына  балайды.  “Отан”  ұғымы  адамның  адамдық  мінез,  ізгілік  сезімімен,  парасатымен  етене 

байланысты.  

Біздің  халқымызда  да  атамекенді  ардақтау  сезімі  өте  терең,  олар  үшін  туған  жерді  қасиет  тұту  - 

қанға сіңген мінез, ежелгі дәстүр. Бұл таным біздің жанымызға ана сүтімен тараған, ана тілімен дарыған, 

біздің  ұшан-теңіз  ертегі-аңыздарымыз,  ұзақ  дастандарымызбен  жырларымыз,  мақал-мәтелдеріміз,  ұлы 

жырауларымызбен  шешендеріміздің  нақылдары  туған  жерді,  Отанды  ардақтауға  жетеді.    Олардың  өзі 

қандай терең мәнді, көркем сөз маржандары десеңші! Мен Қазақ елін мақтан тұтамын! 

Мен қазақпын!  

Күң емеспін жасқанар,  

Өр рухым бар алынбайтын тасқамал!  

Тәңірім текті қылып жаратқан соң,  

Арда бар,намыста бар,баста бар 

 



 

 

 



 

 

Байғалиев Әділ 7



 «Ә»

  сынып оқушысы 

 

 

 



 

 

 



Аз  ғана ғұмырында ақын болуды арман етіп, шабытымен самғаған дарынды баланың 

ақ қағазға жазып кеткен өлеңдерінде осы бір жол ерекше. Жас бала өзінің ойын, арманын, 

тілегін  жыр жолдарына айналдырып, жинай берген. Өлең жазып,  ақын болу басындағы бір 

бақыт екенін бала көңіл  жүрегімен сезініп жырлаған екен...  

      1995 жылы 10  қарашада  Курчатов қаласының азаматы Ерсін Машғұтовтың отбасына 

келген  тұңғыш  сәбиді  азан  шақырып    Жандос    деп  атапты.  Қазақ  халқының  дәстүрімен 

кішкентай Жандосты атасы мен әжесі бауырына басқан. Үлкендерден өнегелі тәрбие алған 

Жандос  Павлодар  облысы    Ақсу  қаласындағы  қазақ  мектеп-  гимназиясының  бірінші 

сыныбына барды. Алғашқы күннен бастап  зерек те  алғыр бала үздік оқыды. Мектеп өміріне 

белсенді  араласып,    барлық    мерекелік  шараларда    жүргізуші  болатын.  Ақсу  қаласында 

өткізілетін қалалық  мерекелерде  де  жүргізуші болып сахнаға шығатын. Жандос  спортпен де  белсенді   айналысты. 

Спорттың күрделі түрі боксты таңдады. Жарыстарға қатысып, жүлделі орындарды иеленді. 

 

 (Мұқышев Жандостың «Қолыма қалам алып өлең жазсам» 

 жыр жинағынан алынған алғы сөз) 

Қалам 

Қолымда қалам тұрса, 

Жарқыратып өлең жазсам

Соншалықты өлең жазсам. 

Қызып ап, көңілге бассам, 

Қолыма  қалам алып өлең жазсам... 

       Кітап шығарып  бассам, 

       Кітабымды еліме тартып, 

       Атақты ақын болсам. 

       Қалам тұрса қолымда

       Ақындық тұр жолымда. 

 Ақын болу, ақын болу, 

 Бағым екен басымда. 

 Ақын болу қиын ба? 

 Қолға қалам алсаң, мойыма! 

       Ақын болу.. 

Әлде менің ойым ба?

 

 

 

 

 

 

 

Менің тарихым 

Мен Қырғызалымын, 

Найман - Қырғызалымын! 

Ешкімге де бас имеймін. 

Өйткені, тек Алланың құлымын! 

Мұқыштың немересімін, есімім - Жандос. 

Тарихыңды білмесең,  

                     жер басып жүрсің бекер бос! 



                                                                     16.07.10. 

 

Салт- дәстүр 

Біздер бұрын көрмеген

Салт –дәстүрім өлмеген, 

Заманымда өрлеген. 

Біразы салт-дәстүрін білмеген, 

Қысылмай білмегенін айтқанда, 

Айтқанынша, неге жерге  кіріп өлмеген!? 

13.07.10. 

 

 

Мектебім 

Мектебім-ау, мектебім-ау, 

Сағынып сені қалдым мен-ау. 

Қалама жақында келемін, 

Армандап сені де көремін. 

Қашанда  ашық сенің есігің, 

Оқушылар өзіңнің тірегің. 

Мектебім сені сүйемін, 

Сенің маған керегің, 

Біліміңді бергенің. 



04.06.09. 

 

 

Мектептің барлық мерекелік іс-шарларын 

                                                                                                         абыроймен атқаратын жаны жайсаң 

                                                                                                    Жандостың қуанышты кезі еді ... Әттең, өмірің 

                                                                                                           қас қағым сәтте өтерін кім білген?! 

 



Бетті әзірлеген: Ғазиз Еңлік Ғазизқызы 

 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Шахмат сайысы 

29-30 қарашада Ақсу қаласының мектептері аралығында шахмат сайысы өтті. Онда 8 команда қатысты,оларды атап 

кетсек: №1, № 2, № 7, № 8, гимназия,лицейжәне 1 аралас командалар тобы қатысты. Осы сайыс өте жақсы өтті, барлық 

келген сайыскерлер қызығып ойнаған тартысты дода болды. 

Гимназия  командасы  атынан  5  оқушы  қатысты.Олар:Таупыков  Әділхан,Қонақбаев  Саду,Сухотерин 

Эльдар,Арынова  Тоғжан  және  Кусаинова  Дания.Сайыстың  қортындысы  бойынша  Сухатерин  Эльдар  2-ші  шахмат 

тақтасы  бойынша  1  орынға  ие  болды.  Арынова  Тоғжан  4-ші  шахмат  тақтасы  бойынша    1  орынды  қанжығаларына 

байлады.  Кусаинова Дания 3-ші шахмат тақтасы бойынша  2 орын алды.1 орын алған балаларға мадақтама қағазы және 

ұйымдастырушылар атынан сыйлықберілді.Жалпы командалық есепте гимназия мектебі 1 орынға ие болды. 

Таупыков Әділхан6 

«Ә»

 сынып оқушысы                                                                                                                                    

 «Өмірімнің мәні бокста ... » 

Мен қараша айының 24 мен 28 аралығында  қалалық жасөспірімдердің спорттық мектебіндегі бокс үйірмесіде Ақсу 

қаласының атын қорғап жарысқа қатыстым. Жарысқа мен өзімнің бапкермен және үйірме мүшелерімен бардым.Жарыс 

өте қызықты болды.Алғашқы бірінші және екінші күндері қарсылыстарыммен айқасқа шыққан жоқпын. Сондықтан мен 

екінші күні жеңіске жетіп, келесі күні тағы да жеңдім.Содан соң менен журналистерден интервью алды. Шыны керек 

бокс алаңына шығу қиын болды. Бірақ  Павлодар облысының бас бапкері мені 1997-98 жылдар арасындағы өзінің жеке 

командасына  жазып  алған  еді.  Сонымен  қоса  спорт  интернатураға  шақырды,мен  бас  тарттым,себебі  адам  тек  спорт 

жолында  ғана  жүре  бермейді  ғой,  тыңғылықты  білімде  керек.Төртінші  күні  мен  жеңілдім.  Сонда  менің  көніл-күйім 

нашар  болды  яғни,  жаман  күйге  түстім.  Өйткені,  мен  бірінші  рет    жеңілдім.Келесі  күні  марапаттау  рәсімі 

болды.Нәтижесінде мен 2 орынға ие болдым. Маған  DVD және ақшалай сыйлық берді. Тағы бір қуанышты сыйлық– Баянауыл өңірінедем алысқа 

жолдама  алдым.Мен  бұл  сыйға өте    риза  болдым.  Келешекте  осылай  Қазақстанныңатын  шығаратын спортшы  болу  үшін аянбай  еңбек  етемін.  Бұл 

менің болашақтағы асқақ арманым! 



Жұман Сұңғат 7

 «Ә»

 сынып оқушысы 

«Тәуелсіздік – ата-бабам аңсаған ... »  

Жуырда  гимназиямыздың  қабырғасында  «Тәуелсіздіктің  20  жылдығына»  орай  «Тәуелсіздік  ата-бабам  аңсаған» 

аты  тақырып  төңірегінде  дене  шынықтыру  пәндерінің  ұстаздары  –  Айсұлу  Бөкенбайқызы  мен  Нұржан 

Арыстанбекұлының  ұйымдастыруымен  айтулы  мерекелік  іс-шара  өткізілді.  Бұл  шараның  негізгі  мақсаты  – 

гимназиямызда  оқитын  оқушылардың  спорт  саласы  бойынша  жеткен  жетістіктерін  ел  тәуелсіздігінің  20  жылдығына 

тарту ету болып табылады. Мерекелік шараның тағы бір ерекшелігі – қалалық деңгейде өз өнерлерімен әйгілі болған 

акробатикалық «Ирина» және «К4FAMILY» би топтарының қатысуы кешке жаңаша сипат берді.  

Жалпы біздің оқушылар да спорт саласынан құр алақан емес. Біздің де қанжығамызда сан түрлі марапаттаулар 

мен  сыйлықтар  жетерлік.  Атап  айтсақ,  2001  жылы  құрылған  туризмнің  «Экстрим»  командасы  республикамызда, 

қалалық және облыстық сайыстардан жүлделі орындар алып жүр. Сонымен қатар оқушыларымыз баскетбол, волейбол, 

шахмат сияқты көптеген спорттық ойын түрлерінен жүлделі орындармен қоржындарын толтыруда. «Денсаулық – зор байлық» деген ұстанымды тек 

оқушылар ғана емес, ұстаздар қауымы да берік ұстап, оларда спорттың әр салалық түрлерінен жүлделі орындарды иеленді.  



Айтпекова Дана 9-сынып оқушысы 

 «Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған спорт күні ... » 

10  қараша  күні  «Тәуелсіздіктің  20  жылдығына»  орай  қалалық  әкімшіліктің  ұйымдастырған  кезекті  жұмысы 

аясында гимназия оқушыларының қатысуымен спортық іс-шара өтті. Бұл шарада – әр мектеп оқушыларының жексенбі 

демалыс күні арнайы келіп уақыттарын мектептің спорт залында өткізуімен ерекше болды.  Әр сыныптың  жетекшілері 

де  келіп,  шараға  қатысты.  Мысалға,  5-8-сынып  оқушылары  арасында  пионербол,  баскетбол  жарыстары 

ұйымдастырылса,  9-11  сыныптарымен  мұғалімдер  арасында  волейбол  ойыны  өтті.  Ойын  барысында  ерекше  көзге 

түскен  оқушылар:  Арынов  Диас,  Әміров  Асыл,  Бақасов  Алмас,  Жанкүшіков  Дамир,  ал  мұғалімдер  арасында  белсене 

қатысып, көрермен көзайымы атанған қатысушылар: Сыздыков Азамат, Байсалбаев Тұяқ, Джамалбаев Мейрам. Ойын 

соңында бас жүлдені жеңіп алған 9-сынып оқушыларын және де ерекше көзге түскен қатысушылар арнайы мадақтамамен марапатталды.  

 

 



 

 

 



 

Жансагимов Азамат 9-сынып оқушысы 

«1 желтоқсан Бүкіләлемдік ЖҚТБ дертіне қарсы күн» 

23 желтоқсан күні мектебіміздегі СӨС факультативтик жұмысының жетекшісі ‒ Айсұлу Бөкенбайқызының басшылығымен «Біз ЖҚТБ дертіне 

қарсымыз!»  атты  айлық  акция  ұйымдастырылды.  Акция  барлық  Қазақстан  мектептерінде  салауатты  өмір  салтын  берік  ұстанып,  еліміздегі 

халықтардың  денсаулығын  нығайтып,  жақсы  әдеттерге  үйір  болып,  жаман  әдеттер  мен    «Ғасыр  дерті»  атанған  есірткіден  аулап  болуға  үндеу 

тастайды. 

Саналы ұрпақтың бойына жат болған, емдерге шипасы мен дауасы жоқ сырқаттың алдын алу жодарын 5-7-сынып 

оқушылары  терең  түсінген  секілді.  Оның  айқын  айғағы    ‒  кешегі  акцияға  белсене  қатысқан  оқушылар  үшін  сайыс 

түрінде өткізілуі. Жалпы сайыста I орынды 5 

«А»

 сыныбы жеңіп алса, ал екінші II орынды 6 



 «А»  

сыныбының оқушылары 

қанжығаға байлап, келесі  III орынды 7 

«А»


 сыныбының оқушылары жеңіп алды.  

Темиржанов Алдияр 6 

«Ә» 

сынып оқушысы 

Құттықтаймыз! 

Қалалық сайыстағы шахмат турнирі бойынша жалпы командалық есеп негізінде I орынды иеленген 

оқушыларды құттықтаймыз! 

Сухотерин Э I орын, Қонақбаев С II орын, Арынова Т I орын,  Кусаинова Д II орын иеленді.                                                          



Команда жетекшісі: Бекбасова Б.Ш. 


 

 «Жаңа жылда маған сыйлаған ең бағалы сыйлық!» немесе «Мен сағына күткен 

Аяз ата... »  

тақырыбында мектепішілік ең үздік шығармалар (1-7-сынып оқушылары арасында 

өткізіледі) байқауын жариялайды. 

 

Назар салыңыздар, жүлделі сыйлықтардан қапы қалмаңыздар! 



 (Байқауға жіберілетін туындылар желтоқсан айының 29-на дейін редакциямызда қабалданады.  

Байқау шарттары бойынша барлық сұрақтар мәдениет бөлімі жетекшілеріне жіберілсін.) 

 

Құрметті гимназия оқушылары  «Балауса» радио-ақпараттық, орталығының мүшелері – 



«Балауса 

TV»

жобасына сіздердің ұсыныстарыңыз бен озық идеяларыңыздықабылдайды?

 

 

 

 



 

 

 



 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 

БАС  РЕДАКТОР – Рахимжанова Рахила 

Бас редактордың орынбасары – Рамазанов Дархан  

Редакция алқасы: 

Бөлім меңгерушісі – Садуов Еламан 

Жауапты хатшы – Шаймерденова Әсия, Ибраева Сая 

Дизайнер /фотограф/ - Арынов Диас 



Тілшілер тобы:  

Қоғамдық-әлеуметтік жаңалықтар бөлімі – Ахмекенова Қымбат 

Мәдениет бөлімі – Айтпекова Дана 

Әдебиет бөлімі – Сатпекова Әлемгүл 

Спорт бөлімі – Әміров Асыл 

Біздің мекен-жайымыз: Әуезов көшесі, 58., тел/факс: 5-06-25, 6-42-94. Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған    мамандандырылған  



гимназиясы 

                                                     E-mail: aksu–gimnazia   @ yandex. ru 

Мектеп баспасөзі  және радио-ақпараттық орталығының жетекшісі – Ғазиз Еңлік Ғазизқызы 

Құрылтайшысы: Гимназия әкімшілігі 

жүктеу 262,21 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау