44
Оқыту үрдісінде қолданылатын ойындар – тіл үйренушілердің
білімдерін арттырудың құралы. Ойындар арнайы мақсатты көз-
дейді және нақты міндетті шешеді. Сабақтың қай кезеңінде қол-
данылуына байланысты ойындардың мақсат-міндеттері әртүрлі
болуы мүмкін. Ойынды сабақтың басында қолданса, өткен са-
бақты еске түсіруге бағытталады. Сабақтың ортасында болса,
тыңдаушылардың көңіл-күйін сергітеді, ерік-жігерін дамытады,
сабаққа ынтасын арттырады. Ал сабақтың соңында қолданылған
ойын тақырыпты бекіту, сабақта алған білімді жинақтау мақса-
тын көздейді.
Сондықтан біздің орталықтың оқытушылары мен әдіскерлері
қазақ тілі сабағында қолданылып жүрген 50-ге жуық ойын түрін
жинақтап, біріктірді. Бұл ойын түрлері қазіргі таңда оқыту ор-
талығының оқытушылары тарапынан күнделікті сабақтар бары-
сында тиімді қолданылып, жақсы нәтижесін беруде.
Қорытындылай келе, жаңа инновациялық технологияларды
оқыту үдерісіне енгізу – бүгінгі заманның талабы. Күннен-күнге
дамып бара жатқан технологияны еркін меңгеріп, сабақ барысын-
да жаңа оқыту технологияларын тиімді пайдаланатын оқытушы-
ның тілді үйретуде үлкен жетістікке жетері анық! Сонымен қатар
жаңа оқулықтармен қосымша көмекші құралдар әзірлеу бары-
сында өңірлердегі орталықтардың оқытушыларының пікірлері
назарға алынса деген тілегіміз бар.
45
Ж. Елесбаева
Алматы облысы «Тіл» оқу- әдістемелік
орталығының оқытушысы
Мемлекеттік тілді оқытудағы интерактивті әдіс-тәсілдер
Бүгінгі таңда жеке тұлғаны емес, оның даму процесін басқару
қажеттігі айқындалып отыр. Сондықтан оқытушы тікелей жаса-
латын әдістерден, лозунгтар мен үндеулерден бас тартып, артық
ғибратты сарынды тежеп, оның есесіне 1-орынға қарым-қатынас
жасау, 2-орынға сұхбаттық әдістер, 3-орынға шындықты бірлесіп
іздеу және тағы басқа сан алуан шығармашылық әрекеттерді жа-
сау арқылы дамыта алады.
«Интерактив» сөзі – өзара әрекет ету бейімділігін білдіреді
немесе әңгімелесу, әлдекіммен не болмаса әлденемен (мысалы,
компьютермен) сұхбаттасуда болады. Демек, интерактивті оқыту
– бұл, ең алдымен, сұхбаттасып оқыту, оның барысында оқытушы
мен тіл үйренушінің өзара әрекет етуі жүзеге асырылады.
Интерактивті оқытудың ерекшеліктері неден тұрады:
- білім субъектілерінің бір мағыналық кеңістікке келуі;
- күрделі тапсырмаларды бірігіп жасау, яғни бірыңғай шығар-
машылық кеңістікке қосылу;
- тапсырмаларды шешуді жүзеге асыратын әдістер мен құрал-
дарды таңдауда келісушілік;
- жағымды эмоциялық жағдайларда тапсырмаларды қабылдау
мен жүзеге асыру.
ИНТЕРАКТИВТІ оқытудың түрлері:
1. Ми шабуылы
2. Шағын әдістер
3. Шағын топтардағы жұмыстар
4. Рөлдік ойын
5. Жобаны әзірлеу
6. Бейнефильмдер көру мен талқылау
7. Кері байланыс
46
«Ми шабуылының» алгоритмі
1. Қатысушыларға талқылау үшін белгілі бір тақырыпты сұрақ
арқылы беру.
2. Осы мәселе бойынша өзінің ойын айтуға ұсыныс жасау.
3. Айтылғандардың барлығын жазу (олардың бәрін қарсылық-
сыз қабылдау керек). Егер сізге ол түсініксіз болатын болса, ай-
тылғандарды қайталап анықтауға жол беріледі (кез-келген жағдай-
да идея қатысушының аузынан қалай шықса, солай жазылады).
4. Барлық идеялар мен талқылаулар айтылып біткеннен кейін,
берілген тапсырма қандай болғанын қайталау керек және қаты-
сушылардың сөзінен сіз не жазып алдыңыз, соның барлығын
тізіп шығу керек. Негізгі керекті ойды түйіндеу.
5. Қатысушылардың пікірі бойынша алынған нәтижеден қандай
қорытынды жасауға болатынын және тренингтің тақырыбымен
байланысты оның қалай болатынын сұрай отырып, жұмысты
аяқтау қажет. Бізге пікірдің қорытындысы не беретінін анықтау.
«Ми шабуылы» нені қарастырады:
- даулы мәселелерді талқылау;
- талқылауға қатысуға онша сенімді емес қатысушыларды ын-
таландыру;
- қысқа мерзім ішінде идеяны көптеп жинау;
- дәрісханалардың дайындығы мен хабарландырылуын анық тау.
«Ми шабуылы» аяқталғаннан кейін (орташа 4-5минут), жауап-
тың барлық нұсқаларын талқылау керек, бастыларын және келе-
сілерін таңдау қажет.
Шағын дәрістер
Шағын дәрістер теориялық материалды ұсынудың тиімді ма-
териалдарының бірі болып табылады. Оны бастар алдында ал-
дыңғы тақырыппен байланысты, ми штурмын немесе рөлдік
ойынды өткізу қажет, ол қатысушылар үшін оның маңызын арт-
тырады, оларды ақпараттандыру дәрежесі мен тақырыпқа қаты-
насын анықтайды.
Материал қатысушылар үшін түсінікті тілде мазмұндалады.
Әрбір терминге анықтама беру қажет. Теорияны «жалпыдан же-
47
кеге» қағидаты бойынша түсіндірген дұрыс. Келесі сұраққа кө-
шер алдында айтылғандардың бәрін жинақтау және сіздің дұрыс
түсінгеніңізге көз жеткізу керек.
Дәріс аяқталғаннан кейін қатысушыларда пайда болған барлық
сұрақты талқылау керек, содан кейін аталған ақпаратты тәжірибе-
де қалай қолдануға болады және мұны қандай нәтижемен жүр-
гізуге болады, сол туралы сұрау керек.
Шағын дәрістерді интерактивті режімде өткізу үшін қандай да
бір ақпаратты хабарлар алдында оқытушы қатысушылардан бұл
туралы не білетінін сұрайды. Қандай да бір бекітуді ұсынғаннан
кейін оқытушы бұл мәселе бойынша қатысушылардың ой-пікірін
талқылауға ұсыныс жасайды. Мысалы:
- Ал сіз қалай ойлайсыз?
- Сіз мұны қалай істеуді ұсынасыз?
- Бұл неге алып келуі мүмкін, сіз қалай ойлайсыз? және т.б.
Шағын топтардағы жұмыс
Мұнда жоба құру қажет. Аталған жағдайда ең тиімдісі – топ-
тарда жұмыс істеу. Бұл әдіс оқу-жаттығу ортасын ұйымдастыра-
ды. Алғашқыда басқа ресурстар болмаса, қолдау (кеңес, нұсқау-
лар береді) көрсетіледі.
Рөлдік ойын
Рөлдік ойын – бұл өмірлік жағдайлардың белгілі бір мінез-құлық
немесе эмоционалдық жақтарын меңгеру ниетінде алдын-ала
бөлінген рөлдер арқылы қатысушы топтардың сахналап ойнауы.
Рөлдік ойындар шағын топтарда (3-5 қатысушы) жүргізіледі. Қа-
тысушылар карточка арқылы (тақтада, қағаз парақтарда және т.б.)
тапсырма алады, рөлдерді бөледі, жағдайды ойнайды және бар-
лық топқа ұсынады (көрсетеді).
Оқытушы тіл үйренушілердің мінез-құлқын ескере отырып,
рөлді өздері бөледі.
Бұл әдістің артықшылығы сол, әрбір қатысушы өзін ұсынылған
рөл жағдайында көрсетеді, сол не басқа жағдайды айтарлықтай
шынайы байқайды, сол не басқа әрекеттердің салдарын сезінеді
және шешім қабылдайды.
Жұмыстың аталған нысаны ойын жағдайларын құрасты-
Достарыңызбен бөлісу: |