Мемлекеттік тілді үйрету: әдіс, тәжірибе, инновация



жүктеу 2,9 Kb.
Pdf просмотр
бет11/33
Дата20.05.2018
өлшемі2,9 Kb.
#15272
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   33

37
ең алдымен, жаттығулар жүйесі орын алуы тиіс те, ал теориялық 
түсіндіру соңында жүруі тиіс.
Ұсыныс: 
1.  Арнайы  грамматикалық  тақырыпқа  арналған  және  грам-
матиканың  қарым-қатынасқа  жұмыс  істеуіне  көмек  беретін  қо-
сымша  әдістемелік  оқулық  шығару.  Оқулықта  бір  граммати-
калық  құрылым  бойынша  көптеген  тапсырмалар  берілуі  тиіс 
және  тапсырмалар  сол  грамматиканың  жан-жақты  қолданысын 
кеңінен беруі тиіс. Аталған оқулық негізгі оқыту оқулықтарына 
байланыс ты болмауы тиіс. Ол дегеніміз – әр түрлі авторлық оқу-
лықпен оқыған тіл үйренуші қосымша әдістемелік оқулықтағы 
тапсырмаларды өз бетінше орындай алады. Себебі негізгі грам-
матикалық минимум негізгі оқулықта меңгерілген.
    Қазіргі таңда тілді оқытуда және сабақ үрдісінде жұмыс істеу 
үстінде  тап  болатын  қиыншылықтардың  бірі  –  мәтін  мәселесі. 
Себебі қазақ тіліндегі кез-келген мәтінді тіл үйренушіге түпнұсқа 
күйінде бере алмаймыз. Оның себептері:
1. мәтінде күрделі тілдік орамдар;
2. қиын грамматикалық құрылым;
3. мағынасы терең және жан-жақты лексикалық сөздер
кездеседі. Сол себепті қазақ тіліндегі мәтіндерді оқыту мәті-
ніне айналдыру керек. Ол үшін:
• Мәтінді өңдеу
• Мағыналас сөздермен алмастыру
• Сөйлемдерді қысқарту
• Грамматиканы ықшамдау
• Сурет пайдалану
• Қызық мәтіндер табу жұмыстарын қолға алу керек.
Ұсыныс:
Өңделген тақырыптық мәтіндер жинағын шығару. Ол үшін:
1. Белгілі бір шығарманы алу
2. Деңгей бойынша өңдеу
3. Бір деңгейде бірнеше автордың шығармасы болуы мүмкін.
4. Деңгейге бөлу А1- С1 ге дейін


38
5. С1 деңгейінде мәтіннің түпнұсқасы беріледі.
Аталған  жинақ  тек  ересектер  емес,  сонымен  қатар  мектеп 
оқушыларына да арналып шығарылуы тиіс. Осы жұмыстың арқа-
сында қазақ тілін үйренушілерге қазақ әдебиетін насихаттау және 
оқыту мүмкіндігі туады.
Тыңдалым – тілдің мазмұнын түсіну, сол арқылы өз ойын біл-
діруге арналған әдістердің бірі. Соған байланысты, қазіргі таңда 
қазақ тілін оқытуда тыңдалым материалдары аздау, болған күнде 
арнайы бір тақырыпқа сай келмейді. Сондай-ақ технология за-
маны болғандықтан, мобильді қосымшалардағы тыңдалым мате-
риалдар арқылы тілді меңгертуге болады.
Ұсыныс:
Мобильді  қосымша  бағдарламалары  арқылы  тақырыптық 
тыңдалым материалдарын кеңінен шығару. Себебі:
1. Уақыт жағынан тиімді, тіл үйренуші кез-келген бос уақы-
тында қолдана алады;
2. Әлемнің кез-келген түкпірінде, тіпті, интернет байланысты 
болмаған жағдайда қолдана алады.
Тыңдалым материалын берудің қысқаша сипаттамасы:
 


39
                                                      Ж.Ізтұяқ 
Жамбыл облысы әкімдігінің 
Тілдерді дамыту басқармасы
 Тілдерді оқыту орталығының директоры
 
Жаңа инновациялық технологияларды оқыту үдерісіне 
енгізу және оның тиімділігі
Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңі оқу орындарында тілді мең-
герту жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологияландыру мәсе-
лесін қойып отыр. Осындай сұраныстарға орай оқытудың жаңа 
технологиялары  жасалынып,  оқыту  орталықтарының  тәжіри-
бесіне де енгізілуде. Тілдерді оқыту орталығы оқытушыларының 
инновациялық  даярлығын  қалыптастыру  –  олардың  жаңа  педа-
гогикалық технологияны меңгеруінің алғы шарты. Ал оқытушы-
лардың  жаңа  технологияларды  меңгеруі  мен  оны  оқыту  үрдісі-
не енгізуі – уақыт талабы. Өйткені инновациялық технологияны 
меңгеру  оқытушылардың  іскерлігін,  ізденісін  туғызып,  шығар-
машылықпен жұмыс істеуіне жол ашса, тіл үйренушілердің білім 
сапасын арттыруға өз үлесін қосады. 
Жамбыл облысы әкімдігі Тілдерді дамыту басқармасының Тіл-
дерді оқыту орталығы – облыс әкімінің қолдауымен толығымен 
облыстық  бюджеттен  қаржыландырылатын  бірден  бір  орталық. 
Оқыту орталығында мемлекеттік тілді оқытатын 3 оқу кабинеті 
және ағылшын тілін оқытатын 1 лингафондық оқу кабинеті бар. 
Әрбір  оқу  кабинеттері  10+1  компьютер  кешенімен,  интерак-
тивті тақтамен, стендтермен жабдықталған. Орталықтың арнайы 
кітап хана қорында 6 000-ға жуық оқу әдістемелік кешендер, түр-
лі сала бойынша сөздіктер, көркем және әлем әдебиеттері, түрлі 
энциклопедиялар  жинақталған.  Орталықтың  8  аудандық  оқыту 
бөлімшелері ашылған: Қордай, Шу, Меркі, Талас, Сарысу, Жам-
был, Жуалы және Байзақ аудандарында. Барлық аудандық оқыту 
бөлімшелеріндегі оқу кабинеттері де бүгінгі заман талабына сай 
жабдықталған.


40
Орталықтың  жалпы  штатында  43  қызметкер  жұмыс  істейді. 
Оның  ішінде  19  оқытушы,  4  әдіскер  және  8  аудандық  бөлімше 
меңгерушілері қазақ және ағылшын тілі сабақтарынан дәріс бе-
реді.  Оқу  курстары  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік 
стандартына  сәйкес  5  деңгейлік  (А1,  А2,  В1,  В2,  С1)  бірүлгі 
бағдарламасы бойынша ұйымдастырылады.
Осы  кезекте, 
Қазақстан  Республикасында  тілдерді  дамыту 
мен  қолданудың  2011-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік 
бағдарламасындағы нәтижелер көрсеткіштерінің бірі ретінде: 
«Онлайн  режимінде  қашықтан  қол  жеткізу  мүмкіндігін 
пайдалана  отырып  ұйымдастырылған  мемлекеттік  тілді 
оқыту орталықтары оқытушыларының біліктілігін артты-
руға бағытталған іс-шаралардың үлесін (2014 жылға қарай - 
20%, 2017 жылға қарай - 50%, 2020 жылға қарай - 90%) артты-
ру» - міндеттелген. Осы бағытта Жамбыл облысында атқарылып 
жатқан жұмыстарға тоқталсам, жоғарыда берілген нәтижелі көр-
сеткішті орындау мақсатында Жамбыл облысы әкімдігі Тілдерді 
дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығы 2017 жылдан 
бастап онлайн бағдарламасын орнатып, барлық облысқа қарасты 
аудандардағы оқыту бөлімшелеріндегі оқытушылардың біліктілі-
гін  арттыруға  бағытталған  іс-шараларды  ұйымдастыруда.  Атап 
айтсақ,  ағымдағы  жылдың  ақпан  айында  оқыту  орталығының 
әдіскерлері  онлайн  режимде  барлық  аудандық  оқыту  бөлімше-
лері  мен  Тараз  қалалық  оқыту  орталығының  оқытушыларына 
«Жаңартылған бағдарлама – оқытудың жаңа мазмұны» тақыры-
бында оқыту семинарын онлайн режимде өткізді. Семинар бары-
сында 2017 жылы қолданысқа енгізілген ҚР Ұлттық стандарты, 
қазақ тілін оқытуға арналған бірүлгі бағдарламасы және «Қазақ 
тіл» оқу-әдістемелік кешенінің II басылымы таныстырылды. Со-
нымен  қатар,  наурыз  айында  ағылшын  тілі  оқытушыларының 
біліктілігін арттыру мақсатында жоғары және арнаулы орта оқу 
орындары, жекеменшік үш тілді оқытатын тіл орталықтарындағы 
білікті  оқытушыларының  қатысуымен  «Ағылшын  тілін  оқыту-
дағы  инновациялық  әдіс-тәсілдер»  тақырыбында  онлайн  семи-
нар-тренинг ұйымдастырылды. 


жүктеу 2,9 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау