Мемлекеттік қызмет - азаматтардың мемлекеттік органдар мен оның аппараттарындағы кәсіптік қызметі. Мемлекеттік қызмет әрқашан да мемлекет қаражат қорынан қаржыландырылады, мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы мен жолсапар шығындары бюджеттен өтеледі және қажет болған жағдайда арнайы баспанаға, ғимаратқа орналастырылып, өздеріне жүктелген өкілеттілікті атқаруға қажетті арнаулы керек-жарақпен жабдықталады. Сондай-ақ мемлекеттік қызметкердің айрықша мәртебесі болады. Қызмет мерзімі ішінде мемлекеттік қызметшілерге өз өкілеттігін жүзеге асыруға керекті міндеттер мен арнайы құқықтардан бөлек әлеуметтік артықшылықтар мен жеңілдіктер беріледі. - Мемлекеттік қызмет - азаматтардың мемлекеттік органдар мен оның аппараттарындағы кәсіптік қызметі. Мемлекеттік қызмет әрқашан да мемлекет қаражат қорынан қаржыландырылады, мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы мен жолсапар шығындары бюджеттен өтеледі және қажет болған жағдайда арнайы баспанаға, ғимаратқа орналастырылып, өздеріне жүктелген өкілеттілікті атқаруға қажетті арнаулы керек-жарақпен жабдықталады. Сондай-ақ мемлекеттік қызметкердің айрықша мәртебесі болады. Қызмет мерзімі ішінде мемлекеттік қызметшілерге өз өкілеттігін жүзеге асыруға керекті міндеттер мен арнайы құқықтардан бөлек әлеуметтік артықшылықтар мен жеңілдіктер беріледі.
- Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясының 21-бабында әрбір адамның өз елін басқаруға қатысуға құқы танылған. ҚР сол декларацияға қосылушы мемлекет ретінде өзінің әрбір азаматының Мемлекеттік қызметке кіруге деген тең құқығын Конституцияда белгіледі. Мемлекеттік қызметке үміткерге қойылатын талаптар лауазымдық міндеттердің сипатына қарай әртүрлі болады. Соған орай азаматтың Мемлекеттік қызметке кіруіне кедергі болатын негіздер де заңдарда көрсетіледі. Басты негізге азаматтың қасақана қылмыс үшін сотталғандығы жатады. Шет ел азаматтарының ҚР-ның Мемлекеттік қызметіне кіруіне құқы жоқ. Конституцияға сәйкес, мемлекеттік қызметкердің жасы 60-тан, ерекше жағдайларда 65- тен аспауы тиіс екендігі көрсетілген
- ҚР-да Мемлекеттік қызмет жүйесін
- саяси
- әкімшілік болып екі санатқа бөлінген лауазымдар құрайды.
- Мемлекеттік саяси қызметшілердің мемлекеттік қызметке тағайындау, не сайлау негізінде кіруі, ал мемлекеттік әкімшілік қызметке орналасуы конкурстық негізде жүргізіледі. Мемлекеттік қызметке кіретін адамдарға мынадай талаптар қойылады: олар Қазақстан Республикасының азаматтары болу, жасы 18-ден кем болмауы, қажетті білімі, кәсіби даярлық деңгейі болуы керек және т.б. Саяси лауазымға мемлекеттік саясатқа ықпалды жоғары лауазымдар жатады, қалған лауазымдар әкімшілік санатта одан әрі жіктеледі
- Саяси-мемлекеттік қызметкер — тағайындалуы (сайлануы), қызметтен босатылуы және қызметінің айқындаушы-саяси сипаты бар және саяси мақсаттар мен міндеттерді іске асыруға жауапты мемлекеттік қызметкер. Мысалы, премьер-министр, министрлер, агенттіктердің төрағалары, әкімдер. Ә
- Әкімшілік-мемлекеттік қызметкер — мемлекеттік саяси қызметкерлер қатарына кірмейтін, мемлекеттік органда тұрақты кәсіби негізде қызметтік өкілеттігін жүзеге асыратын мемлекеттік қызметкер. Мысалы, сот орындаушысы, сот мәжілісінің хатшысы, аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі және басқалары.
НАЗАР АУДАРҒАНДАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!
Достарыңызбен бөлісу: |