3. Мемлекеттік қызметкерлердің әкімшілік-құқықтық мәртебесінің негіздері. - Мемлекеттік қызметшінің әкімшілік құқықтық мәртебесі оны құрайтын мына элементтерді қамтиды: құқықтарын; негізгі міндеттерін; шектеулерді; кепілдіктерді; көтермелеуді; еңбек ақы төлеуді; зейнетақымен қамсыздандыруды; жауапкершілікті.Мемлекеттік қызметшілердің құқықтары, біріншіден,оларға ҚР-ның азаматы ретінде Конституциямен және заңдармен берілген; екіншіден, олардың мемлекеттік қызметтің мемлекеттік лауазымына орналасу фактісімен туындайтын; үшіншіден, мемлекеттік – қызметтік жұмыстың жекелеген түрлерінің ерекшеліктерімен айқындалатын құқықтық мүмкіндіктердің кешені болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |