31-бабының 1-тармағында көрсетілген ақпарат болуға тиіс. Шақыруға елеулі талаптарды көрсете отырып, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасы қоса берілуге тиіс.
Әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарын беруі
128. Әрбір әлеуетті өнім беруші мынадай мәліметтерді қамтуға тиіс тек бір баға ұсынысын ғана береді:
1) әлеуетті өнім берушінің атауы, заңды және іс жүзіндегі мекен-жайы (заңды тұлға үшін), патентінің және жеке куәлігінің (паспортының) нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты жері (жеке тұлға үшін), СТН-і және банктік деректемелері;
2) жеткізілетін тауарлардың атауы, сипаттамасы мен саны, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы мен көлемі;
3) тауарлар жеткізілетін, жұмыстар орындалатын, қызметтер көрсетілетін орын мен мерзімі;
4) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бір бірлігінің құны оған енгізілген шығыстар туралы мәліметтерді көрсете отырып.
129. Баға ұсынысындағы тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету шарттары мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы орналастырған баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы электрондық хабарландырудағы (жазбаша шақырудағы) шарттарға қайшы келмеуге тиіс.
130. Баға ұсынысы бар мөрленген конверттің беткі жағына әлеуетті өнім беруші мыналарды көрсетуге тиіс:
1) әлеуетті өнім берушінің толық атауы мен почталық мекен-жайы;
2) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының электрондық хабарландыруында және жазбаша шақыруында көрсетілген ұқсас мәліметтерге сәйкес келуге тиісті мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы мен почталық мекен-жайы;
3) қатысу үшін әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы берілетін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың атауы.
131. Баға ұсынысы конвертке салынып мөрленеді және әлеуетті өнім беруші оны мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы электрондық хабарландыруда немесе жазбаша шақыруда көрсеткен кезеңде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкіліне береді.
132. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі:
1) баға ұсынысы салынған конвертті ұсынған әлеуетті өнім берушінің өкілінің өкілеттіктерін құжаттамалық растаудың болуын тексереді;
2) баға ұсынысы салынған конвертте осы Ереженің 128-тармағында көзделген мәліметтердің болуын тексереді. Осы Ереженің көрсетілген тармағының талаптарын бұза отырып ресімделген баға ұсыныстары салынған конверттер тіркелмейді және:
баға ұсыныстары салынған конвертті почта байланысымен алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей әлеуетті өнім берушілерге;
баға ұсыныстары салынған конвертті берген әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкіліне дереу қайтарады;
3) тиісті түрде ресімделген баға ұсыныстары салынған концерттерді қабылдайды және осы Ереженің 134-тармағының тармақшаларында көзделген мәліметтерді баға ұсыныстарын тіркеу журналына енгізеді.
133. Баға ұсыныстарын берудің түпкілікті мерзімі өткеннен кейін берілген конверт тіркелуге жатпайды және осы Ереженің 132-тармағының 2) тармақшасында көзделген тәртіппен және мерзімде қайтарылады.
134. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі баға ұсыныстарын тіркеу журналында мынадай мәліметтерді көрсетеді:
1) баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың атауы;
2) тапсырыс берушінің және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы, олардың почталық мекен-жайы;
3) әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілінің тегі, аты, әкесінің аты;
4) әлеуетті өнім берушінің толық атауы және почталық мекен-жайы, оның СТН-і;
5) әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысының тіркелген күні мен уақыты.
135. Баға ұсыныстарын тіркеу журналында осындай бас тартудың себебі баяндала отырып, баға ұсыныстарын тіркеуден бас тартылған әлеуетті өнім берушілердің тізімі көрсетілуге тиіс. Баға ұсыныстарын тіркеу журналы тігілуге, беттері нөмірленуге және оған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі бұрыштама қоюға тиіс, баға ұсыныстарын тіркеу журналының соңғы беті мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының мөрімен бекітілуге тиіс. Бір қаржы жылы ішінде баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді барлық мемлекеттік сатып алу бойынша бірыңғай баға ұсыныстарын тіркеу журналын жүргізуге жол беріледі.
Егер баға ұсыныстарын беру мерзімінің ішінде әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстары салынған кемінде екі конверт ұсынылғанда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын беру мерзімін бес жұмыс күніне ұзартады. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын беру мерзімі біткен күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей Заңның 31-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген іс-шараларды орындайды.
Баға ұсыныстарын салыстыру және баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен тауарларды,
жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу қорытындыларын шығару
136. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстары салынған конверттерді ашады және белгіленген мерзімде ұсынылған және тиісті журналда тіркелген әлеуетті оны берушілердің баға ұсыныстарын баға ұсыныстарын беру мерзімі аяқталғаннан кейінгі күн ішінде салыстырады.
137. Сатып алынатын тауарды жеткізушіні, жұмысты орындаушыны, қызметтер көрсетушіні мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі ең төменгі баға ұсынысының негізінде айқындайды.
138. Егер ең төменгі баға ұсынысын бірнеше әлеуетті өнім беруші ұсынған болса, баға ұсынысы басқа әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарынан ертерек түскен әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады.
139. Әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарын беруі аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілінің шешімімен баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың қорытындылары бекітіледі.
140. Баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың қорытындыларын бекіту туралы шешімде мынадай мәліметтер қамтылуға тиіс:
1) тапсырыс берушінің және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы, олардың почталық мекен-жайы;
2) баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен жүргізілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың атауы;
3) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілінің тегі, аты, әкесінің аты, ол атқаратын лауазымы;
4) баға ұсыныстарын берудің түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейін баға ұсыныстарын берген әлеуетті өнім берушілердің толық атауы, тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге олар мәлімдеген баға;
5) қабылдамау себептерін негіздей отырып, қабылданбаған баға ұсыныстары туралы;
6) баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен мемлекеттік сатып алудағы жеңімпаз туралы, сондай-ақ жеңімпаз ұсынғандай бағаны ұсынған әлеуетті өнім беруші туралы не баға ұсынысы жеңімпаз ұсынған бағадан кейін ең аз баға болып табылатын әлеуетті өнім беруші туралы.
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алу қорытындыларын бекіткен күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен қорытындылар туралы ақпаратты Заңның 31-бабының 1-тармағында көзделген ақпарат орналасқан веб-сайтта орналастыруға міндетті.
Баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындыларын жариялау туралы талап олар туралы мәліметтер мемлекеттік құпияларды құрайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру жағдайына қолданылмайды.
5. Бір көзден сатып алу тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін
қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу
141. Бір көзден сатып алу тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімді тапсырыс беруші Заңның 32-бабында белгіленген жағдайда қабылдайды.
142. Бір көзден сатып алу тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу мынадай дәйекті іс-шараларды орындауды көздейді:
1) тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алудың осы тәсілін қолдануды негіздей отырып, бір көзден сатып алу тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы шешім қабылдауы;
2) тапсырыс берушінің бір көзден сатып алу тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны анықтауы;
3) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелігін, тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету шарттарын, орны мен мерзімдерін, ақы төлеу шарттары мен мерзімдерін әзірлеуі;
4) тапсырыс берушінің сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелігін, сондай-ақ тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету шарттарын, орны мен мерзімдерін, оларға ақы төлеу шарттары мен мерзімдерін бекітуі;
5) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының әлеуетті өнім берушіге Заңның 33-бабының 1-тармағында көзделген мәліметтерді көрсете отырып, мемлекеттік сатып алуға қатысуға жазбаша шақыру жіберуі;
6) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының әлеуетті өнім беруші ұсынған әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін, бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға ол ұсынатын бағаны негіздеуді растайтын құжаттарды қарауы;
7) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының осы Ережеге 11-қосымшаға сәйкес бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы ресімдеуі;
8) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының бір көзден сатып алу тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қорытындылары туралы хаттаманы тапсырыс берушіге ұсынуы.
143. Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелігін әзірлеу үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы сарапшыны не сараптама комиссиясын тартуға құқылы. Сарапшыны не сараптама комиссиясын тарту осы Ереженің 35-тармағында белгіленген шарттарда және тәртіппен жүзеге асырылады.
144. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге жауапты мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының құрылымдық бөлімшесі сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелігін әзірлеуді қамтамасыз етеді.
145. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы тапсырыс берушінің бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімін қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде әлеуетті өнім берушіге жазбаша нысанда Заңның 33-бабының 1-тармағына сәйкес ақпаратты қамтитын мемлекеттік сатып алуға қатысуға шақыру жібереді.
146. Осы Ереженің 124-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдайлар туындаған кезде әлеуетті өнім берушіге бір көзден сатып алу шарты туралы жіберілетін ақпарат өтпей қалды деп танылған конкурстың конкурстық құжаттамасының шарттарына сәйкес болуы тиіс.
147. Осы Ереженің 124-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайда сауал жіберілетін әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы айқындайды.
Осы Ереженің 124-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Заңның 6-бабының талаптарын бұзған адамды қоспағанда, конкурстық өтінімді ұсынған әлеуетті өнім берушіге ең жоғарғы шартты шегеріммен рұқсат беру туралы хаттамаға сәйкес сауал жібереді.
148. Осы Ереженің 124-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушіге не конкурстық баға ұсынысы жалғыз қабылданбаған болып табылатын конкурсқа қатысушыға сауал жібереді.
149. Әлеуетті өнім беруші тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету туралы ұсынысты қабылдаған жағдайда әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға оның жалпы және арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу процесіне байланысты шектеулердің жоқтығын растайтын құжаттарды, ұсынылып отырған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, өзінің жазбаша келісімін, сондай-ақ жеткізілетін тауарлар, орындалатын жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін әлеуетті өнім беруші ұсынатын бағаны жібереді.
Егер неғұрлым жақсы функционалдық және басқа да сипаттамалары бар тауарлар мен көрсетілетін қызметтер ұсынылса, сондай-ақ неғұрлым үздік технологиялық шешімдер және (немесе) жақсы материалдардан жұмыстарды орындау ұсынылса әлеуетті өнім берушінің техникалық ерекшелігінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ұсынған техникалық ерекшелікке сәйкес келмеуіне жол беріледі.
150. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы тапсырыс берушіге қол қою үшін берілетін бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қорытындылары туралы хаттаманы ресімдейді, онда мынадай ақпарат қамтылуға тиіс:
1) бір көзден сатып алу тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды қолдану негіздемесі;
2) бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы;
3) әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптарға сәйкестігі туралы;
4) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалатын өнім берушінің атауы мен орналасқан жері және осындай шарттың бағасы.
151. Егер бір көзден сатып алу тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін сараптама комиссиясы не сарапшы бекітілген жағдайда, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға сараптамалық қорытынды қоса тіркеледі.
152. Тапсырыс беруші бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күнінен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей хаттаманың мәтінін тапсырыс берушінің веб-сайтына орналастыруға тиіс.
153. 152-тармақтың шарты тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтер мемлекеттік құпияларды құрайтын оларды бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.
154. Егер әлеуетті өнім беруші ұсынған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бағасы осы сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген сомадан асып түскен жағдайда, осындай ұсыныс қабылданбайды және бір көзден сатып алу тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу өтпей қалды деп танылады.
6. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді
мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу
155. Тапсырыс беруші қол қоюға және тапсырыс берушінің уәкілетті өкілі әр бетіне бұрыштама соғуға тиіс осы Ережеге 4 және 5-қосымшаларға сай үлгі шарттарға сәйкес жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасының екі данасын тапсырыс беруші өнім берушіге жібереді.
Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылған жағдайда, тапсырыс беруші конкурс жеңімпазына қорытындылар туралы хаттаманың бір данасын жібереді.
156. Мынадай жағдайларда:
мөлшері елу мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын тиісті қаржы жылына арналған жұмыстарды мемлекеттік сатып алғанда;
мөлшері төрт мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын тиісті қаржы жылына арналған тауарларды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алғанда өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқан күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы Ережеге 12-қосымшаға сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізуге тиіс.
157. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы онымен жасалған шарт бойынша өз міндеттемелерін уақтылы, толық және тиісті түрде орындауға кепілдік ретінде енгізеді.
158. Шарттың орындалуын қамтамасыз етудің мөлшерін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жалпы сомасының үш пайызы мөлшерінде белгілейді.
159. Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін:
1) тапсырыс берушінің банктік шотына не мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын тапсырыс берушілер үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдік ақшалай жарнаны;
2) Үлгі конкурстық құжаттамаға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банк кепілдігін таңдауға құқылы.
160. Өнім берушінің шарт бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін үшінші тұлғалардың енгізілген кепілдік ақша жарнасына тұтастай не бір бөлігінде талап қою құқығының туындауына әкеп соғатын іс-қимыл жасауына жол берілмейді.
161. Тапсырыс берушінің өнім беруші енгізген кепілдік ақшалай жарнаны Заңда көзделмеген мақсатқа пайдалануына жол берілмейді.
162. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу туралы талап ашық тауар биржалары арқылы баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша айқындалған өнім берушілерге, сондай-ақ оны Заңның 8-бабының 8-тармағында көзделген жағдайда берген өнім берушілерге қолданылмайды.
163. Тапсырыс беруші енгізілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді шартта көрсетілген мерзімде немесе өнім беруші шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде өнім берушіге қайтарады.
164. Егер мемлекеттік сатып алу туралы шарт тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өнім берушінің шарттық міндеттемелерді орындамауына байланысты бұзылса, тапсырыс беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтармайды.
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді
мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау
165. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау кезінде тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) атауы, саны, сапасы, техникалық ерекшелігі, құны, оларды жеткізу (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) орны мен мерзімі мемлекеттік сатып алу туралы шарттың мазмұнына сәйкес келуге тиіс.
166. Тапсырыс беруші мен өнім беруші көрсетілген шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерін толық орындаған жағдайда шарт орындалды деп есептеледі.
7. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асырудың арнайы тәртібіне қойылатын үлгі талаптар
Әлеуетті өнім берушілерді біліктілігі бойынша алдын ала
іріктеуді тұрақты негізде жүргізу тәртібіне
Достарыңызбен бөлісу: |