Мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттауға арналған тест сұрақтары және жауап нұсқалары 1-нұсқа №1 сұрақ



жүктеу 0,69 Mb.
бет3/6
Дата16.01.2020
өлшемі0,69 Mb.
#26930
1   2   3   4   5   6

5-нұсқа
1 сұрақ

Ғимаратты немесе құрылысты реконструкциялау (жаңарту, қайта салу, қалпына келтіру) кезінде мердігерге қандай жауапкершілік жүктеледі?


2 сұрақ

Шартта көрсетілген мақсаттар бойынша жұмыстардың нәтижелерін пайдалану мүмкіндігін болдырмайтын кемшіліктер табылғанда Тапсырыс беруші қандай жағдайларда жұмыс нәтижелерін қабылдаудан бас тартуға құқылы?


3 сұрақ

Құрылыс жұмыстарын жүргізу қауіпсіздігінің ережелерін бұзғаны үшін жазалау шаралары, егер бұл абайсыздықта адам өліміне немесе өзге ауыр салдарға алып келсе.


4 сұрақ

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы қағидаларды немесе нормативтердің талаптарын абайсызда адам өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан бұзу ...


5 сұрақ

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурстық іріктеу рәсімін бұзу – ...


6 сұрақ

Техникалық қадағалауды жүзеге асырады.
7 сұрақ

Объектілерді және олардың кешендерін, жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасынсыз не сараптама жүргізу талап етілетін, белгiленген тәртiппен сараптамадан өткiзiлмеген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы бойынша салу (реконструкциялау, реставрациялау, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, күрделi жөндеу) үшін жеке тұлғаларға салынатын айыппұл.


8 сұрақ

Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы заңнамасының талаптарын бұза отырып, жобалау алдындағы, iздестіру, жобалау, құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау, құрылыс материалдарын, бөлшектер мен конструкцияларды шығару, қолдану үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне салынатын айыппұл.


9 сұрақ

Әкiмшiлiк жаза ... мақсатта қолданылады


10 сұрақ

Сәулет-құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарын бұза отырып, объектілер мен кешендерді қабылдаудың және пайдалануға берудің белгіленген тәртібін бұзғаны үшін орташа кәсіпкерлік субъектілерге салынған айыппұл.
11 сұрақ

Объектiлердi тұрғызу және реконструкциялау, құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкциялар дайындау бойынша құрылыс-монтаждау, жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу кезiнде нормативтiк құжаттарда көзделген атқарушылық техникалық құжаттаманы ресiмдеу қағидаларын бұзғаны үшін ірі кәсіпкерлік субъектілеріне салынатын айыппұл.


12 сұрақ

Құрылыс-монтаждау және жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу кезiнде ғимараттарды, құрылыстарды, олардың бөлiктерiн немесе жекелеген конструкциялық элементтерiн пайдалану сапасын нашарлатуға, олардың берiктiгiн, орнықтылығын төмендетуге әкеп соққан бекiтiлген құрылыс нормаларының және жобалау құжаттарының талаптарын бұзғаны үшін лауазымды тұлғаға салынатын айыппұл.


13 сұрақ

Объектiлердi тұрғызу және реконструкциялау кезiнде құрылыс, құрылыс-монтаж, жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалау құжаттамасынсыз жүргiзуге әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет үшін орта кәсіпкерлік субъектілерге салынатын айыппұл.


14 сұрақ

Құрылысы аяқталған, бiрақ белгiленген тәртiппен пайдалануға берілмеген объектiлердi, кешендердi немесе олардың жекелеген бөлiктерiн пайдаланғаны (тұру, кіріс алу мақсатында қызметтер көрсету, өнiм өндiру) үшін ірі кәсіпкерлік субъектілеріне салынатын айыппұл.


15 сұрақ

Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған, жобаларға сараптаманы жүзеге асыратын тұлғалардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін және тұрғызылып жатқан не тұрғызылған объектілердің орнықтылығын, сенімділігін және беріктігін қамтамасыз етпейтін жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына сараптаманың (сараптамалық бағалаудың) оң қорытындысын беруі неге әкеп соғады?


16 сұрақ

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілері заңнамамен белгіленген тәртіпте .... құқығы бар.


17 сұрақ

Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген нормалар мен талаптарды бұзушылықтар анықталған немесе анықталған бұзушылықтар объектіде жойылмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шараларды қолдану үшін техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлға бұл жөнінде кімге хабарлайды?
18 сұрақ

Жоспардан тыс тексеруге қандай анықтама сәйкес келеді?
19 сұрақ

Белгілі бір рұқсаттың нысанына берілетін қосымша қажет пе?
20 сұрақ

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi № 94 Заңына сәйкес ... тұрғын үйлерді жекешелендіруге болмайды.


21 сұрақ

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi № 94 Заңына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан өздері тұратын тұрғын үйлерді меншігіне тегін алуға құқылы:


22 сұрақ

Құрылыс өнiмiнiң сапасы (объектiнiң сапасы) дегеніміз:


23 сұрақ

Ғимараттар мен құрылыстардың қауіпсіздігі сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамамен сәйкес мемлекеттік нормалау объектілері ретінде қалай реттеледі?


24 сұрақ

«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына сәйкес зертханалар сәйкестiктi растау жөнiндегi органдармен немесе басқа өтінім берушiлермен жасалған шарт жағдайларында ...
25 сұрақ

Өрт сөндіру сатылары терезеден қанша қашықтықта жақын емес орналасуы тиіс?


26 сұрақ

Ғимараттарда және құрылыстарда апатты шығуларға ... алып келетін шығулар жатады ...


27 сұрақ

«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы №603 Заңына сәйкес стандарт …
28 сұрақ

Инспекторлардың аттестациядан өту мерзімдері.


29 сұрақ

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік құрылыс инспекторлары, олардың орынбасарлары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік инспекторының орынбасарлары үшін тестілеу нәтижесінің шекті мәні қандай?


30 сұрақ

«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы №603 Заңына сәйкес техникалық регламент ...


31 сұрақ

«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы №603 Заңына сәйкес Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қоры қандай құжаттарды қабылдау туралы ақпаратты қамтиды?
32 сұрақ

Құрылыс объектілері адамның өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға әлеуетті тәуекел дәрежесіне байланысты жауапкершіліктің қай деңгейі ІІІ-санатқа жатады?


33 сұрақ

«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес Уәкілетті компания үлескерге оның тұрғын үйдегі (тұрғын ғимараттағы) үлесiн берудi ... жүзеге асырады.


34 сұрақ

Талап етілетін ауа алмасудың кемінде ... түсетін кезде резервтік желдеткіш жобаламауға жол беріледі?


35 сұрақ

Кәдеге жаратылмайтын қалдықтарды көмуге және жинауға арналған полигондар ... орналастырылады.


36 сұрақ

«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 486-V Заңына сәйкес тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) құрылыс-монтаждау жұмыстары құнының сметадан он пайыздан асатын сомада кездейсоқ қымбаттау тәуекелін ... көтереді.


37 сұрақ

Заманауи өнеркәсіптік жобалаудың міндетті шарты ретінде не болып табылады?


38 сұрақ

I санаттағы объектілерді салу жобалары (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттама) бойынша жобалардың мемлекеттік экологиялық сараптамасын ... жүргізеді.
39 сұрақ

Қоршаған ортаға әсердi бағалаудың қандай кезеңдерiнде қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерi әзiрленедi?


40 сұрақ

Санитариялық ажыраудың шамасы әрбір нақты жағдайда, кейіннен натурлық өлшеулер жүргізу арқылы физикалық факторлардың ... әсерлерін есептеу негізінде белгіленеді.


41 сұрақ

Қоса алғанда 400 астам 700 мм дейін мұнай құбырларына және мұнай өнімдерінің құбырларына арналған құбырдың номиналды диаметрінде шектес құбырлардың біліктері арасындағы ең төменгі қашықтық қандай?


42 сұрақ

Жүк полиспасттарын, бұру блоктарын және өзге жүк көтергіш құрылғыларды оларға бекіту үшін белгіленген конструкцияларды пайдалануға рқсат етіледі ме?
43 сұрақ

Ауқымды конструкцияларға арналған арматураның жеке орнатылған жұмыс өзектері арасындағы қашықтықтағы рұқсат етілген ауытқу ...


44 сұрақ

Іргетастарға арналған конструкциялардың тік немесе жобаланған еңісінің барлық биіктігіне қима жазықтығы желілерінің рұқсат етілген ауытқуы.


45 сұрақ

Қатары және аралығы бойынша шектес бағаналар мен тіреулердің тіреу беттері белгілерінің әр түрлілігіне рұқсат етілген ауытқу.


46 сұрақ

Сейсмикаға қарсы жапсарларды ...


47 сұрақ

Ағаш конструкцияларды орнатқан кезде, желімделген түзу элементтердің қалыңдығы ... алынуы керек.


48 сұрақ

Арматураға арналған бетонның қорғау қабатының қалыңдығын арматура диаметрінен кем емес және ... кем емес қабылдайды.


49 сұрақ

Құбырларды каналсыз төсеу кезіндегі траншея түбінің ең аз жалпақтығы құбырлар үшін әрбір жағына 250 мм-ден жоғары және 500 мм-ге дейінгі Dу шартты диаметрімен қоса отырып, жылу желілерінің шеткі құбырларын оқшаулаудың (ілеспе дренаж) сыртқы бүйірлік қырларының арасындағы арақашықтыққа тең болуы тиіс.


50 сұрақ

Қандай жағдайларда объектінің консервациясы қажет?


51 сұрақ

Қож, қиыршық тас, ұсақ тас және саз балшықты еденнің ең төменгі қалыңдығы.


52 сұрақ

Еден астындағы битум мастиктен жасалған қабаттаманың ең төменгі қалыңдығы.


53 сұрақ

Еденге кемінде 5 кН жинақталған жүктемелерде қатты емес құмды төсеме қабаттың ең төменгі қалыңдығы ...


54 сұрақ

С21 үлгісі қосымша технологиялық элементтерсіз орындалған қолмен доғалық дәнекерлеу АII және АIII класындағы арматураның диаметрі 10-40 мм екі өзектің түйісіп қосылуында жіктің ең төменгі ұзындығы ...


55 сұрақ

Статикалық жүктемені қабылдайтын конструкциялар үшін қыздырусыз жиекті ию пресстерде көміртекті болаттан жасалған бөлшектердің иілуінде жұмырлаудың ішкі радиусы қандай болуы тиіс?


56 сұрақ

Көпір конструкцияларының дайын өнімдерін тапсыруда дайындаушы зауыт сертификатқа немесе конструкцияларды зауыд инспекциясымен қабылдау актісіне қосымша ретінде қандай құжатты ұсынуға міндетті?


57 сұрақ

Элементтерді қалауға тіреуде бөлу тақтасының қалыңдығы ...


58 сұрақ

Тұрғын, қоғамдық және өндірістік ғимараттарн үшін құрылыс алаңының сейсмикалығы 9 балл темір бетон жиекті қаңқасы бар ғимараттардың биіктігі бойынша шектеулер.


59 сұрақ

Жоғары беті бойынша көп қуысты тақталарды тіреуде ригельдердің конструкцияларына қойылатын талаптар.


60 сұрақ

Сейсмикалық аудандарда тіреу қабырға конструкцияларының кірпіш (тас) қалауларына арналған қуыс күйдірілген кірпішті немесе керамикалық тасты қолдануға рұқсат етіледі ма?


61 сұрақ

Сейсмикалығы 7-9 балл аудандардағы кірпіш қалауынан жасалған өзігінен тіреу қабырғаларын қолдануда бағаналардың рұқсат етілетін қадамы.


62 сұрақ

Сейсмикалық аудандардағы темір бетон көлемді блоктардан жасалған ғимараттарда қаттылық диафрагмаларын және «жасырын» қаңқаны дайындау үшін ... класындағы ұсақ түйірлі бетонды пайдалану керек.


63 сұрақ

Арматуралаумен күшейтілмеген немесе тек көлденең арматура торларымен күшейтілген кірпіш қалауынан жасалған тіреу қабырғалары бар ғимараттар қабатының биіктігі сейсмикалығы 8 балл кезде ... артық болмауы тиіс.


64 сұрақ

Сейсмикалық аудандардағы құрылыс кезінде баспалдақ алаңының кірпіш (тас) және баспалдақ алаңдарындағы бағана қалауларындағы өңдеу тереңдігі.


65 сұрақ

Темір бетон қабырғалардағы және дала учаскелеріндегі қаттылық диафрагмаларындағы тік және көлбеу арматуралардың қима алаңы.


66 сұрақ

Тығыз немесе төсемелер арқылы қосылған бұрыштардан, швеллерден және с.с. тұратын құрама элементтердің есебі, тұтас қабырғалы секілді орындау керек, егер араларындағы (төсемелер, шайбалар және с.с.) үлкен арақашықтық ... аспаса:


67 сұрақ

Трансформаторды тексеру және монтаждау бойынша жұмыстар ... жүргізілуі тиіс.
68 сұрақ

Ғимараттардың жылыту жүйелерін жобау кезінде … ескеру керек.


69 сұрақ

5 м. дейінгі ғимарат биіктігінде есептеу нәтижелеріне қарамастан сейсмикаға қарсы жіктердің ені ... болуы тиіс.
70 сұрақ

Тікелей учаскелерде қандай қашықтықта кәріз құдықтары/сорғылар 150 мм диаметрі бар құбырлармен қамтамасыз етілуі керек?


71 сұрақ

Кірпіш, газдық силикат блоктарының құрылыс алаңына қалай жеткізіледі?


72 сұрақ

I-IV категориялы автомобиль жолдарда темір мен бетонды плиталарды ... қолдануға болады.


73 сұрақ

І санатқа сағаттық қозғалыс қарқындылығы … мәндерде жобаланатын автомобиль жолды жатқызады.


74 сұрақ

Көшенің көліктер өтетін бөлігінде, котловандарды әзірлеу кезінде және жұмыстар біткен кезінде оның маңындағы жол-құрылыс материалдары ... тиіс, сондай-ақ, адамның көп жиналған жерлерінен және жолдан өтетін көліктен ... тиіс.


75 cұрақ

Құбырларды каналсыз төсеу кезіндегі траншея түбінің ең аз жалпақтығы құбырлар үшін әрбір жағына 250 мм-ге дейінгі Dy шартты диаметрімен қоса отырып, жылу желілерінің шеткі құбырларын оқшаулаудың (ілеспе дренаж) сыртқы бүйірлік қырларының арасындағы арақашықтыққа тең болуы тиіс.


76 сұрақ

Құбырларды монтаждау кезінде серіппелі аспаларды жұмыс сызбаларына сәйкес созу қажет. Жылу желілерінің, бу құбырларының гидравликалық сынақтарын орындау кезінде серіппелі аспаларда қандай диаметрден жоғары жеңілдететін құрылғы орнатылуы тиіс?


77 сұрақ

Қозғалыс жылдамдығы 50-ден 120 км/сағ дейінгі жалпы пайдаланылатын темір жолдары үшін сымсыз жағдайда, оның бір биіктігінен басқаға ауысу кезінде байланыс сымның иілімі ... артық емес.


78 сұрақ

Жоғары қауіпті жұмыстарды жүргізуде наряд-рұқсат ..... мерзімге беріледі:


79 сұрақ

Жиналмалы темірбетон арақабырғалардың, қос қуысты илемдік панелдерден және жиналмалы темірбетон илемнен жасалған арақабырғалардың, ағаш арақабырғалардың 60 % және одан аса тозуын сипаттайтын белгілер ….


80 сұрақ

Құбырлардың, жылу желілерінің түйісулері дәнекерленетін қалмайтын астына салынатын сақинаның қай диаметрі құбыр ішіндегі жігінің түбін дәнекерлей отырып орындалуы тиіс?


81 сұрақ

Құрылыстағы техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша нормалар мен ережелерден шыға отырып, пайдалану процесінде ормандар ..... кем емес прорабпен немесе шебермен қаралуы тиіс.


82 сұрақ

Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу процесінде еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі нормаларын, ашық доғаны дәнекерлеуде үй-жайда дәнекерлеушілердің жұмыс орындарын сақтау үшін шектес жұмыс орындарынан және биіктігі ... жанбайтын экрандармен (қалқалар, қалқандар) өтулер жеке болуы тиіс.


83 сұрақ

Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу процесінде еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі нормаларын сақтау үшін топырақты дайындау, тасымалдау, түсіру, жоспарлау және тығыздау кезінде бірінің артынан бірі жүретін екі немесе одан көп тіркеме немесе өздігінен жүретін машиналар (скреперлер, грейдерлер, баспалар, бульдозерлер) арасындағы арақашықтық қандай болуы тиіс?


84 сұрақ

Құрылыстағы техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша нормалар мен ережелерден шыға отырып, тік панельдерді және оларға ұқсас үлкен желкенді конструкцияларды жылжыту және орнату бойынша жұмыстарды қандай ауа райы жағдайларында тоқтатады?


85 сұрақ

Құрылысты жүзеге асыру кезінде шарт негізінде мердігердің құрылысты жүзеге асыратын адам ретінде негізгі ұйымдастырушылық функциялары ... болып табылмайды.


86 сұрақ

Қауіпсіздік талаптарын сақтамаған ақаулы құрал ...


87 сұрақ

Ішкі газ құбыры - ...


88 сұрақ

Жер асты газ құбырлары қабырғаларының рұқсат етілген ең төменгі қалыңдығы қандай?


89 сұрақ

Саңылаулардың есіктердің және ашылатын терезелердің саңылауларынан бастап, ғимараттардың қабырғалары бойынша және тіреулерінде жүргізілген төменгі қысымды жер үсті газ құбырлары үшін ажыратқыш құрылғыларын қандай қашықтықта орналастыру керек?


90 сұрақ

Ағаш конструкциялардың жұмыс істеу шарттары қандай болады,егер температура мен ылғалдылық шарттарымен Г3 ретінде жіктеледі?


91 сұрақ

Ішкі кварталдық ағындық тордың ең кіші диаметрлері қандай болуы керек?


92 сұрақ

Жұмыстардың қандай құрамы шатыр асты және оқшаулау негіздерінде орындалуы қажет?


93 сұрақ

Айналадағы ауаның және қорғалатын бетке қорғалатын жабындардың лак бояуларын жаққанда жұмыстарды қандай температурадан төмен емес орындпау керек?
94 сұрақ

Құрамына сұйық шыны кіретін ксилолиттен және қоспалардан жасалатын еденнің салынған элементтерінен және салынатын аражабындардың материалдарынан едендерді орналастыру кезінде үй-жайда ауа температурасы қандай болуы тиіс?
95 сұрақ

Топырақтағы едендердегі лагтар астындағы ағаш төсемедел қандай өлшемде болуы тиіс?
96 сұрақ

Зертханалар мен арнайы кабинеттердің бір оқушы орнына арналған алаңын сол ауданда жұмыстың топтық түрлерін атқару есебімен көрсетіңіз ...


97 сұрақ

Ғимараттарды техникалық тексерудің алдыңғы кезеңінде қандай жұмыстар жүргізіледі?


98 сұрақ

Ірі қалаларда жалпы білім беру ұйымдарын жобалау кезінде оқушы саны 1200 орыннан аса болған жағдайда, ... қажет.


99 сұрақ

Техникалық тексерудің нәтижелері қалай пайдаланылады?


100 сұрақ

Диаметрі ... жылу желілерін жерасты төсеу арналармен жасалады.


6-нұсқа
1 сұрақ

Үйлер мен ғимараттарға байланысты жұмыстарға қатысты Тапсырыс беруші анықтаған жасырын кемшiлiктер туралы мердiгерге хабарлау үшiн шектi мерзiм?


2 сұрақ

Абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан, құрылыс жұмыстарын қауіпсіз жүргізу ережелерін бұзғаны үшін жазалау шаралары.


3 сұрақ

Мемлекетке жатататын және жер пайдаланудағы жер телімдерінде (жер телімдеріне қалыптастырылмаған жерде) адамдармен өз бетімен салынған құрылыс коммуналдық меншікке берілуі мүмікн бе?
4 сұрақ

Инженерлік инфрақұрылым, бұл ...
5 сұрақ

Сәулет, қала құрылысы және (немесе) құрылыс қызметi субъектiлерiнiң жол берген бұзушылықтары салдарынан салынған объектiнi пайдаланудың кепiлдi мерзiмiн сақтамау фактiлерi немен белгіленеді.
6 сұрақ

Авторлық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалардың орындалған (орындалатын) құрылыс-монтаждау жұмыстарының бекітілген жобалық шешімдерге сәйкес келмеуіне жол беруі неге алып келеді?


7 сұрақ

Ғимараттардың, құрылыстардың, олардың бөлiктерiнiң немесе жекелеген конструкциялық элементтерiнiң берiктiгiн, орнықтылығын жоғалтуға әкеп соққан құрылыс-монтаж және жөндеу қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу кезінде бекітілген құрылыс нормаларының және жобалау құжаттарының талаптарын бұзғаны үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне салынатын айппұл.


8 сұрақ

Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаның не оған теңестiрiлген тұлғаның жеке өзi немесе делдал арқылы заңсыз материалдық сыйақыны, сыйлықтарды, жеңiлдiктерді не көрсетілетін қызметтерді ұсынған тұлғалардың пайдасына әрекеттерi (әрекетсiздiгi) үшiн осыларды алуы, егер мұндай әрекеттер (әрекетсiздiк) мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаның не оған теңестiрiлген тұлғаның қызметтiк өкiлеттiктерiне кiретiн болса, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлері болмаса, – ...


9 сұрақ

Өндiрiстiк, тұрғын үй, шаруашылық, гидротехникалық (су шаруашылығы) немесе тұрмыстық объектiлердi жерге тиісті құқықсыз заңсыз салғаны үшін орта кәсіпкерлік субъектілеріне салынатын айыппұл.
10 сұрақ

Объектілерді және олардың кешендерін, жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасынсыз не сараптама жүргізу талап етілетін, белгiленген тәртiппен сараптамадан өткiзiлмеген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы бойынша салу (реконструкциялау, реставрациялау, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, күрделi жөндеу) үшін орта кәсіпкерлік субъектілеріне салынатын айыппұл.


11 сұрақ

Объектiлердi тұрғызу және реконструкциялау кезiнде құрылыс, құрылыс-монтаж, жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалау құжаттамасынсыз жүргiзу, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеті үшін лауазымды тұлғаға салынатын айыппұл.


12 сұрақ

Объектілерді және олардың кешендерін, жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасынсыз не сараптама жүргізу талап етілетін, белгiленген тәртiппен сараптамадан өткiзiлмеген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы бойынша салу (реконструкциялау, реставрациялау, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, күрделi жөндеу) әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеті үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне салынатын айыппұл.


13 сұрақ

Қолданыстағы ғимараттардағы тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды сәулет-құрылыс жобасынсыз және жергiлiктi атқарушы органдардың сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлiмшелерiнiң тиiстi шешiмiнсiз заңсыз қайта жабдықтағаны және қайта жоспарлағаны үшін жеке тұлғаға салынатын айыппұл.
14 сұрақ

Құрылыс салушының, жобалау компаниясының Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамалық актісінде құрылыс салушы, жобалау компаниясы туралы және құрылыс объектісі туралы ақпараттың мазмұнына қойылатын талаптарды, сондай-ақ оны тарату тәртібін бұзуы не құрылыс салушының, жобалау компаниясының дәл емес, толық емес немесе жаңылыстыратын ақпаратты таратуы ...


15 сұрақ

Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы заңдарда белгіленген нормалар мен талаптарды (шарттарды, ережелерді, шектеулердi) бұзу болып не табылмайды?


16 сұрақ

Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы ... тұрады.
17 сұрақ

Бақылау және қадағалау органы тексерулер жүргізудің нысанасын көрсетет отырып, тексеру жүргізудің басталатыны туралы тексерілетін субъектіге жоспардан тыс тексеру басталғанға дейін қандай мерзімде хабарлауға міндетті.
18 сұрақ

Қай тармақ рұқсат беру органдарының міндеттеріне жатпайды?
19 сұрақ

Іздестіру қызметіне арналған лицензиялардың құрамына кіретін инженерлік-геодезиялық жұмыстарға не жатпайды?
20 сұрақ

Сәулет, қала құрылысы, құрылыс, құрылыс индустриясының өндiрiстiк базасын дамыту саласындағы мемлекеттiк саясатты жүргiзу қай органның құзіреттілігіне жатады?
21 сұрақ

Реттеуші мемлекеттік органдар болып кім табылады?
22 сұрақ

Лицензияларды және (немесе) лицензияға қосымшаларды қоспағанда, не оларды беруден уәжді бас тартуды лицензиар ... кешіктірмей береді.
23 сұрақ

Техникалық регламентпен өзара байланысты құрылыс нормаларының немесе қағидалар жинақтары мен ұлттық стандарттар тiзбесiн бұқаралық ақпарат құралдарында қай мерзімнен кешіктірмей жариялануға тиіс?


24 сұрақ

І санаттағы құрылыс объектілері үшін «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентінің талаптарына сәйкес құрылыс объектілеріне сәйкестікті міндетті растау қандай схема бойынша жүргізіледі?


25 сұрақ

Ойын-сауық және мәдени-ағарту мекемелерініің ғимараттары функционалдық өрт қауіптілігі бойынша қандай санатқа жатады?


26 сұрақ

Өрттің қауіпті факторларының таралуын болдырмау тәсіліне қарай өртке қарсы кедергілерге не жатады?


27 сұрақ

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес тапсырыс беруші жобалау-сметалық құжаттамадан барлық ауытқуларды кіммен келісуі тиіс?


28 сұрақ

Аттестациялық комиссия мүшелерінің саны.


29 сұрақ

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік құрылыс инспекторлары үшін қызметтік мінездемеге кім қол қояды?


30 сұрақ

«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы №603 Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында қолданыстағы стандарттау бойынша нормативтік құжаттарға жатпайды?


31 сұрақ

Су қорын пайдалану және қорғау саласында мынадай сараптама түрлерi жүзеге асырылады: …


32 сұрақ

Шу параметрлерін гигиеналық нормативтермен белгіленген мәнді шектеу деңгейіне дейін жеткізу мүмкін болмаған жағдайда стационарлық жабдық үшін шудың әсерін алдын алу қалай шешіледі?


33 сұрақ

Кернеулігі 750 кВ қайта жобаланатын ӘЭЖ, сондай-ақ ғимараттар мен құрылыстар үшін санитариялық ажырау шекараларын ӘЭЖ трассасының бойында сымдарды көлденең орналастыру арқылы және оның екі жағында электр өрісінің кернеулігін төмендету құралынсыз ӘЭЖ-ға перпендикуляр бағыттағы жиектегі фазалық сымдардың жерге проекциясынан … қашықтықтарда қабылдауға жол беріледі.


34 сұрақ

«Санитарлық ажырау» термині нені білдіреді?


35 сұрақ

Объектілердің және өндірістердің қауіптілік сыныбына қарай IV-сынып қауіптілігі объектілеріне арналған санитарлық-қорғаныс аймағының келесідей өлшемдері ... белгіленеді.
36 сұрақ

Адамдар тұрақты болатын өндірістік объектілер ... қамтамасыз етіледі.


37 сұрақ

Құрылыс жобаларының экологиялық сараптамасының сарапшысы ... болып табылады.
38 сұрақ

Жеке және заңды тұлғалар судың зиянды әсерінің алдын алу және оларды жою жөніндегі су шаруашылығы іс-шараларын өткізу кезінде… міндетті.
39 сұрақ

... су қорғау аймақтары мен белдеулерінде кәсіпорындар, ғимараттар, құрылыстар мен коммуникациялар салуға (реконструкциялауға, күрделі жөндеуге) тыйым салынады.
40 сұрақ

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес мемлекеттік бақылау мен қадағалау қызметтерінде қолданылмайды?
41 сұрақ

Қалаға және басқа елді мекендерге диаметрі 300-ден 600 мм-ге дейінгі газ құбырының осьтерінен ең аз қашықтығы кемінде ... алынуы керек.


42 сұрақ

Жоспрада ірі түйірлердің диаметрі 400 мм-ге дейінгі 2 болат құбырларын параллель орналастыру кезінде олардың арасындағы қашықтық кемінде ... болуы керек.


43 сұрақ

Темірбетон элементтерінің салыстырып тексерілетін аймағының бүкіл ұзындығына көлденең жазықтықтардың шектеулі ауытқуы.


44 сұрақ

Монолитті және жабындарды және аражабындарды ұстайтын қабырғалар мен бағаналарға арналған конструкциялардың барлық биіктігіне тік немесе жобалау еңісінен қималардың жазықтық желілерінің рұқсат етілген ауытқуы.


45 сұрақ

Жиек жазықтығынан бағаналар басының осьтерінен фермалардың, ригель арқалықтарының рұқсат етілген жылжуы.


46 сұрақ

Темірбетон конструкцияларына арматураның қандай түрлерін қолдану керек?
47 сұрақ

Кәріздің барлық жүйелері үшін диаметрі 150 мм құбырларға құбырлардың ең төменгі еңістерін қандай етіп қабылдау қажет?


48 сұрақ

Бетондалған конструкция бойынша адамдардың жүруі және жоғарыда жатқан конструкциялардың ағаштан жасалған қалыпын орнату бетонның ...... кем емес беріктігіне жеткеннен кейін рұқсат етіледі.


49 сұрақ

Теріс температурада бетон қоспасының дірілдеу ұзақтығы .... кем емес жазғы жағдайлармен салыстыру бойынша артуы тиіс.


50 сұрақ

Құрылыс конструкцияларын торкеттеуге арналған толтырғыштар және бетон бүрку құрылғысы ... талаптарға жауап беруі тиіс.


51 сұрақ

Ыстыққа төзімді бетоннан жасалған бетон еденінің ең төменгі қалыңдығы.


52 сұрақ

Еден асты ұсақ түйірлі бетоннан жасалған қабаттардың ең төменгі қалыңдығы ...


53 сұрақ

Еденге кемінде 5 кН жинақталған жүктемелерде төселіп жатқан қатты емес қож, қиыршық тас және ұсақталған тас қабатының ең төменгі қалыңдығы ...


54 сұрақ

Конструкцияны таңдамалы қарау кезінде техникалық жағдайды алдын-ала бағалау үдерісінде… анықталады.


55 сұрақ

Динамикалық жүктемені қабылдайтын конструкцияларға арналған жылытусыз жиегі иілгіш пресстерде көміртекті болаттан жасалған бөлшектердің иілуінде ішкі жұмырлау радиустары қандай болуы тиіс?


56 сұрақ

Болат конструкцияларды монтаждау бойынша жұмыстарды жүргізу үшін бекітілген Жұмыстарды жүргізу жобасы (ЖЖЖ) бойынша не көзделуі тиіс.


57 сұрақ

Фермаларды, жабындардың арқалықтарын, қырлы ұстынға кран асты арқалықтарды тіреу кезінде қабырғаға бөлу тақталарын бітеу тереңдігі.


58 сұрақ

Баспалдақ торларында, соның ішінде жанбайтын баспалдақ торларында баспалдақ алаңдарының беткі жағынан ... кем емес биіктіктегі қабырғалардың тегістігінен шығатын жылыту аспаптарын орнатуға рұқсат етілмейді.


59 сұрақ

Ригелсіз қаңқалардың (диафрагмалары және қаттылық ядролары немесе оларсыз) тегіс монолитті темір бетон тақта аражабындарының қалыңдығы .... қабылдау керек.
60 сұрақ

Сейсмикалық аудандардағы көтеруші қабырға конструкцияларын қалауды көлденең арматуралау.


61 сұрақ

Сейсмикалық аудандардағы ірі панельді ғимараттардағы қабырғалардың және аражабындардың қосылыстары.


62 сұрақ

Блоктар арасындағы жолақтарда орындалған сейсмикалық аудандарғы көлемді темір бетон блоктарынан жасалған ғимараттардағы монолитті қаттылық диафрагмаларының қалыңдығы.


63 сұрақ

Сейсмикалығы 9 балл болғанда арматуралаумен күшейтілген немесе тек көлденең арматура торларымен күшейтілген кірпіш қалауынан жасалған көтеруші қабырғалары бар ғимараттар қабатының биіктігі ... аспауы тиіс.


64 сұрақ

Құрылысы алаңының сейсмикалығы 7 балл болғанда көтеруші кірпіш (тас) қабырғалары бар ғимараттардағы күшейтілмеген аралық қабырғалардың рұқсат етілген ені.


65 сұрақ

Алаңның сейсмикалығы 7 және 8 балл болғанда көп қабатты қаңқалы ғимараттардың темір бетон бағаналарындағы көлденең арматураның көлбеу қимасының ауданын есептер нәтижелері бойынша, бірақ ... кем емес қабылдау керек.
66 сұрақ

Эксцентриситетті есептеу үшін қажет жиек жүйелерінің тұрақты қимасының өзектері үшін иілу сәттерінің есептік мәндерін ... тең қабылдау керек.


67 сұрақ

Әр түрлі деңгейдегі жүргіншілер өткелін (жер асты немесе жер үсті) ... жүргіншілер қозғалысының қарқындылығы кезінде I-б санатындағы жолдар арқылы жобалау қажет.


68 сұрақ

Электрлік қозғалтқышы бар тиектер мен қақпақтар/ысырмалар қоршаған ортаның сыртқы температурасында жылу жүйесін жер асты орнату кезінде қайда орналастырылуы керек?


69 сұрақ

Ауа және ауа-жылу бүркемелері қоғамдық және әкімшілік-тұрмыстық ғимараттардың вестибюлдерінің сыртқы есіктері жанында ... байланысты көзделуі керек.


70 сұрақ

Жоспардан тыс тексерулер жүргiзiлмейдi?


71 сұрақ

Сымдар мен арқандарды ... арқылы айналдыруға және созуға болмайды.
72 сұрақ

Бірінші топтың шектеулі күйлеріне арналған есептеулерге ... жатады.


73 сұрақ

Қар жамылғыларының деңгейінен үйінді артық болған жағдайда І санаттағы жолдар үшін ... м ден аз емес тағайындау қажет.


74 сұрақ

500-600 мм диаметрлі су құбырларын төсеу кезінде құбырлардың қабырғаларынан технологиялық ұңғымалардың ішкі беттеріне дейінгі ең аз қашықтық ...


75 сұрақ

Тікелей учаскелерде қандай қашықтықта кәріз құдықтар/сорғылар 200-450 мм диаметрі бар құбырлармен қамтамасыз етілуі керек ...


76 сұрақ

Іргетастың анкерлік болттарына, металл тіректерін орнатудан кейін стропадан бөлу алдында әрбір тірек астында кемінде бір болтты гайкалармен бекітілуі тиіс. Тіректі тік қалпында түзету кезінде иілімді көлденең тіректері үшін ... аспайтын болат төсемдерін қолдануға рұқсат береді.


77 сұрақ

Ағаш конструкцияларды монтаждаған кезде алдыңғы бөліктердегі қоссырлықтар мен ағаштан жасалған элементтердің тораптары бір тіспен және ...


78 сұрақ

Алғашқы рет жоғары өрмелейтін жұмыстарға жіберілетін жұмыскерлер ұйым басшысының бұйрығымен тағайындалған тәжірибелі жұмыскерлердің тікелей бақылауында қанша мерзім жұмыс істеулері тиіс?


79 сұрақ

Құрылыста, құрылыс материалдарында және құрылыс салаларында қолданылатын құралдар ... тексерілуі керек.


80 сұрақ

Құрылыстағы техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша нормалардан және қағидалардан шыға отырып, жұмыс орындарын және оларға өтпелерді биіктік айырмасы шегінен қандай биіктікте және арақашықтықта қорғаныс немесе сақтандыратын қоршаулармен қоршау қажет?


81 сұрақ

Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу процесінде техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормаларын сақтау үшін ормандармен жұмыстарды орындауда екіден кем емес төсемдердің биіктігі қандай болуы тиіс?


82 сұрақ

Құрылыстағы техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша нормалардан және қағидалардан шыға отырып, жүктеу және түсіруге арналған аудандардың еңісі қандай болуы тиіс?


83 сұрақ

Құрылыстағы техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша нормалардан және қағидалардан шыға отырып, топырақты механикалық соққымен қопсыту кезінде адамдар қопсыту орындарынан қандай қашықтықта болулары тиіс?


84 сұрақ

Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу процесінде электр берудің ауалық желілерін монтаждауда еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі нормаларын сақтау үшін ... қажет.


85 сұрақ

Құрылыстағы техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша нормалардан және қағидалардан шыға отырып, қандай ауа райы жағдайларында бұрғылау мұнарасын және копрлерді монтаждауға, бөлшектеуге және қозғалтуға рұқсат етілмейді?


86 сұрақ

Құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау кезінде еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы нормаларын сақтау үшін тау-кен қазбасын уақытша бекіту ... сәйкес жүргізіледі.


87 сұрақ

Газды пайдаланатын жабдық - ...


88 сұрақ

Жер асты және жер үсті газ құбырларын тоттың қандай түрінен қорғау керек?


89 сұрақ

Есік және ашылатын терезе ойықтарынан ғимараттардың қабырғалары және тіреулер бойынша салынған жер асты газ құбырларының орташа қысымына арналған ажырату құрылғыларын қандай қашықтықта орналастыру керек?


90 сұрақ

Жылу желілерінің каналдық төсеулерінде орлардың түбінің ең төменгі ені ағаш қалыпты (монолитті учаскелерде), гидрооқшаулауды, ілеспе дренажды және су төгетін құрылғыларды, 0,2 м қоса отырып, орлардың бекіту конструкцияларын ескере отырып, каналдың енімен тең болуы тиіс. Бұл ретте, олардың ені ... кем болмауы тиіс.


91 сұрақ

Кескінделген төсеме беттерін жабын құламасы бойымен ... орнатылады.


92 сұрақ

Орама оқшаулау және жабын жапсырмасын ... айқас жабынмен төсеу керек?


93 сұрақ

Латексті жабындардыі төсеу бойынша жұмыстарды қоршаған ауаның және қорғалатын беттердің ... °С төмен емес температурасында орындау керек?
94 сұрақ

Құрамына цемент кіретін, олардың қоспаларының битумды мастиктарын қолдана отырып, аражабындардың еденге салынған элементтерін және салынатын материалдарын еденге орналастыру кезінде үй-жайдағы ауа температурасы қандай болуы тиіс?
95 сұрақ

Ағаш және бұйымдардан жасалған жабындарды орнатқан кезде бұйірлерімен түйісетін жабын тақтайларының ұзындығы қандай?
96 сұрақ

Көп қабатты тұрғын ғимараттың бірінші және (немесе) екінші қабаттарында, жеке үй шаруашылықтарында, жапсарлас-жанастыра салынған үй-жайларда орналасқан жалпы білім беру ұйымдар үшін қабаттың биіктігі таза алғанда ... болмауы тиіс.


97 сұрақ

Оқу және тәжірибелік аймақ .... қарастырылады.


98 сұрақ

Ауа атмосферасында тот басу кезінде ғимараттың немесе имараттың ішіндегі ортаның басқыншылықты әсер етуінің негізгі факторларын анықтауды ... жүргізу керек.


99 сұрақ

Көлденең бойынша өздігінен ағатын кәріз арнасынан (тұрмыстық және жабырлық) ғимараттар мен құрылыстардың іргетасына дейін қандай арақашықтықты қабылдау керектігін көрсетіңіз ...


100 сұрақ

Құрылысы I класс көпқабатты тұрғын үйдің 2-бөлмелі пәтері үшін бір пәтерге берілетін көлік орны, тұрғын үй құрылысын көлік қою орындарымен қамтамасыз етудің нрмасы қандай?


жүктеу 0,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау