7-нұсқа
№1 сұрақ
Бұл заңнамалық актілермен немесе шарттармен көзделсе немесе құрылыс мердігерлік шарты бойынша орындалатын жұмыстың сипатынан шықса, кейбір жағдайларда немен жұмыстардың нәтижелерін алдын ала қабылдануы тиіс?
№2 сұрақ
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы қағидаларды немесе нормативтердің талаптарын абайсызда адам өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан бұзу үшін жазалау шаралары.
№3 сұрақ
Кемінде екі тараппен жасалған шарттарға (көп жақты шарттар), шарт туралы жалпы ережелер ...
№4 сұрақ
Белгіленген тәртіпте сараптамадан өткен, ол бойынша оны өткізу талап етілетін объекті құрылыстары (реконструкция, жаңғырту, кеңейту, техникалық жарақтандыру, жаңарту, күрделі жөндеу) және олардың жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасыз немесе жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы кешендері, ...
№5 сұрақ
Құрылыс қызметі бұл ...
№6 сұрақ
Техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалардың орындалған жұмыстардың сапасын, мерзiмдерiн, қабылдануын және объектiнiң пайдалануға тапсырылуын қоса алғанда, жобаны iске асыру сатысында бұзушылықтарға жол беруі үшін жауапкершілік іс-шаралары.
№7 сұрақ
Объектiлердi тұрғызу және реконструкциялау кезiнде құрылыс, құрылыс-монтаж, жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалау құжаттамасынсыз жүргiзу үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне салынатын айыппұл.
№8 сұрақ
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы инжинирингтiк қызметтер көрсету, бұл:
№9 сұрақ
Техникалық және авторлық қадағалауды сүйемелдеусіз құрылысты жүзеге асыру үшін орта кәсіпкерлік субъектілерге салынатын айыппұл.
№10 сұрақ
Сәулет-құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарын бұза отырып, объектілер мен кешендерді қабылдаудың және пайдалануға берудің белгіленген тәртібін бұзғаны үшін ірі кәсіпкерлік субъектілерге салынатын айыппұл.
№11 сұрақ
Әкiмшiлiк жаза (бұзушылықты жоймау) қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет, сол сияқты объектілер және олардың кешендері құрылысының (реконструкция, қайта жаңғырту, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, күрделі жөндеу) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасыз немесе жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы бойынша сараптама жүргізу талап етілетін, белгіленген тәртіпте одан өтпеген жеке тұлғаларға салынатын айыппұл.
№12 сұрақ
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы Қазақстан Республикасы заңының талаптарын бұза отырып, жобалау алды, іздестіру, жобалау, құрылыс-монтаж жұмыстары, құрылыс материалдарын өндіру, пайдалану бойынша әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеті үшін ірі кәсіпкерлік субъектілерге салынатын айыппұл.
№13 сұрақ
Қолданыстағы ғимараттардағы тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды сәулет-құрылыс жобасынсыз және жергiлiктi атқарушы органдардың сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлiмшелерiнiң тиiстi шешiмiнсiз заңсыз қайта жабдықтағаны және қайта жоспарлағаны үшін шағын кәсіпкерлік субъектілерге салынатын айыппұл.
№14 сұрақ
Құрылыс салушының, уәкілетті компанияның республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органына Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мәліметтер мен есептілікті ұсынбауы не олардың анық емес мәліметтер мен есептілікті, сол сияқты инжинирингтік компанияның тұрғын үй (тұрғын ғимарат) құрылысының барысына мониторинг жүргізу нәтижелері туралы анық емес немесе толық емес есепті ұсынуы - ...
№15 сұрақ
Тиісті аумақта жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы облыстық маслихаттардың құзіреттілігіне кіретін тармақты көрсетіңіз.
№16 сұрақ
Төменде аталғандардың қайсысы мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясына жүктелмейді?
№17 сұрақ
Тексеруді жүргізу мерзімі алдағы жұмыстардың көлемін, сондай-ақ шағын, орта және ірі кәсіркелік субъектілеріне қойылған міндеттерді ескере отырып белгіленеді?
№18 сұрақ
Рұқсат беру және (немесе) оған берілетін қосымша мерзімі өткен сәттен бастап, рұқсат беру органы өтініш берушіге тиісті рұқсатты және (немесе) рұқсатқа берілетін қосымшаны қай кезеңде міндетті беруге тиіс?
№19 сұрақ
Жобалау қызметі лицензиясының құрамына технологиялық жобалаудың бірнеше түрлері кіреді. Төменде аталғандардың қай тармағы оларға жатпайды?
№20 сұрақ
Коммуналдық қалдықтар ... қалдықтар болып табылады.
№21 сұрақ
Республикалық және аймақаралық маңызы бар ерекше реттелетiн қала құрылысының аумақтары мен объектiлерiнiң шекарасын белгiлеу кімнің құзіреттілігіне кіреді?
№22 сұрақ
Салынып жатқан құрылыстар ... сәйкес өзге объектілерден қажетті қашықтыққа алынуы тиіс.
№23 сұрақ
Нарықта сатылатын және пайдалануға берілетін құрылыс объектілерінің, сондай-ақ жобалау, салу, пайдалану және кейіннен кәдеге жарату процестерінің сәйкестігін растау қандай сипатта болады?
№24 сұрақ
ІІ-санаттағы құрылыс объектілері үшін «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламен талаптарына құрылыс объектілерінің сәйкес келуін міндетті растау қандай схема бойынша жүргізіледі:
№25 сұрақ
Үй-жайдағы баспалдақ бойынша эвакуациалау жолдарының ұзындығы 2 үлгі қалай анықталуы керек?
№26 сұрақ
Шағын қабатты тұрғын үй құрылысының жоспарлау шешімі (3-қабатқа дейін қоса алғанда) өрт техникасының ғимараттар мен құрылыстарға ... аспайтын қашықтықта өтуін қамтамасыз етуі тиіс:
№27 сұрақ
... өндiрiс және тұтыну қалдықтарын орналастыру жөнiндегi объектiлердi салуға жер учаскелерiн бөледi
№28 сұрақ
Аттестациялық комиссияның отырысы қандай жағдайда заңды?
№29 сұрақ
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік құрылыс инспекторларының және уәкілетті органның мемлекеттік құрылыс инспекторларының тестілеу нәтижелерінің шекті мәні қандай?
№30 сұрақ
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы №603 Заңына сәйкес Өнімді каталогтау жүйесі ... мақсатында құрылады?
№31 сұрақ
Су объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ететiн объектілерді салу, реконструкциялау (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, қайта бейіндеу), пайдалану, консервациялау, жою (кейіннен кәдеге жарату) … оң қорытындысы болған жағдайда жүзеге асырылады.
№32 сұрақ
Тапсырыс беруші инвестормен жасалған шартта белгіленген талаптарға сәйкес объектіні салу үшін инвестордың бөлген ақша қаражатына және материалдық құралдарына билік етеді және ... қамтамасыз етеді.
№33 сұрақ
Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің талаптарына сәйкес кәсiпорындарды, құрылыстар мен өзге де объектiлердi салу және реконструкциялау ... жүзеге асырылады.
№34 сұрақ
Жер асты суларын пайдалануға байланысты су тарту құрылыстарын орналастыру, жобалау, салу және пайдалануға беру кезiнде ....
№35 сұрақ
Пайдалы қазбаларды өндiруге байланысты емес жер қойнауын геологиялық зерттеу, пайдалы қазбаларды барлау және өндiру, жер асты құрылыстарын салу мен пайдалану кезiнде ...
№36 сұрақ
Объектіні пайдаланудың кепілдік мерзімі ішінде объектіні тексеруге кім қатысады?
№37 сұрақ
«Қоғамдық экологиялық сараптама» терминіне қандай анықтама сәйкес келеді?
№38 сұрақ
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес Атом электр станцияларын орналастыру және салу ... жүзеге асырылады.
№39 сұрақ
Қандай графикалық материалдарда санитариялық-қорғаныш аймағы мен санитариялық ажырау шекарасы белгіленеді?
№40 сұрақ
Кернеулігі 1150 кВ қайта жобаланатын ӘЭЖ, сондай-ақ ғимараттар мен құрылыстар үшін санитариялық ажырау шекараларын ӘЭЖ трассасының бойында сымдарды көлденең орналастыру арқылы және оның екі жағында электр өрісінің кернеулігін төмендету құралынсыз ӘЭЖ-ға перпендикуляр бағыттағы жиектегі фазалық сымдардың жерге проекциясынан … қашықтықтарда қабылдауға жол беріледі.
№41 сұрақ
Мектептерге, ауруханаларға, клубтарға, балабақшаларға, теміржол вокзалдарына және т.б. дейін диаметрі 600-ден 800 мм-ге дейінгі газ құбырының осінен ең аз қашықтық ... қабылдау керек.
№42 сұрақ
В7.5-В10 класы үшін пайдалану процесінде атмосфералық ықпалдарға ұшырайтын конструкциялардың қатып қалу сәтіне монолитті және жинамалы-монолитті конструкциялар бетонының беріктігі.
№43 сұрақ
Темірбетон элементтердің көлденең қимасы өлшеміндегі рұқсат етілген ауытқу.
№44 сұрақ
Жинамалы арқалық конструкцияларын ұстайтын қабырғаларға және бағаналарға арналған конструкциялардың тік немесе барлық биіктігінің жобалау еңісінен бастап қималар жазықтықтарының желілерінің рұқсат етілген ауытқуы.
№45 сұрақ
Ұзына бойы бөлу осьтері бар кран асты арқалық осьінің рұқсат етілген қозғалуы.
№46 сұрақ
Құрылыс-монтаж жұмыстарын тоқтату және оның себептері туралы кім хабарлауы тиіс?
№47 сұрақ
Бетон қоспасының құрамы, дайындау, қабылдау ережесі, бақылау және тасымалдау әдістері ...... сәйкес келуі тиіс.
№48 сұрақ
Пішіні дұрыс кірпіштен және тастан жасалған тік жіктердің қалау қалыңдығы ... құрауы тиіс.
№49 сұрақ
Әр түрлі деңгейдегі жүргіншілер өткелін (жер асты немесе жер үсті) ... жүргіншілер қозғалысының қарқындылығы кезінде II санатындағы жолдар арқылы жобалау қажет.
№50 сұрақ
Құрылыс конструкцияларын торкреттеу ..... жоба қалыңдығына сәйкес арматураланбаған немесе арматураланған беті бойынша бір немесе бірнеше қабаттардан жүргізіледі.
№51 сұрақ
Жыланбауыр жүрісте көліктің қозғалуы кезінде, салмағы 30-50 кг қатты заттардың 1 м биіктіктен құлауы кезіндегі соққылары, құмды жаймаланатын қабатқа тасты қалау кезінде тас төсеуіші үшін тастың биіктігі және беріктігі.
№52 сұрақ
Еден астындағы ұстастырғыш суға төзімді суық мастиктан жасалған қабаттың ең төменгі қалыңдығы.
№53 сұрақ
Тұрғын және қоғамдық ғимараттардағы еден астындағы төселетін қатты бетон қабаттың ең төменгі қалыңдығы полға жинақталған жүктемеде кемінде 10 кН болуы тиіс.
№54 сұрақ
Болат конструкцияларды монтаждау кезінде дәнекерленетін арқалықтардың қатты қырлары қабырға жіктерінен .... кем емес қашықтықта алынуы тиіс.
№55 сұрақ
Машина оттектік немесе плазмалық-доғалап кескеннен кейін металл бөлшектерінің ұштасатын жиектерінің перпендикуляр болмауына байланысты ендер қалай белгіленеді?
№56 сұрақ
Монтажды элементтерді орнатуда қандай талаптар қамтамасыз етілуі тиіс?
№57 сұрақ
Кәдімгі кірпіштен жасалған қалаудың көлденең жіктеріндегі арматура торларын орнату қадамы.
№58 сұрақ
Сейсмикаға қарсы жіктің рұқсат етілген ені неге тең?
№59 сұрақ
Өз арасында пішінделген төсеме табақтарын бекіту.
№60 сұрақ
Сейсмикалық аудандардағы көтеруші қабырға конструкцияларындағы темірбетон қосылыстардың және металл бағаналардың тік қадамдары.
№61 сұрақ
Сейсмикалық аудандардағы ірі панельді ғимараттардағы жанасатын панельдер арасындағы тік жолақтарды қалау бетонының класы.
№62 сұрақ
Сейсмикалық аудандардағы кірпіштен (тастан) қаланған қабырғалардың қалауын орындау тәртібі.
№63 сұрақ
Кешенді конструкцияның қабырғалары бар немесе тас-монолитті қалаудан жасалған ғимараттардың қабат биіктігін сейсмикалығы 7 балл кезінде ... қабылдауға рұқсат етіледі.
№64 сұрақ
Құрылыс алаңының сейсмикалығы 8 балл кезінде көтеруші кірпіш (тас) қабырғалары бар ғимараттардағы күшейтілген қабаттардың рұқсат етілген ені.
№65 сұрақ
Сейсмикалық ауданы 9 және 10 балл кезінде көп қабатты қаңқа темір бетон бағаналарындағы бойлық арматураның көлденең қимасының алаңын есептердің нәтижелері бойынша, бірақ .... кем емес қабылдануы керек.
№66 сұрақ
Ғимарат бойының бағытындағы жиек бағаналарының есептік ұзындығы (жиектің тегістігінен) ..... тең қабылдауы керек.
№67 сұрақ
400 мм диаметрлі су құбырларын төсеу кезінде құбырлардың қабырғаларынан технологиялық ұңғымалардың ішкі беттеріне дейінгі ең аз қашықтық ...
№68 сұрақ
Сейсмикалық аудандарда жертөлелердің қабырғаларын қалау үшін қуысты блоктарды қолдануға болады ма?
№69 сұрақ
Механикалық іске қосылатын желдету ... көзделуі керек.
№70 сұрақ
Жылу желілері құбырларының жылжымалы тіректері конструкциялардың тіректік беттеріне тиіп тұруы тиіс:
№71 сұрақ
Ағаш конструкцияларды монтаждаған кезде, электр беру желісінің тіректерінің элементтерін (тораптар, қадамдар) түйіндерді бекітетін болттар диаметрі …
№72 сұрақ
Ағаш конструкцияларды монтаждауда шаппаның тереңдігі, білеулермен және дөңгелек орман элементтерінің түйінді қосылыстарына h опырылатын элементі қимасының толық биіктігінде ..... қабылдау керек.
№73 сұрақ
Тұтқыштың көмегімен жіктерді, жылу желілерін жинау кезінде диаметрі 100-426 мм – … құбырларға арналған бір тұтқыш ұзындығы.
№74 сұрақ
Жинау және дәнекерлеу алдында бүйір бітеуіштерді жою, жиектерді және оған жанасатын құбырларды төмендегі ені бойынша ішкі және сыртқы бетін таза металлға дейін тазалау қажет:
№75 сұрақ
Қандай биіктікте жер асты суларының болуы кезінде ұңғыманың түбін және қабырғаларын гидрооқшаулауды қамтамасыз ету қажет?
№76 сұрақ
Желдету жабдығына арналған үй-жайдың қандай биіктігі көзделуі керек?
№77 сұрақ
50-ден 120 км/сағ дейінгі қозғалыс жылдамдығы үшін сымсыз жағдайда, оның бір биіктігінен басқаға ауысу кезінде байланыс сымның иілімі ... артық емес …
№78 сұрақ
Өздігінен жоғары өрмелеу жұмыстарына ... жұмыскерлерге рұқсат беріледі:
№79 сұрақ
Ағаш конструкциялардың монтаждау кезінде қандай жағдай болады, егер температура мен ылғалдылық шарттарына сәйкес олар А1 санатына жатады?
№80 сұрақ
Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу процесінде еңбекті қорғау нормаларын және техника қауіпсіздігі нормаларын сақтау үшін төсеменің (аражабынның) оларға біржақты жанасуы кезінде қабырғалардағы ойық қоршалуы керек, төсеме деңгейінен бастап ...... ойық төменіне дейінгі қашықтық қоршалуы тиіс.
№81 сұрақ
Қандай жағдайларда жұмыстарды жүргізу жобасы әзірленеді?
№82 сұрақ
Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу процесінде еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі нормаларын сақтау үшін көліктік құралдарды түсіру ... эстакадасынан рұқсат етілмейді.
№83 сұрақ
Құрылыстағы техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша нормалардан және қағидалардан шыға отырып, ғимараттардың қабырғаларын (аражабын) қалау кезінде салынатын қабырға артындағы оның деңгейінен бастап жер бетіне дейін, жұмыс төсемесінен және арақашықтығынан қандай биіктікте ұжымдық қорғаныс құралдарын (қоршайтын немесе ұстайтын құрылғыларды) немесе сақтандыратын белбеулерді қолдану қажет?
№84 сұрақ
Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу процесінде еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі нормаларын сақтау үшін монтаждауды ұйымдастыру үшін бөлінген жұмыстарды жүргізу аймағы, оған қате кернеуді берудің алдын алу бойынша іс-шараларды қабылдау және персоналдың және жүру механизмдерінің өту орындарын көрсете отырып, қозғалыс бөлігін қоршау ... ресімделуі тиіс.
№85 сұрақ
Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу процесінде еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі нормаларын сақтау үшін көлденең қалыпта жиналған конструкцияларды көтеру кезінде плюс ... конструкциясының ұзындығына тең радиуста барлық өзге жұмыстар тоқтатылуы тиіс.
№86 сұрақ
Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу процесінде еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі нормаларын сақтау үшін құбырларды көлденең басу кезінде оларға жұмысшылардың келуіне рұқсат етілмейді.
№87 сұрақ
Газ жабдығы - ...
№88 сұрақ
Траншеясыз төсеу кезінде автомобиль жолдары астындағы газ құбырларының болат қаптары немен қорғалуы тиіс?
№89 сұрақ
Есік және ашылатын терезе ойықтарынан ғимарат қабырғалары және тіреулері бойынша жүргізілген ІІ-санаттағы жоғары қысымды жер асты газ құбырлары үшін ажыратқыш құрылғыларды қандай қашықтықта орналастыру керек?
№90 сұрақ
Кескінделген төсеме беттерін көлденең бағытта ... орнатылады.
№91 сұрақ
Мектепке дейінгі мекемелреден (ғимарат қабырғасынан) қаладағы қызыл сызыққа дейін қандай арақашықтықты қабылдау керек?
№92 сұрақ
Шатырдың еңіс бойымен жабын кілемінің енін жапсырған кезде төменгі қабаттың жоғарғы бөлігінің ені қарама қарсы еңісті қаншалықты жауып тұруы тиіс?
№93 сұрақ
Жылу желісі мен дренаж құбырлар арнасы түбінің еңістерінің жобалау мәнінен ауытқуы қандай шамаға рұқсат етіледі?
№94 сұрақ
Төменде жатқан қабатқа немесе құмға жабыстырмай еден элементтерінен салынған және топырақтан, қиыршық тастан, қоқыстардан, ұсақ тастан және дана материалдардан салынатын едендерді орналастыру кезінде үй-жайдағы ауа температурасы қандай болуы тиіс?
№95 сұрақ
Тақтай жабындарының тақталары арасындағы ең жоғары саңылаулар?
№96 сұрақ
Жүргізілетін зерттеулердің сапасына, шығарылатын шешімдердің дұрыстығына және практикада оларды іске асырудың мүмкін салдарына кім жауапкершілікте болады?
№97 сұрақ
Техникалық жағдайдың сараптама тексерісін жүргізу үшін қандай жағдайда өтінім жібереді?
№98 сұрақ
Жалпы білім беру ұйымын көгалдандыру алаңының параметрін көрсетіңіз ...
№99 сұрақ
Жұмыс құралдарының агрессивті ықпалдарының негізгі көздері қандай негізде орнатылады?
№100 сұрақ
Көлденең бойынша 0,3-тен 0,6 МПа дейін жоғары қысымды газ құбырынан ғимараттар мен құрылыстар іргетасына дейін қандай арақашықтықты қабылдау керектігін көрсетіңіз.
8-нұсқа
№1 сұрақ
Тиісті дәрежеде жұмыстарын орындамаған мердігер қандай жағдайларда тапсырыс берушінің бақылау мен қадағалауды жүзеге асырмағаны туралы сілтеме жасауға құқылы?
№2 сұрақ
Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамға не оған теңестірілген адамға немесе жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамға не лауазымды адамға, сол сияқты шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның лауазымды адамына жеке өзіне немесе делдал арқылы пара беру – …
№3 сұрақ
Қызметтегi әрекетсiздiк, яғни мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адамның не оған теңестiрiлген адамның өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшін пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындамауы, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн елеулі түрде бұзуға әкеп соқса, ...
№4 сұрақ
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттардың қандай түрі ұйымдастыру-әдiстемелiк нормативтiк құжаттарға жатады?
№5 сұрақ
Ғимараттардың жылыту, салқындату және желдету қондырғылары ... жобалануы және салынуы тиіс.
№6 сұрақ
Лауазымды тұлғалармен сәулет-құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарын бұза отырып, объектілер мен кешендерді қабылдаудың және пайдалануға берудің белгіленген тәртібін бұзғаны үшін лауазымды тұлғаларға салынатын айыппұл.
№7 сұрақ
Объектiлердi тұрғызу және реконструкциялау, құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкциялар дайындау бойынша құрылыс-монтаждау, жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу кезiнде нормативтiк құжаттарда көзделген атқарушылық техникалық құжаттаманы ресiмдеу қағидаларын бұзғаны үшін шағын кәсіпкерлік субъектілерге салынатын айыппұл.
№8 сұрақ
Егер адам бірнеше әкімшілік құқық бұзушылықтар жасап, оларды сол бiр судья, орган (лауазымды адам) қараса, онда бұл адамға сол бiр түрдегi жазалар қолданылған жағдайда, жазаның түпкiлiктi мөлшерi ...
№9 сұрақ
Жұмыс берушінің адамды еңбек шартын жасаспай жұмысқа жіберуі ...
№10 сұрақ
Құрылысты техникалық және авторлық қадағалауларды қатар жүргізбей жүзеге асырғаны үшін ірі кәсіпкерлік субъектілеріне салынатын айыппұл.
№11 сұрақ
Объектілерді және олардың кешендерін, жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасынсыз не сараптама жүргізу талап етілетін, белгiленген тәртiппен сараптамадан өткiзiлмеген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы бойынша салғаны (реконструкциялау, реставрациялау, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, күрделi жөндеу) үшін ірі кәсіпкерлік субъектілерге салынатын айыппұл.
№12 сұрақ
Құрылыс-монтаждау және жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу кезiнде ғимараттарды, құрылыстарды, олардың бөлiктерiн немесе жекелеген конструкциялық элементтерiн пайдалану сапасын нашарлатуға, олардың берiктiгiн, орнықтылығын төмендетуге әкеп соққан бекiтiлген құрылыс нормаларының және жобалау құжаттарының талаптарын бұзғаны үшін ірі кәсіпкерлік субъектілер үшін салынатын айыппұл.
№13 сұрақ
Қолданыстағы ғимараттардағы тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды сәулет-құрылыс жобасынсыз және жергiлiктi атқарушы органдардың сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлiмшелерiнiң тиiстi шешiмiнсiз заңсыз қайта жабдықтағаны және қайта жоспарлағаны үшін орта кәсіпкерлік субъектілерге салынатын айыппұл.
№14 сұрақ
Қазақстан Республикасының заңымен көзделген, құрылыс салушы әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына мәліметтерді және есептілікті ұсынбауы немесе дәйексіз мәліметтер мен есептілікті ұсынуы
№15 сұрақ
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы техникалық реттеу объектілері ... болып табылмайды.
№16 сұрақ
Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы (мемлекеттік құрылыс инспекторына) қандай құқыққа ие:
№17 сұрақ
Рұқсат беру органы лицензиялау кезінде немесе рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру кезінде рұқсатты және (немесе) оған қосымшаны беруге өтініш берушінің құжаттарын алған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті ме?
№18 сұрақ
Жоспардан тыс тексеруге қандай анықтама сәйкес келеді?
№19 сұрақ
Іздестіру қызметі лицензиясының құрамына қандай жұмыс түрлері кіреді?
№20 сұрақ
Қандай кезеңдерде санитарлық-қорғаныш аймағын негіздеу қарастырылады?
№21 сұрақ
Біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына өтініш берушінің сәйкес келуін белгілеу қандай органдардың құзіреттілігіне жатады?
№22 сұрақ
Дамыту процесін басқаруға, рұқсат беру құқықтарын белгілеу, рұқсат берудің және хабарландырудың мемлекетті электронды тізілімінің қызмет етуін қамтамасыз ету қандай органдардың құзіреттілігіне жатады?
№23 сұрақ
Өзара байланысты ұлттық стандарттар, құрылыс нормалары немесе ережедер жинағы болмаған жағдайда қандай уәкілетті мемлекеттік органмен, сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органмен бірге бақылау әдістемесі, өлшемдер және құрылыс объектілерінің сынақтары және құрылыс өнімін анықтайды және/немесе әзірлейді?
№24 сұрақ
ІІІ-санаттағы құрылыс объектілері үшін «Ғимараттар мен құрылыстардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентінің талаптарына сәйкес құрылыс объектілерінің сәйкестігін міндетті растау қандай схема бойынша жүргізіледі?
№25 сұрақ
Ғимараттың, құрылыстың және салынып жатқандардың өлшемдеріне байланысты Ф1-Ф4 кластарындағы ғимараттар үшін шатырға кіру саны?
№26 сұрақ
Сыртқы өрт баспалдақтары басталуы тиіс жер деңгейінен басталатын биіктік?
№27 сұрақ
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы инжинирингтік қызметтерге ақы төлеу ... жүргізіледі.
№28 сұрақ
Дауыстар тең болғанда аттестатталатынға қатысты аттестатциялық комиссия дауыс берген кезде.
№29 сұрақ
Аттестация жүргізілген күннен бастап қай мерзімде және аттестациялық комиссия шешімі кіммен бекітіледі?
№30 сұрақ
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы №603 Заңына сәйкес Сәйкестiк белгiсiнiң бейнесi, оған қойылатын техникалық талаптар мен таңбалау тәртiбi ... белгіленеді.
№31 сұрақ
Мелиорацияланған жерлерде сорғыту жүйелерiн салу мен пайдалану кезiнде ....
№32 сұрақ
Орындалған құрылыс жұмыстарын қабылдау актісінің формасы немен бекітілген?
№33 сұрақ
Зертханалық зерттеулер жүргізу үшін көрсеткіштер тізбесі ... анықталады.
№34 сұрақ
Кернеулігі 220 кВ қайта жобаланатын ӘЭЖ, сондай-ақ ғимараттар мен құрылыстар үшін санитариялық ажырау шекараларын ӘЭЖ трассасының бойында сымдарды көлденең орналастыру арқылы және оның екі жағында электр өрісінің кернеулігін төмендету құралынсыз ӘЭЖ-ға перпендикуляр бағыттағы жиектегі фазалық сымдардың жерге проекциясынан … қашықтықтарда қабылдауға жол беріледі.
№35 сұрақ
Объектілерді қайта жаңарту, техникалық қайта жарақтандыру ... есептеулер бар жоба болған кезде жүргізіледі.
№36 сұрақ
Суық немесе жылу бөлу арқылы жүргізілетін және жұмыс орындарындағы микроклиматтық жағдайлардың нашарлауынан тудыратын өндірістік процестер кезінде ... қажет.
№37 сұрақ
II және III сыныптағы кәсіпорындар үшін санитарлық-қорғаныш аймақтар ... ең көп көгалданлдыруды көздейді.
№38 сұрақ
Санитариялық-қорғаныш аймағының функционалдық мақсаты?
№39 сұрақ
Төменде аталған өндіріс түрлерінің қайсысы құрылыс өнеркәсіп объектілеріүшін санитариялық-қорғаныш аймағының ІІІ сыныбына жатпайды?
№40 сұрақ
Экрандалған үй-жайлардың қабырғалары, төбесі мен едені немен қапталады?
№41 сұрақ
Өнеркәсіп кәсіпорындарының теміржол көпірлеріне, ұзындығы 20 м-ден асатын III және IV санаттағы автомобиль жолдарына (мұнай құбырлар мен мұнай өнімдерінің құбырларын ағыс бойынша көпірлерден төмен төсеу кезінде) дейін диаметрі 600-ден 800 мм-ге дейінгі газ құбырының осьтерінен ең аз қашықтық ... қабылдау керек.
№42 сұрақ
В12.5-В25 класы үшін пайдалану процесінде атмосфералық әсерлерге ұшырайтын конструкциялардың қату сәтіне қарай монолитті және жинамалы-монолитті конструкциялар бетонының беріктігі.
№43 сұрақ
Дұрыс нысандағы кірпіштен және тастан жасалған көлденең жіктерді қалау қалыңдығы ... құрауы тиіс.
№44 сұрақ
Салыстырылып тексерілетін учаскенің барлық ұзындығының көлденең жазықтықтарының рұқсат етілген ауытқуы ... аспауы керек.
№45 сұрақ
Фермдердің, арқалықтардың, беларқалардың, белағаштардың тіреу түйіндері белгілерінің рұқсат етілген ауытқуы ... аспауы керек.
№46 сұрақ
Құрылыс сапасына зиян келтірместен оларды қолдану мүмкіндігі туралы мәселені шешуге дейін дұрыс емес жиналған және сақталған материалдар мен бұйымдарды құрылыс-монтаж жұмыстарын орындаушының қолданылуын тоқтату кіммен жүргізілуі керек?
№47 сұрақ
Бетон қоспасын тікелей қалау алдында тазаланған бетонның беттері және тас негіздері ..... тиіс.
№48 сұрақ
Сұйық шыныдағы бетон қоспасының өміршеңдігі қандай?
№49 сұрақ
Қату сәтіне қарай ауа теріс ауа температурасы кезінде алдын ала керілген конструкциялардың монолитті және құрама-монолитті бетон беріктігі .... кем емес болуы тиіс.
№50 сұрақ
Жазғы уақытта бетонның қатуын күшейту үшін температурасы .... бетон қоспасын салу керек.
№51 сұрақ
Бетонға, қиыршық тасқа, қоқысқа және басқа төселетін қабатқа тасты төсеу кезінде салмағы 30-50 кг қатты заттар 1 м биіктіктен құлаған кезде жыланбауыр жүріс, соққыларға көліктің қозғалысы кезіндегі бөденелер үшін тастың биіктігі мен беріктігі.
№52 сұрақ
«Бу оқшаулағыш қабат» терминіне қай анықтама сәйкес келеді?
№53 сұрақ
Өндірістік үй-жайлардағы еден астындағы төселетін қабаттың қатты бетонының ең жоғары қалыңдығы 10 кН кем емес еденге жинақталған жүктемелерде ... болуы тиіс.
№54 сұрақ
Қималардың өзгеруі кезінде ферм белбеулері осьтерінің қозғалуы оның .... артпайтынын ескермегенде рұқсат етіледі.
№55 сұрақ
Жиналатын металл бөлшектерін қосуға арналған тұтқыштардың ұзындығы қандай болуы тиіс?
№56 сұрақ
Көлемі 20 000 м3 резервуарларды монтаждау кезінде жектерді қандай радиус бойынша орнату керек?
№57 сұрақ
Қалыңдатылған кірпіштен көлденең жіктердегі арматуралық торларды орнату қадамы.
№58 сұрақ
Жер бетіндегі тектоникалық ақаулардың ықтимал көріністері 7,5 және одан да көп және / немесе жердегі зілзала ошақтарының болуы ықтимал аудандарда орналасқан ғимараттарды салу мүмкіндігіне рұқсат етіле ме?
№59 сұрақ
Кірпіш және тас қабырғаның аражабын және жабын темір бетон тақталарын тіреу учаскелерінің ұзындығы.
№60 сұрақ
Екі жақты арматура торларымен оны күшейту кезінде сейсмикалық аудандардағы көтеруші қабырға конструкцияларының кірпіш (тас) қалауының ерітінді қабаттарының қалыңдығы.
№61 сұрақ
Сейсмикалық аудандардағы ірі панельді ғимараттардағы биіктігі 5 қабатқа дейінгі (қоса алғанда) ғимараттардағы бір қабатты панельдердің қалыңдығы және көп қабатты панельдердің ішкі көтеруші қабатының қалыңдығы.
№62 сұрақ
Сейсмикалық аудандардағы көтеруші және өзін өзі көтеруші қабырғалардың кірпіш (тас) қалауларына арналған көлденең (қаалудың параллель ұясы) қуыс бар күйдірілген кірпішті немесе керамикалық тасты қолдануға рұқсат етіледі ме?
№63 сұрақ
Кешенді конструкция қабырғалары немесе тас-монолитті қалауы бар ғимараттар қабатының биіктігі 8 балл сейсмикалықта қабылдауға рұқсат етіледі.
№64 сұрақ
Құрылыс алаңының сейсмикалығы 9 балл кезінде көтеруші кірпіш (тас) қабырғалары бар ғимараттарындағы күшейтілген аралық қабырғаның рұқсат етілген ені.
№65- сұрақ
Сейсмикалық аудандардағы көп қабатты қаңқалы ғимараттардағы темір бетон бағаналарындағы бойлық арматураларының көлбеу/көлденең қимасының жалпы ауданы ... артпауы тиіс.
№66 сұрақ
Фермдердің қысылған элементтерінің шекті иілуі (белбеулер, қиғаштап қойылған тіреу, берілетін тіреу реакциялары).
№67 сұрақ
Сейсмикалық аудандардағы күш көтеретін қабырғалары кірпіштен (тастан) салынған ғимараттарда маңдайшаларды өңдеу тереңдігі ...
№68 сұрақ
Сейсмикалық аудандардағы темір бетон жиектердің қатты түйіндерін күшейту талаптарын көрсетіңіз.
№69 сұрақ
Жоғары беті бойынша көп қуысты тақталарды тіреуде ригельдердің конструкцияларына қойылатын талаптарды атаңыз.
№70 сұрақ
Желдету жабдығына арналған үй-жай арқылы қандай құбырларды төсеуге рұқсат етілмейді?
№71 сұрақ
Жылу желілерін салу кезінде шартты ұзындығы 10,0 мм аспайтын ақаулар ірі деп саналады, қабырғаның мына қалыңдығында ...
№72 сұрақ
Тұтқыштардың көмегімен жіктерді, жылу желілерін жинау кезінде диаметрі 426 мм- ... жоғары құбырларға арналған бір тұтқыштың ұзындығы.
№73 сұрақ
Тұтқыштардың көмегімен жіктерді, жылу желілерін жинау кезінде диаметрі 100 мм дейінгі құбырлар үшін тұтқыштардың саны.
№74 сұрақ
Жұмыс жетекшісі жер бетінің тұрақтылығын бұзатын өзгерістер пайда болған кезде жұмыс басшысы ... міндетті.
№75 сұрақ
Ұзына бойғы немесе шиыршық жігі бар диаметрі ... жоғары құбырларды, жылу желілерін салу осы жіктерді 100 мм кем емес жылжыта отырып жүргізу керек?
№76 сұрақ
Бетонның қорғаныш қабаты ... қамтамасыз етуі тиіс.
№77 сұрақ
Жинақталған жабынды плиталарды ... қабылдау керек немесе монтаждау қондырғыларымен оларды көтеру, сондай-ақ көлік құралдарына орнату кезінде ... жобаландыру керек.
№78 сұрақ
Қандай жұмыстар жоғары өрмелеу жұмыстары деп саналады?
№79 сұрақ
Суды цистерналардағы бір арнаның көмегімен жеткізу кезінде авариялық жағдай туындаған кезде ауыз суға қажетті ауыз суды тұтынуды қамтамасыз ететін төтенше судың көлемін суды тұтынудың орташа сағаттық шығынының ... мөлшерінде қамтамасыз ету керек.
№80 сұрақ
Биосүзгілер үшін қандай жүктеме материалы пайдаланылады?
№81 сұрақ
Құрылыстағы техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормалары мен ережелерінен шыға отырып, адамдарды тасу үшін жабдықталған өзі аударғыш автомобильдердің шанақтарында, тіркемелерінде, жартылай тіркемелерінде және цистерналарында, сондай-ақ борттық автомобильдердің шанақтарында адамдарды, соның ішінде жүк көтерушілерін тасуға ...
№82 сұрақ
Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу процесінде еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау үшін өзендік және теңіз порттарының басшылары олармен бекітілген жүк көтеруші машиналардың көмегімен жүкті тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізуде .... қамтамасыз етеді.
№83 сұрақ
Құрылыстағы қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау ережелері мен ережелеріне сүйене отырып, баспалдақта тұрақты тұрған кезде пайдаланылатын құралдар мен материалдардың массасы ... аспауы тиіс.
№84 сұрақ
Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу процесінде еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау үшін электр қондырғысын қайта жөндеуге жұмыс кернеуі ... берілуі мүмкін.
№85 сұрақ
Құрылыстағы техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормалары мен ережелерінен шыға отырып, іске қосудың алдында әр копер мен бұрғы мұнарасы қандай сигнализация жүйесімен жабдықталуы керек?
№86 сұрақ
Құрылыстағы техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормалары мен ережелерінен шыға отырып, құбырдың ішіндегі жұмыс істеудің үздіксіз келу ұзақтылығы ... аспауы тиіс.
№87 сұрақ
Газ құбырының қорғау аймағы - ...
№88 сұрақ
Қолданыстағы құрылыс нормаларының талаптарына сәйкес жер үсті және ішкі болат газ құбырларын тот басудың қандай түрінен қорғау керек?
№89 сұрақ
Есік және ашылатын терезе саңылауларынан ғимараттардың қабырғалары және тіреулер бойынша салынған 1-санаттағы жоғары қысымның жер үсті газ құбырлары үшін ажыратқыш құрылғыларда қандай арақашықтықта орналастыру керек?
№90 сұрақ
Жабынқыштан жасалған шатырдың/жабынның еңкіштігі ... аспауы керек.
№91 сұрақ
Ағаш конструкцияларды орнатқан кезде болттармен немесе соқыр цилиндрлік дөңгелектерге болат пластиналармен және тығыздағыштармен жезден қосылуға ... рұқсат етіледі.
№92 сұрақ
Шатырдыңеңісіне көлденең жабындық кілем енін жапсыру кезінде атшаға салынатын әр қабат енінің жоғарғы бөлігі шатырдың қарама қарсы еңісін қаншалықты жабуы тиіс?
№93 сұрақ
Құрылыс конструкциялары мен технологиялық жабдықтың коррозияға қарсы жабындары сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қандай мемлекеттік нормативтің талаптарын қанағаттандыруы тиіс?
№94 сұрақ
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Зағына сәйкес құрлыыс процесі ... сүйемелденеді.
№95 сұрақ
Паркет тақталар мен паркет қалқандар арасындағы ең үлкен саңылаулар?
№96 сұрақ
Жалпы білім беру ұйымдарында қанша қабаттан жоғары бастауыш сыныптар бөлмелерін орналастыруға рұқсат берілмейді?
№97 сұрақ
Жалпы білім беру ұйымдары ғимаратының жерүсті қабаттарының биіктігін көрсетіңіз.
№98 сұрақ
Жалпы білім беру ұйымдарының жер учаскелерін барлық периметрі бойынша қоршау параметрін (биіктігін) көрсетіңіз.
№99 сұрақ
Қандай жағдайларда орта агрессивті болып саналады?
№100 сұрақ
Көлденең бойынша 0,3-тен 0,6 МПа дейін жоғары қысымды газ құбырынан барлық күш кернеулігіндегі кабельдерге дейін қандай арақашықтықты қабылдау керектігін көрсетіңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |