Мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар
Мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар
Жалпы ережелер
Осы әдістемелік ұсынымдар (бұдан әрі – Әдістемелік ұсынымдар) мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің қағидаларын, бағыттарын, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды ұйымдастыру мен жүргізу тәртібін анықтайды.
Әдістемелік ұсынымдардың мақсаты мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде бірыңғай тәсілдерін қамтамасыз ету болып табылады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізудің қағидалары:
заңдылық;
объективтілік;
жан-жақтылық;
транспаренттік.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу туралы шешім
Мемлекеттік органның бірінші басшысының, ол болмаған жағдайда оның міндеттерін атқаратын тұлғалардың шешімі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің негіздемесі болып табылады.
Сонымен қатар, мемлекеттік органның бірінші басшылары ретінде орталық мемлекеттік органның және оның ведомстволарының басшылары болып анықталады.
Орталық мемлекеттік органның басшысы мемлекеттік органның барлық жүйесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы шешім қабылдаған жағдайда құрылымдық және аумақтық бөлімдер, бағынысты ұйымдар, сондай-ақ олардың әрқайсысында талдау жүргізудің нақты мерзімдері көрсетіліп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің тиісті жоспары құрастырылады.
Орталық мемлекеттік орган ведомствосының басшысы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы шешім қабылдаған жағдайында осы шешімді қабылдау туралы ақпарат, сондай-ақ жүргізілген талдау нәтижелері орталық мемлекеттік органға жіберіледі.
Орталық мемлекеттік орган оның аумақтық бөлімшелері, ведомстволары және олардың аумақтық бөлімшелерінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмысын үйлестіруді, сондай-ақ есептік мәліметтерді жинау және оның қорытындылары бойынша ақпаратты жинақтауды жүзеге асырады.
Облыс, республикалық маңызы бар қалалар және астана, аудан, облыстық маңызы бар қалалардың әкімдіктері жергілікті атқарушы органдардың қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмысын үйлестіруді, сондай-ақ есептік мәліметтерді жинау және оның қорытындылары бойынша ақпаратты жинақтауды жүзеге асырады.
7.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы шешім бұйрықпен рәсімделеді және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 18 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 6 – тармағымен қарастырылған келесідей ақпаратты қамтиды:
1)құрылымдық бөлімшенің, ведомствоның, ведомстволық бағынысты ұйымның, аумақтық және оған теңестірілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субъекті құрылымының қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бағыттары;
2)сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізетін құрылымдық бөлімше, лауазымды тұлға (лауазымды тұлғалар) немесе жұмыс тобының дербес құрамы туралы;
3)сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізетін кезеңді қамтиды.
Мемлекеттік орган басшысының шешімі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізетін жауапты болатын жұмыс тобы құрылуы немесе тұлға айқындалуы мүмкін.
Мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерінде немесе оның ведомствосының қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобына қажет болған жағдайда орталық аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволарының немесе өзге аумақтық құрылымдардың қызметкерлері енгізіледі. Жұмыс тобының құрамына енгізілген орталық аппарат қызметкерлері ішкі талдауды оны өткізетін орынға барумен жүзеге асыра алады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері талдауының
бағыттары мен критерилері
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісінің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызмет көрсету, бақылау-қадағалау қызметтерін іске асыру және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау объектінің қызметін реттейтін заңнаманы зерделеу кезінде талдау:
өз қалауы бойынша лауазымды тұлғаның шешім қабылдауына ықпал ететін ережелердің;
жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде тосқауылдар қоюға әсер ететін ережелердің;
нормативтік құқықтық актілерді еркін түсіндіруіне мүмкіндік құратын құқықтық олқылықтардың болуына жүргізіледі.
Персоналды басқарудың қызметін зерттеу барысында мүдделер қақтығысының болуына, жұмысқа қабылданған қызметкерлердің басшысымен бірігуіне, кадрлардың ауысу себебіне, қызметкерлердің жұмыстан шығуына (лауазымының төмендеуі), сондай-ақ кадрлық саясаттың өзге де мәселелеріне фактілерді белгілеуді қоса алғанда:
мемлекеттік сатып алу, жекешелендіру, мүлікті, активтерді және тағы басқаларды сатып алу немесе сату кезінде лауазымды тұлғалардың бірігуіне;
ерлі-зайыптылар, жақын туысқандардың ортақ қызметі (жұмыс жасауы);
лауазымды тұлғалар үшін қолданыстағы заңнамамен белгіленген (сонымен қатар, коммерциялық ұйымдар мен тағы да басқа сенімгерлік басқаруға беру) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйымдарды қабылдаудағы бұзушылықтарға талдау жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметтер көрсету және рұқсат беру функциясын орындау бойынша қызметін зерделеу кезінде талдау жүргізіледі:
мемлекеттік қызмет көрсетулердің нақты процесстердің бекітілген стандарттар мен регламенттерге сәйкес болуына;
стандарттармен көзделмеген құжаттарды талап етуіне;
көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының тікелей байланыстың болуына;
ақпараттық жүйелердің тиісінше жұмыс істеуіне;
қызмет көрсету мерзімдерін бұзу фактілерінің болуына;
мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тарту фактілерінің болуына;
құжаттарды қарастыру кезеңдерінің көптігі және қайталануына;
мемлекеттік қызмет (жасырын қызметтер) сипаттары бар қызметтер көрсетуіне;
жұмыстардың жекелеген түрлеріне және өзге ұқсас әрекеттерге рұқсаттар беру рәсімдерін құқықтық регламенттеудің болуына;
рұқсаттар беру кезінде басқарушылық шешімдерді қабылдау мерзімдердің болуына жүргізіледі.
Ішкі талдау объектінің бақылау-қадағалау функцияларын іске асыру бойынша қызметін зерделеу кезінде келесі бағыттар мен рәсімдер талданады:
қадағалау объектілерін қадағалау рәсімдері:
тексеріс өткізу туралы шешім қабылдайтын лауазымды тұлғалардың өкілеттігі;
тексеру парағында белгіленген талаптардың дұрыстығы;
тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану кезінде ақпараттық жүйелерді қолдануы;
тексеріс іс-шараларын немесе әдістемелік ұсынымдарды жүргізу әдістерінің қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкестігі;
тексеру рәсімдері:
бланктерді есептеу және тексерісті өткізуге нұсқамалардың (белгіленген орындарда сақтау, есепті жүргізуге жауапты адамдардың болуы, ведомстволық актілерді (нұсқаманы) есепке алу бланкілері бойынша тиісті регламенттердің бар болуы) жағдайы;
тексеру актілерінде белгіленген бұзушылықтарды жоюы;
тексеру іс-шаралары кезінде жауапты адамдарды өз міндеттерін орындауына ішкі бақылауды ұйымдастыруы;
тексеріс нәтижелерін ресімдеу рәсімдері;
тексеру қорытындыларын ресімдеудегі регламентациялау және тәжірибесі;
құқықтық статистика органдарымен салыстыруларды өткізуі;
өткізілген бақылау іс-шаралары бойынша талдау, статистикакалық және өзге сипаттағы материалдарының бар болуы;
аймақтарда әкімшілік тәжірибенің бақылау жағдайы, салыстырулар мен бақылау-қадағалау функцияларын іске асыратын бөлімшелерде тиісті алдын алу жұмыстарын өткізуі талданады.
Талданып отырған объектінің қызметін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтаудағы жұмыс үшін айтылған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау бағыттардың тізімі түпкілікті болып табылмайды және әдістемелік сипатқа ие.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауының қорытындылары
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауда жауапты тұлғамен немесе жұмыс тобымен:
сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталғаны туралы ақпаратты;
оларды жою бойынша әдістемелерді қамтитын талдамалық анықтама әзірленеді.
Жұмыс тобымен талдау өткізу кезінде талдау анықтамасы жұмыс тобының әрбір мүшесімен келісіледі және жұмыс тобының басшысымен немесе сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау өткізу туралы шешімді орындауға бақылау жүктелген тұлғамен немесе осы шешімді қабылдаған тұлғамен қол қойылады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау өткізгенінің нәтижелері талдау анықтамасы түрінде мемлекеттік органның бірінші басшысына ұсынылады, сондай-ақ оны аяқтағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде орталық мемлекеттік органға жіберіледі.
Талдау анықтамасы мен енгізілген ұсынымдар негізінде оған қол қойғаннан кейін он жұмыс күні ішінде осы әдістемелік ұсынымдардың 1 – қосымшасына сәйкес оны орындауға жауапты лауазымды тұлғаларды көрсете отырып, анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша іс-шаралар жоспары құрастырылады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге жауапты тұлға, құрылымдық бөлімше немесе жұмыс тобы талдау анықтамасына қол қойған күнінен бастап алты ай ішінде жоғарыда аталған іс-шаралар жоспарының орындалуына мониторингін жүргізеді және мемлекеттік органның, ұйымның және квазимемлекеттік сектор субъектісінің басшысына есептік ақпаратты ұсынады.
Орталық мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері және оның ведомстволары есептік кезеңнен кейінгі айдың 10-іне дейін жарты жыл қорытындылары бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы жалпыланған ақпаратты жібереді.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері есептік кезеңнен кейінгі айдың 10-іне дейін жарты жыл қорытындылары бойынша жергілікті атқарушы органдарда, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу туралы жалпыланған ақпаратты жібереді.
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері есептік кезеңнен кейінгі екінші айдың 1-іне дейін жарты жыл қорытындылары бойынша әкімдіктерден, орталық мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерінен және оның ведомстволарынан алынған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бойынша расталған есептік ақпаратты орталық аппаратқа жібереді.
Орталық мемлекеттік орган осы Әдістемелік ұсынымдардың 2 – қосымшасының нысанына сәйкес есептік кезеңнен кейінгі айдың 10-на дейін жарты жыл қорытындылары бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл уәкілетті органына оның қызметінде, ведомстволарын қоса алғанда олардың аумақтық бөлімшелерінде жүргізілген ішкі талдау қорытындылары бойынша жалпыланған ақпаратты жібереді.
1 қосымша
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындылары бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі
іс-шаралар жоспары
Р/н
№
|
Ұсыным
|
Іс-шаралар атауы
|
Аяқтау нысаны
|
Орындалуына
жауаптылар
|
Орындау мерзімдері
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
2 қосымша
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың қорытындылары бойынша кесте
№
|
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаумен қамтылған мемлекеттік органдар, ұйымдар және квазимемлекеттік сектор субъектілері
|
Талдау жүргізу мерзімі
|
Талдауға қатысқан мемлекеттік емес сектордың өкілдері
|
Талдау қорытындылары бойынша анықталған негізгі тәуекелдер
|
Талдау қорытындылары бойынша қабылданған шаралар
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
Достарыңызбен бөлісу: |