«Өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және табысы аз адамдарды оқыту және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу» бірінші бағыты
Кәсіптік оқуға 2012 жылы республикалық бюджеттен 17,8 млрд. теңге бөлінді.
Есепті кезеңге 7955,3 млн. теңге (44,8%) игерілді.
Кәсіптік оқыту 442 білім беру ұйымында іске асырылады.
2012 жылғы 1 шілде бойынша оқытумен барлығы 49 319 адам (жоспардың 77,3%-ы), оның ішінде:
кәсіптік оқытумен – 38282 адам;
(бұл ретте, оқуды 2009-2010 жылдардағы Жол картасынан – 20 750 адам, 2011 жылғы Жұмыспен қамту бағдарламасынан 17 532 адам жалғастырып келеді)
қайта даярлаумен – 9 330 адам;
біліктілікті арттырумен – 1 707 адам қамтылған.
Олардың ішінде 14 801 адам оқуды аяқтады, оның ішінде 7 451 адам (503%) жұмысқа орналастырылды.
Кәсіптік оқыту жүргізіліп жатқан негізгі мамандықтар мынадай.
Кәсіптік даярлау бойынша (1-3 жыл колледждерде және лицейлерде оқыту) техник-бағдарламашы, техник-механик, техник-технолог, техник-электрик, техник-құрылысшы, электромеханик, технолог, мал дәрігері – фельдшер сияқты техникалық мамандықтар басым.
Кадрларды қайта даярлау және біліктілікті арттыру үшін қысқа мерзімді оқыту бойынша электр-газ дәнекерлеуші, тігінші, тракторшы, автокөлік жүргізушісі, аспаз, бухгалтер, шаштараз, электромонтер, авто-темір ұстасы, ЭЕМ операторы мамандықтары анағұрлым қажетті болып табылады.
Әлеуметтік жұмыс орындарында қазіргі кезде 21 639 адам (жоспарлы 16 860 адам – 128,3%) жұмыс істейді. Еңбекақысына бюджеттен 1 448,4 млн. теңге (бір жылға бөлінген соманың 40,2%-ы) жұмсалды.
Айлық еңбекақының орташа мөлшері 45,5 мың теңгені құрады.
Әлеуметтік жұмыс орындарынан кейін тұрақты жұмыс орындарына 1 179 адам орналастырылды.
Жастар практикасын ұйымдастыруға 5 237 жұмыс берушімен келісімдер жасалды, оларға сәйкес 11 584 адам жұмысқа орналастырылды, бұл жоспардың 74,6%-ын (15 534 адам) құрады.
Жастар практикасы қатысушыларының жалақысына шығындар 568 млн. теңгені (бір жылға бөлінген соманың 20,5%-ы) құрады.
Жастар практикасынан өткеннен кейін тұрақты жұмыс орындарына 121 адам орналастырылды.
«Ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу» екінші бағыты
Кәсіпкерлік негіздеріне оқудан 3 211 адам (жоспардың 53,3%-ы) өтті.
Микрокредит беруге бөлінген қаражаттың жалпы сомасы 12,1 млрд. теңгені құрайды. Осы қаражат есебінен Бағдарламаның 8,2 мың қатысушысына кредит беру көзделіп отыр.
2011 жылы микрокредит беруге бөлінген қаражат есебінен 1826 адам (1435 – 2011 жылы және 391 – 2012 жылы) микрокредит алды.
Жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша микрокредит беруге бөлінген қаражат есебінен 2012 жылы микрокредит алушылардың саны 2090 адамды құрады.
Микрокредит алушылар қосымша 2684 жұмыс орнын құрды. Бағдарлама қатысушылары кредитті маусым айында ала бастағанына байланысты бұл процесс жалғастырылып келеді.
Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының шеңберінде кәсіпкерлікті дамытудың негізгі салалары мал шаруашылығы, ет өнімдерін өндіру, жеміс-жидек және бақа мәдениетін өсіру болып табылады, бұл берілген кредиттердің 74%-ын құрайды.
22% қызмет көрсету саласында жеке ісін ашуды құрайды: тігін және жөндеу шеберханаларын, монша, шаштараз ашу.
Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды (бұдан әрі – ИКИ) дамытуға және жайластыруға микрокредит алған Бағдарлама қатысушылары үшін 1728,4 млн. теңге көлемінде қаражат көзделген.
«Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру» үшінші бағыты
Аталған бағытты іске асыруға бөлінген қаражаттың жалпы сомасы 11 млрд. теңгені құрайды.
2011 және 2012 жылы 4627 пәтерге 1158 үйдің құрылысы көзделген. Олардың ішінде ЖТҮ – 1068, көппәтерлі тұрғын үй – 90.
331 үйдің (1282 пәтер) құрылысы аяқталды.
Бағдарлама қатысушыларымен және олардың отбасы мүшелерімен 408 пәтер немесе пайдалануға енгізілгендердің 32%-ы қоныстандырылды.
Көшіп келген отбасыларға 25,1 млн. теңге сомасында (осы бағыттарға көзделген соманың 10,9%-ы) көшуге субсидия берілген.
Бүгінгі күні 564 үйдің (2354 пәтер) құрылысы жалғастырылып келеді.
2012 жылы құрылысы жоспарланған 229 үйдің 30-ы аяқталды, тағы 25 үйдің құрылысы басталды. 174 үй бойынша конкурстық процедуралар өткізіліп жатыр.
Тұрғын үй салу ұзақ процес екенін және оны пайдалануға қабылдауды болжайтынын ескере отырып, бүгінгі күні (2012 жылғы шілде) 2011-2012 жылдары жоспарланған үйлердің (пәтерлердің) 27,7%-ның ғана құрылысы аяқталды.
«Ауылдық елді мекендерді дамыту» төртінші бағыты
Аталған бағытты іске асыруға 2012 жылы республикалық бюджеттен 10 млрд. теңге бөлінді, бұл инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру кезінде ауылдық жерде қосымша 8,0 мыңдай жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.
Аталған бағытты іске асыруға 2012 жылы 565 жобаны іске асыру көзделген. Олардың ішінде:
үлкен үлес 55% немесе 309 жоба – бұл әлеуметтік инфрақұрылым (денсаулық сақтау, спорт, білім, мәдениет, әлеуметтік қорғау) объектілерін жөндеу;
24% немесе 138 жоба бұл инженерлік – көліктік инфрақұрылым, жолдар;
8% немесе 43 жоба бұл коммуналдық сала объектілері және
13% (75 жоба) ауылдарды көркейтуге жатады.
Аталған жобаларды іске асыру мемлекеттік сатып алу процедураларын өткізуді талап етті, бүгінгі күні 336 жоба (60%) бойынша аталған процедуралар аяқталып, оларды іске асыру басталды. 2012 жылғы 26 маусымда жобаларда ауылды жерде қосымша 1,2 мың жұмыс орны құрылды.
|