Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні білім алушылардың бейімділігі мен қабілеттеріне сәйкес оларға кең ауқымда және тереңдете жаратылыстанушылық – математикалық білім беруді қамтамасыз ететін бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімінің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыру, қолжетімді сапалы мемлекеттік қызметтерді қамтамасыз ету болып табылады.
Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беру бағдарламаларын және оқушыларға тереңдетіп, бейіндетіп, саралап оқытуды қарастыратын, сондай – ақ қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын сапалы меңгеруі үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады.
Мемлекеттік мекеменің міндеттері:
Білікті жеке тұлғаны қалыптастыруға және дамытуға бағытталған үлгілік оқу бағдарламаларын меңгеру арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдайлар жасау;
Білім алушылардың тиісті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында (бұдан әрі – МЖМБС) көзделген базистік ғылыми негіздердә алуын қамтамасыз ету;
Жеке тұлғаның шығармашылық, рухани және дене бітімі мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру;
Азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны-Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді және мемлекеттік тілді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қадірлеуге, Конституцияға және қоғамға қайшы келетін кез келген көріністерге төзбеушілікке тәрбиелеу;
Белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке тұлғаны тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне араласу қажеттілігін, жеке тұлғаның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;
Отандық және әлемдік мәдениет жетістіктеріне баулу, қазақ халқы мен Қазақстан Республикасында тұратын басқа да ұлттардың тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу;
Барлық оқушылардың ерекше білім беруге қажеттіліктерін және жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге жағдайлар жасау болып табылады.
Мемлекеттік мекеме мақсатқа қол жеткізу үшін қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асырады:
Кәсіптік білім бағдарламасын игеруге және таңдауға дайын, қоғамдағы өмірге бейімделген, мәдениетті жоғары интелектуалды тұлғаны қалыптастыру;
Оқуға қабілетті, дарынды оқушыларды анықтау;
Сынып оқушыларын білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарт деңгейін арттыру арқылы оқыту;
Оқытудың инновациялық әдістері мен технологияларын қолдану негізінде оқушылардың өзіндік танымдық қызмет және шығармашылық қабілет дағдыларын дамыту;
Шығармашылық әлеуметін арттыруға қолайлы жағдайлар жасау;
Жалпы білім беру процесінде алдыңғы қатардағы шетелдік және отандық педагогикалық тәжірибені пайдалану, педагогтардың кәсіби құзыреттілігі мен шығармашылығын арттыру;
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін бағдарламаларын іске асыру;
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламаларын іске асыру;
Қосымша білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыру;
Білім берудің барлық деңгейлерінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалардың білім алуы, дамуының бұзылуын түзету және әлеуметтік бейімдеу үшін арнайы жағдайлар жасау.
Мекеме құрылымы басшылық (директор және орынбасарлары), әкімшілік-шаруашылық қызметкерлері, педагог қызметкерлерден тұрады.
Жанқожа батыр атындағы №269 орта мектебінің ғимаратының жобалық мүмкіндігі 0000000000 орындық. Мектепте 2020-2021 оқу жылында 000000 оқушы білім алса, 2021-2022 оқу жылында 000000 оқушы, 2022-2023 оқу жылында 0000 оқушы білім алған. Үш ауысымды оқу қарастырылмаған.
2020-2023 жылдар аралығындағы білім алушылар контингентінің динамикасы
Білім деңгейі
|
Жобалық мүмкіндік
|
2020-2021 оқу жылы
|
2021-2022 оқу жылы
|
2022-2023 оқу жылы
|
1-4 сыныптар
|
Орындық
|
|
|
|
5-9 сыныптар
|
|
|
|
|
10-11 сыныптар
|
|
|
|
|
Барлығы
|
|
|
|
|
Мектепте оқушы орындарының тапшылығы байқалмайды. Оқулықтармен толық қамтамасыз етілген.
Жалпы кітап қоры –
Оқулық –
Көркем әдебиет –
Қордың өсуі –
Электрондық оқулық –
Қазақ тіліндегі кітаптар саны –
Оқырман саны –
Кітапханаға келуші саны –
Мектептің бағытына сай базасын жаңарту мақсатында бірнеше оқу-танымдық, зертханалық кабинеттер ашылды.т «Bioflowers», «Biomasters», «Cowerking» кабинеттері және оқушылардың шығармашылығын арттыру мақсатында Кино студия, ғылыми-танымдық Обсерватория кабинеттері және химия, биология, физика пән кабинеттері қайта жасақталып, пәнге қажетті жаңа құралдармен жабдықталған.
Сондай-ақ мектеп 000 сыртқы, 0000 ішкі бейнебақылау және турниктермен, асханамен қамтамасыз етілген. 00 бейнебақылау жүйесі ішкі істер бөлімінің базасына қосылған. Әжетхана ғимарат ішінде орналасқан.
Жанқожа батыр атындағы №269 орта мектебінде 2 информатика кабинеті бар. Жалпы кабинетте 2018 жылы келген 26 компьютер жұмыс жасап тұр. Барлығы --- құрылғымен жабдықталған. 0000 желілік арқылы, 000 компьютер wi-fi арқылы интернетке қосылады. Интернет нүктесі – 0000 кабинетте де орналасқан. 2 кабинетте интернет жылдамдығы – 8 мбит/с. Кабинеттерде 2 интерактивті тақтамен, проектормен, құлаққап, камера, дыбыс ұлғайтқышпен жабдықталған.
Мектепте «Цифрлы Қазақстан» жобасы аясында Мұғалім – оқушы-ата-ана пирамидалық құрылымы бойынша kundelik.kz электрондық журналмен жұмыс жасалынып отырған. Электронды журнал бойынша оқушылардың оқу жетістіктерін есепке алу жүйесі толығымен қамтамасыз етілуде. Сабақ кестесі, ауысқан сағаттардың реті, өткізілген сабақ тақырыптары, үй тапсырмаларының берілуі, күнделікті қалыптастырушы бағалау, жиынтық және тоқсандық баға қою, қорытынды ұсынылған бағаны уақытылы қою, келген – кеткен оқушылар қозғалысы журнал ішінде жүргізілген. Оқушылардың үлгірім журналдары тұрақты түрде жүргізіліп, оның уақытылы жүргізу мен толтырылу барысы тоқсан сайын директор жанындағы кеңесте қаралып, бақыланып отырған. Қазіргі таңда kundelik.kz статистикалық есебі бойынша мұғалімдер үшін құрылған аккаунттардың іске қосу дәрежесі – 100% , ата – аналар үшін құрылған аккаунттардың іске қосу дәрежесі - 100% сабақ кестесі толықтығының дәрежесі, кем емес- 100%, мұғалімдердің жоспарлау жүргізуі 100% мұғалімдердің журналдарды уақытылы жүргізуі -100%, ата-аналардың жеке парақшаларды құру дәрежесі 80%, сабаққа қатысуы 98%, ҮТ уақытылы толтыруы 100% орындалған. Kundelik.kz бойынша 97 (67%) педагог сертификатталған.
Мектепте мұғалімдер мен оқушылар Bilimlend платформасын қолданады. Мұғалімдер мен оқушылар толық тіркелген, аккаунттардың іске қосу дәрежесі 100%.
Достарыңызбен бөлісу: |