Мемлекеттік коммуналдық Қазыналық КӘсіпорнының



жүктеу 0,63 Mb.
Pdf просмотр
бет3/28
Дата25.12.2019
өлшемі0,63 Mb.
#24949
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28

 



III. Еңбек қатынастары  



 

3.1. Тараптар:  

-  колледж  қызметкерлері  үшін  жұмыс  беруші  осы  заңды  тұлға  –  колледж  болып 

табылатынын;  

- қызметкермен еңбек шарты жазбаша нысанда жасалатынын растайды.    

Еңбек  заңнамасымен,  салалық  келісіммен,  аймақтық  салалық  келісіммен,  осы 

ұжымдық  шартпен  салыстырғанда  қызметкерлердің  жағдайын  төмендететін  еңбек 

шартының жағдайлары жарамсыз болып табылады.  

3.2.  Қызметкермен  тұрақты  сипаттағы  жұмысқа  еңбек  шарты  белгіленбеген 

мерзімге немесе кемінде бір жылға жасалуы мүмкін. Осы ереже қосымша қызмет атқару 

жағдайында еңбек шарты жасалатын қызметкерлерге қолданылады.  

Бір  жылдан  аспайтын  мерзімге  еңбек  шарты  тек  белгілі  бір  жұмыстың  орындалу 

уақытына,  жұмыста  уақытша  болмаған  қызметкерді  ауыстыру  уақытына,  маусымдық 

жұмысты орындау уақытына жасалады.  

Еңбек  шартының  мерзімі  аяқталған  кезде  тараптар  оны  белгіленбеген  немесе  бір 

жылдан кем емес белгілі мерзімге созуға құқылы.  

Еңбек  шартының  іс-әрекет  мерзімі  аяқталған  жағдайда,  егер  тараптардың 

ешқайсысы  соңғы  жұмыс  күні  (ауысым)  ішінде  еңбек  қатынастарын  тоқтату  туралы 

жазбаша  хабарламаса,  ҚР  ЕК  51-бабының  2-тармағымен  көзделген  жағдайларды 

қоспағанда, бұрын жасалған мерзімге созылған болып есептеледі, кемінде бір жыл белгілі 

мерзімге  жасалған  еңбек  шартының  мерзімі  аяқталған  жағдайда,  жүкті  әйел  он  екі  және 

одан  да  артық  аптаға  жүктілік  туралы  медициналық  қорытынды  әкелсе,  сондай-ақ  үш 

жасқа  дейінгі  баласы  бар,  бала  асырап  алған  және  өзінің  құқығын  бала  күтіміне 

байланысты  ақысыз  еңбек  демалысына  пайдалануға  ниет  білдірген  қызметкер,  уақытша 

орнында  болмаған  қызметкерді  алмастыру  жағдайынан  басқа,  еңбек  шартының  мерзімін 

ұзарту  туралы  жазбаша  өтініш  білдірсе,  онда  жұмыс  беруші  еңбек  шартының  мерзімін 

бала күтіміне байланысты еңбек демалысы аяқталған күнге дейін ұзартуға міндетті.  

Бір  жылдан  аспайтын  белгілі  мерзімге  жасалған  еңбек  шартының  мерзімін  ұзарту 

саны екі реттен аспайды.  

Кейін  белгілі  мерзімге  қайта  жасалатын  кемінде  бір  жылға  белгілі  мерзімге 

жасалған  еңбек  шарты  зейнеткерлік  жасқа  жеткен  тұлғалармен  бірнеше  мәрте  жасалуы 

мүмкін.  

3.3. Еңбек шартында ҚР Еңбек кодексінің 28-бабымен көзделген еңбек шартының 

маңызды жағдайлары, соның ішінде оқу көлемінің жүктемесі, жұмыс уақытының режимі 

мен ұзақтығы, жеңілдіктер, өтемақылар және басқалары ескеріледі.  

Еңбек  шартының  жағдайлары  тек  тараптардың  келісімімен  және  ҚР  Еңбек 

кодексімен көзделген тәртіпте жазбаша нысанда өзгертілуі мүмкін. 

3.3.1.  Қызметкерлердің  айлықтарының  (лауазымдық  айлықтарының)  мөлшерін 

қосқандағы  еңбек  ақы  төлеу,  қосымша  ақылар  мен  үстеме  ақылар    жағдайы  еңбек 

шартына қосу үшін міндетті болып табылады.   

Еңбек  шартының  жағдайлары  еңбек  шартына  қосымша  келісім  жасау  арқылы  тек 

тараптардың келісімімен және жазбаша нысанда өзгертілуі мүмкін.    

3.3.2. Жоғары және бірінші біліктілік санаты бар педагог қызметкерлерді жұмысқа 

қабылдау кезінде сынақ белгіленбейді.   

3.3.3.Колледж  директоры  қызметкерлермен  қатар  кәсіподақ  комитетін  еңбек 

жағдайындағы  ұйымдастырушылық  немесе  технологиялық  өзгерістер  туралы,  егер  олар 

қызметкерлердің  еңбек  шарттарының  міндетті  жағдайларын  өзгертуге  әкеліп  соғатын 

болса, бұл туралы кемінде екі ай бұрын ескертеді.   

3.3.4.  Жұмыс  берушінің  бастамасы  бойынша  кәсіподақ  мүшесі  –  қызметкермен 

еңбек шартын бұзу КК-нің дәлелді пікірін ескеріп жүргізіледі.   




 

3.4. Жұмыс берушінің бастамасы бойынша педагог қызметкерлердің маңызды еңбек 



жағдайларын  өгертуге,  әдеттегідей,  тек  жаңа  оқу  жылында  ұйымдастырушылық  және 

технологиялық  еңбек  жағдайларының  (сынып-жинақтардың,  білім  алушылардың 

(тәрбиеленушілердің)  топтары  мен  сандарының  өзгеруі,  оқу  жоспары  бойынша  жұмыс 

сағаттары санының өзгеруі, эксперимент жүргізу, ұйымның ауысым жұмысының өзгеруі, 

сондай-ақ  білім  беру  бағдарламаларының  және  т.б.  өзгеруі)  өзгеруіне  байланысты 

қызметкердің еңбек функцияларын (белгілі мамандық, біліктілік немесе лауазым бойынша 

жұмыс) өзгертпей жұмысын жалғастырған кезде жол беріледі.  

Оқу жылы ішінде еңбек шартының маңызды жағдайларын тараптардың еркінен тыс 

жағдайлармен келісілген ерекше жағдайларда ғана өзгертуге жол беріледі.  

Еңбек  шартының  маңызды  жағдайларына  өзгертулер  енгізу  туралы  жұмыс  беруші 

қызметкерге кемінде бір ай бұрын жазбаша түрде хабарлауы тиіс.  

Егер  қызметкер  жаңа  жағдайдағы  жұмысты  жалғастыруға  келіспесе,  онда  жұмыс 

беруші  оған  біліктілігіне  және  денсаулық  жағдайына  сәйкес  келетін  ұйымда  бар  басқа 

жұмысты,  ал  мұндай  жұмыс  болмаған  жағдайда  –  қызметкердің  біліктілігі  мен 

денсаулығын  ескеріп  төмен  дәрежелі  бос  қызмет  орнын  немесе  ақысы  аз  жұмысты 

жазбаша түрде ұсынуға міндетті. 

3.5. Жұмыс беруші немесе оның уәкілетті өкілі қызметкермен еңбек шартын жасаған 

кезде  оны  осы  ұжымдық  шартпен,  білім  беру  ұйымының  Жарғысымен,  ішкі  еңбек 

тәртіптемесінің  ережелерімен  және  ұйымның  қолданысындағы  еңбек  мәселелері 

жөніндегі өзге де актілермен қолын қойғызып таныстыруы тиіс.  

3.6.  Қызметкермен  еңбек  шартын  тоқтату  тек  ҚР  Еңбек  кодексімен  және  Қазақстан 

Республикасының өзге де заңдарымен көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.  

3.7.  Білім  беру  ұйымының  басшысы  қызметкерлердің  дербес  деректерін  сақтау 

тәртібін белгілейтін бұйрықтар шығару жөнінде міндеттеме қабылдайды. 

Жұмыс  беруші  қызметкердің  дербес  деректерін  беру  кезінде  мынадай  талаптарды 

қадағалауға міндетті:  

1)  қызметкердің  дербес  деректерін  үшінші  тарапқа  қызметкердің  жазбаша 

келісімінсіз хабарламауға;  

2)  қызметкердің  дербес  деректерін  алуға  тек  арнайы  уәкілетті  тұлғаларға  рұқсат 

етуге.  Бұл  ретте,  аталған  тұлғалар  қызметкердің  тек  нақты  функцияларды  орындау  үшін 

қажетті дербес деректерін ғана алуға және құпиялылық режимін сақтауға құқылы

3)  қызметкердің  дербес  деректерін,  қызметкер  таныс  болуға  тиіс  жұмыс  берушінің 

актісіне сәйкес ұйым ішінде ғана беруді жүзеге асыруға. 

3.8.  Жұмыс  берушінің  қызметкерден  еңбек  шартында  қарастырылмаған  жұмысты 

орындауды  талап  етуге  құқығы  жоқ,  еңбек  шартының  жағдайлары  қолданыстағы  еңбек 

заңнамасымен салыстырғанда қызметкердің жағдайын нашарлата алмайды.  

3.9.  Жоғары  біліктілік  санаты  бар  педагог  қызметкерлерді  жұмысқа  қабылдау 

кезінде сынақ белгіленбейді.  

3.10.  Еңбек  шартының  жағдайларын  өзгерту  қызметкер  мен  жұмыс  берушінің 

арасында жасалған еңбек шартының ажырамас бөлшегі болып табылатын еңбек шартына 

қосымша келісімдерді жасау жолымен ресімделеді.  

3.11. Жұмыс берушінің бастамасы бойынша кәсіподақ мүшесі – қызметкермен еңбек 

шартын бұзу тек бастауыш кәсіподақ ұйымы кәсіподақ комитетінің дәлелді пікірін ескере 

отырып жүзеге асырылуы мүмкін.  

3.12.  Аттестаттау  нәтижесі  бойынша  жеткіліксіз  біліктілік  салдарынан  атқаратын 

лауазымына  сәйкес  келмеуін  мойындаған  жағдайда,  қызметкерді  жұмыстан  шығару 

туралы  шешім  қабылдау  кезінде  қызметкердің  жазбаша  келісімімен  оның  денсаулық 

жағдайын  ескере  отырып,  жұмыс  берушідегі  ол  орындай  алатын  басқа  жұмысқа 

(қызметкердің біліктілігіне сәйкес келетін бос лауазым немесе жұмыс сияқты, бос тұрған 

төмен лауазым немесе ақысы төмен бос жұмыс) ауыстыру туралы шара қабылданады. 




жүктеу 0,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау