Мемлекеттік коммуналдық Қазыналық КӘсіпорнының



жүктеу 0,63 Mb.
Pdf просмотр
бет8/28
Дата25.12.2019
өлшемі0,63 Mb.
#24949
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28

 

15 


7.1.12.  Еңбекті  қорғау  талаптарына  сәйкес  қызметкерлерді  санитарлық-тұрмыстық 

және емдеу-алдын алу қызметімен қамтамасыз етеді.  

7.1.13. Кәсіподақ комитетімен бірге  тепе-теңдік негізде еңбекті қорғау және  еңбек 

қауіпсіздігі жөніндегі өндірістік кеңесті құрады (№ 13 қосымша). 

  7.1.14.  Еңбекті  қорғау 

және  еңбек  қауіпсіздігі  жөніндегі  техникалық 

инспектордың қоғамдық бақылауды жүзеге асыруына жәрдемдеседі (№ 14 қосымша). 

7.1.15. Мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарының қызметкердің кінәсінен 

болмаған  еңбекті  қорғау  талаптарын  бұзу  салдарынан  еңбек  заңнамасын  қадағалауға 

жұмысты  тоқтату  кезінде,  қызметкерлердің  жұмыс  орны  (лауазымын)  мен  орташа 

жалақысын сақтайды.     

7.1.16.  Жұмыс  берушінің  еңбекті  қорғау  жөніндегі  нормативтік  талаптарын 

орындамауы салдарынан қызметкердің өмірі мен денсаулығына қауіп төнген кезде оның 

жұмыстан  бас  тарту  жағдайында,  қызметкерге  ондай  қауіпсіздікті  жою  уақытына  басқа 

жұмысты  ұсыннады  немесе  осы  себептен  бос  тұрып  қалған  уақытына  орташа  жалақысы 

мөлшерінде ақы төлейді.  

7.2. Кәсіподақ: 

7.2.1.  Колледж  әкімшілігі  тарапынан  еңбекті  қорғау  жөніндегі  заңнаманың 

қадағалануына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады.  

7.2.2. Белгіленген нормаларға сәйкес қызметкерлерге арнайы киімнің, жеке қорғану 

құралдарының, жуу құралдарының уақытында берілуіне бақылау жүргізеді.   

7.2.3. Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторды сайлайды.  

7.2.4. Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі жөніндегі жөніндегі өндірістік кеңесті 

құруға және оның жұмысына қатысады.   

7.2.5.  Колледж  қызметкерлермен  өндірістегі  жазатайым  оқиғаларға  тексеру 

жүргізуге қатысады.  

7.2.6.  Жұмыс  берушіге  еңбекті  қорғау  талаптарын  бұзған  кінәлі  тұлғаларды 

жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс білдіреді.   

7.2.7.  Еңбекті  қорғау  жөніндегі  заңнаманың,  ұжымдық  шартпен  көзделген 

міндеттемелердің бұзылуымен байланысты еңбек дауларын қарауға қатысады.   

7.2.8.  Еңбек  шартының  талаптарын  өрескел  бұзған  жағдайда  (қалыпты  жарық  пен 

ауа  тазартудың  болмауы,  үй-жайлардағы  төмен  температура,  көтеріңкі  шу  және  т.б.), 

әкімшіліктен  анықталған  бұзушылықтарды  жойғанға  дейін  жұмысты  тоқтатуды  талап 

етеді.  Жұмысты тоқтату әкімшілікке ресми ескертілгеннен кейін жүзеге асырылады.  



 

VIII.   Әлеуметтік кепілдіктер, жеңілдіктер мен өтемақылар  

 

8. Тараптар Жұмыс беруші : 



8.1.  Жергілікті  өкілетті  билік  органдарының  колледждің  педагогикалық  және 

медициналық  қызметкерлеріне  отын  мен  коммуналдық  қызмет  шығыстары  үшін 

өтемақыларын  ең  жоғары  мөлшерде  (ауылдық  ұйымдар  үшін)  тағайындауларына  қол 

жеткізуге;  

8.2. Азаматтық қызметшілерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беру кезінде, 

лауазымдық  айлық  мөлшерінде  сауықтыру  жәрдемақысын  төлеуді  қамтамасыз  етуге 

келісті. 

Оқытушылардың, 

қосымша 

білім 


беру 

педагогтарының 

сауықтыру 

жәрдемақыларының  мөлшері  еңбек  демалысын  беру  күніне  олардың  нақты  оқу 

жүктемесінен есептеледі. Лауазымды қоса атқару жағдайында жұмыс істейтін тұлғаларға 

жәрдемақы жалпы негіздемеде тағайындалады және төленеді. 

8.3.  Қоғамдық  тамақтануды  ұйымдастырады  (асханалар,  буфеттер,  тамақтану  

бөлмелері (орындары).  

8.4. Қызметкерлерге ҚР заңнамасымен белгіленген тәртіпте: 

- мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттемелерді орындау кезінде;  

- қызметтік іссапарларға жіберу кезінде;  



 

16 


- жұмысынан айырылған жағдайда;  

-  заңнамамен  көзделген  басқа  да  жағдайларда  кепілдіктер  мен  жәрдемақылар 

ұсынады.  

8.5. Қызметкерді зейнетақы жасына жетуіне байланысты жұмыстан шығарған кезде 

бір  лауазымдық  айлық  (тарифтік  ставка)  мөлшерінде  жұмыстан  шығару  бойынша 

жәрдемақы төлеуді жүргізеді. 

8.6.  Қызметкерлерді  қызметтік  мақсатта  білім  беру  ұйымдарының  кітапхана 

қорымен тегін қамтамасыз етеді. 

8.7.  Азаматтық  қызметшілерді  және  білім  беру  ұйымдарының  басқа  да 

қызметкерлерін  лауазымдық  міндеттерін  адал  атқарғаны  үшін,  жұмысты  өте  сапалы 

орындағаны  үшін,  бастамашылдығы,  шығармашылық  белсенділігі,  жұмыстағы 

жетістіктері үшін: 

1) азаматтық қызмет бабында көтерілумен;  

2) Грамотамен марапаттаумен ынталандырады; 

3) алғыс жариялаумен;  

4) ақшалай сыйақымен. 



IХ. Жастардың еңбек жағдайы және әлеуметтік кепілдіктері  

 

9.1. Тараптар:  

9.1.1.  Жас  қызметкерлерге  заңмен  көзделген  кепілдіктер  мен  әлеуметтік 

жеңілдіктердің берілуіне кепілдік береді.  

9.1.2. Колледжде жас педагогтар мектебінің құрылуына ықпал етеді.  

9.2. Тараптар:   

9.2.1. Жас мамандардың аттестациядан ойдағыдай өтуіне жәрдемдесуге;  

9.2.2.  Еңбекте  жоғары  көрсеткіштерге  қол  жеткізген  және  колледж  бен  кәсіподақ 

ұйымының  қызметіне  белсенді  қатысатын  жас  қызметкерлерді  ынталандырудың  түрлі 

нысандарын енгізуге;   

9.2.3.  Жастардың  спортпен,  көркемөнер  және  техникалық  шығармашылықпен 

айналысуларына 

қол 

жетімділікті, 



шығармашылық 

мүмкіндіктері 

мен 

қызығушылықтарын қанағаттандыру мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге;   



9.2.4.  Жас  оқытушыларға  олардың  ойдағыдай  психологиялық-педагогикалық 

бейімделулері  үшін  жағдай  жасау,  кәсіби  көтерілулері  үшін  уақыт  босату  мақсатында 

жұмыс режимдерін реттеу жөнінде жұмыс жүргізуге келісті.   

 

Х.  Кәсіподақ қызметінің кепілдіктері мен құқықтарын қорғау  

 

10.1. Кәсіподақ ұйымының, тиісті сайланбалы кәсіподақ органдарының құқықтары 



мен кепілдіктері ҚР «Кәсіподақтар туралы» Заңымен, Қазақстан Республикасының өзге де 

заңдарымен,  Қазақстандық  салалық  білім  және  ғылым  қызметкерлері  кәсіподағының 

Жарғысымен  анықталады  және  кәсіподақтар  бірлестігінің,  жұмыс  берушілер  бірлестігі 

мен  Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  арасындағы  Бас  келісімді,  салалық  келісімді, 

өзге келісімдерді, осы ұжымдық шартты ескеріп жүзеге асырылады. 

10.2.


 

Тараптар  кез-келген  қызметкерге  қатысты  оның  кәсіподақтағы  мүшелігіне 

немесе кәсіподақ қызметімен байланысты заңмен кепілденген әлеуметтік-еңбек және өзге 

де  құқықтары  мен  еркіндігін  шектеуге,  мәжбүрлеуге,  жұмыстан  шығаруға  немесе  ықпал 

етудің басқа да нысандарына жол берілмейді деп келісті. 

10.3. Тараптар жұмыс беруші мен оның уәкілетті өкілдерінің:  

10.3.1.  Кәсіподақ  ұйымының  құқықтары  мен  кепілдіктерін  қадағалауға,  кәсіподақ 

қызметінің заңмен белгіленген құқықтары мен кепілдіктерін шектемей және колледждегі 

кәсіподақ  ұйымын  құру  мен  қалыптастыруға  кедергі  келтірмей,  оның  қызметіне 

жәрдемдесуге; 




жүктеу 0,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау