МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТӨЛҚҰЖАТЫ
Қызметтің атауы
Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою
Қызметті
көрсететін
мемлекеттік орган
Мемлекеттік қызметті Астана және Алматы қалаларының,
аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті
атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)
көрсетеді.
Өтініштерді қабылдауды
және нәтижелерін беруді
жүзеге асыратын мекеме
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтінішті қабылдау:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі –
портал) арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру көрсетілетін
қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызметтің құны
Тегін
Қызмет көрсету мерзімі
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен
бастап, сондай-ақ портал арқылы өтініш берген кезде – күнтізбелік
15 (он бес) күн;
2) құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ
уақыты – 20 минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 30 минут.
Мемлекеттік қызметтің
көрсетілетін нысаны
Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз
жүзінде.
Жұмыс кестесі
Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіде: Қазақстан Республикасының
еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін
қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен
дүйсенбіден бастап жұма аралығын қоса алғанда сағат 9.00-ден
18.30-ға дейін.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін
беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден
17.30-ға дейін жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет алдын ала
жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен
көрсетіледі.
2) порталда: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты
техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (Қазақстан
Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті
алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке
күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау келесі жұмыс
күнімен жүзеге асырылады).
Қажетті құжаттар
көрсетілетін қызметті берушіге:
1) бала асырап алуға тілек білдіру туралы өтініш (еркін
нысанда);
2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын
құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
3) жақын туыстарының бала асырап алуға жазбаша келісімі;
4) жиынтық табыс мөлшері туралы анықтама (жұмыс орнынан
жалақысы туралы, кәсіпкерлік қызметтен түсетін табысы және
бірге тұратын барлық отбасы мүшелерінің өзге де табыстары
туралы анықтама);
5) отбасы жағдайы туралы анықтама (2008 жылға дейін некеге
тұрған (бұзған) жағдайда, некеге тұру (бұзу) туралы куәліктің
көшірмесі, бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін не Қазақстан
Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда, баланың туу
туралы куәлігінің көшірмесі) (бала бар болғанда);
6) көрсетілетін қызметті алушының және егер некеде тұрса
жұбайының (зайыбының) "Адамның бала асырап алуы, оны
қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап
алуы мүмкін болмайтын аурулардың тізбесін бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму
министрінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 692 бұйрығымен
(Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді
мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12127) (бұдан әрі – № 692
бұйрық) бекітілген
тізбеге
сәйкес ауруының жоқтығын растайтын
денсаулық жағдайы туралы анықтама, сондай-ақ "Денсаулық
сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама
нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23
қарашадағы № 907
бұйрығымен
(Қазақстан Республикасы
нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №
6697 тіркелген) (бұдан әрі – № 907 бұйрық) бекітілген нысанға
сәйкес наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде
тіркеуде тұрғандығы туралы мәліметтің жоқтығы туралы анықтама;
порталда:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған
электрондық құжат нысанындағы сұраныс;
2) жақын туыстарының бала асырап алуға жазбаша келісімінің
электрондық көшірмесі;
3) жиынтық табыс мөлшері туралы анықтаманың электрондық
көшірмесі (жұмыс орнынан жалақысы туралы, кәсіпкерлік
қызметтен түсетін табысы және бірге тұратын барлық отбасы
мүшелерінің өзге де табыстары туралы анықтама);
4) отбасы жағдайы туралы анықтаманың электронды көшірмесі
(2008 жылға дейін некеге тұрған (бұзған) жағдайда, некеге тұру
(бұзу) туралы куәліктің көшірмесі, бала 2007 жылғы 13 тамызға
дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда,
баланың туу туралы куәлігінің электрондық көшірмесі (бала бар
болғанда);
5) көрсетілетін қызметті алушының және егер некеде тұрса,
жұбайының (зайыбының) № 692 бұйрықпен бекітілген тізбеге
сәйкес ауруының жоқтығын растайтын денсаулық жағдайы туралы
анықтама, сондай-ақ № 907 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес
бойынша наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде
тіркеуде тұрғандығы туралы мәліметтің жоқтығы туралы
анықтаманың электрондық көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушының және егер некеде тұрса,
жұбайының (зайыбының) жеке басын куәландыратын, көрсетілетін
қызметті алушының және егер некеде тұрса, жұбайының
(зайыбының) тұрғын үйге меншік құқығын немесе тұрғын үйді
пайдалану құқығын растайтын құжаттары туралы мәліметтерді,
көрсетілетін қызметті алушының және егер некеде тұрған болса,
жұбайының (зайыбының) сотталғандығының болуы не болмауы
туралы анықтаманы көрсетілетін қызметті беруші "электрондық
үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден
алады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше
көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік
корпорацияға немесе көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік
қызмет көрсету кезінде заңмен қорғалатын құпияны қамтитын,
ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді пайдалануға келісімін береді.
Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті беруші
көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны
туралы қолхат береді.
Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті
алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметке
сұраныстың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ хабарлама
жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартының
9-тармағына
сәйкес құжаттар топтамасын
толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен
құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші
өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымшаға
сәйкес нысан бойынша бала асырап алуға үміткер болуға тілек
білдірген азаматтардың
тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын тексеріп-қарау актісі жоғарыда
аталған құжаттар ұсынылғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде
көрсетілетін қызметті берушімен дайындалады.
Мемлекеттік қызметтің
нәтижесі
Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде - осы мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан
бойынша бала асырап алуға үміткер(лер) болу мүмкіндігі (мүмкін
еместігі)
туралы
қорытынды.
Порталда – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-
қосымшаға сәйкес нысан бойынша бала асырап алуға үміткер(лер)
болу мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытындының
дайындығы туралы хабарлама (бұдан әрі - хабарлама).
Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алғаннан кейін бала
асырап алуға үміткер(лер) болудың мүмкіндігі (мүмкін еместігі)
туралы қорытындыны алу үшін хабарламада көрсетілген мекенжай
бойынша хабарласуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |