«Мемлекеттік басқару және маркетинг» кафедрасы



жүктеу 399,99 Kb.
Pdf просмотр
бет11/14
Дата01.12.2017
өлшемі399,99 Kb.
#2497
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

31

Америкасы елдерінде қалыптасады. Бұл аймақтағы жұмысшы күші қажет елдер 

Аргентина  мен  Венесуэла  болды.  Мұнда  ауылшаруашылық  маусымдық 

жұмыстарына тартылады.



3. Жұмысшы күші халықаралық миграциясының 5 бағыты бар:

1. Дамушы  елден  өнеркәсібі  дамыған  елдерге  ауысуы.  Өнеркәсібі  дамыған 

елдер  үшін  дамушы  елдерден  келетін  жұмысшы  күші  бірқатар  салаларда, 

инфрақұрылымдарда қызмет істейді. 

2. Өнеркәсібі дамыған елдердің өз шеңберінде жұмысшы күшінің ауысуы. Бұл 

экономикалық  себептерге  байланысты.  Мұнда  Еуропадан  АҚШ - қа

«білімділердің кетуі» болып отыр. 

3. Дамушы  елдер  арасындағы  жұмысшы  күшінің  ауысуы.  Бұл  ауысудың 

экономикалық  себептеріне  қабылдаушы  елдердегі  өмір  сүру  деңгейінің 

жоғарлылығы және сол елдің маманданбаған еңбекке қажеттілігі жатады. 

4. Бұрынғы социалистік елдерден өнеркәсібі дамыған елдерге ауысуы. 

5. Кәсіби  даярлығы  жоғары  мамандармен,  ғылыми  қызметкерлердің  дамушы 

елдерден өнеркәсібі дамыған елдерге ауысуы.

Теориялық білімді тексеруге арналған сұрақтар

1. Миграцияның экономикалық эффектісі.. 

2. Жұмысшы күшін импорттаушы және экспорттаушы елдердің табыстары 

мен шығындары.

3. «Ақыл ойдың» ағылып кетуі мәселесі. 

4. Иммиграция және эмиграция. 

5. Шетелдік инвестицияларды тарту жолдары және алға тарту механизмдері.

Негізгі түсінік

Миграция


Жұмысшы күші

Иммиграция

Эмиграция

Шетелдік инвестициялар



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Доғалова Г.И. Халықаралық экономика, А:Экономика 2000.

2. Мамыров  Н.К.,  Мадиярова  Д.М.,  Калдыбаева  А.Е.  Халықаралық 

экономикалық қатынастар, А.:Экономика, 1998.

3. Халықаралық  экономикалық  қатынастар/Елемесов  Р,Е.  Бас.  Ред., 

А.:ҚазҰУ, 2002.

4. Кругман  П.,  Обстфельд  М.  Международная  экономика.  Теория  и 

политика, М.,1997. 

5. Гельбрас В.Г. Экономическая реформа в КНР. М.:МО,1990.

6. Забелина Т.Ю., Сосновский А.А. Бразилия до и после чуда. М., 1986.

7. Клас Эклунд. Эффективная экономика(шведская модель). М.: Экономика, 

1991.



32

10 – ТАҚЫРЫП. ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АЙЫРБАСЫ

Дәріс  мақсаты  -  халықаралық  айырбас  мәнін  түсіндіру  мен  технология 

түрлерін қамту.



Дәріс жоспары:

1. Технологияның халықаралық қозғалысы.

2. Технологияларды беру түрлері.

3. Технологиялармен  халықаралық айырбасқа тән белгілер.

4. Халықаралық саудада техникалық қызметтер және келісімшарт түрлері.

1.    Халықаралық  саудада тәжірибе  жүзінде  ғылыми  - техникалық 

білімдерді  айырбастауға  қатысты  бірнеше  терминдер  қолданылады.  Соның 

ішінде,  «халықаралық  технология  айырбасы»,  «өнеркәсіптік  технология 

айырбасы», «ғылыми-техникалық қызмет нәтижесінің халықаралық айырбасы», 

«технологияның берілуі» сияқтьы терминдер кең қолданыла бастады. Ғылыми -

техникалық  білімдер  саудасы  бойынша  жасалынатын  операциялар  мазмұны-

коммерциялық  негізде  шетелдік  сатып  алушыларға  тек  ғылыми  ғана  емес, 

сонымен  қатар,  тәжірибелік  құндылығы  жоғары  ғылыми-техникалық  қызмет 

нәтижесін  беру.  Тәжірибе  жүзінде  мұндай  операциялар  технологиямен 

халықаралық айырбас деп аталады.

Формасы  жағынан  бұл  сыртқы  сауда  келісімін  сақтай  отырып, 

технологияның  берілу  негізінде  жүзеге  асырылады.  Сонымен  қатар  «ғылыми-

техникалық  байланыстар»  терминінің  де  мәні  зор.    «Ғылыми-техникалық 

байланыстар»  халықаралық  сауда  операциясын  жүргізу  жолмен  жүзеге 

асырылатын  өндірістік  тәжірибе,  техникалық  өңдеулер,  тәжірибелік-

конструкторлық,  ғылыми  зерттеулер  нәтижелерімен  айырбас  негізінде 

байланыста 

болатын 


валюта-қаржылық, 

құқықтық 

қарым-қатынастар 

жиынтығы. Әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесінде маңызды роль атқара

отырып  және  осы  жүйенің  маңызды  бөлігі  ретінде,  ғылыми-техникалық 

байланыстар  әлемдік  қол  жеткізілген  жетістіктердің  жедел  түрде  ғылым  мен 

техника саласында қолданылуына жағдай жасайды.

2.  Берілетін технологияның түрлері:

1. Пайдалы, тиімді модельдер.

2. Өнеркәсіптік үлгілер.

Пайдалы,  тиімді  модельдер  мәні  жағынан  «шағын  ойлап  табу»  болып 

табылады және ол барлық елде бірдей қорғала бермейді. Өнеркәсіптік үлгілер 

өнеркәсіп  бұйымының  эстетикалық  қораптауын  сипаттайды.  Ғылыми-

техникалық, өндірістік, басқару, коммерциялық, қаржылық сипаттағы білім мен 

тәжірибе  немесе  халықаралық  сауда келісім  шарттарында сатып  алу объектісі 

болып  табылатын,  әрі  ғылыми  зерттеу  процесінде  бәсекеге  қабілетті  өнім 

өндіру,  өткізу  және  пайдалануда  қолданылатын  тәжірибенің  барлығы  «Ноу-

хау»  түсінігін  қамтиды.  Мазмұны  жағынан  «ноу-хау»  конструкторлық, 

технологиялық, өндірістік, басқарушылық, коммерциялық, қаржылық та болуы 

мүмкін. 



33

«Ноу-хау»  құжаттар  формасында  (сызба,  нұсқалар)  немесе  белгілі  бір  салада 

өндірістік тәжірибесі мол мамандардың жіберілу жолымен де жүзеге асырылуы 

мүмкін. Сонымен, мамандар өздері ойлап тапқан немесе қызметіне байланысты 

өзі  білетін  өндіріс  процесіндегі  технологиямен  ғылыми - техникалық 

жетістіктер  туралы  қандай  да  бір  мәліметтерді  рұқсатсыз  жарияламауға

міндеттенеді. 

3.  Қазіргі жағдайдағы технологиямен халықаралық айырбасқа тән белгілер: 

- Ғылыми-техникалық  біліммен  халықаралық  айырбас  дамуының  объективтік 

сипаты.

-Технологиялық білімдердің монополизациялануы.



-Технологияның  берілуі  саласындағы  фирмалардың  мақсаты  бағытталған 

саясаттың жүргізілуі.

-  Сыртқы  экономикалық  дамудың  бір  құралы  есебінде  фирманың, 

технологияның корпорация ішінде айырбасын қолдануы.

- Орта және ұсақ фирманың технология халықаралық айырбасқа белсенді түрде 

араласуы.

- Әлемдік  тауар  нарығы  ТҰК  (транс  ұлттық  корпорация)  арасындағы 

бәсекелестік  күрестің  күшеюіне  әкеп  соқтыратын,  технология  халықаралық 

айырбас ортасындағы қарама - қарсылықтың күшеюі. 

-  ТҰК - тің  дамушы  елдердің  экономикалық  тәуекелділіктің  жаңа  формасын 

құруға деген ынталар. 

-  Дамушы  елдердің  технологиясының  берілуінде  белгілі  бір  тәртіпті  орнату 

үшін күресуі.

4.  Технологияның берілуі саласындағы іс-әрекеттің халықаралық кодексін 

әзірлеу  қажеттілігі  туралы  шешім  1947ж. БҰҰ  бас  Ассамблеясында 

қабылданды.  Кодекс  жобасы  10  бөлімнен  тұратын  мынадай  10  преамбуладан 

тұрады:


- Қолдану ортасын анықтау;

- Мақсаттар;

- Қағидалар;

-Технологияның берілуі бойынша келісімді ұлттық реттеу;

- Шектеулі іскерлік тәжірибе;

- Жақтардың жауапкершілігі мен міндеті;

- Дамыған елдер үшін арнайы реттеулер;

- Халықаралық әріптестік;

- Келіспеушілікті шешу мен қолданылатын ережелер;

- Басқа да шарттар.



Теориялық білімді тексеруге арналған сұрақтар

1. Технологиялық айырмашылықтың динамикалық модельдері.

2. Технологияларды қорғаудың құқықтық формалары.

3. Лицензиялар саудасы және түрлері.

4. Технологияның берілуін мемлекеттік реттеу.



жүктеу 399,99 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау