28
3. Өнеркәсібі дамыған елдердің экономикалық саясаты. Бұл саясат
экономикалық өсу қарқынын төмендетпей, алдынғы қатарлы өнеркәсіп
саласын қолдауға, жұмыспен қамтуға бағытталған.
4. Дамушы елдердің экономикалық бағыты.
Дамушы елдің шетелдік капиталдың қатысуымен өзінің экономикалық
дамуын жеделдетіп, «кедейшілік шеңберінен» шығаруды көрсететін бағыт.
5. Экологиялық факторлар.
6. Капиталдар тасқынын реттейтін және бағыттайтын халықаралық қаржы
ұйымының ролі.
3. Қарыз капиталының шетке шығарылуы несие немесе қарыз беру арқылы
жүзеге асырылады. Несие берудегі мақсат- жоғары қарыз % - н алу. Қарыз
капиталының шетке шығарылуы халықаралық несиенің негізі болып табылады.
Ол қарыз алған елдің шаруашылығының жылдам дамуына көмектеседі.
Халықаралық несие-бұл қайтарымдылық , жеделдік және % төлеу шарты
бойынша валюталық және тауарлар ресурсының берілуі. Несие берушілер мен
оны алушыларға банкте, компаниялар, жекелеген кәсіпорындар, мемлекеттік
ұйымдар, халықаралық, аймақтық ұйымдар жатады. Халықаралық несие әр
түрлі формада болады.
Мақсатты пайдаланылуына байланысты 2 түрге бөлінеді:
1.
Байланысқан несие. Ол екіге бөлінеді:
1.1. Комерциялық несие. Тауарды сатып алу немесе қызметкерлерге ақы
төлеу кезінде беріледі.
1.2. Инвестициялық несие. Нақты бір объектіні сату кезінде беріледі.
2.
Қаржылық несие. Тауарларды сатып алу, инвестициялар, қаржылық
операцияларды жүргізу, сыртқы қарыздарды жою, т.б.
Несие берушінің кім екеніне байланысты 3-ке бөлінеді:
1.
Жекеше несие (банктер , фирмалар).
2.
Үкіметтік.
3.
Халықаралық ұйым несиесі. Ұсынылу формасы бойынша 2-ге
бөлінеді:
1.
Тауарлы несие;
2.
Валюталық несие.
Берілу мерзімі бойынша 3-ке бөлінеді:
1.
Қысқа мерзімді (1 жыл)
2.
Орта мерзімді (1-5 жыл)
3.
Ұзақ мерзімді (5 жыл және жоғары).
Теориялық білімді тексеруге арналған сұрақтар
1. Капиталдың халықаралық қозғалысының қазіргі кездегі масштабтары мен
динамикасы.
2. Кәсіптік және қарыз капиталдары.
3. Шетелдік инвестициялары бар кәсіпорын және оның формалары.
4. Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау.
29
Негізгі түсінік
Несие
Халықаралық несиелеу
Жекеше несие
Тауарлы несие;
Валюталық несие.
Кәсіптік капиталы
Қарыз капиталы
Инвестиция
Тікелей инвестиция
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Халықаралық экономикалық қатынастар/Елемесов Р,Е. Бас. Ред., А.:ҚазҰУ,
2002.
2.Кругман П., Обстфельд М. Международная экономика. Теория и политика,
М.,1997.
3.Миклашевская Н.А., Холопов А.В. Международная экономика, М.: МГУ,
1998г.
4.Авдокушин Е.Ф. Международные экономические отношения:Учебное
пособие . М.; 2001.
5.Томас В., Нэш Дж.и др. Внешнеторговая политика: опыт реформ. Пер с англ.-
М.: ИНФРА-М, 1996.
6.Мировая экономика /Под ред. А.С. Булатова.-М.: Юристь, 2001.
30
9-ТАҚЫРЫП. ЖҰМЫСШЫ КҮШІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
МИГРАЦИЯСЫ
Дәріс мақсаты - Миграцияның экономикалық тиімділігін анықтау және
халықаралық миграцияның бағыттарын қамту.
Дәріс жоспары:
1. Халықаралық еңбек миграциясының мәні, себептері.
2. Жұмысшы күшін тарту орталықтары.
3. Жұмысшы миграциясының бағыттары.
1. Жұмысшы күшінің жаппай ауысуы XX ғасырдың II жартысында
дүниежүзілік қоғамдас болып отыр. Жұмысшы күшінің ауысуы дегеніміз-
адамдардың тұрақты мекен жайының шекарасынан өтіп кетуі мен қайта оралу
процесін көрсететін қозғалыс. Халықаралық миграцияның жұмыс бабындағы,
отбасылық, туристік т.б нысандары бар. Жұмысшы күшінің халықаралық
нарығы-ұлттық шекарадан өтіп кететін еңбек ресурсының қозғалысы.
Халықаралық еңбек нарығын ұлттық және аймақтық жұмысшы күші
нарықтары құрайды. Жұмысшы күшінің халықаралық нарығы басқа
дүниежүзілік нарықтармен, мысалы: тауарлар, қызмет көрсету, капитал
нарығымен қатар жүзеге асады. Жұмысшы күші өзінің бір елден екінші елге
ауысуында еңбекке қабілетті тауар ретінде ұсынады.
Жұмысшы күшінің миграциясына экономикалық және экономикалық емес
факторлар әсер етеді. Экономикалық емес факторларға – саяси, ұлттық, діни,
нәсілдік, отбасылық т.б себептері жатады. Ал, экономикалық факторлар - әр
түрлі елдің экономикалық даму дәрежесіне байланысты. Жұмысшы күші өмір
сүру деңгейі төмен елдерден өмір сүру деңгейі жоғары елге ауысады.
Халықаралық еңбек миграциясының факторларының бірі - капиталдың шетке
шығарылуы және халықаралық корпорацияның қызмет етуі.
2. Жұмысшы күшін тартудың басты орталықтарына АҚШ пен Батыс
Еуропа елдері жатады. АҚШ-тың еңбек ресурстарын негізінен иммигранттар
құрайды. Иммиграция - жұмысшы күшінің сырттан келуі. Төмен және орта
дәрежелі жұмысшы күшінің көршілес Мексика елінен келуі өте көп. Ал,
Еуропалық одақ елдерінде 13млн. мигранттар мен олардың отбасылары тұрады.
90 жылдың ортасында тек Сауд Аравиясындағы өндірістің түрлі сфераларында
4 млн.-ға жуық мигранттар жұмыс істейді. Бұл өте бай мұнай өндіруші елге
дүниежүзінің көптеген елдерінен соның ішінде Египеттен және оңтүстік
Шығыс Азия елінен жұмысшы күші көптеп келеді. Жұмысшы күшін тартудың
тағы бір орталығы - Австралия. Бұл елде 200 мыңға жуық шетелден
қызметкерлер бар. Африкадағы жұмысшы күшін тартудың орталығы - Оңтүстік
Африка республикасы. Бұл елге көрші Африкалық елдерден арзан жұмысшы
күші ағылып келіп жатады. 90 жылдың ортасында Тайвань еліне 100 мың
жұмысшы және 20 мың инженер –техникалық қызметкерлер қажет болған. 1996
жыл Қазақстан мен оңтүстік Кореяға 500-ге жуық жұмысшылар аттанған. 60
жылдары жұмысшы күшін тартудың халықаралық орталығы – Латын