3-параграф. "Таным" білім беру саласы
24. "Таным" білім беру саласының базалық мазмұны сенсорика, жаратылыстану ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады.
25. "Таным" білім беру саласын ұйымдастыруда баланың қоршаған ортаны бағдарлау аясы кеңейтіледі және байытылады, сезімдік тәжірибесі қалыптасады, түйсіктері және қабылдауы жетілдіріледі.
26. Мақсаты табиғат құбылыстары, адамдардың өмірі туралы түсініктерін, танымдық қабілеттерін қалыптастыруға арналған жағдайлармен қамтамасыз ету болып табылады.
27. Міндеттері:
– қоршаған орта туралы білімін кеңейту және байыту;
– сенсорлық қабілеттерін қалыптастыру;
– тірі және өлі табиғат құбылыстары жайлы бастапқы түсініктерін қалыптастыру;
– жануарлар әлеміне қамқор қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу;
– бейнелі-қимылдық ойлауды, есті, қиялды, зейінді, қабылдауды дамыту.
28. Сенсорика.
Сенсорлық саланы қалыптастыру, зейін, қабылдау, ойлау, затты қолдану әрекеттері, түсті, пішінді және көлемді бағдарлауды дамыту.
29. Сенсорика (1 жастан 1 жас 6 айға дейін).
Балаларда заттарды сырғымалы лентаның көмегімен, ауа шарын, ойыншық машинаны, арбаны жібінен тарту, жібінен тарта отырып, дыбысын шығара білу қабілеттерін дамыту.
Балаларды:
1) бір-бірімен байланысты тура және кері әрекеттерді орындауға: жаю және жинастыру, алу және салу, шарлардың түрлі түсті тығындарын қорапқа, шелекке ауыстырып салу, оларды еңіс жазықпен сырғанатуға;
2) заттарды өлшемі немесе пішіні бойынша сәйкес ұяларға орналастыра отырып, салыстыруға арналған тапсырмаларды орындауға;
3) екі бөліктен тұратын ойыншықтарды, түрлі өлшемдегі 2–3 сақинадан тұратын конустық негіздегі (өзекшесі) пирамидаға, кейіннен тік өзектегі пирамидаға бір өлшемді бірнеше сақинаны, содан кейін түрлі өлшемді екі топтағы сақиналарды белгілі бірізділікпен жинастыруға;
4) қызыл, сары, жасыл, көк, ақ және қара түске боялған: біртекті заттарды тану және жұмыс жасауға;
5) түрлі материалдардан жасалған заттардың шығаратын дыбыстарын, сонымен бірге музыкалық тембрлердің дыбыстарын ажыратуға үйрету.
30. Сенсорика (1 жас 6 айдан 2 жасқа дейін).
Қабілеттерді:
1) заттар-құралдарды қолдану, олармен әрекет ету, пішінді, көлемді, түсті, дыбысты ажырата білуді;
2) неғұрлым күрделі заттармен әрекеттерді орындау – таяқшалары бар сақинамен, аулағышпен, қарпығышпен сәйкес келетін ойыншықтар мен шарларды жылжыту, алу және орындарын ауыстыра білуді;
3) қазықшаларды ылғал құмға балғамен қағып кіргізе білуді;
4) біртекті заттарды ортақ белгісі: пішіні, түсі бойынша топтастыра білуді;
5) ұсақ қол моторикасын дамыту үшін заттармен нәзік қимылдар жасауды, дидактикалық ойындарда және тұрмыста балалардың сенсомоторлық "көз-қол" үйлесімділігін;
6) естуді дамыту үшін түрлі дыбыс шығаратын заттармен (қоңыраулар, аспалы металл таяқшалар, шиқылдайтын ойыншықтар, музыкалық ойыншықтар) таныстыруды;
7) қабылдауды дамыту үшін бір мезгілде екі қасиетті: түс пен өлшемді, пішін мен өлшемді, пішін мен түсті, негізгі төрт түсті (қызыл, көк, сары, жасыл) ажыратуды;
8) логиканы дамыту үшін пішіні, түсі, көлемі бойынша бір-біріне ұқсас заттарды сәйкестендіру мен топтастыруды қалыптастыру.
Күтілетін нәтижелер:
– ересектердің көмегімен қарапайым құрылыстарды құрастыра алады;
– іс-әрекет орындауға болатын қарапайым заттар-құралдарды қолданады;
– біртекті заттарды ортақ белгісі (өлшемі, пішіні) бойынша топтастыра біледі;
– түсі мен көлеміне қарамастан таныс заттарды таниды және көрсетеді;
– негізгі төрт түсті ажыратады; ересектердің нұсқауларын түсінеді және айналасындағы кеңістіктен заттарды таба алады.
31. Жаратылыстану (1 жастан 1 жас 6 айға дейін):
1) тірі және өлі табиғат құбылыстары туралы бастапқы түсініктерін қалыптастыру;
2) заттарды, олардың белгілерін, қарапайым әрекеттерді тани білуге, табиғат бұрышындағы аквариумдағы балықтарды, жемсауытқа ұшып келетін құстарды, үй құстары мен жануарларды (ит, мысық, қоян, тотықұс) бақылауға, шөпті, гүлдерді, ағаштарды (бұталарды) ажыратуға үйрету;
3) өсімдіктер мен жануарларға деген қызығушығын дамыту, оларға қамқор болуға тәрбиелеу.
32. Жаратылыстану (1 жас 6 айдан 2 жасқа дейін).
Қоғам өміріндегі кейбір нақты жағдаяттар жайлы қарапайым ұғымдарды қалыптастыру.
Балаларды:
1) қоршаған ортадағы және суретте берілген заттарды, көлік түрлерін,үй жануарларын танып, олардың дауыстарына еліктеуді;
2) жануарлардың ерекшеліктерін, іс-қимылдарын, белгілерін ажырату және атауды;
3) табиғат құбылыстарын бақылап, оларды атауды;
4) гүлдеп тұрған бөлме өсімдіктерінің әсемдігіне көңіл бөлуді;
5) кейбір көкөністер мен жемістер жайлы біліп, оларды суреттерде және шынайы тани білуге үйрету.
Күтілетін нәтижелер:
– кейбір жануарларды шынайы тұрғыда, суреттерден таниды және атайды;
– кейбір көкөністер мен жемістер жайлы біледі, оларды суреттерде және шынайы таниды;
– табиғат құбылыстарын атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |