10-параграф. "Шығармашылық" білім беру саласы
142. "Шығармашылық" білім беру саласының базалық мазмұны сурет салу, мүсіндеу, жапсыру, музыка ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады.
143. Мақсаты инновациялық әдістер мен технологияларды қолданып, шығармашылық дағдыларды, эстетикалық талғамды дамыту және қалыптастыру болып табылады.
144. Міндеттері:
балалардың сезімдік-эмоциялық қасиеттерін, бейнелеу өнері мен музыкалық білімдерін қалыптастыру;
шығармашылық ойлау мен қиялды дамыту;
қарапайым заттар, құбылыстар, ертегі кейіпкерлерін бейнелеуде біліктер мен дағдыларды қалыптастыру, пішінді, түсті, заттардың орналасуын беруге үйрету;
қоршаған ортадағы әсемдікті қабылдауға үйрету;
өз ойын айтуға және шығармашылық қабілеттерін дамытуға сураныстарын қанағаттандыру және командада жұмыс істей білуге үйрету;
өзінің жұмыстарын және басқа балалардың жұмыстарын бағалауды үйрету;
ұлттық бейнелеу өнеріне баулу арқылы ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
11-параграф. І жартыжылдық
145. Сурет салу.
Заттық сурет салу.
Балалардың дербес тәжірибелік әрекеттерімен байланысты эстетикалық қабылдауын дамыту. Бояулармен, қарындаштармен, борлармен дәстүрлі және дәстүрден тыс тәсілдермен сурет салудың техникасын жетілдіру.
Келесі біліктерді қалыптастыру:
әртүрлі бағыттағы тура сызықтар мен олардың қиылысуын жүргізе білуді үйрету.
Келесі дағдыларды қалыптастыру:
1) көкөністер мен жемістерді, ыдыстар, ойыншықтар, жануарларды бейнелеу;
2) дөңгелек пішінді заттарды салу;
3) техникалық дағдылар мен біліктерді игеру.
Сюжеттік сурет салу:
1) қоршаған ортаның әсемдігіне, өнер туындыларына, тұрмыстық заттарға, қазақ және басқа халықтардың ойыншықтарына эмоционалды-эстетикалық талғам дағдыларын қалыптастыру.
2) қарапайым табиғат құбылыстарын, ертегі кейіпкерлерін бейнелеуге машықтандыру.
Сәндік сурет салу.
Келесі дағдыларды қалыптастыру:
1) қазақ халқының және басқа халықтардың сәндік-қолданбалы өнер шығармаларымен таныстыру барысында эстетикалық қабылдауын дамыту.
2) элементтердің пішінін, реттілігін, олардың арасындағы қашықтықты ескере отырып, жазықтықта оюларды орналастыру;
3) қазақ оюларының кейбір элементтерін салу;
4) элементтердің реттілігін, олардың арасындағы қашықтықты сақтау.
Күтілетін нәтижелер:
сурет салу техникасын игерген;
үлгі бойынша пішінін, пропорциясын ескере отырып, сурет салады;
көкөністер-жемістердің, ыдыстардың, ойыншықтардың, жануарлардың суреттерін салады;
қазақ оюының бөліктері туралы ұғымдарға ие;
өзінің жұмыстарын және басқа балалардың жұмыстарын бағалай алады.
146. Мүсіндеу.
Заттық мүсіндеу.
Ермексаздың, сазбалшықтың, қамырдың кесектерінен мүсіндеудің келесі дағдыларын қалыптастыру:
1) түрлі тәсілдерді қолданып бейнелеу;
2) түрлі пішіндегі таныс заттарды және өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып, үлгісі мен елестетуі бойынша көлемін;
3) пропорцияларды сақтап, саусақ пен алақан қозғалыстарын пайдалана отырып екі бөліктен тұратын заттарды;
4) адамның пішінін;
5) заттарды толық пішіні алынғанға дейін немесе жайылған пішінінің жиектері иілгенге дейін сығымдау.
Сюжеттік мүсіндеу.
Балалардың көлемді пішіндер мен қарапайым композицияларды мүсіндеуге қызығушылығын тәрбиелеу.
Сәндік мүсіндеу:
1) балаларды тұрмыстық заттар мен бейнелі ойыншықтарды мүсіндеуге қызығушылығын арттыру. Ұлттық ойыншықтар туралы білімдерін кеңейту, халық шығармашылығының желісі бойынша бейнелер жасау. Балаларды халық шеберлерінің еңбектерімен таныстыру, халық бұйымдарының желісі бойынша ыдыстарды мүсіндеуге үйрету;
2) кескішті қолдануды таныстыру. Кескіштің көмегімен жасалған бұйымды безендіруге тырысуын ынталандыру. Ұқыпты мүсіндеу әдістерін бекіту.
Күтілетін нәтижелер:
түрлі пішіндегі және көлемдегі таныс заттарды түрлі тәсілдерді қолданып, мүсіндей алады;
адамның пішінін (дене бөліктерін: бас, кеуде, қолдары, аяқтары) мүсіндейді;
халық шығармашылығының желісі бойынша тұрмыстық заттар мен ойыншықтардың бейнелерін мүсіндеуге қызығушылық танытады;
кескішпен түрлі безендірулер жасайды.
147. Жапсыру.
Заттық жапсыру:
1) қайшыны дұрыс ұстау және пайдалана білуді қалыптастыру. Түзу сызықпен алдымен қысқа содан соң ұзын жолақтарды қиюды үйрету.
2) текшеден дөңгелек пішін, тікбұрыштан бұрыштарын бүктеу арқылы сопақ пішін қиюға, ересектердің көмегімен бөліктерді желімдеуге, желімді, сүлгіні қолдануды үйрету.
Сюжеттік жапсыру:
1) барынша күрделі заттарды, жануарлар пішінін бейнелеу, заттарды қағаз бетінде орналастыру дағдыларын қалыптастыру. Композицияны құрастыру кезінде заттар мен нысандардың көлемі бойынша арақатынасын ескеру;
2) дөңгелектерді және сопақша пішіндерді қию дағдыларын жетілдіру. Тар жолақтарды көлденеңінен қию, шаршыдағы бұрыштарды қиюды бекіту.
Сәндік жапсыру.
Геометриялық пішіндерден ою-өрнектерді және жолақтағы өсімдік өрнектерін халықтық өнер түрлері бойынша бірізділігін ескере отырып құрастыру дағдыларын қалыптастыру. Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерімен таныстыру.
Күтілетін нәтижелер:
қайшыны дұрыс ұстайды және пайдаланады;
қысқа және ұзын жолақтарды, дөңгелек пішіндерді қияды;
жеке бөліктерді жапсырады;
желімді, сүлгіні қолдана алады;
композиция құрайды; жолаққа геометриялық пішіндер мен өсімдік өрнектерінен өрнектер жасай алады.
148. Музыка.
Музыка тыңдау.
Келесі дағдыларды қалыптастыру:
1) әртүрлі сипаттағы, қарқындағы музыканы қабылдау, музыкаға деген өзіндік қатынасын, ол туралы пікірін айту;
2) әуендерді немесе музыкалық шығармаларды орындау кезінде пьесаларды тану және атау;
3) пьесалардың, әндердің жекелеген эпизодтарын көргендегі және музыкалық бейнелерінің арақатынасын тану және атау, тыңдауды иллюстрация көрсетумен қатар жүргізу;
4) халықтық домбыра аспабының дауысын қабылдау.
Ән айту.
Келесі дағдыларды қалыптастыру:
1) әртүрлі сипаттағы әндерді қабылдау, әуенді дұрыс, нақты интонациялау, сөздерді дәл айту дағдыларын қалыптастыру;
2) дауыс пен есту қабілетін дамытуға арналған жаттығуларды қысқа әндер айту арқылы дағдыны жетілдіру, дауыстап және төмен дауыспен ән салу, қол қозғалысымен көрсету;
3) ән сипатын ұғыну, әннің көңіл күйін бере білу;
4) хормен, күш түсірмей, сөздер мен дыбыстарды таза және анық, музыкалық сүйемелдеуден кейін ән айту дағдыларын қалыптастыру.
Музыкалық-ырғақтық қимылдар.
Келесі дағдыларды қалыптастыру:
1) би қимылдары, ойындық музыкалық қимылдарды орындау дағдыларын қалыптастыру;
2) марш сипатын ырғақты жүріспен беру, музыканың қимылдық сипатын жеңіл, ырғақты жүгірумен беру;
3) жүрелеп отыруды ырғақты орындаумен, қимылды музыкамен сәйкестендіру, музыканың екінші бөлігінде қимылды өзгерту;
4) музыканың ырғағын дәл бере отырып, қимылды ырғақпен екі аяқпен еркін және жеңіл секіру.
Билер.
Әуеннің көңілді би сипатын қабылдауға үйрету, музыканың кіріспесін ажырату, содан кейін қимылды бастау, музыканың сипатына сәйкес қимылдарды ауыстыру, би қимылдарын, билерді, ойындарды есте сақтау.
Ойындар, хороводтар.
Әннің мәтініне сәйкес ойын қимылдарымен сүйемелдей отырып, әнді көңілді және емін-еркін әндету, хор айтуды шеңбер бойымен жүргізу, музыкалық фразаларға сәйкес қимылдарды өзгерту; шапшаңдық пен икемділік таныту, пьесаның соңын белгілеу, халық ойындарының көңілді сипатын беру, дыбыстарды жоғарылығы бойынша ажырату, үлкен шеңберге және шашырап тұру.
Балалардың музыкалық аспаптарында ойнау.
Келесі дағдыларды қалыптастыру:
1) фортепиано сүйемелдеуіндегі балалар музыкалық аспаптарында ересектердің орындауындағы би әуенін тыңдау;
2) әуеннің сипатын тану: әннің қайырмасын орындау кезінде күрделі емес ырғақтық бейнені орындап, сылдырмақтармен ойнау, музыканың тактісімен алақандарды соғу; түрлі жанрдағы музыканы қабылдау және анықтау.
Күтілетін нәтижелер:
әуен немесе музыканың кіріспесі бойынша таныс әндерді таниды;
олардың мазмұндары туралы айта алады;
сөздерді созыңқы және анық айтады;
жоғары және төмен қолының қимылымен көрсетіп, әуенін және қайырмасын айтады;
музыканың ырғағын дәл береді;
би сипатындағы музыканы эмоционалды түрде қабылдайды;
хор айтуға үлкен шеңберге тұра алады;
музыка жанрларын ажыратады;
музыкалық ойыншықтар мен аспаптарды таниды.
Достарыңызбен бөлісу: |