«мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ


АТА-БАБА АҢСАҒАН «МӘҢГІЛІК ЕЛ»



жүктеу 3,75 Mb.
Pdf просмотр
бет51/296
Дата09.01.2022
өлшемі3,75 Mb.
#31949
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   296
materialy resp chteniy

 

АТА-БАБА АҢСАҒАН «МӘҢГІЛІК ЕЛ» 

 

Абдикаримова Гаухар Шариповна 

«Ақбота»балабақша тәрбиешісі 

Қарағанды облысы, Балқаш қаласы  

 

Ұрпақ тәрбиесі – адамзат баласының асыл мұраты. Үшінші мың жылдықта 

жастар  қандай  болу  керек  деген  сұрақ  әрбір  саналы  адамды  ойландыратыны 

сөзсіз. Сондықтан да Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев халқымыздың алдына ғасырды 

құраушы  іскер,  өмірге  икемделген,  жан-жақты,  мәдениетті  жеке  тұрғаны 

тәрбиелеуді жауапты міндет қойылып отыр.   Қазіргі 

заманымызда 

болып 


жатқан  тарихи  өзгерістер  ғасырлар  бойына  адамзатты  толғандырып  келген 

тәрбие мәселесіне жаңаша көзқараспен қарауды талап етіп отыр. 

Жас  ұрпаққа  сапалы  білім  мен  ұлағатты  тәрбие  беру,  өміріне  жолдама 

алуына барлық жағдай жасаудың маңызы зор.  Қазіргі  кезде  мектепке  дейінгі 

білім  беретін  мекемелерде  өзгерістер  енгізіліп,  ішкі-сыртқы  жүйесі  түгелдей 

өзгеріп  жатыр.  2020  жылға  дейінгі  білім  берудің  жүйесіне  көшу  жағдайында 

жас  ұрпаққа  білім  беру  ісінде  оның  жеке  даралық  ерекшеліктеріне  мейілінше 

мән  беріп,  балалардың  балабақшада  алған  алғашқы  білімдерін  мектеп 

қабырғасында,  болашақта  өмірлік  азығы  болатындай  білім  беру,  оны  өмірге 

дайындау  мәселесі  бүгінгі  қоғамның  білім  саласындағы  кезек  күттірмейтін, 

ауқымды мәселелерінің қатарында тұр. 

Қоғамның дамуына қарай ғылым мен техника да, оның басқару жүйесі де 

өзгеріп отыратыны белгілі, осыған орай мектепке дейінгі ұйымдағы білім беру 

мазмұны  жаңарып,  жаңа  мақсат,  жаңа  көзқарас,  жаңа  шешімдер  мен 

мүмкіншіліктер қажеттігі туындайды. Елбасы Н. Назарбаев: «Болашаққа еңбек 

етіп,  өмір  сүретіндер  –  бүгінгі  жас  ұрпақ.  Ұстаздар  оларды  қалай  тәрбиелесе, 

Қазақстан сол деңгейде болады», – деп атап көрсетті. Осы орайда, балабақша да 



105 

 

өскелең ұрпақтың бойына елімізде тұратын ұлттар мен ұлыстардың арасындағы 



достық  пен  ынтымақты  дәріптеу,  Қазақстанға  деген  патриоттық  сезімін  ояту, 

өзара  жағымды  қарым-қатынасты  дамыту,  Отанына  адал  қызмет  етуге 

«Мәңгілік  ел»  қасиетті  ұғым  екеніне  көз  жеткізу,  болашаққа  сенім  мен  қадам 

басу,  жас  ұрпақты  отаншылдыққа,  адамгершілікке  елжандылыққа  тәрбиелеу 

мақсатында  көптеген  іс-шаралар  жүзеге  асырылуда.  Өткен  тарихын  біліп, 

Отанын сүюге, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге 

тәрбиелеу.  Баланың  бойына  сөйлеу  тілін  дамыту  арқылы  сөздік  қорларын 

молайту,  ой-өрісін  кеңейту,  жас  ұрпақтың  патриоттық  сезімін  жандандыра 

түсіп, елін, жерін сүйіп, құрметтеуге жетелеу. 

Ежелден еркіндік аңсаған әр қазақтың ең асыл мұраты – еңселі ел болу еді. 

Елім деп еңіреген ақындарымыз «Егемен болмай ел болмас, етектен кесіп жең 

болмас»  деп жырлап  өтті.  Қазақтың құлан  жортса  тұяғы  тозатын,  қыран  ұшса 

қанаты  талатын  ұлан-ғайыр  даласы  бар.  Ата-бабаларымыз  ақ  найзаның 

ұшымен, ақ білектің күшімен сол даланы қорғап қалды. Көптен күткен, тарихы 

терең айтулы мерекемізге де қол жеткіздік. 

Міне,  біздер  елімізбен  мақтанамыз.  Бұл  еркіндік оңайлықпен  келген  жоқ. 

Қазақ  елі  еркіндікке  жету  үшін  қаншама  қиын  қыстау  кезеңдерді  бастан 

өткерді.  Мыңдаған  жылдық  тарихы  бар.  Қазақстан  тәуелсіздік  алды. 

Тәуелсізідікке  қол  жеткізгеннен  гөрі,  оны  ұстап  тұру  әлде  қайда  қиын.  Бұл  – 

әлем  кеңістігінде  ғұмыр  кешкен  талай  халықтың  басынан  өткен  тарихи 

шындық. 

«Мәңгілік  Қазақстан»  жобасы,  ел  тарихындағы  біз  аяқ  басатын  жаңа 

дәуірдің  кемел  келбеті.  Елбасының  «Мәңгілік  ел»  идеясы  баршамызды  бір 

мақсатқа,  ортақ  мүддеге  жұмылдыратын  ұранға  айналуы  тиіс.  Осыдан  әр 

қайсымыз  ой  түйіп  Тұңғыш  Президентіміз  айтқандай  Қазақ  елінің  мәңгілік 

болуына аянбай еңбек етуіміз керек. Елбасы белгілеп берген «Қазақстан-2050» 

стратериясы ұлттық ұлы бағдары. Мәңгілік ел біздің өз қолымызда. 

«Ақбота»  балабақшасы  ашылғаннан  бері  біздің  алдымызға  қойған 

мақсатымыз  –  балаларға  патриоттық  тәрбие  беру.  Себебі  баланы  жастайынан 

Отанды сүюге тәрбиелеу – күн тәртібінен түспейтін маңызды мәселе. Мектепке 

дейінгі  білім  беру  мекемесі  білім  беру  жүйесінің  бастапқы  бөлімшесі 

болғандықтан,  балаларға  қоршаған  орта  туралы  алғашқы  түсінікті,  туған 

табиғатқа,  Отанға,  отбасына  деген  қарым-қатынасты  қалыптастыруды 

сомдайды.  Сондықтан  қазіргі  уақытта  адамгершілікті  дамыту  мен 

отаншылдыққа  тәрбиелеуге  бағытталған    мақсатты  және  сауатты  түрде 

ұйымдастырылған пәндік-дамытушылық ортаның мәні зор.  

Қазір,  қоғамның  тұрақсыз  кезеңінде,  өз  халқымыздың  үздік  дәстүріне, 

оның  ғасырлық  түп-тамырына,  туыс,  туыстық,  Отан  деген  мәңгі  ұғымдарға 

оралуға мүмкіндік туып отыр.     

Патриот болу деген – өзіңді Отанымыздың ажырамас бөлігі екенін сезіну. 

Бұл сезім сонау мектепке дейінгі балалық шақтан  басталып, қоршаған ортаға 

деген  құндылықты  қарым-қатынастық  негізгі  қаланатын  шақта  және  өз 

жақындарына,  балабақшасына,  туған  жеріне,  туған  еліне  сүйіспеншілікке 



106 

 

тәрбиелеу барысында балада ақырындап қалыптасады. Мектеп жасына дейінгі 



балалық  шақта,  яғни  тұлғаның  қалыптасу  кезеңінде  жоғары  адамгершілік 

сезімдерін қалыптастыратын өзіндік әлеуеттік мүмкіндіктер бар. 

Балаларды оташылдыққа тәрбиелеу мейірімді істер мен әрекеттер жасауға 

мүмкіндіктерін  қалыптастырып,  жан  ашу,  аяушылық,  білімпаздық,  тапқырлық 

сияқты сезімдерін дамытады. 

Балаларға  жүйелі  түрде  патриоттық  тәрбие  бере  отырып,  тәрбиешілердің 

білімін толықтырып, ата-аналардың назарларын осы жүйеге аударып тұрамыз. 

Балалардың  өмірі  мен  денсаулығын  нығайтып  қана  қоймай  балабақша 

ұжымының  тәрбиешілері  кішкентай  бүлдіршіндерге    адамгершілік-рухани 

тәрбиені  сапалы  түрде  береді,  ал  патриоттық  тәрбие  –  адамгершілік-рухани 

тәрбиенің бір бөлігі. Патриоттық тәрбиеге бағыт бере отырып мектепке дейінгі 

мекеме  үшін  бала  адамгершілік-рухани,  интеллектуалдық  дамудың  басты 

қатысушы  тұлғасы.  Тәрбиешінің  рөлі  баланы  жан-жақты  шығармашылыққа  

ұйымдастыра  отырып  үлкендермен  бірігуге  бағыттайды,  нәтижесінде  бала  өз 

білімін  толықтырып,  ал  педагог  өзінің  шығармашылық  жетістігін  шыңдап, 

білімін кәсіптік дәрежеге көтереді. 

Патриоттық тәрбие беру бағытында жыл сайын балабақшамызда өткізіліп 

жатқан әр түрлі іс-шаралар атсалысып тұрады. Ұрпақ тәрбиесі – келешек қоғам 

тәрбиесі. Сол  келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, 

мәдени-ғылыми  өрісі  озық  етіп  тәрбиелеу  –  біздің  қоғам  алдындағы 

борышымыз.  Сол  себептен,  жыл  сайын  алғашқы  Президент  күніне,  Қазақстан 

Республикасының Тәуелсіздігіне орай, Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне, 1 

мамыр  Қазақстан  халқының  бірлігі,  9  мамыр  Жеңіс  күніне  балабақшамызда 

апталықтар  өтіп  тұрады.  Ертеңгіліктер,  спорттық  ойын-сауықтар,  балабақша 

тәрбиешілермен  қалалық  мұражайға  саяхат,  көрмелер  өткізіліп,  тәрбиешілер 

арасында  сауалнамалар,  сайыстар  жүргізіледі.  2014  жылы  наурыз  айында 

мектепке  дейінгі  балалардың  бойына  патриоттық  сана-сезімді  тәрбиелеуге 

бағытталған  жұмыстарды  жалғастыра  отырып,  педагогтар    мен  ата-аналар, 

балабақша  ішінен  ұлттық  нақыштағы  мұражайға  материалдар  жинақтап,  

ашылуына себеп болды. 

Талай-талай  хас  батырлар  жанын  қиып  қорғап  қалған,  талай  арулар 

құрбаны  болған,  небір  өзегі  өртенген  өкінішті  жандар  мен  қуаныштан  жүрегі 

жарыла шаттанған пенделердің куәгері болған қасиетті Отанымыз – Қазақстан!  

Міне,  көзді  ашып  жұмғанша,  осы  жылы  Қазақ  халқы  тәуелсіздіктің  25 

жылдығына  да  келіп  жетті.  Тәуелсіздікке  жету  –  оңай  жолмен  келген  жоқ,  ол 

бәрімізге  мәлім.  Бұл  қазақ  халқының  ғасырлар  бойы  көздеген  арман-

мұраттарының орындалуы. 

Тәуелсіз  мемлекетке  айналу,  бізге  үлкен  серпіліс,  күш  берді.  Тарихи  күш 

десе де болады. Біздің өз еркімізбен алға ұмтылуға, мемлекет болып өркендеуге 

жол ашылды. 

Иә,  25  жылда  мемлекетіміз  күрт  өзгерді.  Экономикалық,  әлеуметтік, 

интеллектуалды тұрғыда өркендеп келеміз. Елбасы айтқандай, мемлекетіміздің 

басты күші – Астана қаласы. Астана тәуелсіздіктің белгісі, үні, келбеті деуге де 



107 

 

болады.  Осы  жерді  басып  жүріп,  шын  мәнінде,  біздің  болашағымыз  жарқын 



екеніне қатты қуанамын. 

 


жүктеу 3,75 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   296




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау