жұмыс жасау іскерлігін қалыптастыру арқылы коммуникативтік қабілеттерін,
саяхаттар, «Қаңбақ шалдың ізімен», «Менің өлкем – менің үйім» «Туған
101
тұлпар» ойындарында белсенділік танытып, өз Отанының бойтұмар белгілерін
қасиет тұтатынын дәлелдеді.
«Уақыт көлігімен» Отанымыздың тарихына шолу жасап, рәміздердің,
ұлттық теңгеміздің шығу тарихы туралы білімдерін шыңдай түсті. «Көк жалау»,
ұлттық «Теңге алу» ойындарына да қызығушылықпен қатысып, қазақтың
билерімен кездесіп, жадына сақтап, зердеге тоқыған мемлекеттік тіл туралы
нақыл сөздерді жатқа айтып, тарту еткен өлең-жырлары үшін қариялардың
алғысына кенеліп, «Жас патриот» медальдарымен марапатталды.
3. «Тұңғыш президент жолы» бөлімінде «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы»,
«Қазақ елін асқақтатқан Елбасы» іс-шаралардың мақсаты:тәуелсіз еліміздің
тұңғыш президенті туралы мәлімет беру; Елбасы өмірімен таныстыру.
Елбасымыздың балалық шағына саяхат бейнекөрсетілімдер, презентациялар
арқылы
іске
асырылды.Бейнекөрсетілімдер
мен
презентациялар
демонстрациялау оқу құралы ретінде қиялды, абстрактілі ойлауды, оқытылатын
оқу материалына қызығушылықтарын арттыруға септігін тигізеді.Өйткені олар
– балаларға жаңа материалды (иллюстрация, фотосуреттер, бейнелік,
дидактикалық материалдар, т. с. с.) көрнекті түрде көрсететін құрал.
4. «Мәңгілік елдің нұрлы жолы» «Отанотбасынан басталады» дегендей,
өз отбасы мен қаланың атақты тұрғындарына деген мақтаныш сезімдеріне
баулу, қазақтың салт-дәстүрлерін дәріптеу, ұлттық құндылықтарды қастерлеу
мақсатында қаламыздағы «Абзал ана отауы» мүшелерімен тартымды
кездесулер бала көңілінеерекше әсерсыйлады. Қаламыздағы бүркітші ата
«Балаларға байғазы – қазақтың жеті қазынасы», «Туған өлкемнің дәстүрлері
мен әдет-ғұрыптары» жайлы мәлімет беріп, бүлдіршіндердің дүниетанымын
кеңейтті.
5. «Астанаға арман жол» елордамыз Астана қаласының сәулетті
орталықтарымен таныстыру; жаңа заманда бой көтерген заманауи
ғимараттардың атауларымен таныстыруда сын тұрғысынан ойлау технологиясы
тиімді қолданылды. [«Астана - арман қала» фото 8] Қазіргі балабақша
тәжірибесінде қолданып жүрген сыни ойлауды дамыту технологиясының
стратегиялары баланың ойлауына, шығармашылық ізденісіне, педагогтың
шеберлігіне жол ашты. СТО технологиясының “Кластер” әдісі, «Шиеленіскен
логикалық тізбектер» тәсілінің мақсаты: мектеп жасына дейінгі балаларға
бірізділігі алдын ала бұзылған суреттерді қарау және себеп-салдарлы тізбектің
дұрыс тәртібін қалпына келтіру контейнер құралы арқылы тиімді жүргізілді.
6. «Балдырғанның көңілді жолы» балалар арасында өткізілетін іс-шаралар,
ертеңгіліктер, тақырыптық сабақтар.
Жыл соңында балалардың мемлекеттік рәміздерді меңгеру деңгейін, Отан
туралы қалыптасқан түсініктерін анықтау мақсатымен мониторинг жүргізіліп,
инновациялық технологияларды пайдалану жоғары жетістіктерге қол жеткізуге
мүмкіндік тудырғаны айқындалды. Балабақша тәрбиеленушілері: Бубнова
Олеся облыстық «Қазақшаң қалай, балақай?» байқауының жеңімпазы, «Үркер»
зияткерлік орталығы ұйымдастырған Қазақ хандығының 550 жылдығына орай
және «Болашақ қуаты» тақырыбында «EXPO – 2017» көрмесіне арналған «Кел,
102
балалар, ойнайық та, ойлайық» атты байқауына белсене қатыстқан
тәрбиеленушілер: Серғазы Олжас,
Кенжебаева София, Жәнібек Жанель.
7. «Ата-аналар мен балабақша арасындағы байланыс жолы» бөлімі.
Балалардың әлеуметтік тәжірибені қалыптастырудың, жақын адамдарға
деген бауыр басудың негізі болып тәрбиеленушілердің отбасыларының
салттарымен таныстыру жұмысы болып табылады. Яғни ата-аналармен бірлесе
ұйымдастырылған жұмыс дәйекті түрде жүргізіледі.
Ата-аналармен бірлесе өткізілген жұмыс әдістері:атты қолөнер
көрмелері,«Ұлттық тәрбиеге қаншалықты мән бересіз?» сауалнамалар, «Егемен
елдің ертеңіне саяхат» ақпараттық парақшалар,отбасылық бас қосулар туралы
әсемделген фотоальбом мен фотогазеттер көрмесі өз нәтижесін көрсетті.
Қорыта айтқанда, балалармен осы жоғарыда баяндалғандай тағы да басқа
әдістерді қолдана отырып, бүлдіршіндердің көкейіне осындай іс-
әрекеттерімізбен ой сала білсек, үлгі көрсетсек заманға сай, қоғамға керекті
отансүйгіш, елсүйгіш азамат, елге қызмет ететін қайраткер тәрбиелейтінімізге
сеніміміз мол.
Достарыңызбен бөлісу: